|  |  |  |  |  | 

Жаһан жаңалықтары Көз қарас Саясат Суреттер сөйлейді Тарих

Қытайдағы “Демократиялық Таңдау Күресі”

22221744_943358669161054_5303676117422371953_nОсы уақытқа дейін біз Қытай қоғамы мен қытай билігі арасында әртүрлі күрделі топтар мен пікір, танымы бір-біріне келісе бермейтін саяси, қаржылық шонжарлардың астыртын айқасы туралы қысыр кеңестің басын шалып қойған едік. Бүгін соның азғантай бұшпағы ретінде тариx бетінде қалған тағы бір оқиғадан шағын шолу жасамақшымыз. Ол қытайдағы “Демократиялық Таңдау Күресі”. Жалпы қытай қоғамы демократиялық күрестерден көз ашпаған қоғам, біз соны көп біле бермейміз, күрестердің өз тариxи категориясы бар, барлық күрестерден бұл күрес сәл өзгеше. Біздің бағанадан айтқымыз келіп отырған дата 1989- жылы Пекинде болған Тян Әнмін (天安门) оқиғасы.Eldeç Orda суреті.
Тян Әнмін алаңы әлемдегі ең үлкен, ең кең алаңдардың қатарына жатады. Қытайдағы демократиялық қанды күрестің ең көрнектісінің бірі осы алаңда орын алған. Оқиға 1989- жылы маусым айында туылған. Оқиғадан жарты ай бұрын Горбачев Пекинге арнайы мемлекеттік сапармен келген. Оқиғаға батыстағы Ауропа (Европа) әлемінің де түртпегі бар. Ең бастысебеп- Қыайда Демократиялық Бостандық. Осы күннің қанды таңдауын кілең студенттер жасаған. Алаңға неше он мың студенттер бірқанша күн бойы аштық жариялап, билікке қысым түсірген. Митинг барысында бұл қозғалыстың ең көрнектілерінің бірі болған студент қыздың мүсінін тұрғызып үлгірген. Қозғалыс өте аянышты бастықтырылған. Митингке шыққан неше он мың адамды бір түнде тазалап жоқ қып жіберген (алаңды ешқандай қан дағын қалтырмай жууып тазалаған). Митинг ұйымдастырушылардың біразы шетелге қашып тынған, соның бірі Шыңжаңдық Өркеш (суретте, қысқа жеңді көк жейде киген). Өркеш қазір Тайванда болуы мүмкін. Демократиялық Таңдау қозғалысын ұйымдастырушы студенттерден шетелде басқа тірі жүргендері де бар. Арада қанша жыл өтседе шетелде және Қытайда бұл датаны жасырын атап өтетіндер көп. Митингті қарумен тоқтату кезінде қаңғырған оқ тиіп қайтыс болған Қазақ студенттері де болған.Eldeç Orda суреті.
Тян Әнмін оқиғасы кезінде Жияң Земін(江泽民) Шаңғайда (上海) қала бастығы еді. Оқиға барысында ол дереу Шаңғайдан Пекинге ауысып келді, келе сала оқиғаны жөнге салды да көп өтпей Қытайдың төрағасы болды. Бұл Жияң Земін Қытай-Қазақстан шекарасын (бүгінгі шекараны) бекітуде үлкен рөл ойнады.
Жалпы, Тян Әнмін оқиғасының ақиқаты әлі толық ашылған жоқ. Зардап шеккендермен өлім құшқандар туралы еш айтылмайды. Қытай билігінде жік жөп, топ көп. Бүгінгі билік тобындағылар сол тұста қандай пікір-танымда еді, бұл да қызық әңгіме. Ұлттық элитаның ұясы Шаңғайлықтар билікті қайтып тартып алды, ол тіптен қызық. Демократиялық Таңдау Күресі жеңіске жетсе не өзгеріс олар еді, бәрінен де сол қызық. Қытай қоғамындағы демократиялық тепе теңсіздік жалғаса берсе мұндай митинг, оқиға қытай қоғамынан ешқашан сейілмейді.Eldeç Orda суреті.

Eldeç Orda суреті.Eldeç Orda суреті.Eldeç Orda суреті.Eldeç Orda суреті.Eldeç Orda суреті.Eldeç Orda суреті.Eldeç Orda суреті.Eldeç Orda суреті.Eldeç Orda суреті.Eldeç Orda суреті.Eldeç Orda суреті.Eldeç Orda суреті.Eldeç Orda суреті.Eldeç Orda суреті.Eldeç Ordaтың facebook парақшасынан алынды

Related Articles

  • Қазақ тілінің болашағы енді демографияға тіреліп тұрған жоқ.

    Қазақ тілінің болашағы енді демографияға тіреліп тұрған жоқ.

    Zhalgas Yertay Қазақ тілінің болашағы енді демографияға тіреліп тұрған жоқ. Ол халықтың ішкі күші мен биліктің саяси еркіне қарайлап тұр Ертеректен бастайық. Баяғыда қазақтың басты проблемасы санында еді, ол рас. Қазақтар өз жерінде азшылыққа айналған-ды. Ал қалада қазақша есту қиын болатын. Мектептерде, университеттерде, мемлекеттік басқаруда, бизнесте қазақ тілі шеттетілді. Сол кезде қазақ тілінің тағдыры демографияға тәуелді еді. Бұл логика ұзақ уақыт дұрыс саналған. Бірақ бүгінгі Қазақстанға қарасақ, жағдай өзгерді. Қазақтар көпшілікке айналды. Қазақ тілін түсінетіндер мен сөйлейтіндер саны бұрын-соңды болмаған деңгейге жетті. Қазақ мектебіне баратын балалардың саны жыл сайын артып келеді. Қазақ тілі күнделікті өмірдің негізгі тіліне айналды. Бірақ неге тіл мәселесі әлі өзекті болып тұр? Мәселе санға емес, санаға

  • Математик Henry Cohn 12 өлшемде 841 kissing arrangement табылғанын растады.

    Математик Henry Cohn 12 өлшемде 841 kissing arrangement табылғанын растады.

    NU математика тобы үшін ғана емес, жалпы әлемдік математика қауымдастығында маңызды жаңалық. Әріптестеріміз 12 өлшемді евклидтік кеңістіктегі kissing number үшін жаңа төменгі шекара тапты. Бұған дейінгі төменгі шекара 840-қа тең болатын және оны британ математиктері Джон Лич пен Нил Слоун 1971 жылы дәлелдеген еді. 55 жыл бойы математиктер бұл нәтижені жақсартуға тырысып келді. Енді ол нәтиже жақсарды: 12 өлшемде kissing number кемінде 841-ге тең. Жаңа нәтиже терең математикалық идеялар мен қуатты GPU-есептеулердің үйлесімі арқылы алынды. Сфералық кодтар мен шарларды тығыз орналастыру теориясының жетекші мамандарының бірі, MIT профессоры Henry Cohn (Maryna Viazovska-мен бірге 24 өлшемдегі әйгілі жұмыстың авторларының бірі) осы саладағы негізгі ақпарат көзі болып саналатын сайтты жүргізеді. Henry Cohn 12

  • Ғалым Боқаш мерейлі 50 жаста

    Ғалым Боқаш мерейлі 50 жаста

    Altyn Magauina Бүгін Атамыздың ең жақын шәкірттерінің бірі, біздің бауырымыз, қазақтың мақтан тұтатын жастарының бірі Ғалым Боқаш мерейлі 50 жасқа толып отыр. Біз үшін бұл күн – жай ғана Ғалымның туған күн емес, бұл – оның жарты ғасырлық өнегелі өмір жолының, адал еңбегінің, биік парасат пен адамгершілігінің мерекесі. Біз Ғалымды тек терең білімі үшін емес, үлкен жүрегі үшін қадірлейміз. Ғалымның әлемнің ең беделді оқу орындарының бірі – Оксфорд университетінде білім алып, “Азаттық радиосында жемісті еңбек етіп, бүгінде Америка Құрама Штаттарының мемлекеттік қызметінде абыройлы жұмыс атқарып жүргені оның табандылығының, білімге құштарлығының және еңбекқорлығының айқын көрінісі. Алайда адамның шынайы бағасы оның қызметімен немесе жеткен жетістіктерімен ғана өлшенбесе керек. Адамның қадірі оның жүрегінде,

  • Қазақ этногенезінің дағдарысы һам жаңа концепция

    Қазақ этногенезінің дағдарысы һам жаңа концепция

    Арма ағайын! Шағын сараптама Бірінші, қазақ этногенезінің дағдарысы келе жатыр. Дағдарысқа қарсы қазақ этногенезінің жаңа концепциясының жасалмауы алаңдатады. Біз қазір 18 ғасырлардағы қазақ хан-сұлтандары қабылдаған этногенездік концепциясымен әлі өмір сүріп келе жатырмыз. Одан кейінгі үш ғасырда колонизациялық кіріптарлық этногенездік жаңа концепцияны қабылдауға һәм трансформациялауға мұрсат бермеді. Қолданыстағы қазақ шежіресін ашып қараңыз, рулар шежіресінің концепциясы 18 ғасырларда қабылданған мизамға сәйкес келеді. Тіпті шежіредегі аталық рулар сол ғасырдағы қандайда бір тарихи тұлғадан (батырдан) бастау алады немесе шежіредегі аты аталатын рулар 18- ғасырға барып тоқтайды, ары қарай үзік-үзік. Бұл 18- ғасырдағы жаугершілік заманның талабына сай сұрыпталған қазақ этногенезінің көрінісі еді. Яғни қазақ шежіресінің концепциясы қазақ этногенезінің моделін қалыптады. Екінші, саяси және мәдени шешімдердің

  • Саяси қуғын-сүргінге ұшыраған арғы беттің көрнекі тұлғалары мен зиялы қауым өкілдері

    Саяси қуғын-сүргінге ұшыраған арғы беттің көрнекі тұлғалары мен зиялы қауым өкілдері

    Арма әлеумет! 31 мамыр саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні. Осыған байланысты іргелес елдерде соның ішінде Шығыс Түркістан өңірінде өмір сүріп жатқан Шыңжаң қазақтарының саяси, әлеуметтік һәм мәдени тарихын танып біліп жүргеніміз артық болмас. Алдымен суреттерге түсініктеме: Бірінші сурет: Шыңжаң өлкесінде 1934-44 жылдары өлке губернаторы болған Шэн Шицайдың (盛世才) бейнесі. Екінші сурет: Тайвань Тайпэйдегі Шэн Шицайдың мазары. 2024 жылы арнайы іздеп тауып басына барғандағы естелік. Ол туралы естелікті кейін оқисыздар. Үшінші сурет: Шыңжаң өлкесі Құмыл аймағының аймақ губернаторы болған Жолбарыс Бег-тің мазары. Тайвань Тайпэй қаласындағы мұсылмандар зиратында жерленген. 2024 жылы арнайы іздеп тауып басына барып қайттым. Төртінші сурет: 1944 жылы ұлт-азаттық көтерілісшілері Құлжа қаласын азат қылған соң қала

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: