|  | 

Әлеумет

Қоршаған ортаны қорғау – әр адамның парызы!

10

"Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында Каспий теңізі жағалауын түрлі
қоқыстардан тазарту мақсатында, халық аузында "Голубая бухта" атанып
кеткен жерде экологиялық сенбілік өтті деп хабарлайды, өңірлік
коммуникациялар қызметінің баспасөз қызметі.
15.10.2017ж. Ақтау қаласы
"Күзгі тазалау" атты сенбілік жұмыстары "Эко Маңғыстау" үкіметтік емес
ұйымының бастамасымен ұйымдастырылды. Шараның өтуіне Түпқараған және
Маңғыстау облысының әкімдігі қолдау көрсетті.Общее фото
Ал сенбілікті өткізудегі негізгі мақсат – күнделікті экологиялық мәдениетті
қалыптастыру бойынша күш-жігерді біріктіру, тұрғындар назарын қоршаған
ортаны қорғау мәселелеріне аудару және экологиялық ахуалды жақсарту. Тазалық
шарасына кез-келген адамға қатысуға мүмкіндік алды.
"Эко Маңғыстау" үкіметтік емес ұйымының директоры Кирилл
Осинның айтуынша, "Күзгі тазалау" айлығы республикалық "Рухани жаңғыру"
және өңірлік "Таза аймақ" бағдарламасы аясында өткізіліп отыр. Ал, сенбілікке ең
белсенді қатыстқан мекемелер қатарында Айсұлу Дутбаева бастаған Маңғыстау
облысы өңірлік коммуникациялар қызметі, "Қоғамдық келісім" коммуналдық
ұйымы, облыстық прокуратура, Маңғыстау туризм колледжі, "ADVER"
компаниясы және табиғатқа жанашыр тұрғындар болды.
"Каспий теңізі жағалауын жиналып қалған қоқыстан тазарту жұмыстары
тұрақты түрде жүргізіледі. Мәселен, "Голубая бухта" аумағында экологиялық
десант осыдан 4 ай бұрын болған еді. Қарап отырсақ айтарлықтай көп уақыт
өткен жоқ. Мұндағы жағдайды көріп, көңіл-күйіміз түсіп кетті. Қалайша туған
өлкеге деген осындай жауапсыздықпен қарауға болады? Бұл жағдайдан кейін
адамдарың өздеріне деген құрметінің жоқ болғаны ма деген ойға қалады екенсің.
Оның үстіне аймақта туризмді дамытқымыз келеді. Мұндай көріністен кейін
туризм туралы айтудың өзі артық. Осындай демалыс орындарына келушілер
қатары көп екендігі сөзсіз, бірақ олар қарапайым тазалық ережелерін
сақтамайтыны көңілге қаяу түсіреді", – дейді ол.
"Голубая бухта" Түпқараған ауданына бара жатқан жолдың 63 шақырымынан
бұрылған аумақта орналасқан, ал сенбілікке қатысушылар болса автобустармен
жеткізілді. Тазалық сақшылары барлық қажетті құрал-саймандармен қамтамасыз
етілді. Теңіз жағалауы пластикалық, шыны және басқа да қоқыстардан тазартылды.
Сенбіліктің қорытындысы бойынша барлығы 200-ден астам қапшық қоқыс
жиналған.
"Біздің ұжым тазалық акциясын бір ауыздан қолдады және көмекке келді.
Барлығымыз демалыс күніміздің осындай пайдалы шаруаға жұмсағанды жөн
санадық. Айта кетейін, теңіз жағалауынан осыншама көп қоқыс шығады деп

мүлдем ойламаппын. Негізінен сынық шынылар, спирттік ішімдік құйылған
бөтелкелер солайымен шашылып жатырғанын кездестірдік, сонымен қатар
темекі тұқылдары, пакеттер мен тағам қалдықтары көп. Қазір теңізде шомылу
маусымы ресми түрде жабық болғанымен, осындай демалыс орындарына
келішулер қатары әлі де бар. Сол демалушылар өздерінің соңын жинамай кететіні
өкінішті. Мен түсінбеймін, қалайша мұндай сұлу жерлерді қоқысқа толтырып
кетуге болады?! Бұл жағдай осылай жалғаса беретін болса, экологиялық
ахуалдың нашарлай түсетіні анық. Қоршаған ортаны қорғау мәселесіне үлкен
жауапкершілікпен қарауымыз керек", – дейді Маңғыстау облысы өңірлік
коммуникациялар қызметінің директоры Айсұлу Дутбаева.
Экологиялық сенбілік барысында бір тоннадан астам қоқыс жиналды. Айта
кету керек, аймақта мұндай тазалық жұмыстары көп жылдар бойы тұрақты түрде
жүргізіледі. Сонымен қатар, Маңғыстау облысында "Голубая бухта" секілді
демалыс орындары өте көп және демалушылар қатары көбеймесе, азаймай
отырғандығы сөзсіз. Бір өкініштісі, тазалықтың сақталмай отырғандығы.
Бұл ретте, демалыс күні өткен экологиялық сенбілік "Face book" әлеуметтік
желісін пайдаланушылар арасында қызу талқылады. Басым бөлігі қоршаған ортаны
қорламай, керісінше қорғау үшін әлі де болса ауқымды шараларды ұйымдастыру
керек екендігін айтса, ендірі бірі тәртіпке бағынбағандарға қатысты тиісті шаралар
қабылдауды күшейту керектігін алға тартты.
Мәселен, тәуелсіз эколог Әділбек Қозыбақовты мазалаған сұрақ неліктен
жергілікті полиция қызметі тәртіп бұзғандарға айыппұл салмайды деді. Оның
ойынша, Маңғыстау табиғат қорғау прокурорының атына, тәртіп сақшылары заң
бұзатындарды жауапқа тарту жөнінде талап қою үшін арнайы хат жолдау қажет.
Айта кету керек, елбасы Н.Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру"
бағдарламасы аясында "Сакралды Қазақстан" жобасы жүзеге асырылуда. Оның
аясында экологиялық ахуалды жақсарту мен елді мекендерді абаттандыру
жұмыстары жүргізілуде. Маңғыстаулықтар аталмыш жобаны жүзеге асыруға
белсенді кірісіп кетті.
Сондықтан да, мұндай шаралардың маңыздылығын ескере отыр, Маңғыстау
облысы өңірлік коммуникациялар қызметі мен "Эко Маңғыстау" үкіметтік емес
ұйымы қоршаған ортаны қорғауға және оны жақсартуға ұмтылып, экологиялық
сенбілік сияқты ұйымдастырылған түрлі іс-шаралардан тыс қалмауға шақырады.

Дайындаған Нұрбол Оқуов
ҚР Журналистер Одағының мүшесі
Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы

Related Articles

  • Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Zhalgas Yertay Конституциядан орыс тілін алып тастасақ, Ресей бізге соғыс аша ма? Билік осылай қорқыта бастады. Бірақ ол сұраққа қысқа жауап – жоқ. Себебі, Ресейге қарсы Әзірбайжан да, Армения да неше түрлі әрекетке барды, барып та жатыр, бірақ оларға қазір соғыс қаупі төніп тұрған жоқ. Бұл әдісті саяси манипуляция дейді, шын мәнінде, бұны қазіргі статус-кво жағдайын сақтап қалғысы келетін жүйенің асығыс ойлап тапқан аргументі деуге болады. Ойлап көріңізші, Ресейге біздің мемлекеттік органдар қай тілде іс-қағаз жүргізетіні емес, лоял болғанымыз керек. Ендеше, Ресей біздің лоялдығымызды сақтап қалғысы келсе, конституциядағы тіл мәселесіне қарсы болмауы керек. Себебі бұл ішкі тұрақтылық мәселесі. Дені сау елдің билігі өз көршісіне осындай қарсы аргумент айтар еді. Енді

  • Бізді басқарып отырған бір топ адам үшін орыс тілі – ИВЛ аппараты іспетті.

    Бізді басқарып отырған бір топ адам үшін орыс тілі – ИВЛ аппараты іспетті.

    Арман Әлменбет Екі-үш күн уайымға салынып кеттім. Осы соңғы жазғаным болсын. Әрі қарай Құдайға тапсырып, жұмысымды істейін. 6 ақпан күнгі ойым: Бізді басқарып отырған бір топ адам үшін орыс тілі – ИВЛ аппараты іспетті. Ковид кезінде өкпесі жұмыс істемей қалған адамдарға Түркиядан ИВЛ деген аппарат әкелгені естеріңізде ме? ИВЛ болмай, қанша адам өліп қалды. Орыс тілін алып тастасақ, Мәңгілік ел мен Есіл өзенінің ортасындағы бес-алты ғимарат босап қалады. Тек орысша ойланатын адамдар жиналып ап, өздері әдемі отыр о жерде. Менің түсінігімде, орыс тілін конститциядан алып тастау үшін оған алдын ала дайындалу керек. Соңғы екі жарым жылда осыны қатты ойланып жүрмін. Ұсынайын деп едім, қызығатын адам таба алмадым. Сөйтіп «Ана тіл

  • Тек тілге байланысты…

    Тек тілге байланысты…

    Қазақ Республикасында бір ғана мемлекеттік тіл бар. Ол- қазақ тілі. Қазақ тілінен басқа ешбір екінші тілге мемлекеттік мәртебе берілмеуі керек! Отыз жылдан астам уақыттан бері геосаяси ахуалды сылтауратып келдік. Енді біздің де мінезімізді һәм мысымызды көрсететін уақыт келді. ҚР-ның азаматы һәм салық тапсырушы қатардағы тұрғыны ретінде талап етемін! Алдағы бес жылда Қазақ Республикасында елеулі демографиялық өзгерістер болады. Атап айтқанда 2030 жылынан кейін қазақтардың республикадағы жалпы үлесі 80-85% ке дейін артады. Славян халықтарының өсімі азайып 10%-ға дейін түседі. Есесіне елдегі түркітілдес өзбек, татар, ұйғырлардың өсімі еселеп өсіп тіпті 10-15 жылда орыстардың орнын басып озуы мүмкін. Сол кезде Қазақ Республикасындағы жалпы түркітілдес халықтардың үлес салмағы 85-90% ке жетеді. Нәтижесінде қазақ мектептерінің саны,

  • “Қазақ тілі – мемлекеттік тіл” деп жазылып тұр ғой дейді. Неге ондай сөздің пайдасы жоқ екенін түсіндірейін.

    “Қазақ тілі – мемлекеттік тіл” деп жазылып тұр ғой дейді. Неге ондай сөздің пайдасы жоқ екенін түсіндірейін.

    “Қазақ тілі – мемлекеттік тіл” деп жазылып тұр ғой дейді. Неге ондай сөздің пайдасы жоқ екенін түсіндірейін. “Жаңа конституцияның” 9-бап 2-тармағы тұрғанда құжаттар ешқашан қазақша жасалмайды. Тек аударма тілі болып қалады. Себебі мемлекеттік бюрократия 9-баптың 2-тармағына сүйеніп, іс-қағаздарды орысша жасап үйренген. Сол себепті іс-қағаздың бәрі алдымен орысша жасалады, кейін қазақшаға қалай болса солай аударылады. Сол себепті 1-тармақтың болғаны қазақ тілінің нағыз мемлекеттік тіл мәртебесінде болуына еш көмектесе алмайды. Бір ғана жолы бар: конституцияда мемлекеттік тіл де, ресми тіл де – қазақ тілі деп тайға таңба басқандай жазылып тұруы керек. Құжаттың мемлекеттік тілдегі нұсқасының ғана заңды күші болуы тиіс. Сол кезде басқа тілдердегі нұсқасы жай аудармасы болады. Сол кезде ғана қазақ

  • Мемлекеттік тіл: Қауқарлы ма, әлде әлі де декларация ма?

    Мемлекеттік тіл: Қауқарлы ма, әлде әлі де декларация ма?

     Серік Ерғали Суреттер: aqmeshit-zhastary.kz, democrat.kz сайттарынан алынды. Ата Заң жобасының талқысы Қазақстандағы ең сезімтал, ең ұзақ талқыланып келе жатқан мәселенің бірі — мемлекеттік тілдің нақты мәртебесі. Конституцияда қазақ тілі мемлекеттік тіл деп жазылғанына отыз жылдан асты. Алайда қоғамдағы шынайы сұрақ әлі де ашық: қазақ тілі — басқарудың тілі ме, әлде символдық мәртебедегі тіл ме? Тіл мәселесі неліктен шешілмей келеді? Себебі біз ұзақ уақыт бойы тілге: – мәдени құндылық ретінде ғана қарап келдік; – оны мемлекеттік басқару тілі ретінде нақты бекітпедік. Нәтижесінде: – Конституцияда бір мәтін, – тәжірибеде басқа жағдай қалыптасты. Бұл қайшылық тілдің емес, конституциялық айқындықтың әлсіздігінен туындады. 9-баптағы басты түйін Жоба бойынша: 1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі. 2. Мемлекеттік ұйымдарда

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: