|  | 

Шоу-бизнис

АСПАННАН ТҮСКЕН МИЛЛИОНЕР

Erlan  Toleutai суреті.

Erlan Toleutai

facebook парақшасынан

“Сығанақ” қаласының ішінде “Қазақ елі” тарихи сериалының “Халық көтерілісі” сахнасын түсіріп жатқан едік. Дəл төбемізден “гүр” етіп, “Бидайықтың көл жайқаған жалғызындай” бір тікұшақ ұшып өте шықпасы бар ма! “Мынау қайтеді-ей”, – деп қойып, түсірілімді жалғастыра бердік. Сәлден соң, түскі асқа берілетін 40 минуттық үзілісті пайдаланатын əдетіммен Іле бойын жағалап кеттім. Жоғары өрлеп келе жатыр едім, бағанағы тікұшақтың өкпе тұсымнан шыға келгені. Тым төменде ұшып жүр, қамысқа қонайын деп жүрген кəдімгі инелік сияқты, үшкіл тұмсығымен су жағасындағы алып жартастарға сүйкене таяп барып “үңіледі” де, қайта серпіледі. Бір кезде шұғыл бұрылып, осының бəрін қызықтап қарап тұрған маған қарай төтелей салды. Əуелде өтіп кетер деп ойлаған ем, жоқ, тура мені бетке алып, дəл қасыма қонғалы келе жатыр. Бұл да бір қызық болды ғой деп, қарсы жүрдім. Сол екі ортада жерге қонған шай қасықтай ғана тік ұшақтың аядай кабинасынан жапырласып үш адам түсті де, ыржия күліп, маған қарай адымдады. Бір-бірімізді баяғыдан білетін кісілерше емен-жарқын амандасып, жөн сұрасып жатырмыз.
- Менің атым Степан, мына кісінің есімі Андре, Швейцария банкісінің басшысы, Қазақстанға арнайы саяхатқа келді, əлемдегі ұлы шыңдардың түгелге жуығын оттегі құтысын пайдаланбай бағындырған атақты, кəсіпқой альпинист, ендігі арманы Хантəңірі шыңына шығу, бүгін Хантəңірі шыңын барлап қайтуға шығып едік, жолымыз болмады, Алатауды қалың бұлт құрсап жатыр екен, амалсыз кері бұрылып, Іле бойын шола кетейік деп шештік, бұл кісінің келгендігі бір мақсаты – “Таңбалы тасты” көру еді, көрінген жартастың төбесіне шүйіліп оны да таба алмадық, енді қайтып бара жатырмыз, бірақ, Андре мырза сіздер кино түсіріп жатқан мына қамалдың ішін аралап көргісі келеді, бұл мүмкін бе, сіз мұнда кім болып істейсіз, бізді ішке өткізе аласыз ба? – деп өтініш білдіре тоқтады аудармашы.
Мен жөнімді білдіріп, олардың бұл өтінішін орындауға пәрменді екенімді айтқанымда екеуі кəдімгідей қуанысып қалды. “Тіпті “Таңбалы тасты” да көрсетемін”, – дегенімде, əсіресе миллионер банкир (əйгілі Швейцария миллионері екен) балаша мəз-мейрам болды:
- Бағана үстеріңізден төмен ұшып өттік, кино түсіріп жатқандарыңызды кеш байқадық, түсірілімдеріңізге кедергі жасасақ, ғафу етіңіз, – деп қалбалақтап жатыр банкир мырза.
Жүре əңгімелесіп, “Сығанақтың” ішіне кірдік, іші-сыртын тегіс аралатып, актерлермен таныстырдым, олар да жапырласып фотаға түсуде, Андренің де қолағаштай фотаапаратында тыным жоқ, əсіресе оған түйелер қызық болды-ау деймін, əйтеуір шыртылдатып бағуда. Сөйтіп жүргенде сағаттарына жалт-жалт қарасқан саяхатшылар уақыттарының болып қалғанын айтып, тікұшақтарына қарай асыға басып, жөнеп берді. Кетіп бара жатып қолымды ризашылықпен қысып тұрып, “Таңбалы тастың” жолын сұрауды да ұмытқан жоқ.
Жолаушыларын мінгізіп ала сала, қасықтай тікұшақ инеліктей лып етіп жоғары көтерілді де, дөң маңдайын “Таңбалы тасқа” қарай төсеп, ұша жөнелді. Біз төменде қала бердік. Тікұшақты көзіммен ұзатып салып тұрып: “Самолет, самолет, бізді өзіңмен ала кет” деген бала кезде айырплан көргенде айтатын “əнді” ішімнен айтып тұрғанымда, неге екені белгісіз, ұрлаған ақшасын офшорларға тығатын өзіміздің жемқор шенеуніктер есіме түсті…

Мына суреттер сонда түскен фоталар еді:23621358_2050710131844095_2610014376748882520_nErlan  Toleutai суреті.

Related Articles

  • Келешекте қай салаларды дамыту керек?

    Келешекте қай салаларды дамыту керек?

    Инвестордан артық қатаң реалист жоқ қой. Ол салған ақшасы өзіне еселеп қайтуы үшін тек перспективасы мол, келешегі жарқын салаларды таңдайды. JPMorganChase АҚШ-тағы, әлемдегі ең ірі банктің бірі ретінде алдағы 10 жылда 1,5 трлн доллар инвестиция құятынын қараша айында жариялады. Сөйтіп, негізгі 4 бағытты таңдаған. Олар ары қарай 27 салаға бөлінеді: – Озық технология: робототехника, фармакология, аса маңызды минералдар – Қорғаныс, аэроғарыш өндірісі: байланыстың жаңа буыны, мүлде жаңа дрондар – Энергетикалық тәуелсіздік: күн, атом, жаңа батареялар – Стратегиялық технология: ЖИ, киберқауіпсіздік, кванттық есептеу Арғы жағындағы 27 саланы оқысаң, мына банк әлемдік соғысқа дайындалып жатқан сияқты көрінеді. Себебі гипердыбыстағы ракета, 6G байланыс, ғарыш, адамсыз технология деп кете береді. Энергия көздерінің түр-түрі. Екінші

  • Thai AirAsia X Алматы – Бангкок тікелей рейстерін іске қосады: визасыз*

    Thai AirAsia X Алматы – Бангкок тікелей рейстерін іске қосады: визасыз*

     Тайландтың сан қырлы дәмдерімен, бояуларымен және мәдениетімен танысыңыз — бір бағытқа 199 USD-ден басталады Алматы, 2025 жылғы 8 қыркүйек – Thai AirAsia X Алматы (Қазақстан) мен Бангкокты (Тайланд, Дон Муанг әуежайы) байланыстыратын жаңа әуе бағытының іске қосылуын қуана хабарлайды. Енді қазақстандық саяхатшылар қысқы маусымда жайлы әрі қолжетімді бағамен жылы самалға бөленген, күн шуағымен нұрланған әрі жарқын өмірімен танымал Бангкокқа ұша алады. Жаңа рейс 2025 жылғы 1 желтоқсаннан бастап аптасына төрт рет – дүйсенбі, сәрсенбі, жұма және жексенбі күндері орындалады. Ұшулар сыйымдылығы 367 жолаушыға арналған кеңфюзеляжды Airbus A330 ұшағымен жүзеге асырылады. Іске қосылуына орай Thai AirAsia X бір бағытқа 199 АҚШ долларынан басталатын арнайы промо-тарифті ұсынуда. Билеттерді 2025 жылғы 8–21 қыркүйек аралығында,

  • Астанада 2025 жылғы киножобалар питчингінің жеңімпаздарымен кездесу өтті

    Астанада 2025 жылғы киножобалар питчингінің жеңімпаздарымен кездесу өтті

    Астанада «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының» Басқарма төрағасы Құрманбек Жұмағали 2025 жылғы питчинг сынынан сүрінбей өткен ашық конкурс жеңімпаздарымен кездесті. Іс-шара дөңгелек үстел форматында өтіп, оған Сараптамалық кеңес мүшелері мен Орталық мамандары қатысты. Жиында отандық киноиндустрия алдында тұрған басты міндеттер мен басым бағыттар талқыланды. Биылғы байқауға жалпы 444 өтінім тіркелді. Соның ішінде 16 жоба мемлекеттік қолдауға лайық деп танылды. Олардың қатарында үш дебюттік жұмыс және Тайландпен бірлескен киножоба бар. Бұл қазақстандық авторлардың халықаралық ынтымақтастыққа дайын екенін және шетелдік әріптестермен байланысын нығайтып отырғанын көрсетеді. Кездесу барысында Орталықтың басқарма төрағасы Құрманбек Жұмағали – «Сапалы фильм түсіру – басты талап. Конкурста жеңіске жеткен жоба жетекшілерінің кино өндірісінің алғашқы сатысынан бастап, экран арқылы көрерменге жету кезеңіне дейін

  • «Қайрат»-«Реал» матчының билет бағасы белгілі болды

    «Қайрат»-«Реал» матчының билет бағасы белгілі болды

    «Қайрат» футбол клубы UEFA Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде өз алаңындағы матчтарға, соның ішінде «Реалға» қарсы ойынға билеттерді сату тәртібі мен мерзімдерін түсіндірді. «Қайрат» клубының ресми сайтында хабарланғандай, «Қайрат»-«Реал Мадрид» матчы үшін билеттер 23 қыркүйекте Алматы уақыты бойынша сағат 17:00-де сатылымға шығады. Бір ЖИН-ге бір адам ең көп екі билет ала алады, ал деректер сатып алу кезінде де, стадионға кіргенде де қатаң тексеріледі. Билет бағасы: 30 000 – 250 000 теңге аралығында болады. Айта кетейік, бұған дейін «Қайрат» – «Реал» матчының билеттер бағасы 75 мың мен 250 мың аралығында болатыны жарияланған еді. Алматылық клуб өз алаңында «Реалды» (30 қыркүйек), «Пафосты» (21 қазан), «Олимпиакосты» (9 желтоқсан) және «Брюггені» (21 қаңтар) қабылдайды.

  • Алматылық “Қайрат” пен мадридтік “Реал” 30 қыркүйекте Алматыда ойнайды

    Алматылық “Қайрат” пен мадридтік “Реал” 30 қыркүйекте Алматыда ойнайды

    “Слован” командасының қақпасына гол соққаннан кейінгі сәт. Дастан Сәтпаев (сол жақта). “Қайрат” футбол клубының парақшасы. 6 тамыз 2025 жыл. Алматылық “Қайрат” пен мадридтік “Реал” 30 қыркүйекте Алматыда ойнайды. Матч кестесі турнирдің ресми сайтында жарияланды. Алматының “Қайрат” командасы чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне шықты “Қайрат” футбол командасының мүшелері жеңісті тойлап жатыр. 26 тамыз, 2025 “Қайрат” фк Instagram парақшасынан алынған скриншот.  Футболдан Алматының “Қайрат” командасы Еуропа Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне шықты. Іріктеу кезеңінің плей-офф кезеңінде “Қайрат” Шотландияның “Селтик” командасын пенальти сериясы арқылы жеңді. Азат Еуропа / Азаттық радиосы

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: