|  | 

Шоу-бизнис

Facebook желісінде жарнама жариялау тәртібі өзгерді

Көрнекі сурет.

Көрнекі сурет.

Facebook компаниясы әлеуметтік желіде саяси және діни жарнама жариялау ережесіне өзгеріс енгізді. Жарнама берушілерге осы аптада таратқан хатта компания басшылығы бұдан былай саяси, діни, этникалық және әлеуметтік мәселелерге қатысты жарнамалық хабарландырулар арнайы тағайындалған қызметкерлер қарап шыққаннан кейін ғана желіде жарияланатыны туралы ескерткен. Бұған дейін ондай жарнамаларды жариялау туралы шешімді компьютерлік алгоритм автоматты түрде қабылдайтын. Компания жаңа тәртіп жарнаманы жариялауды кідіртуі мүмкін екенін ескерткен.

Жуырда Fаcebook компаниясы жетекшілігі АҚШ конгресінің барлау жөніндегі комитетіне куәлік беруге келіскені мәлім болған еді. Аталған комитеті 2016 жылғы АҚШ президенті сайлауына ресейліктердің араласуына қатысты тексеру жүргізіп жатыр.

Қыркүйекте Facebook компаниясы өткен жылғы АҚШ президенті сайлауы кезінде әлеуметтік желідегі Ресейдің қатысы бар жарнамалар, қауымдастықтар мен парақшалар туралы деректерді конгреске берген. Facebook мәліметі бойынша, әлеуметтік желіде ресейлік мемлекеттік компаниялармен байланысы бар 470 қауымдастық пен парақшалар ашылып, тіркелген.

Азат Еуропа / Азаттық радиосы

Related Articles

  • «Корея халқының еңбекққорлығына таң қалдым»

    Нұртай ЛАХАНҰЛЫ Оңтүстік Кореяның Пусан қаласында тұратын қазақстандық Оразхан Нұрмахан. (Сурет Оразханның рұқсатымен жеке мұрағатынан алынды) Постсоветтік кезеңде басқа Орталық Азия елдерімен салыстырғанда жақын және алыс шет елдерде қазақстандық еңбек мигранттары азырақ көзге шалынады. Бірақ көбірек табысқа ұмтылған мыңдаған қазақстандық үшін Оңтүстік Корея тартымды еңбек нарығына айналып тұр. Оңтүстік Қазақстан облысындағы Кентау қаласының 27 жастағы тумасы Оразхан Нұрмахан 2017 жылы желтоқсан айында Оңтүстік Кореяға туристік сапармен барып, қалып қойған. Қазір Пусандағы компаниялардың бірінде күннен қуат өндіретін құрылғыларды орнатушы болып жұмыс істейді. – Кореядағы жұмыс туралы барып-қайтқандардан естіп жүрдік. Өйткені ол жаққа кеткен таныстарым да, достарым да болды. Осыдан екі жыл бұрын кетуді ойластырған едім. Бірақ сәті өткен жылдың соңында келді,

  • қытай мен Қазақстан арасындағы үңірейіп тұрған бостықты Қазақ бизнесмендері монополдап алуы керек

    Қытай орталық азия мен Түркия базарына ендеп кіру үшін Шыңжаңдағы ұйғыр бауырларымыздың орта және шығын бизнесіне миллиондап қаржы ажыратты. Соның арқасында 1991-жылдан бастап Ұйғыр бизнесмендері жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақтай дүр ете түсті. Оған бір жағы қытайдағы әлеуметтік, экономикалық жаңа реформалар бап болды. Қысқа уақыт ішінде Ұйғыр бауырларымыздың орта және шығын бизнесі қарыштап дамып шағын монополданған ұлттық компаниялар бой көтере бастады. Қытай сыртқы экономика мен сауда-бизнесте Ұйғыр бауырларымызды алдыға сап қойып перде артында өздері тұрып алыс-жақын көрші елдердің базар нарығына Ұйғыр кәсіпкерлері арқылы монополия саясатын жүргізе бастаған еді. Таяу бір екі жылдан бері Шыңжаңдағы саяси тұрақсыздыққа байланысты, қытайдың бұл стратегиялық саясаты уақытша тоқырап туралап қалды. Ұйғыр бизнесмен, кәсіпкерлерінің десі басылып, өңірдегі сауда

  • Футболдан Қазақстан құрамасы Әзербайжанды жеңді

    Қазақстан құрамасының ойыншылары. 6 маусымда футболдан Қазақстан құрамасы Астанада Әзербайжан құрамасымен жолдастық кездесу өткізіп, 3:0 есебімен жеңіске жетті. Қазақстан құрамасы сапынан Роман Муртазаев, Серікжан Мужиков және Бахтиер Зайнудинов гол салды. Үш футболшы да “Астана” командасында ойнайды. Бұл жолдастық матчқа Қазақстан құрамасын болгариялық маман Станимир Стойлов дайындаған. Ол бірнеше ай бұрын Қазақстан құрамасының бас бапкері болып тағайындалған. Стойлов жаттықтыратын Қазақстан құрамасы бұған дейін Венгрия құрамасынжеңіп, Болгариядан жеңілген. Азат Еуропа / Азаттық радиосы

  • Төреғали Батырханұлы:Жақсының жақсылығын айту парыз

    Армысыз Төреғали аға! Сізді елге белгілі психолог маман ретінде жақсы білеміз.Соңғы кездері ән шығарумен де айналысып жүр екенсіз. -Иә шабытым ашылып оншақты ән жаздым.Соның ішінде “Бумын қаған” “Көкжал ” “Дариға” әндері сәтті шықты. -Әндеріңіздің сөзі мен тарихын айтып өтсеңіз -Бумын қаған ең алғаш түркілердің басын қосып мемілекет құрған тұлға.Ал “Көкжалға” келсек қасқырларға арналған.Соңғы кездері қасқыр атуды сәнге айналдырған аңшы байлар көбейді.Көкжал бөрі ежелгі түркілердің төтемі.Қасқырларды қыруға тиым салу керек.Бұл ән гумманистік ой сананы көздейді.Үшінші сәтті шыққан ән белгілі қоғам қайраткері,әнші,саясаткер Дариға Нұрсұлтанқызына арналды.Дариғаның қоғамдық белсенділігінің арқасында күрделі талай мәселе шешімін тапты.Медицина,қорғаныс саласы,әлеуметтік мәселелердің басы қасында Дариға Нұрсұлтанқызы жүреді.7 ші Мамыр Дариға Нұрсұлтанқызының туған күні.Ол кісіге мықты денсаулық,баянды бақыт,таусылмас қуаныш тілейік.Бұл

  • ВЕНГРИЯ – ҚАЗАҚСТАН 2:3

    Ғалым БОҚАШ Будапеште Қазақстан ұлттық құрамасының ең жақсы ойындарының бірін көрдік. Еркебұлан (Сейдахмет) мен Бақтиор команданың бойына он шақты жыл бойы көрінбей кеткен батылдық пен шеберлік бітірді. Болашағы зор жас футболшылар. Стоилов “Астананы” жаттықтырып жүріп, жергілікті ойыншыларды әбден зерттегенін, өздеріне шақ техникасы мен қуатын сарқа жұмсатуды үйренгенін көрсетті. Қазақстандықтар допты ұзақ ұстауды, дәл әрі алысқа пас беруді меңгеріпті. Ненад тәжірибесін танытты. Роман жеңіс үшін көп еңбек сіңірді. Бауыржан нағыз диспетчер ретінде көрінді. Дмитрий мен Евгений бірнеше мәрте жоқ жерден доптан айырылып жатты. Соңғы жиырма шақты жыл ішінде Еуропада ортадан төмен құрамаға айналған венгриялықтар көп қателесті, өте сапасыз, сылбыр ойнады. “Групама Аренаға” жиналған аз санды жергілікті жанкүйерлер ызаға булығып, ысқырып жатты.

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: