|  |  |  | 

Тарих Тұлғалар Қазақ хандығына 550 жыл

Елбасы Кенесары мен серіктерін еске алу шарасын өткізуді қолдады

Аман Шотаев

Кенесары Ханның (серіктерінің), шейіт болғанына 170 жыл толды. Осы айтулы датаға дайындықтар қалай жүргізілуде.

Алдыңғы мақалаларымызда Қазақтың соңғы ханы – Кенесарының, серіктерімен бірге шейіт-опат болғанына биыл 170 жыл толып отырғандығы және осы айтулы оқиғаларды зерделеу үшін, үстіміздегі жылдың 7-қазанында, қасиетті Таразда арнайы ғылыми-танымдық конференция және қазақи-діни тұрғыдағы «Ас» берілетіндігі туралы бірнеше рет БАҚ-да хабарлаған болатынбыз.

Кенесары Хан десе елең етпейтін қазақ жоқ! Ол түсінікті де, өйткені, Қазақтың соңғы ханы – өшпес өршілдігімен, қайтпас қайсарлығымен, халыққа деген риясыз көңілімен ел есінде мәңгі қалған. Хан туралы зерттеулер, жазбалар, ауыз әдебиетіндегі толғамдар біршама баршылық екенін де айта келіп, биылғы маусым айында арнайы жинақ шыққанын да атап өткіміз келеді.

Барлығы 38 автордың шығармаларын қамтыған, 25,5 баспа табақтық, профессор А. Шотаевтың және А. Алтайдың құрастыруымен 500 дана болып шыққан жинағымыз Республиканың  түгелдей дерлік өңірлеріне таратылды. Еліміздің көптеген белгілі азаматтары жинаққа «өте жақсы» көзқараста екендіктерін білдіруде.

Осы тұста аталған шараларды ұйымдастырушы ынталы топтың мүшесі – Қанатбек Жақсылықұлы аталған жинақты Ел Президенті – Н. Ә. Назарбаевқа жолдап, Елбасының: «өткізілмекші іс-шараларды толығымен қолдайтындығы және игі істердің халқымыздың береке-бірлігін арттыруға қызмет ете берсін…» деген ізгі тілегін жеткізгендігі туралы жауап келгендігін айта кетелік.

Алда өтетін іс-шараларды ұйымдастыруда көрсетіп жатқан белсенділіктері үшін арнайы мақалаларды тоқтаусыз жариялап жатқан “Аbai.kz”; “Жас Алаш”; “Казахстанская Правда”; “Егемен Қазақстан” т.б.  БАҚ-на және «Қазақ Хандығының 550 жылдығы» атап өткізілген қасиетті Жамбыл облысының әкімдігіне, басқа да көмек қолын созушыларға, үлкен алғысымызды білдіреміз.

Республикалық-Халықаралық деңгейдегі «Ғылыми-конференцияны» өткізуге Тараз Мемлекеттік Университеті және Алматыдағы Ш. Уәлиханов атындағы тарих институтының мамандары дайындықтар жүргізуде. Өткен оқу жылында Тараз облысы бойынша барлық мектептерде «Кенесары оқулары» өткізілді. Осы байқаудың қорытындысы бойынша «Үздік» деп танылған 8-сынып оқушылары: Жанұзақ Мәди мен Жұмаділ Ақнұрдың шығармалары елімізге танымал тұлғалардың еңбектерімен бірге аталған жинаққа енгізілді. Осы жинақты қайтадан, көбейтіп басып, мектептерге, оқу орындарына, кітапханаларға тарату туралы да ұсыныстар түсіп жатыр. Ондай ұсыныстарды және 7-қазан күндері Тараз қаласында «Ұлттық» спорт түрлерінен жарыстар өткізулерді де қарастыру жоспарымызда бар. Әйткенмен, бәрі де қаражатқа байланысты.

Кенесары хан туралы аз айтылған жоқ, айтыла да бермекші. Хан тұлғасына жаңаша қарап, оның шынайы бағасын беру ісі Қазақстан тәуелсіздікке жеткен соң қарқынды түрде қолға алынды. Көптеген тарихшылар, зертеушілер т.б. өз еңбектерін жариялады. 2002 жылы Ханның туғанына 200 жыл толуына орай халықаралық ғылыми конференция өтті. Астана қаласында Кенесары ханға ескерткіш қойылған және оның есімімен аталатын көшелер бар. Хан туралы, академик М. Қойгелді ағаның кеңесімен түсірілген документальды фильм көпшілік көңілінен шықты.

Биыл Кенесары ханның туғанына – 215, опат болғанына (Наурызбай және де басқа туыс, серіктерімен бірге) – 170, Ұлт-Азаттық күрестің басталғанына – 180, Сұлтан Сыздықтың (Садық) туғанына – 180 жыл толғандығын қайталай кетелік. Осыған орай, Республиканың басқа да облыс әкімдерін, саналы азаматтарды жоғарыдағы мәселелерге өз үлестерін қосып, атсалысуға шақырамыз.

Көмек қолын ұсынам деушілер, Алматы қаласындағы проф. Аман Шотаевқа (8-701-798-27-43) хабарласуларыңызға болады.

Аман Шотаев, профессор

Abai.kz

Related Articles

  • Христиан миссионерлерінің құмдағы іздері

    Орыны: Қашқар қ-сы; Жылы: 1933 ж; Аты-жөні: Қабыл Ахонд; Діні: христиан; Түсініктеме: Бұл жігіттің кейінгі есімі Қабыл Ахонд, христиан дінін қабылдаған алғашқы ұйғыр. Кейін діни сеніміне байланысты өлтірілген. Сурет еуропадағы миссионерлік музей архивінде сақтаулы. Аталған музейде жүздеген христиан ұйғыр өкілдерінің суреті сақталған. 1930 жылдары христиан ұйғырларына тұрғылықты мұсылмандар мен әкімшілік билік тарапынан қысым көрсетіле бастаған соң бір бөлімі миссионерлерге ілесіп еуропа елдеріне “һижраға” кетті. Алқисса Христиан әлемінің Қашқарияға баса мән беруі әсіресе Яқұп Бек мемлекеті кезеңінде жаңа мүмкіндіктерді қолға келтірді. 1860-70 жж. Қашқарияның Цин империясына байланысты көңіл күйін жақсы пайдаланған Христиан әлемі Үндістан мен Тибет арқылы Қашқарияға мәдени ықпалын жүргізе бастады. Олардың мақсаты бұл аймақты Ресей империясынан бұрын өз ықпалына

  • Айтпай кетті демеңіз… (Тибет архиві туралы)

    Алтайдан ауған ел туралы тарихи жазбаларда оқтын-оқтын айтылғаны болмаса исі қазақ жұртына Тибет туралы түсінік әлі күнге дейін беймәлім. Әсіресе Тибет жазба деректерінде күллі түркі баласының тарихы туралы тың деректердің көмулі жатқанын тіптен біле бермейміз. Тибет- тарихи деректің ең көп сақталған аймағы саналады. Мәдени, әдеби, рухани және тарихи түрлі деректердің ықылым заманнан бері жақсы сақталуымен сырт әлемді өзіне баурап кеген Тибет жұртына 19 ғасырдан бастап Батыс экспедициясы баса назар аударып кешенді зерттеулер жасады. Соның негізінде Тибеттегі кейбір салалық байырғы деректер Батысқа көшірілді. Есесіне Тибеттану ғылымы қалыптасты. Жағырафиялық орналасуы тым ұзақ болғандықтан Тибеттану ғылымы қазақ жұртына қажеттілік тудырмады. Тибеттанумен негізінде алпауыт күштер айналысты. Олар тибет жұртын игеруді басқа қырынан бағалады. Тибетте

  • Демографиялық сараптама

    1-ші сурет қазақтар; Демографиялық ахуал 1949-2020 жж. аралығын салыстырмалы көрсеткен. 1949 жылға дейін, атап айтқанда коммунистік қытай үкіметі орнағанға дейін Шынжаң өлкесінің солтүстік бөлігінде қазақтар, оңтүстік бөлігі Қашқарияда ұйғырлар басым санды ұстады. 1951-54 жылдары ұлттық межелеу кезінде орталық үкімет құрған комиссия сараптамасы бойынша ұлттық автономиялық территорияны анықтау мына екі бағытта жүргізілді. Олар: БІРІНШІ, ұлттық автономияны межелеу бойынша оның атауын тұрақтандыру. Осы бойынша үш атау ұсынылды: *ШЫғыс Түркістан автономиялық федерациялық респубиликасы; *Ұйғырстан автономиялық респубиликасы; *Шынжаң автономиялы респубиликасы. ЕКІНШІ, автономияның әкімшілік тұрпатын анықтау; Осы бойынша: *Федерециялық тұрпат; *Автономиялық облыс және окург тұрпат; *Аймақ және аудан дәрежелі автономиялық окург тұрпаты. Межелеу комиссиясы аталған екі бағытта сараптама нәтижесін қорытындылады. Комиссия қорытындысы бойынша Шынжаң өлкесінің

  • Бақсылар институты

    Сараптама (оқысаңыз өкінбейсіз) Бірінші, ілкіде Түркі баласында арнайы қаған құзіреті үшін жұмыс істейтін көріпкел бақсылар институты болған. Аты бақсы болғанымен ханның қырық кісілік ақылшысы еді. Көріпкел бақсылар хан кеңесі кезінде алдағы қандайда бір саяси оқиға мен ситуацияны күні бұртын болжап, дөп басып талдап һәм сараптап бере алатын соны қабілеттің иесі-тін. Оларды саяси көріпкелдер деп атаса да болады. Хан екінші бір елді жеңу үшін білек күшінен бөлек көріпкел бақсылардың стратегиялық болжауына да жүгінетін. Қарсылас елдің көріпкел бақсылары да оңай емес әрине. Екінші, уақыт өте келе саяси көріпкел бақсылар түркілік болмыстағы стратегиялық мектеп қалыптастырды. Түркі бақсылары қытай, үнді, парсы, ұрым елдерін жаулап алуда маңызды рөл атқарды. Ол кездегі жаһандық жауласулар жер, су,

  • Шағын сараптама:Шыңжаң өлкелік үкіметі, шетелге оқушы жіберу жұмысы

    Шағын сараптама 1934-35 жылы жаңа Шыңжаң өлкелік үкіметі құрылған соң шетелден оқу, шетелге оқушы жіберу жұмысы кешенді жүзеге асты. Соның негізінде өлкелік үкімет Совет Одағынан оқитын жас талапкерлерге конкурс жариялап арнайы үкіметтің оқу стипендиясын бөлді, нәтижесінде 1935-39 жылдары ұзын саны 300-ге тарта студент Совет Одағында білім алды. 1935 жылдары Шығыс Түркістандық студенттердің ең көп оқуға түскен білім ордасы- Ташкендегі САГУ еді, атап айтқанда Орталық Азия Мемлекеттік Университеті. Ташкеннен оқыған Шыңжаңдық студенттер Шығыс Түркістанның барлық аймақтарында түрлі қызметте жұмыс істеді, оларды кейін “Ташкентшілдер” деп те атады. 1939 жылдан кейін Мәскеу мен Шыңжаң өлкелік үкіметтің арасы дипломатиялық дағдарысқа ұшырады, соның кесірінен ресми Үрімжі Совет Одағы құрамындағы студент азаматтарды елге шақыртып алды. Білім

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: