Қытайға мұсылманшылықты жайуда Түркі мұсылмандарына қарағанда қытай мұсылмандарының тариxи ықпалы мен рөлі әлде қайда басым саналады.
Eldeç Orda
Қытайда мұсылмандар саны біршама басым тұратын өңірлерден екі автономиялы регион (Шыңжаң Ұйғыр автономиялы регионы, Ниьң Шия Хуи автономиялы регионы), онға жуық провинцсия (әкімшілік өлке) бар. 2000-шы жылдардың басындағы ресми санаққа сүйенсек 70 мүлиеннің (миллион) ар жақ бер жағында мұсылмандар бар.
Қытайға сіләм діні (ислам) екі түрлі жолмен кірген. Бірі құрлық жолы арқылы батыстан, екіншісі, теңіз жолы арқылы түстік шығыстан енген.
1949-1950 жж дейін қытайлар мұсылман xалықтарын ХУИ (回) деп атап келген. Мысалы: 藏回 (Заң Хуи/ Тибет мұсылмандар), 蒙回 (Мың Хуи/ Мұңғол мұсылмандар), 缠回 (Шығыс Түркістандық Ұйғыр мұсылмандар), 回民 (Мұсылман).
Көменестер билікке келген соң Мұсылман мағынасын беретін ХУИ (回) иероглифын өзгертіп яғни мағыналық аумағын тарайтып Хуи (дұңғандар) деген ұлтты белгілейтін әріпке айналдырды. Сонымен Жан Кей Шек (蒋介石) өмір бойы “сіздер жеке дара ұлт емессіздер, мұсылман дінін қабылдаған қытайсыздар” деп келген қауымды жеке ұлт ретінде “бөліп” алып шықты. Дұңғандар (Хуи/回族) деген xалық солайдан солай қытайдағы заңды жеке дара ұлт статусына ие болды.
Хуи (回) деген иероглиф қанша жерден дұңғандар деген ұлт атауына телінсе де әуелгі МҰСЫЛМАН дейтін мағынасын түбегейлі жоғалтқан емес. Қытайда “мұсылманша” немесе “алал” мағынасына бүгінге дейін қолданылады. Мысалы:
回民餐厅- Алал рестуран (мұсылманша рестуран) тб
Қытай мұсылмандары десе бізге Шығыс Түркістандағы сәлдеді Ұйғырлар мен тақиялы қазақтар еске түсуі әбден мүмкін. Олар қытай мұсылмандарының ішіндегі терістік батыстағы мұсылман жұртының бір бөлігі ғана.
Цин империясы кезінде Иун НАН, Цин ХАЙ, Гансу сияқты мұсылмандар шоғырлы қоныс тепкен провинцсияларда “геноцит” саясаты жүрілгендіктен ондағы мұсылмандар неше миллиондап қырылып кеткен. Осы қырғыншылықтан бас сауғалаған Дұңғандар шығыс түркістан мен орталық азияға дейін топ-тобымен босып кеткен. Бүгінгі күндері шығыс түркістандағы дұңғандардың ұзын саны өсіп бір миллионнан асып отыр. Шығыс түркістандық xалықтардың Цин үкіметімен, қытай билігімен күресіне қарағанда шығыс түркістанның сыртындағы Қытай мұсылмандарының күресі, езгісі әлде қайда тереңнен басталады. Бұл туралы тариxи деректер қытайда ерекше зерттелді. Дұңғандардың зиялылары біршама ашық жаза алды.
Қазір, қытайдың қай елді-мекеніне барсаңыз да мешіт пен алал асқана таба аласыз. Қытайға мұсылманшылықты жайуда Түркі мұсылмандарына (ұйғ, қаз, қыр, та, өз) қарағанда қытай мұсылмандарының (дұңған, тб) тариxи ықпалы мен рөлі әлде қайда терең әрі басым саналады.
Eldeç Orda
Пікір қалдыру