Қытайдағы экономикалық крезис
Қытай экономикасының тарихы
Біздің ерамыздың 138жылы Қытай елшісі жаң циан батыста ферғанаға дейін келіп қайтады.Бұл кезде Қытайдың Хань империясымен көшпенді Ғұн империясының арасында бітпес соғыстар етек алған болатын.Бұл соғыста тек қана жер територия таласы ғана емес үлкен экономикалық мүдделерде жатқаны анық,олай дейтініміз ол заманда Қытай халқы негізі егіншілікпен қосымша тоқымашылық,аздап қолонеркасыппен айналысты.Басты өндіріс өнімі саналатын фарфор мен жібекті сату үшін ұлкен базар керек еді.Хан уди патшаның тұсына дейінгі империяторлар тұсына дейін халықтан тек1/30 салық жиналып тұрдыда халықтың әл -аухаты жақсарды,бұны сол кездегі деректерде:«дала мыңғырған малға ,қамбалар астыққа толып,қазына алтын,күміс ақшаларға толып кетті,тіпті санын алудың өзі мүмкін емес еді»деген деректен көруге болады.Хань патшалығы алғаш құрылған кездері Ғұндардан ойсырай жеңіліп жылына алман-салық тапсырып тұратын болған еді.Жаң цияннің Ауғаныстанға дейін шарлап одан оңтүстікте индия сияқты халқы көп елдің барлығын біліп қайтуы тегіннен-тегін болмаса керек.Кейін Ғұндар әлсіреді де Қытайлар шығыс түркістанді басып алды,осылайша”жібек жолы”ашылды.
Жібек жолының қытай экономикасындағы ролының қаншалықты жоғары болғандығын қазірше анық білмейміз,білетініміз Түрік қағанаты заманындағы Түріктер мен парсылар арасындағы«жібек соғысы» ғана.15 Ғасырдағы жәңә теңіз жолының ашылуына байланысты жібек жолының маңызы жойылды, 1644 жылы манжоулар қытайды басып алып Цинь империасын құрды.Санақтарға негізделгенде 1820 жылы Цинь империасының жалпы ЖІӨ сы 228миллиард600 миллион долларға жетіп дүние экономикасының 32.9% ін ұстады.Алайда бұл дәуір Еуропаның жаппай өрлеу кезеңіне дүп келді де алып цинь империасының экономикасы артта қала бастады,1840жылы Ұлы британия мен болған соғыста жеңілген Цинь империасы теңсіз шарттарға қол қоюға мәжбүр болды.Дегенмен Цинь империасы батыс елдерінің жартылай отарына айналсада цинь еліне батыстың техникасы,қаржысы кіре бастадыда біртіндеп осызаманданған заводтар салына бастады.1912 жылғы Революция туылып қытайлар цинь манжоулардан дербестік алды.1949 Жылы Қытай компартиясы кеңес одағының әскери және қаржылай көмегінің арқасында билікке жетті.Қытай экономисы сүн хұй биннің айтуынша:Кеңес одағы Қытайға 24 миллиард доллар қарыз берді,бұл АҚШтың батыс еуропаға «маршалл жоспары»бойынша қаржылық көмегімен ұқсас болды дейді.Тек қаржылай көмекпен ғана шектелмей он мыңдаған ғалым,инженер,техниктерін жіберді,көптеген техникалардыкіргізді,олар қытайларға көптеген мамандар жетістіріп берді,көптеген қытай студенттері кеңес одағында білім алды.Осылайша Қытайда кен ашу,мұнай алаптарын ашу, болат-темір қорыту,трактор-автомобил жасау,станок жасау жаппай қолға алынып Индустрияландыру жаппай жүргізілді,бұл қазіргі Қытайдың индустрия саласына айтарлықтай негіз қалап берді. 1964 жылы Қытайда атом бомбысы сәтті жарылды,жасанды жер серігі,басқарылмалы бомбы зерттеп жасалынды.1960 Жылдары Қытай мен кеңес одағы қатынасы ушықтыда кеңес одаға барлық мамандарын қайтарып әкетті,Қытайдаы көптеген енді құрылып жатқан касіп орындар жол ортада тоқтап қалдыда,құрылыстар аяқсыз қалды.Сонымен қатар кеңес одағы Қытайдан қарызын қайтаруды талап етті.Қытай үкіметі астық және кен өнімдері арқылы қарызды қайтарды,Алтайдың көктоғай ауданындағы уран кені тұтас қарыздың 66% ын қайтарған екен.Осы дәуірдегі қытайдың мемлекет басшысы болған Мао Цзедун экономикадан сауатсыз адам болдыда 3 жылда ұлы британияны қуып жету керек деген ұранды көтерді.Ол бастамашылық еткен«зор секіріп ілгерілеу» қозғалысы сәтсіздікке ұшырап соның кесірінен 43 миллион адам аштан қырылды.
Мау қателігін танығаны былай тұрсын «Мәдени революция»ны жүргізіп қытай экономикасын күйреуге беталдырды,заводдарда жұмыс тоқтап ,мектептерде оқу тоқтады,зиалылар,беделді адамдар айамай жазаланды,санаққа қарағанда осы он жылдық былықпалықта 20миллион адам өлген,тікелей экономикалық зиан 500 миллиард доллардан асқан.
Батыс елдері не үшін қытайды дүниенің заводына айналдырды?
1970 Жылдары АҚШ пен еуропа елдерінде ауыр экологиялық дағдарыс жарыққа шықты,өнеркасіптің салдарынан су мен ауа ластанды,өнеркасіптік қалдықтар үйіліп қалды.Көптеген адамдар ереуілге шықты,1970жылы 4 айдың 22 күні сан мыңдаған адамдар ереуілге шықты,осы күн кейіе”жер шары күні” деп белгіленді.Мына суреттерге қараңыз:
1970 Жылдардағы холмыс жолындағы қоқысықтарды өртеу пешінен шыққан түтін.
1972 жылғы желтоқсан, Луизиана, Exxon мұнай өңдеу зауыты, тасталған мұнай танкері тауға айналды
Аризон Америка Құрама Штаттарындағы ең ірі мыс кен орны болып табылады, ол елдегі мыс өндірісінің 60% -ын құрайды, сонымен қатар, Аризия Құрама Штаттардағы төрт ірі мақта өндіретін өңірлердің бірі болып табылады, ал елде 47-тен аса мақта мақта өндіреді. Бұл 1972 жылы Аризонадағы Pike Coal компаниясы
Phoenix (Phoenix) 1881 жылдың 25 ақпанында Феникс Навахо тілінде Хоосдоны деп аталатын қала болған. 1972 жылы Феникс 153 күн бойы жаңбыр жаумады.
1972 наурыз, қайықта «Луизиана сұлулығы», үйлену түтінінде тұман.
Маусым 1973, Ұлттық су сапасы зертханасы, балықтың елеулі деформациясы, суда метилмеркуриямен ластанған.
1974 жылдың сәуір айында үйрек қышқылмен және маймен ластанған тоғанда өлді. Тоғанға жақындаған жануарлар қиын сәттен құтылуға тырысады. Содан бері, тоған EPA бақылауымен тазартылды.
1973 жылы Батыс Виргинияда атмосфераға ластаушы заттар шығарындылары өте ауыр болды
1967 жылғы 21 қарашада Ақ үйдің Шығыс қанаты, Президент Линдон Джонсон, 1967 жылы «Таза ауа а» заңын шығарды.
Бұл суреттер сол тұста тартылған суреттердің ішіндегі бір үзік қана.
Келесі кезекте экологиалық дағдарыстан құтылудың жолы осы ластануды тудырушы заводтарды дамушы елдерге көшіру болып табылды,бұнда айта кетерлігі:еуропа мен АҚШ та завод немесе компанияның бас іштабы бола береді,бірақ онда тек Жобалау мен басшылық,финаныстық құрылымы болады да,заводтар шетелде болады.Осылайша олардың көзі халқы көп базары кең,еңбеккүші арзан ,шикзат байлығы мол қытайға түсті.?жылы Дэн Сяопин реформа жасап шетелге есікті айқара ашты.Содан бастап батыс елдерінің қаржысы қытайға қарай құйылды да қытай экономикасы гүлдене бастады.Зәулім ғимраттар бой көтеріп,заводттар көбейді.ЖІӨның өсу қарқыны көп жылдар бойы 10% тен түспеді.
Осылайша 2016 жылы жіөсі 11,199,145триллион болып АҚШ тан кейінгі орында,ал жалпы өндіру қуаты бойынша 21,417,150 триллион долларға жетіп дүниеде бірінші орында тұр.Не себепті екі түрлі ЖІӨ-нің рейтингінде парық бар?
Себебі:Қытай қазір дүниенің заводына айналып дүниенің үштен бір өнімін өндіруде,ал ондаға өндірістің Жарымына жуығы батыс елдері қаржы қосқан,техника енгізген заводтар мен касіпорындар,сондықтан 21триллионның 10триллионы батыс компанияларының қалтасына түседі де қытайдың өзінде тек11триллионы қалады.Демек қытайдың жарым экономикасы шетелге тәуелді деп айтуғада болады.Көптеген шетел маркалары қытайда өндіріледі,деседе табыстың бір бөлімін марка иесі алады.Осылайша еуропа мен АҚШ та қызымет өтеу саласында жұмыс істейтіндердің салыстырмасы жоғары,айталық 2015жылы:АҚШ та79.7%,фрацияда79.8%,ұлыбританияда78.3%,германияда71.1%,жапонияда71.4%,ал қытайда 52.9%.Ал керісінше қытайда индустрия саласындағылардың салыстыриасы 40.1%. Қытай экономикасының 70%іне жуығы осы өндірістен кіреді.
Қытайда экономикалық дағдарыс басталды ма?
Қытайда әлде қашан экономикалық дағдарыс басталып кетті дейді сарапшылар,бұлар қытайдың өзінде емес шетелдерде тұратын қытай оқымыстылары.Гонконг қытай тіл университетінің экономисы лаң шиан пиң : Қытай экономикасы құдды кеңес одағының экономикасы сиақты.Кеңес одағы мұнай,газ сату арқылы күн көрген еді,одан түскен ақшаның 70%ін әскери қару-жарақ жасауға жұмсаған,АҚШ сауди арабия арқылы мұнайдың өндірілуін арттырып сол арқылы мұнайдың бағасын жаппай құлдыратты,еуропа елдері арабия мұнайымен газын тұтынды да кеңес одағының жолы кесілді.Осы арқылы кірісі мұнаймен газға қараған кеңес одағының экономикасы күйреді,кеңес одағыда ыдырады.Соған ұқсас қытайдыңда 70% кірісі тұрғын үйлер салу,жол салу,темір жол салу салаларына жұмсалуда,ал 70% кіріс өндіріс касыпорындарының кірісіне сүйенеді,егер АҚШ пен еуыропа қытай тоуарларына тиім салар болса қытай экономикасы да кеңес одағы экономикасының кебін киеді дейді.
Экономис Шин уй пин “қытай дағдарысы” ,”:жаппай босу”атты кітаптар жазып жариялады.АҚШ,Тайвань дағы қытай экономистері мен сарапшыларыда бұл мәселені жиі айтатын болды,әсіресе таяу уақыттарды.Оның негізіде жоқ емес,2017жылы қытай халық банкы “банктың жан тамырын нығайту” саясаты арқылы Депозиттік алтынға бағалануын арттырды,бұл әр бір сауда банктері анағұрлым көп ақшаны орталық банкке сақтайтын болады,осылайша касыпорындардың ақшасы азаятын болады.
СУР.Шин уей пиннің”Қытай крезисі”атты екі кітабі
Шетел капиталының сыртқа кетуі
Қазіргі Қытай экономикасының көтерілуі шетел капиталының молдап кіріуімен тіке байланысты екенін айыттық,ал ел экономикасының қомақты бөлігін құрап тұрған шетел капиталы сыртқа кетсе не болмақ?
Қытайда қазыр еңбеккүш бұрынғыдан әлде қайда қымбаттады,ал Индия, шығыс оңтүстік азия елдерінде бұдан әлде қайда арзан,сол себепті көптеген шетел компаниялары сол елдерге көшуде,соның салдарынан Қытай экономикасының арту қарқыны жыл сайын баяулауға беталды.Мына кестеде Қытай ЖІӨ сының әр жылдағы өсу қарқыны көрсетілген:
2006 | 12.7% |
2007 | 14.2% |
2008 | 9.6% |
2009 | 9.2% |
2010 | 10.6% |
2011 | 9.5% |
2012 | 7.7% |
2013 | 7.7% |
2014 | 7.3% |
2015 | 6.9% |
2016 | 6.7% |
Қытай экономикасы жыл сайын баяуласа керісінше Индия экономикасының арту қарқыны жыл сайын тездеуде! Демек таяу но-онбес жылда Индияның жалпы ЖІӨ сы Қытайды басып озуы мүмкін!Онсызда Индияда ағылшын тілінің ықпалы күшті,тілдік кедергі жоқ, оған қоса дарындылардың молдығы мен техникасының озықтығы сияқты артықшылықтары тағы бар.
2017жылдың соңы мен 2018жылдың басында Қытайдан Францияның Carrefour компаниясы, АҚШ тың әйгілі алма серіктігі шегініп шықты.Шын жіндегі тай уань компанияларыда шегінуде, Жапонияның Nitto Denko электрондық аспаптарды өндіру компаниясы 2018.01.08 Сучжоу қаласынан бүкілдей шегініп шықты, 5500адам жұмыссыз қалды,осы компанияның Сучжоу, Пекин, Шанхай, Сямэнь, Гонконг, Шэньчжэнь қалаларында бөлімшелері болған.Сучжоу қаласында бүкіл дүниенің Топ 500 компаниясы жиналған болатын.Nike, Wal-Mart, Zixing Seagate, Adidas және Puguang, Philips, United,нокия қатарлы ірі кәсыпорындардың заводтары шегініп кетті.2017 американдық қатты дискі өндіру компанияны шегінді де2000 нан артық адам жұмыссыз қалды. 2017 McDonald’s тижарат ұқығын Tencent компаниясына 161миллион Қытай юанына сатып шегініп кетті. Шілде 2017 Foxconn компаниясы шегінді,оның қосқан Инвестициял 10 миллиард долларға жеткен болатын. Соның кесірінен 13000 нан аса адам жұмысынан айырылды. 2018жылдың аяғында Nikon компаниясыда шегінді.2016 жылы Wal-Mart супермаркетінің ірі қалалардаға ондаған бөлімшелері іркес-тіркес жабылды. Жапонияның нәзік техикаларды өндіретін жиан ми компаниясы шығыс оңтүстік азияға көшті,тек осы көштің кесірінен 5000 нан аса адам жұмыссыз қалды.
Лангфан Сити, Хэбэй провинциясы жұмыссыз жұмысшылар
Батыс елдерінің кедергісі
Қазіргі таңда әлем экономикасының 60%ке жуығы батыс елдеріне тәуелді екені белгілі,осы елдер Қытай товарларының басты базары саналады.Егерде осы елдер Қытай товарларынан бас тартса онда Қытай экономикасына оңалмас ауыр соққы болып тиері анық. Экономис Шя ие лиаңның айтуынша:2017жылы батыс елдері қытайға қарсы сауда соғысын ашуды бастады,олар Қытайдың нарықтық экономикадағы орынын мойындаудан бас тартты.Бұған 2001жылы Қытай дүние жүзілік сауда ұйымына кіргеннен бері шарттарды толық орындамауы себеп болып отырғанын айта кеткен жөн.2017жылы АҚШ доллары құнданды,Қытай юанына шаққанда 1:6.9ға жетті,доллардың құндануы қыруар долларды АҚШ ына қайтарып әкеледі.Ол ғана емес Қытай товарларының нарықтағы бәсекелестік қуаты да күн санап төмендеуде!
Даниел каспарй:Қытайда нарықтық экономика жоқ,олардыкі қағидаға симайды,тек жоспарлы экономика деп қана айтуға татиды , деп қадап айтты.
Мысалы Қытайдың ішкі базары әбден қанығып кеткен,тек шетелдерге толассыз экспорттағанда ғана экономика тұрақты болады.Айталық,Қытайдың болат-темір өнімдері өзін қамдаудан асып қалатындықтан шетелге шығаруға тура келеді,Ұлы британияның болат-темір базарының 41% ін Қытайдан кірген болат-темірлер иелеп алған,бұл Ұлыбританияның болат-темір өндірісіне хауып төндіруде!Осы себепті батыс елдері 2017жылдан бастап Қытай товарларынан алынатын кеден бажыны жоғарылатпақ.Бұл әр екі жақ үшінде тиімсіз болғанымен батыс елдері өз еліндегі халықты жұмыспен қамту үшін істеп отырмыз деп жауап беруде.
2017-Жылдың басында АҚШ президенті Доналд.трамб :Мен оларға(Қытайларға) қатаң ескертемін,олар қағидаға бойсұнуды бастауы керек,қазырдің өзінде қағидаға бойсұнбай отыр,егерде қағидаға бойсұнуды бастамаса олардың уалюталары біздің уалюталарымызды девелюацияға ұшыратады. Тек Қытай ғана емес,алайда Қытай ең ауыр қайшылық жасаушы,енді олар бұлай істеуін тоқтатулары керек,егер көнбесе біз тіпті де зор күшпен оларға соққы беретін боламыз деп қатты айытты.
АҚш та жәңә технологиялардың тапқырлануы жұмыс өнімділігін арттыруда,әрі қоршаған ортаға тигізетін залалы да аз.Қытайда алты адам атқаратын жұмысты АҚШ та жалғыз адам атқара алады,демек қазыр АҚШ тағы еңбеккүш құны Қытайдан арзандады,бұлда АҚШ компанияларының қайтадан өз еліне оралуының бір себебі.2018 жылдың басында АҚШ тың мұнай өндірісі сауди арабиядан асып түсуі мен жарна базарының өрлеуі,ЖІӨ өсімінің артуы АҚШтың ендігары Қытайды тайраңдатқысы келмегендігінің көрнісі.АҚШ бастаған батыс елдерінің Қытайды экономикалық жақтан шектеуінің және бір себебі Қытайдың болашақта АҚШ ты басып озып ең ірі экономикалық елге айналуының да алдын алу боуы мүмкін.
Мокато Қытай зерттеу орталығының мәліметінше Қытай кейбір еуропа елдеріне сіңіп кіре бастаған, айталық: Мажарыстан ,грекия сияқты елдерге Инвестиция сала бастаған.2017 жылы Пакистан,Непал,Австралия сияқты елдер Қытай Инвестицияларынан бас тартқан.
Шығар Жол: бір белдеу,бір жол стратегиясы
Қытай экономикасының ендігі шығар жолы товарларын батыс елдеріне ғана шығару емес сонымен қоса шығыс оңтүстік азия,оңтүстік азия,орта азия,батыс азияға экспорттау,онсызда өтпей басылып жатқан товарларыда баршылық.Демек көне жібек жолын қайта жаңғырту.Бұл үшін Қытай үкіметі көршілес шағын елдерге қаржы қосып, жол салып, касыпорындарын сонда көшірмек.Касіпорындарды көшірудегі мақсат адам сенгісіз дәрежеде ластанған Қытай экологиасына түскен қысымды азайту болып табылмақ.Деседе батыс елдері бұған оң қабақ танытпай отыр.
Шя ие лиаң: Қытайдың теңіз жағалауындағы райондарын айытпағанда көптеген олкелері дамымаған,үкімет қаржыны шетелге шәшқанша осы олкелерді неге көтермейді? Онсызда жүз миллинодаған кедей қалыққа жұмыс керек,бұл атаққұмарлық не сатқындық деп жазғырды.
Ұлы британия үкіметімен Франция үкіметі «бір белдеу, бір жол » жобасына қатынысудан бас тартты.2017 Жылы 5 айда Қытай астанасында өткен «бір белдеу, бір жол » жиналысынан кейін тек Непал, Пакистан, Мианмар қатарлы елдер ғана қызғындылық танытудан тыс батыстың белді экономикалық ірі елдерінің біреуіде ықылас таныта қоймады. Бұған ең негізгі себеп : Қытай компартиясына деген сенімсіздіктен туындаған.
Ал Қытай инвестиция салған елдердің көбі дамымаған, саясиы тұрақсыз, қоғамы орнықсыз елдер болды да салған инвестицияның 90% селге кеткен.
Пакистанда Қытай «Қытай-Пакистан экономикалық коридоры » жобасы бойынша 45.9миллиард доллар ақша салған,ол энергия, жол салу, жоғары жылдамдықты теміржол қатарлы салалар болатын. Алайда лаңкестердің вагондарды жарып жіберуі, тағыда басқа себептерден бұл жоба 2017.12.12 аяқсыз қалды.
2017.11.14.Индонезиядағы жоғары жылдамдықты теміржол құрлысыда орта жолдан тоқтап қалды, бұған саяси қарсылықтар мен жергілікті халықтың қарсылығы себеп болған. Жарты жыл өтседе ешқандай бір жоғары жылдамдықты теміржолдың ізі байқалмаған. Лауостада дәл осы жағыдай, Лауосты басып-Тайланд, Малайзия,Сингапурға тұтасатын жоғары жылдамдықты теміржол жобасы да іске аспады, оған салынатын қаржы көлемі Лауостың жылдық ЖІӨсының жарымынан асып кеткен,Лауос тұрғындары ондай қымбатқа салынған жолда жүретін пойезге отырмайды, қалтасы да көтермейтіні анық. Мианмарда салынбақ болған су электр станциясыда жерлік халықтың қарсылығына ұшырап аяқсыз қалды. Қазақстандағы құрмақ болған өндіріс орындарының жарымы әлі қаңырап тұр, 2017.12.12 Қазақстаннан Еуропаға өтетін тоуарлардың кешеуілдеуі айырықша назар аударды. Бұған басты кедергі келтіріп отырған Ресей деп қарайды Қытай сарапшылары, үйіткені Қытайдың орта азиядағы экономикалық ықпалы барған сайын артуда, жылы Қазақстанға Қытай миллиард доллардан артық инвестиция салған, ал Өзбекстанға миллиард доллар инвестиция салған, деседе «Қытай-Қырғыз-Өзбек темір жол жобасы» алда қайта қаралуы мүмкін.
Осылайша Қытайдың шығар жол іздеген қиялы мен Си Цзиньпиннің арам ниеті көбікке айналып жоқ болды.
Жылжымайтын мүлік көпіршігі
2001 жылдан бері Қытайда жылжымайтын мүлікке құйылған қаржы 36,898 млрд юань ға жетіп жалпы қоғамдық инвецияның 16,9% не жеткен, 2004 жылы 14,480,7 млрд. Юаньға тең болып 24.7% ке жеткен. Осылайша жылжымайтын мүлік Қытай эеономикасын алға сүйрейтін паравозға айналған, қазіргі күнде халықтың 70% мүлкі жылжымайтын мүлік болып қалған,2007жылы үй бағасы аспанға шықтыда тарихтағы ең жоғарғы рекордты жәратты,бір қызығы осы жылы Қытай ЖІӨ сының өсіміде ең жоғарғы көрсеткішті көрсетті (14.2%). Осылайша қарапайым халықтың неше он жыл жинаған ақшасын үй бағасын көтеру арқылы сыпырып алды.Жақынғы жылдары ірі жалаларда 100 квадрат үйдің бағасы (ірі қалаларда бұндай үйлердің бағасы 10-30миллион юань) ұқсас уақыттағы бағасынан тыс жылына 100 мың юань кейде тіпті 300 юнь ға дейін өсетін болды.Ал ең ірі қалаларда миллион юань ға дейін көтерілген кездері болды.Қытай компартиясының қазынасына қыруар Юань жиналып қалғандықтан ,ол ақшалардың көбі осы салаға құйылған.Мемлекет банктер арқылы жылжымайтын мүлік қаржыны аямай қосуда,осылайша жылжымайтын мүлік көпіршігі ұлғая түсудебкейбір мамандардың айтуынша бұның қатерін болжау өте қиын тіпті 1991жылғы Жапонияның, 1997 жылғы Гонконгтегі жылжымайтын мүлік көпіршігінің жарылуынанда ауыр болуы мүмкін дейді.
2018.02.09 экономис лиу иің шән (Қытай қоғамдық демократиялық партиясының лидері) нің айтуынша:Қазір Қытайда жарна базары құлдырауда, жылжымайтын мүлік көпіршігі жарылудың алдында тұр,егерде жарылатын болса финаныс базары күйрейдіде,қыруар адамдар жұмыссыз қалмақ, кәсіпорындарда құлдырап тәбиғи ресурыстар азаюда, оның көбін сырттан импорттап отыр ,сыртқы қорда азайды,енді азық-түлік жетіспейтін болса одан туындайтын қоғамдық дағдарысты болжау өте қиын.
2017 жылғы жұмбақ
2018жылы Қытай премер минстрі Ли кі циан 2017 жыл ЖІӨ ?юанға жетті,өсу қарқыны 6.9%болды деп мәлімдеді,бұл шетелдегі Қытай мамандарының жаппай назарын аударды,барлығыда бұған сенбейтіндіктерін айытты.Тек олар ғана емес өзге ел сарапшыларыда күмәнмен қарауда.Шетел капиталы шегініп,батыс елдері жаппай Қытай товарларына тосқауыл қойып жатқанда,өнімдері өтпеген заводтар банкротқа ұшырап жабылып халық жаппай жұмыссыз қалып жатқан жағыдайда бұндай экономикалық артудың болуы расында мүмкін емес.2017 жылы Қытайда саяси жүйеде күріт өзгерістердің болуыда экономиканың құлдырауынан деп болжауға болар еді.Ақшалылардың жаппай шетке қашуынан қыруар ақша шетелге ағылды,оны тосу үшін жылына шетелге әр адам 100мың юаннан артық ақша шығаруға болмайды деген белгілеме шығарды,Қытайдағы атақты қора -жәй шножары,номері бірінші миллиардер уанжианлиннің шетке шығу ұқығынан мақұрым етіліуі бұның тек бір мысалы ғана.
Ал өтірік санақ қайдан шықты? Сарапшылардың айтуынша бұл саяси жүйенің қатаңдауына байланысты көптеген олке басшылары Ши жин пиңнен қорқып жалған мәлімет бергеннің нәтижесі деп қарайды.Мысалы: ішкі мұңғұл,тиан жин,ляу ниң өлкелерінің басшылары жалған мәлімет бергендіктерін ашық мойындаған.
2017 жылдың соңында Қытай үкіметі халыққа қыруар мөлшерде заюм таратты,құны 400 миллиард доллардан асты,кей сарапшылар бұл өте қатерлі әрекет деп қарауда.
Бүгінгі таңдағы Қытай саясатының күрт құбылуы,қатаң тотаритарлық жүйені орнатып халықты қатаң бақылауға алуы,әсіресе шекарадағы аз ұлт райондарына қарата аянышты жәніштау ,ұлтты жою саясатын қолдануының астарында алда келе жатқан экономикалық дағдарысқа дайындалу болса керек,ішкі Қытайда 2017 жылы отыздан артық ереуіл мен қақтығыс болған,енді Қытайда сыртқы дүниеден бөлектену болуыда мүмкін,интернет желілерін қатаң бақылаудың қолға алынуы,шетелге шығуды қатаң шектеуі тегіннен -тегін болмаса керек.бәріне де алда уақыт жауап береді дейміз.
Мәңгілік империа жоқ демекші,мәңгілік орнықты гүлденуде бола бермейді,қазіргі Қытай құдды кезіндегі кеңес одағы сиақты экономикасы тоқырауға дүп келуде.Биологияда микроорганизімдердің өсу фазасынан кейін тоқтау фазасына одан құлдырап іру фазасына өтетіні сиақты Қытай экономикасы тоқтау фазасына келіп тірелгендігі анық болып отыр.
Қорыта айытқанда қырық жыл ілгері халқының көбі сауатсыз, кедей болған бір елдің қас қағымда құдыретті елге айналып шыға келуі әрине күмән туғызады. Шетел капиталы арқылы құрылған өндірістік экономиканыңда қатері зор екенін былай қойғанда сол өндірістен туындаған экологиялық апаттың ұлт болашағына әкелер зияныда өте ауыр. Неше жүз жыл бойы шыныққан батыстың экономикалық күштерімен енді ғана көзін ашқан Қытай экономикасының белдесуі уыздай жас баланың бокіс королы тәйсінмен қолғап түйістіргеніндей күлкілі! Батыстың неше жүз жылда шыңдалған өркениеті,экономикасы мен ғылымы алдында Қытай әр қашанда бәсекелес бола алмайды, бола алуыда мүмкін емес!
Ерзат Кәрібай
kerey.kz
Пікір қалдыру