Семейден хат Бауырлар, көмектесіңіздер!
Менің ұлым – Ерсұлтан 7 жаста. Ұлым сирек кездесетін Spina bifida ауруына шалдыққан. Осы дерттің салдарынан ұлымның уақыт өткен сайын қимыл-қозғалысы қиындап, жан шыдатпайтын ауырсынуды туғызып отыр.
Бауырлар, біз көмекке мұқтажбыз! Медицина орталықтарында ота жасатып баламды дерттен сауықтыруға болады. Алайда оның құны біз үшін тым қымбат. Ота жасатуға 54 000 $ қажет. Қаражаттың жетіспеуімен қатар, бізде уақытта шектеулі. Маусым айында ота жасалуы тиіс.
Ағайын, бауырлар, Қасиетті Рамазан айында бізге көмек көрсетуіңізді сұраймын. Аллахтың қалауымен бәрі жақсы боларына үміт етемін. Бауырлар, көмектесіңіздер!
Кенжебек Ақтайлақов
Пікір қалдыру