|  | 

Шоу-бизнис

М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының жаңа басшысы тағайындалды

_DSC0226

12 ақпан, 2018. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт
министрінің бұйрығымен танымал қазақстандық режиссер Асхат
Маемиров М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық
драма театры директоры болып тағайындалды.
Асхат Маемиров – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, философия
ғылымдарының докторы (PhD), «Болашақ» Президент стипендиясының
иегері. Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясын драма театр
режиссері мамандығы бойынша аяқтаған. 2008 жылы Францияның танымал
Université Sorbonne Nouvelle Paris 3 университетінде білім алып, Драма
өнерінің Париж ұлттық консерваториясында тағылымдамадан өткен
болатын. 2010 жылы Ресей театр өнер академиясында (ГИТИС) театр өнері
магистрі дәрежесін қорғады.
Еңбек жолын Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театрында режиссер
болып бастады. Құрманғазы атындағы Орал музыкалық колледжінде
«Актерлік өнер» бөлімінің меңгерушісі, Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық
өнер академиясының «Театр өнері» факультетінің деканы, Қазақ Ұлттық
өнер университетінің «Актер шеберлігі және режиссура» кафедрасының
доценті болды. Шығармашылық жұмыстарынан бөлек, өнертану бойынша
философия докторы ретінде ғылыми ізденуіс жұмыстарының шеңбері -
заманауи режиссурадағы дәстүр мен жаңашылдық үрдістері, қазіргі заманғы
театр өнерінің даму тенденциялары сынды тақырыптарды қамтиды.
Отандық мәдениеттің қазіргі заманғы үздік арт-менеджерлері қатарына
кіреді. Еліміздің мәдениет пен өнер саласындағы белгілі ұйымдар –
«Қазақстанның рухани қоры» АҚ, «Қазақ әуендері» АҚ жетекшілік етті. 2017
жылы қазақстандық мәдениеттің көш басындағы ең ірі музыкалық
ұжымдардың бірі – «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымын
басқарды. Елордалық «Астана мюзикл» театрының көркемдік жетекшісі
және Қазақстан театрлар ассоциациясының вице-президенті болып
табылады.
Асхат Маемировтың шығармашылық қызметі театр өнерімен байланысты.
Ол Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақтың мемлекеттік академиялық балалар мен
жасөспірімдер театрында «Қара шекпен» (Г. Хугаев), М.Әуезов атындағы
театрда «Қоштасқым келмейді» (А.Володин), «Ұлым саған айтам»
(Б.Беделхан) атты спектакльдердің, Абай атындағы мемлекеттік академиялық
опера және балет театрында С.Мұхамеджанвтың «Айсұлу» операсы, «Астана
Опера» театрында «Қызжібек» операсын сахналауға ат салысты. Сонымен
бірге «Ромео мен Джульетта» (Ж.Пресгурвик), «Қыз Жібек»
(Е.Брусиловский), «Астана» (Б.Ғафу, А.Оренбургский) атты қазақстандық
мюзиклдердің қоюшы режиссері ретінде танылды.

Белгілі қазақстандық режиссер Қазақстанның театр өнерін бірнеше рет
халықаралық сахналарда таныстырды. Австрия, Бельгия, Германия, Израиль,
Ресей, АҚШ, Түркия, Франция, Армения, Грузия, Польша, Чехия және т.б.
мемлекеттерде өткізілген театр фестивальдерінде, симпозиумдар мен
форумдарға қатысты. 2009 жылы Қазақстан сахна өнерінің тарихында
тұңғыш рет Нью-Йорк қаласында өткен М.Чехов атындағы І Халықаралық
театр фестивалінде «Зоопарктегі оқиға» спектаклімен (реж.А.Маемиров)
лауреат атанды (АҚШ). 2017 жылы оның «Ақтастағы Ахико» атты спектаклі
(реж.А.Маемиров) Токио қаласында (Жапония) қойылды. Өткен жылдың
соңында «Ұлы Дала театры» атты еуропалық турне шеңберінде «Қыз Жібек»
мюзиклін (реж.А.Маемиров) әлемнің бес астанасы – Брюссель, Париж, Вена,
Берлин және Мәскеу қалаларының көрермендері ерекше ықыласпен
қабылдады.

ҚР МСМ баспасөз қызметі

Related Articles

  • Наурыз мерекесі құрметіне Панфилов көшесіндегі Сахнада «Ән қанатындағы Наурыз» атты дәстүрлі өнерде жүрген жас орындаушылардың ән кеші өтті.

    Наурыз мерекесі құрметіне Панфилов көшесіндегі Сахнада «Ән қанатындағы Наурыз» атты дәстүрлі өнерде жүрген жас орындаушылардың ән кеші өтті.

    Бүгін Алматы қаласы әкімдігі Мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен Панфилов көшесі бойындағы сахнада Наурыз мерекесіне арналған «Ән қанатындағы Наурыз» атты жас орындаушылардың дәстүрлі ән кеші жоғары деңгейде өтті. Алматы қаласы ХХ ғасырдың 30-жылдарынан бастап ұлт мәдениетінің ұйытқысы, ордасы қызметін атқарып келеді. Дәстүрлі өнердің ірі өкілдері, зерттеушілері осы қалада тұрып, еңбек етті. Қазір де профессионалдық типтегі дәстүрлі музыканың ең ірі ошағы – Алматы. Мұнда этномузыканың белгілі қайраткерлері, дәстүрлі домбырашы, қобызшы, сыбызғышы, әнші-термешілер әзірлейтін арнаулы орта және жоғары оқу орындары, өнер ұжымдары шоғырланған. Қазақ көне музыка аспаптарының жер бетіндегі жалғыз музейі мен еліміздегі жалғыз дәстүрлі өнер театры да осында. Соңғы уақыттары Алматы қаласында дәстүрлі өнерді насихаттап жүрген жас өнерпаздардың арнайы ән кеші өтпеп еді.

  • Tridon Mk2 зениттік қондырғы

    Tridon Mk2 зениттік қондырғы

    Швеция мен Дания Украинаға арнап британ-швед өндірісіндегі заманауи Tridon Mk2 зениттік қондырғыларын сатып алуға бірігіп кірісті. Кешен әсіресе жақын қашықтықта ұшатын ирандық «Шахед» дрондарына қарсы ең тиімді қарудың бірі. Қазіргі уақытта Tridon Mk2 өз класындағы ең озық әуе шабуылына қарсы жүйе саналады. Tridon Mk2 зениттік қондырғысының басты ерекшелігі атыс қарқыны. Ол минутына 300 оққа дейін жаудыра алады. Осылайша әуе кеңістігіне енетін шағын дрондардың көзін жылдам әрі дәл жоюға мүмкіндік туады. Тағы бір артықшылығы атылатын 40-мм снарядтардың құны небәрі 27 долларды құрайды. Экономикалық тұрғыдан тиімді екенін дәлелдейді. Қару-жарақ саласындағы мамандар Украинадағы әскери қақтығыстарды ескере отырып, арзан әрі тиімді әуе қорғанысы қаруына сұраныс жоғары екенін айтады. Tridon Mk2 жүйесінде қолданылатын арнайы британдық

  • Келешекте қай салаларды дамыту керек?

    Келешекте қай салаларды дамыту керек?

    Инвестордан артық қатаң реалист жоқ қой. Ол салған ақшасы өзіне еселеп қайтуы үшін тек перспективасы мол, келешегі жарқын салаларды таңдайды. JPMorganChase АҚШ-тағы, әлемдегі ең ірі банктің бірі ретінде алдағы 10 жылда 1,5 трлн доллар инвестиция құятынын қараша айында жариялады. Сөйтіп, негізгі 4 бағытты таңдаған. Олар ары қарай 27 салаға бөлінеді: – Озық технология: робототехника, фармакология, аса маңызды минералдар – Қорғаныс, аэроғарыш өндірісі: байланыстың жаңа буыны, мүлде жаңа дрондар – Энергетикалық тәуелсіздік: күн, атом, жаңа батареялар – Стратегиялық технология: ЖИ, киберқауіпсіздік, кванттық есептеу Арғы жағындағы 27 саланы оқысаң, мына банк әлемдік соғысқа дайындалып жатқан сияқты көрінеді. Себебі гипердыбыстағы ракета, 6G байланыс, ғарыш, адамсыз технология деп кете береді. Энергия көздерінің түр-түрі. Екінші

  • Thai AirAsia X Алматы – Бангкок тікелей рейстерін іске қосады: визасыз*

    Thai AirAsia X Алматы – Бангкок тікелей рейстерін іске қосады: визасыз*

     Тайландтың сан қырлы дәмдерімен, бояуларымен және мәдениетімен танысыңыз — бір бағытқа 199 USD-ден басталады Алматы, 2025 жылғы 8 қыркүйек – Thai AirAsia X Алматы (Қазақстан) мен Бангкокты (Тайланд, Дон Муанг әуежайы) байланыстыратын жаңа әуе бағытының іске қосылуын қуана хабарлайды. Енді қазақстандық саяхатшылар қысқы маусымда жайлы әрі қолжетімді бағамен жылы самалға бөленген, күн шуағымен нұрланған әрі жарқын өмірімен танымал Бангкокқа ұша алады. Жаңа рейс 2025 жылғы 1 желтоқсаннан бастап аптасына төрт рет – дүйсенбі, сәрсенбі, жұма және жексенбі күндері орындалады. Ұшулар сыйымдылығы 367 жолаушыға арналған кеңфюзеляжды Airbus A330 ұшағымен жүзеге асырылады. Іске қосылуына орай Thai AirAsia X бір бағытқа 199 АҚШ долларынан басталатын арнайы промо-тарифті ұсынуда. Билеттерді 2025 жылғы 8–21 қыркүйек аралығында,

  • Астанада 2025 жылғы киножобалар питчингінің жеңімпаздарымен кездесу өтті

    Астанада 2025 жылғы киножобалар питчингінің жеңімпаздарымен кездесу өтті

    Астанада «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының» Басқарма төрағасы Құрманбек Жұмағали 2025 жылғы питчинг сынынан сүрінбей өткен ашық конкурс жеңімпаздарымен кездесті. Іс-шара дөңгелек үстел форматында өтіп, оған Сараптамалық кеңес мүшелері мен Орталық мамандары қатысты. Жиында отандық киноиндустрия алдында тұрған басты міндеттер мен басым бағыттар талқыланды. Биылғы байқауға жалпы 444 өтінім тіркелді. Соның ішінде 16 жоба мемлекеттік қолдауға лайық деп танылды. Олардың қатарында үш дебюттік жұмыс және Тайландпен бірлескен киножоба бар. Бұл қазақстандық авторлардың халықаралық ынтымақтастыққа дайын екенін және шетелдік әріптестермен байланысын нығайтып отырғанын көрсетеді. Кездесу барысында Орталықтың басқарма төрағасы Құрманбек Жұмағали – «Сапалы фильм түсіру – басты талап. Конкурста жеңіске жеткен жоба жетекшілерінің кино өндірісінің алғашқы сатысынан бастап, экран арқылы көрерменге жету кезеңіне дейін

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: