|  |  | 

Спорт Сұхбаттар

Қытай құрамасындағы қазақ конькиші


Аршынғазы Шәкен Пхенчхан олимпиадасына қатысып жатқан сәт. 13 ақпан 2018 жыл.

Аршынғазы Шәкен Пхенчхан олимпиадасына қатысып жатқан сәт. 13 ақпан 2018 жыл.

Шыңжаңда туып-өскен этникалық қазақ Аршынғазы Шәкен Пхенчхандағы қысқы Олимпиадаға Қытай атынан қатысып жатыр. Ол Азаттыққа спортқа қалай келгені, алға қойған мақсат-мұраты туралы айтып берді.

Оңтүстік Кореядағы қысқы Олимпиада ойындарына Қытай құрамасы қатарында қатысып жатқан 22 жастағы этникалық қазақ Аршынғазы Шәкен Шыңжаң-ұйғыр автономиялық аймағының орталығы Үрімжі қаласында дүниеге келген. 2010 жылдан бері конькимен жүгіруден Қытай құрамасының мүшесі алғаш рет Олимпиадаға қатысып отыр.

Ақпанның 13-і күні Аршынғазы конькимен жүгіруден 1500 метр қашықтықты 1:50.16 минутта сырғанап, жарысты 35-орынмен аяқтады. Ол Олимпиада чемпионы атанған голландиялық спортшы Кьелд Нейстен алты секундқа қалып қойды.

- Олимпиададай “жуан жарысқа” (ірі жарыс – ред.) келудің өзі үлкен бақыт. Жаспын, тәжірибе жинауға берілген мүмкіндік. Жаттықтырушыларым менен көп үміт күтеді. Сондықтан маған мүмкіндік берді. Олимпиада – жарыстардың төресі. [Нәтиже] енді мен үшін болады. Осындай жарысқа келгенім ата-анама, достарыма мақтаныш. Кез келген адам [олимпиадаға] қатыса алмайды. Көп жолдан, көп қиындықтан өтіп келдім. Жаттығуларымның жемісі, – дейді ол.

Пхенчхан Олимпиадасына Қытай құрамасы қатарында қатысып жатқан этникалық қазақ Аршынғазы Шәкен.

Пхенчхан Олимпиадасына Қытай құрамасы қатарында қатысып жатқан этникалық қазақ Аршынғазы Шәкен.

Аршынғазы Шәкен 2017 жылғы Қытай чемпионатында 1500 метрге жүгіруден 46-орында келсе, 2018 жылғы Қытай біріншілігінде осы қашықтыққа өткен бәсекеде 5-орын иеленген. Спортшы қазір 1500 метрге жүгіру бойынша Қытай ішкі рейтингінде бірінші орында тұрғанын айтады.

“ТУЫП-ӨСКЕН ЕЛІМЕ МЕДАЛЬ СЫЙЛАҒЫМ КЕЛЕДІ”

Аршынғазы Пхенчхан Олимпиадасында ақпанның 24-і күні масс-старт жарысына қатысады. Спортшы алдағы төрт жыл бойы 2022 жылы Пекинде өтетін қысқы Олимпиадаға дайындалатынын айтады.

Аршынғазы Шәкен.

Аршынғазы Шәкен.

- Қазір небәрі 22 жастамын. Көру, үйрену екен. Мұзда сасқалақтау болады екен. Әлем үздіктерімен деңгейім әлі сай келмейтінін түсіндім. Көп машықтану керек. 2022 жылы Отанымда өтетін Олимпиада менің межем болады. Биылғы Олимпиада – арманның басталуы. Арманға жету үшін, биікке шығу үшін әлі көп машықтанамын, – деді ол Азаттық тілшісіне.

Аршынғазы Шәкеннің айтуынша, “Қытай құрамасында ұлтқа бөлу, қытай ұлтынан шыққан спортшыларға басымдылық беру деген жоқ. Кімнің нәтижесі жақсы болса, соған мүмкіндік беріледі”.

- Қытай құрамасында қазақ конькишілер көп. Бас құрамада менен басқа Дәстүр Тұрсынхан және Алмас Қақанбай деген қазақтар бар. “Бұл – қытай, бұл – қазақ” деп бөлмейді. Ешкім ешкімді алаламайды. Қытай ұлтына басымдылық беріледі деген жалған сөз. Жаттықтырушылар бәрімізге тең қарайды. Үрімжіде жаттығуға барлық мүмкіндік бар. Туып-өскен жерім – Қытай. Патриотпын. 2022 жылғы Олимпиадада еліме медаль сыйлағым келеді. Ешқайда кетпеймін, басқа елдің азаматтығын алу ойымда жоқ, – дейді Қытайда тұратын этникалық қазақ.

Конькиші Үрімжі қаласында тұрып жатқанын, сонда жаттығатынын айтады. Зейнет жасындағы ата-анасы Шыңжаңдағы ауылдардың бірінде тұрады екен. Отбасындағы өзінен кейінгі інісі спортпен айналыспайды.

- Конькиді 13-14 жасымда бастадым. Ата-анам – қарапайым бұқара. Солардың көз, жүрек қуанышымын. Бала кезімнен мұзды жақсы көрдім. Мектеп ауласында балалармен мұз тебетінбіз. Алдымен Үрімжідегі арнайы спорт мектебінде оқып, сонда жаттықтым. Спорттың осы түрін таңдауыма мұғалімім себепкер болды. Кейін Шыңжаңдағы орталық спорт мектебіне түстім. Сол жерде көп жаттығудың арқасында жақсы нәтижелер көрсете бастадым, – дейді ол.

Аршынғазы Шәкен Қазақстанда туысқандары, достары бар екенін, бірақ тарихи Отанында әлі болып көрмегенін айтады. Спортшы келер жылы Қазақстанда конькимен жүгіруден өтетін жарыстардың біріне баруды жоспарлайды. Ал Пхенчхан Олимпиадасынан кейін ол наурыз айында АҚШ-та өтетін халықаралық жарысқа, одан кейін Қытай ішіндегі турнирге қатыспақ.

Азат Еуропа / Азаттық радиосы

Related Articles

  • Елдес Орда, тарихшы: «Түркістан» атауын қолдану – аймақтағы жұмсақ күш позициясын нығайту тәсілі

    Елдес Орда, тарихшы: «Түркістан» атауын қолдану – аймақтағы жұмсақ күш позициясын нығайту тәсілі

    Фото ашық дереккөздерден алында Өткен аптада Түркияның ұлттық білім министрлігі мектеп бағдарламасына «Түркістан» деген терминді енгізген еді. Шетел басылымдарының жазуынша, бұл атау енді «Орталық Азия» ұғымының орнына қолданылмақ. Білім министрі Юсуф Текин жаңа атау түркі әлемінің бірлігін қамтамасыз етуге бағытталғанын айтады. Оның сөзінше, үкімет оқу бағдарламасынан империялық мағынасы бар географиялық атауларды алып тастамақшы. Ең қызығы, «Түркістан» аумағына Қазақстаннан бөлек, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркіменстан мен Тәжікстан жатады екен. Сондай-ақ кейбір басылымдар бұл терминнің Қытайдың батысында орналасқан Шыңжан өлкесіне қатысы барын да атап өтті.  Кейбір ғалымдар «Орталық Азия» термині колониализмнен қалғанын жиі атап жүр. ХХ ғасырдағы әлемдік академиялық ғылымды сол кездегі ірі империялар қалыптастырғандықтан, бүгінде мұндай терминдер мен атаулар халық санасына әбден сіңіп

  • «Қайрат»-«Реал» матчының билет бағасы белгілі болды

    «Қайрат»-«Реал» матчының билет бағасы белгілі болды

    «Қайрат» футбол клубы UEFA Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде өз алаңындағы матчтарға, соның ішінде «Реалға» қарсы ойынға билеттерді сату тәртібі мен мерзімдерін түсіндірді. «Қайрат» клубының ресми сайтында хабарланғандай, «Қайрат»-«Реал Мадрид» матчы үшін билеттер 23 қыркүйекте Алматы уақыты бойынша сағат 17:00-де сатылымға шығады. Бір ЖИН-ге бір адам ең көп екі билет ала алады, ал деректер сатып алу кезінде де, стадионға кіргенде де қатаң тексеріледі. Билет бағасы: 30 000 – 250 000 теңге аралығында болады. Айта кетейік, бұған дейін «Қайрат» – «Реал» матчының билеттер бағасы 75 мың мен 250 мың аралығында болатыны жарияланған еді. Алматылық клуб өз алаңында «Реалды» (30 қыркүйек), «Пафосты» (21 қазан), «Олимпиакосты» (9 желтоқсан) және «Брюггені» (21 қаңтар) қабылдайды.

  • Алматылық “Қайрат” пен мадридтік “Реал” 30 қыркүйекте Алматыда ойнайды

    Алматылық “Қайрат” пен мадридтік “Реал” 30 қыркүйекте Алматыда ойнайды

    “Слован” командасының қақпасына гол соққаннан кейінгі сәт. Дастан Сәтпаев (сол жақта). “Қайрат” футбол клубының парақшасы. 6 тамыз 2025 жыл. Алматылық “Қайрат” пен мадридтік “Реал” 30 қыркүйекте Алматыда ойнайды. Матч кестесі турнирдің ресми сайтында жарияланды. Алматының “Қайрат” командасы чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне шықты “Қайрат” футбол командасының мүшелері жеңісті тойлап жатыр. 26 тамыз, 2025 “Қайрат” фк Instagram парақшасынан алынған скриншот.  Футболдан Алматының “Қайрат” командасы Еуропа Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне шықты. Іріктеу кезеңінің плей-офф кезеңінде “Қайрат” Шотландияның “Селтик” командасын пенальти сериясы арқылы жеңді. Азат Еуропа / Азаттық радиосы

  • “Ақ қасқырлар”. Өзбекстан футболы жетістігінің сыры неде?

    “Ақ қасқырлар”. Өзбекстан футболы жетістігінің сыры неде?

    Руслан МЕДЕЛБЕК Өзбек ойыншысы Абдукодир Хусанов (2) пен БАӘ ойыншысы Луанзиньо (21) әлем кубогына іріктеу ойынында. 5 маусым, 2025 жыл. Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатына Өзбекстан құрамасының жолдама алғанына жастар футболының қандай қатысы бар? Өзбекстан футболы жетістігінің себебіне үңілдік. “ӘЛЕМДІК АРЕНАҒА ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР” Өзбекстан Азия құрлығында Иран, Катар, БАӘ, Қырғызстан, Солтүстік Корея бар топтан екінші орын алып, 2026 жылғы әлем кубогына лицензия иеленді. Өзбек футболшылары тоғыз ойынның бесеуінде жеңіп, үшеуінде тең түсіп, бір ойында жеңілген. Осы нәтиже ұлттық команданың әлем чемпионатына шығуына жеткілікті болды. Бұл топтан Өзбекстаннан бөлек Иран да әлем чемпионатына қатысады. Өзбекстан әлем чемпионатына шығуға бірнеше рет өте жақын болған еді. Мәселен, 2014 жылғы әлем біріншілігінің іріктеуінде Иран,

  • Ер Жәнібек батырдың есімі ұлықталды 

    Ер Жәнібек батырдың есімі ұлықталды 

      Айдос Мырзахметов Өскемен қаласының Жекпе-жек сарайында аты аңызға айналған Ер Жәнібекті еске алуға арналған жасөспірімдер мен кадеттер арасында семсерлесуден ХІХ ашық республикалық турнир өтті. Ер Жәнібек ұрпақтары ұйымдастырып отырған турнирге Шығыс Қазақстан, Абай, Оңтүстік Қазақстан облыстары мен Астана, Алматы қалаларынан келген 200 жасөспірім спортшы қатысады. – Кадеттер мен жасөспірімдер арасындағы ашық республикалық турнирді осымен 19-шы мәрте өткізіп отырмыз. Біз жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу, спортқа, оның ішінде семсерлесуге баулу мақсатында өткізіп келеміз, – деді турнирді ұйымдастырушы, Ер Жәнібек ұрпақтарының өкілі Әлібек Ерубаев. Турнирдің салтанатты ашылуында ШҚО әкімінің орынбасары Ербол Нұрғалиев спортсүйер қауымды мемлекеттік мерекемен құттықтап, Ұлы Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында және Отан қорғаушылар күнінде өтіп отырған жарыстың мәні мен мағынасы зор

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: