Бүгін – Литваның тәуелсіздік күні екен
Бүгін – Литваның тәуелсіздік күні екен. Бірде Стамбул әуежайында литвалық бір қыз жол сұрап, танысып қалдық. Норман Дэвистен оқып алған бір факт сарт етіп есіме түсті. “Литва тілі Батыстағы ең көне үнді-еуропалық тіл екен, “сәуле” деген сөз сақталып қалыпты ғой?” десем, “Иә, Сәуле (Saule) – Күн құдайы” дейді. “Ендеше ол ең көне үнді-еуропа сөзі түркі тілдерінде, оның ішінде қазақ тілінде де бар” деп едім, таң-тамаша болды. “Аталарымыз: “Литва ілкіде қуатты ел болған, бір шетіміз Балтық болса, екінші шетіміз Қара теңізге жеткен” деп айтушы еді” деп қалды. “Бәлкім сол заманда “сәуле” сөзін қазақтар бізден алған шығар” демеді. Бірақ ол ойды көзінен оқып қойдым. Дереу қорғану тактикасына көшіп, “Сәуле” сөзі қазақша сақталып қана қалған жоқ, заманауи әйелдің кең тараған есіміне айналып кетті” дедім. “Сәулені” оңайлықпен литвалықтарға қия қояр ма екем, жақсы көретін нағашы әпкелерімнің бірінің аты да Сәуле дегендей
Пікір қалдыру