|  | 

Жаңалықтар

БҰҰ: 2050 жылы Қазақстан халқы 23 млн болады

Көрнекі сурет.

Көрнекі сурет.

БҰҰ-ның экономикалық және әлеуметтік мәселелері бойынша департаменті жариялаған есеп бойынша, Қазақстан халқы 2050 жылы 23 миллионға жетеді. БҰҰ 2050 жылға таман Қазақстан халқының 69 пайызы қалалы жерде, 31 пайызы ауылды жерде тұрады деп болжайды.

Ал Қазақстан статистика комитетінің дерегінше, қазір Қазақстан халқының саны шамамен 18 миллионға жуық.

БҰҰ-ның есебінше, Орталық Азия елдерінде халық саны өсіп, 2050 жылы Қырғызстан халқы 8,1 млн; Тәжікстан халқы 14,5 млн; Түркіменстан халқы 7,8 млн; Өзбекстан халқы 40,8 миллионға жетеді.

Азат Еуропа / Азаттық радиосы

Related Articles

  • Мәулен Әшімбаев Парламенті Сенатының депутаты болып тағайындалды

    Мемлекет Басшысының Жарлығымен Мәулен Сағатханұлы Әшімбаев Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болып тағайындалды. Бұл туралы 4 мамырда түс кезінде Ақорда сайты хабарлады. Мәулен Сағатханұлы Әшімбаев (28 қаңтар 1971 жыл, Алматы) – экономист, қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің V шақырылымының Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы болған, “Нұр Отан” партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары.  Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің экономика және социология факультетін бітірген (1993), экономист, политэкономия оқытушысы. Саясаттану ғылымдарының кандидаты(диссертация тақырыбы “Политический транзит в Казахстане в контексте процессов глобальной демократизации”, 2001). «Құрмет» орденімен марапатталған.  Университетті бітіргеннен соң 1993-1994 жылдары Баспасөз және бұқаралық ақпарат министрлігінің жүйесінде жұмыс істеді. 1994-1995 жылдары – Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңес депутатының көмекшісі. 1995 жылғы маусым - қараша аралығында – Қауіпсіздік кеңесі аппаратының консультанты. 1995-1999 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы

  • Тоқаев Дариға Назарбаеваның өкілетін неге тоқтатты?

    Асылхан МАМАШҰЛЫ Аян ҚАЛМҰРАТ Маска таққан Дариға Назарбаева сенат отырысында. 9 сәуір 2020 жыл. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев парламент спикері Дариға Назарбаеваның өкілетін тоқтатқанын саясаттанушылар «билік транзитіне әсері бар қадам» деп санайды. Бұрынғы премьер-министр Әкежан Қажыгелдин «саяси дағдарыс» деп есептейді. “БИЛІКТЕГІ БЕЛГІСІЗДІК” Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың сенат төрайымы Дариға Назарбаеваның депутаттық өкілетін тоқтатқаны жайлы бүгін, 2 мамырда түсте жариялаған жарлығы алуан түрлі пікір тудырды. Биліктің өзі бұл шешімге байланысты ешқандай түсініктеме немесе ақпарат таратқан жоқ. Жарлықты әлеуметтік желіде жариялаған президент баспасөз қызметінің жетекшісі Берік Уәли арада бір сағат өткен соң Тоқаевтың Дариға Назарбаеваға алғыс айтқаны туралы твиттер парақшасына жазғанын бөлісумен шектелді. Саяси сарапшылар Қасым-Жомарт Тоқаев Дариға Назарбаеваның өкілетін Нұрсұлтан Назарбаевтың келісімімен тоқтатты

  • 22 мың адам тұратын «Асыл Арман» тұрғын үй кешені толықтай карантинге жабылды

    Мұнда екінші адамнан коронавирус анықталған Time.kz Алматы облысының Қарасай ауданына қарасты «Асыл Арман» тұрғын үй кешені бүгін карантинге жабылып, 22 мың адамның үйден шығуына тыйым салынды. Шағын ауданда 9 қабатты 21 үй бар. 5 мыңнан астам пәтерлі 75 кіреберіске күзет қойылған. Мұндағы тұрғындардың 95% Алматы қаласына барып жұмыс істейді. «Тұрғын үй кешенінде дәрігерлік амбулатория ұйымдастырылады, онда медициналық қызметкерлер осы шағын ауданның тұрғындары үшін арнайы жұмыс істейді. Арзан бағамен азық-түлік сатылымы ұйымдастырылып, қажетті заттармен қамтамасыз етеміз. Дезинфекция жұмыстары тұрақты жүргізіледі. Тұрғындарға ақпараттық-насихат жұмыстары басталды. Аумақты түгелдей полиция қызметкерлері қоршап тұр. Олармен бірге әскерилерде кезекшілік қызметіне көмектеседі», – деді Алматы облысы әкімінің баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкел. «Асыл Арман» тұрғын үй кешенінде коронавирус

  • Қазақстанда екі адам Covid-19 дертінен айықты

    Қазақстанда Covid-19 дертінен екі адам жазылды. Олар 26 наурызда ауруханадан шығуы тиіс. Бұл туралы 25 наурызда ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев мәлімдеді. “Екі адам дерттен жазылды. Қазір олар бақылауда. Тағы бір мәрте анализ алынады” деді ол.   Қазіргі дерек бойынша, Қазақстанда 80 адам коронавирус жұқтырған. Алматыда – 31 адам, Нұр-Сұлтанда – 41 адам, Қарағандыда – екі адам, Шымкентте – екі адам, Алматы облысында – бір адам, Ақтөбе облысында – бір адам, Жамбыл облысында – бір адам, Солтүстік Қазақстан облысында – бір адам Қазақстанда коронавирустан қаза болғандар жоқ. Үкіметтің дерегінше, вирус жұқтырғандардың басым бөлігінде симптом жоқ я сәл қызуы көтерілген. Қазақстанда коронавирусқа байланысты 15 сәуірге дейін төтенше жағдай. 19

  • Алматы-Петропавл бағытына жаңа әуе рейсі ашылды.

      FlyArystan-ның 180 орындық Airbus A320 ұшағы Алматыдан Петропавлға алғаш рет ұшты. Бір жақты билет құны 9999 теңгеден басталатын рейстер аптасына 4 рет – дүйсенбі, сәрсенбі, жұма және жексенбі күндері тұрақты орындалып тұрмақ Алдағы уақытта облыстың барлық қалаларын отандық лоукостердің рейстерімен қамту жоспарланған. Airbus A320 ұшағы 12-наурыз күні Алматы-Көкшетау- Алматы және Алматы-Қостанай- Қостанай аралығында ұшуды бастады.   «Петропавлдан Алматы мен елордамыз Нұр-Сұлтанға орындалатын жаңа рейстер жергілікті тұрғындар мен халық арасында сұранысқа ие болады деп үміттенеміз. Солай болған жағдайда, біз сапарлардың санын арттырып, Петропавлға қатынайтын бағыттардың көбеюін қарастыратын боламыз. Сонымен қатар бұл шараның өткізілуіне күш салған жергілікті әуежай мен әкімшіліктің еңбегін атап өткім келеді», – деді FlyArystan-ның басқарушы директоры Тим Джордан.

1 пікір

  1. Galiý Baýsymaq

    Qazaqstan xalqı odan da asıp tüseri anıq. BUU mı kemitip aytqan eken. Şamamen 26-27 millionday bolıwı ıqtiymal.

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: