6 маусымда футболдан Қазақстан құрамасы Астанада Әзербайжан құрамасымен жолдастық кездесу өткізіп, 3:0 есебімен жеңіске жетті.
Қазақстан құрамасы сапынан Роман Муртазаев, Серікжан Мужиков және Бахтиер Зайнудинов гол салды. Үш футболшы да “Астана” командасында ойнайды.
Бұл жолдастық матчқа Қазақстан құрамасын болгариялық маман Станимир Стойлов дайындаған. Ол бірнеше ай бұрын Қазақстан құрамасының бас бапкері болып тағайындалған.
Стойлов жаттықтыратын Қазақстан құрамасы бұған дейін Венгрия құрамасынжеңіп, Болгариядан жеңілген.
Азат Еуропа / Азаттық радиосы
Пікір қалдыру