|  |  | 

Жаңалықтар Мәдениет

Назарбаев енді апострофты әліпбидің жаңа нұсқасын бекітті

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2018 жылдың 19 ақпандағы қаулысына сай ұсынылған латын графикасына негізделген қазақ әліпбиінің жаңа нұсқасы. Сурет Ақорданың ресми сайтындағы қаулыға тіркелген қосамшадан алынды. 20 ақпан 2018 жыл.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2018 жылдың 19 ақпандағы қаулысына сай ұсынылған латын графикасына негізделген қазақ әліпбиінің жаңа нұсқасы. Сурет Ақорданың ресми сайтындағы қаулыға тіркелген қосамшадан алынды. 20 ақпан 2018 жыл.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев латын графикасына негізделген қазақ тілі әліпбиінің кезекті рет жаңа нұсқасын бекітті. Ақорда баспасөз қызметінің 20 ақпан күні хабарлауынша, Назарбаев 19 ақпанда 2017 жылдың 26 қазанында шығарған «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» жарлығына өзгеріс енгізу туралы қаулы қабылдаған.

Ол қаулыда бұған дейін бекітілген латын графикасына негізделген қазақ әліпбиіне аздаған өзгеріс енгізілген. Бұған дейінгі нұсқа бойынша, қазақ тіліне тән кейбір дыбыстар және тағы бірнеше әріп апастрофпен (дәйекше) белгіленген еді. Соңғы нұсқадағы әліпби де негізінен апострофты әліпбиге ұқсас болғанымен, бірер дыбыс қана өзгеше белгіленген.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев былтыр жыл басында жасаған мәлімдемесінде «2017 жылдың соңына дейін латынша қазақ әліпбиінің жобасын әзірлеу, үкіметке қазақ тілін латын әліпбиіне көшірудің» нақты кестесін жасауды тапсырған еді.

Былтыр қыркүйек айында Қазақстан парламентінде латын әліпбиінің диграфты (қосарланған әріптер – ред.) нұсқасы таныстырылып, ол жаппай сынға ұшыраған еді.

Оқи отырыңыз: Диграфты латынша әліпбиді сынау күшейді

Билік одан бас тартып, бір айдан соң әліпбидің басқа нұсқасы бекітілген. 2017 жылы қазанның 27-сі күні Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен бекітілген әліпбиде қазақ тіліне тән кей дыбыстарды апостроф (дәйекше) арқылы белгілеу ұсынылған.

Апострофты латын әліпбиі қоғамда қызу талқыланып, әрқилы реакция туғызған. Кейбір тіл мамандары жаңа әліпбиді асығыс қабылданды деген де пікір білдірген.

Оқи отырыңыз: Сарапшылар әліпбиді қолдауды «ресми дүрмекке» балауға бейіл

Азат Еуропа / Азаттық радиосы

Related Articles

  • Самат Әбіш қалай “сүттен ақ, судан таза” болып шықты?

    Азаттық радиосы Саясаттанушы Досым Сәтпаев ҰҚК төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары, экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Самат Әбішке шыққан үкім “Қазақстандағы режим болашақты ойламайтынын көрсетті” дейді қазақстандық саясаттанушы Досым Сәтпаев. Сарапшының пайымдауынша, билеуші “элита” жеке істерімен және тасадағыкелісімдермен әуре болып жатқанда елде тағы бір жаңа әлеуметтік жарылысқа әкелуі мүмкін факторлар күшейіп келеді. СаясаттанушыРесей өзінің экономикалық мүдделері мен геосаяси жоспарларын кеңінен жүзеге асыру үшін Қазақстанның ішкі саясатына тікелей әсер етуге тырысып жатуы мүмкін деп те топшылайды. ПУТИН “ҚАУІПСІЗДІК КЕПІЛІ” МЕ? Азаттық: Сонымен ұзақ демалыс алдында осындай үлкен жаңалық жарияланды. Мейрам алдында, 19 наурызда қазақстандықтар мәжіліс депутатының постынан Самат Әбішке шыққан үкім жайлы білді. Мұның бәрінің байланысы бар ма әлде кездейсоқтық па? Досым Сәтпаев: Әңгімені бұл істің құпия

  • …ойы бөлек болғанымен ол да осы елдің тумасы, біздің отандасымыз.

    Әлеуметтік желіде осы отандасымызды қызу талқылап жатыр екен. Көбі сын айтып жатыр. Видео жазбаның толық нұсқасы жоқ, пікір-талас тудырған бөлігі ғана тарап жатыр екен. Соған байланысты өз ойымды айта кетпекшімін: Бірінші, отандасымыздың видеосы, фотосы әлеуметтік желіде желдей есіп тарап жатыр. Ол азаматтың (азаматшаның) жеке құпиясы саналатын фотосы, видео жазбасы кімнің рұқсатымен тарап жатыр екен? Өз басым осы постты жазу үшін ол азаматтың (азаматшаның) видеодағы бейнесін қара бояумен өшіріп тастауды жөн көрдім. Және рұқсатынсыз фото бейнесін жеке парақшама салғаным үшін одан кешірім сұраймын. Діни ұстанымы, ойы бөлек болғанымен ол да осы елдің тумасы, біздің отандасымыз. Екінші, отандасымыздың діни ұстанымына байланысты айтқан сөздері қоғамда қатты пікір тудырған екен. Тіпті оны “ұлт дұшпаны”

  • ТӘҢІРІ ҚАЛАУЫ ТҮСКЕН ЖАН

    Мандоки Қоңырдың туғанына 80 жыл толуына орай «Тәңірі мені таңдады»  Мұхтар Мағауин Мандоки Қоңыр Иштван – отаны Мажарстан ғана емес, күллі түркі дүниесі қастерлейтін ұлық есімдер қатарындағы көрнекті тұлға. Шыңғыс жорығы тұсында Карпат қойнауындағы мадиярлар арасынан пана тапқан құман-қыпшақ жұртының тумасы Мандоки Қоңыр оннан аса тілді еркін меңгерген, бұған қоса зерттеушілік қарымы ерен, Тұран халықтарының фольклорлық-дүниетанымдық санасын бойына дарытқан ғалым. Ол түркология ғылымымен дендеп айналысып қана қоймай, ХХ ғасырдың төртінші ширегінде Шығыс пен Батыс­тың арасында алтын көпірге айналды, миллиондардың ықылас алқауына бөленді. Яки ол халықтар арасын жақындас­тырған мәмілегер, озықтарға ой салған көреген еді. Замана алға жылжыған сайын мерейтой иелері туралы айтылатын жайттар естелік пен өткен шақ еншісіне көшеді. Көзі тірі

  • Алматыда 5 баллдық жер сілкінісі болды

    Алматы көшелерінде тұрған адамдар. 24 қаңтар 2024 жыл. 23 қаңтар сағат 00.09-да Алматыда қатты жер сілкінді. Қазақстан төтенше жағдайлар министрлігінің сейсмикалық байқау және зерттеу ұлттық ғылыми орталығының мәліметінше, жер сілкінісінің эпицентрі Алматының оңтүстік-шығысынан 264 шақырымда, Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында болған. Жер дүмпуінің магнитудасы 6,7. МSК-64 шкаласы бойынша Алматыда жер дүмпуі – 5 балл, Шымкентте 2 балл болған. Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Нұрлан Атығаев адам шығыны мен қираған ғимараттар жайлы ақпарат түспегенін мәлімдеді. ТЖД халықты лифт қолданбауға, тез арада үйлерінен шығып, қауіпсіз аймақ табуға, газ, су және жарықты сөндіруге шақырды. Ведомство халықты сабыр сақтауға үндеді. Ал сағат 00:44-те Алматыда жүр дүмпуі қайталанғаны, екінші жер сілкінісі шамамен 2-3 балл болғаны

  • “Жеңіліс ауыр тиді”. Қазақстан Еуро-2024 додасына тікелей жолдама ала алмады. Бірақ әлі бір мүмкіндігі бар

    Словения-Қазақстан матчы. Любляна, 20 қараша, 2023 жыл Футболдан Қазақстан құрамасы Люблянада Словения құрамасынан 1:2 есебімен жеңіліп, 2024 жылы Германияда өтетін Еуропа чемпионатына тікелей жолдама ала алмады. Бірақ Қазақстан келесі жылы наурызда Еуро-2024 додасына лицензия алуға тағы бір рет талпынып көрмек. Словениядағы ойын қалай өтті? Қазақстан құрамасының бас бапкері жеңіліс жайлы не деді? Люблянадағы матчқа барған Азаттық тілшісінің репортажы. МАТЧ ҚАЛАЙ ӨТТІ? Ойын бастала сала Словения құрамасы шабуылға көшіп, матчтағы басымдықты өз қолына алуға тырысты. Матчтың 26-минутына дейін Словения ойыншылары Қазақстан қақпасына төрт рет қауіпті соққы жасап үлгерді. Ойынның 40-минутында қазақстандық қорғаушы Ян Вороговский Петар Стояновичті қақпа маңында шалып шығып, польшалық төреші Шимон Марчиняк Қазақстан қақпасына пенальти белгіледі. Бұл 11-метрлік пенальтиден

1 пікір

  1. Galiý Baýsymaq

    Memleket bekitken álippiýdi qoldagan jón. Bunyñ bári túsingen adamga óte úlken iýgilikti is. Ulttyñ keleshegine jasalyp jatqan sharua bolyp otyr. Latynga cóshiu bizge óte úlken tiýimdilik paýda ákeledi. Ulttyq til óz qalpyna ornasady. Jeke dara táuelsiz ómir súrip tabiýgiý damiý beretin bolady. Endi orus tiliniñ basymdygy yqpaly birtindep azaýa túsiuge tiýisti dep oýlaýmyn. Ýagniý bir ultty tutas elge aýnaluvga úlken múmkindik tuvyp tur degen sóz. Osyny iske asyriu jolynda cóp eñbek siñirer bolsaq keleshek urpaq aldynda iýgilikti is jasaganymyz bolyp tabylady. Tarih aldynda altyn árippen jazylgan oqiýga bolgaly otyr. Osy iske barshamyz at salysyp cómek córsetkenimiz jón. Bul Latynga cóshiu reformasy ulttyñ tarihinda asa mañyzdy oryn alatyn reforma dese artyq aýtqandyq emes. Bul tañdau joly bizdi máñgilik elge aýbaldyriuga tiýisti. Jaziu arqyly biz álemdik órkeniýette óz ornymyzdy saqtap qalamyz. Jaziui bar tili bar ult jogalmaýdi degen qagiýda bar. Osy latyn graficasi negizinde jaziu myñ jylga tipti odan da cóp zamannga cósh bastauimizga aparary haq.

POST YOUR COMMENTS TO Galiý Baýsymaq (Cancel)

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: