|  |  | 

Көз қарас Әлеумет

Көз алдаумен көшіміз түзелмейді

 

Жақсыбай САМРАТ
Мемлекеттің халықтың әлжуаз тобын әлеуметтік қолдауы қуанарлық жайт
болғанымен мәселені түбегейлі шешу үшін азаматтарымыздың экономикалық
белсенділігін арттыруға ықпал етуіміз керек, дейді Мәжіліс депутаты Айқын Қоңыров
өзінің Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленовке жасаған сауалында. Бұл жерде ол
ШОБ-тарды қолдау мәселесін арттыруды айтып тұрғаны белгілі, бірақ мемлекет олар
үшін жай да жағдай жасап, миллиардтаған қаражатты жеңілдікпен несиеге беріп жатыр
емес пе деп ойлаймыз ғой. Сөйтсек, экономиканың ұңғыл-шұңғылын терең білетін
маманның көзімен қарағанда осының өзі аз екен.
ШОБ-тың бүгінгі таңдағы ахуалына сарап жасаған ол 2019 жылдың 1
наурызындағы жағдайға сәйкес шағын және орта кәсіпкерлік субьектілерінің саны өткен
жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 10 пайызға артқанын айтады. Үстірт қараған
адам мұны жақсы көрсеткіш деп қанағаттанып қалады. Бірақ, «бақсам бақа екен» дегендей
бұл кәсіпкерлік белсенділіктің артқаны емес, өзін өзі қамтитындарды есепке алудың
артқанының нәтижесі екен. Азаматтарымыздың жеке кәсіпкер (ИП) ретінде
тіркелгендігінің бәрін біздің статист мамандарымыз кәсіпкерліктің артқаны деп есеп
беретін көрінеді. Мәселен, бір адам өзінің мәшинесімен анда-санда, қолы боста кісі тасу
үшін ЖК болып тіркелсе, статистеріміз бір кәсіпкердің саны артты деп мәз болып, есепке
кіргізеді екен. Сөйтіп, қазіргі таңда елімізде 840 мың адам кәсіпкер бар деп саналатын
көрінеді. Егер елімізде шын мәнінде осынша кәсіпкер болса, экономикамыз қазіргіден
әжептәуір алға басып кетпес пе еді?
Қазір ШОБ-тың 35 пайызы алыпсатарлықпен айналысатындар екен. Ал дамыған
елдерде оның үлесі 25 пайыздан аспайды. Өңдеу кәсіпкерлігі саласында еңбек
ететіндердің үлесі бізде 3 пайыздан аспайтын көрінеді, ал көптеген елдерде бұлардың
үлесі 20-25 пайыздан кем емес. Депутаттың ойынша бұл біздің ЖК-ларымыздың елдің
экономикасының дамуына қосып жатқан өзіндік үлесінің төмен екенін көрсетеді. «ШОБ-
тың негізгі бөлігі өздері түк өндірмей, тек шетелдік өнімдердің бағасын өсіре сатумен
айналысып жатса – мұны экономикалық ахуалдың жақсарғаны деп айтуға болмайды»,
дейді А.Қоңыров.
Біздің еліміздің алдында ІЖӨ-дегі ШОБ-тың үлесін 50 пайызға дейін жеткізу
міндеті тұр. Депутаттың айтуына қарағанда бұл мақсатқа біз тек өндіріс пен
технологиялық қызмет көрсету салаларын жедел дамыту арқылы ғана қол жеткізе аламыз.
Маманның ойынша ШОБ-тың қазіргі құрылымы экономиканың тұрақтылығын арттыруға

2
қол жеткізбейді, керісінше сауда саласын ғана біржақты арттырып, оның басқа
салалардың дамуына кедергі жасауын тудырады.
Сайып келгенде, депутаттың ойынша мемлекеттің шағын және орта бизнесті
қолдауы тек арзандатылған несие берумен шектелмеуі керек. Қазір ШОБ-тың 668 жобасы
150 млрд. теңгеге қаржыландырылуда, бірақ соның 22 пайызы ғана инвестициялық
мақсаттарды көздеген. Қалғандары дамуды емес, тек айналыс құралдарын толықтыру мен
ағымдағы займдарды қайта қаржыландыруды мақсат еткен. Бұл ШОБ-ты дамыту емес, тек
жұмыс орындарын азайтпай сақтаудың амалдары ғана. Сондықтан ШОБ-ты жаңа деңгейге
көтеретін тиімді шаралар қолданбай оны дамыта алмаймыз дейді депутат.
Өзінің сауалында А.Қоңыров үкіметке осы бағытта жаңа шаралар әзірлеуді
ұсынады және көбінесе, көз бояушылық үшін жасалатын статистикалық деректерге
сүйеніп, алдағы жоспарлар мен болжамдарды жасамау керектігін ескерте келіп, ШОБ-тың
ІЖӨ-дегі үлесін 50 пайызға дейін арттыру бағытында қандай жоспарлар жасалғанын
айтып беруді сұрайды. Шынында бұл жалпы халықтың алаңдаушылығын тудыратын
мәселе.

kerey.kz

Related Articles

  • Үздік ойдың үзінділері

    Үздік ойдың үзінділері Арма әлеумет! Мен қазір таза академиялық ғылыми ортада жүрмін. Өзімнің неше жыл бойы жинаған білімімді, оқыған оқуымды, шетелдік тәжірибемді, интеллектуалды қарым-қабілетімді шынайы қолданатын қара шаңырақтың ішінде жүрмін. Алматының бәрінен бөлек мәдени ортасы ерекше ұнады. Алматы қала мен дала дейтін екі ұғымның түйіскен әдемі ортасы екен. Ойлап көрсем мен бақытты перезент, бағы жанған ұрпақ екенмін. Әкем тұрмыс пен жоқшылық, жалғыздықтың тауқыметін әбден тартып еш оқи алмадым, небәрі үш ай оқу оқыдым-, деп менің оқуымды бала күнімнен қадағалады, шапанымды сатсам да оқытам деп барын салды. Ал мектепте бақытты шәкірт болдым. Маған дәріс берген ұстаздарым кілең дарынды, қабілетті кісілер болды. Университетте және шетелде мен тіптен ерекше дарын иелеріне шәкірт болдым.

  • Самат Әбіш қалай “сүттен ақ, судан таза” болып шықты?

    Азаттық радиосы Саясаттанушы Досым Сәтпаев ҰҚК төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары, экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Самат Әбішке шыққан үкім “Қазақстандағы режим болашақты ойламайтынын көрсетті” дейді қазақстандық саясаттанушы Досым Сәтпаев. Сарапшының пайымдауынша, билеуші “элита” жеке істерімен және тасадағыкелісімдермен әуре болып жатқанда елде тағы бір жаңа әлеуметтік жарылысқа әкелуі мүмкін факторлар күшейіп келеді. СаясаттанушыРесей өзінің экономикалық мүдделері мен геосаяси жоспарларын кеңінен жүзеге асыру үшін Қазақстанның ішкі саясатына тікелей әсер етуге тырысып жатуы мүмкін деп те топшылайды. ПУТИН “ҚАУІПСІЗДІК КЕПІЛІ” МЕ? Азаттық: Сонымен ұзақ демалыс алдында осындай үлкен жаңалық жарияланды. Мейрам алдында, 19 наурызда қазақстандықтар мәжіліс депутатының постынан Самат Әбішке шыққан үкім жайлы білді. Мұның бәрінің байланысы бар ма әлде кездейсоқтық па? Досым Сәтпаев: Әңгімені бұл істің құпия

  • Христиан миссионерлерінің құмдағы іздері

    Орыны: Қашқар қ-сы; Жылы: 1933 ж; Аты-жөні: Қабыл Ахонд; Діні: христиан; Түсініктеме: Бұл жігіттің кейінгі есімі Қабыл Ахонд, христиан дінін қабылдаған алғашқы ұйғыр. Кейін діни сеніміне байланысты өлтірілген. Сурет еуропадағы миссионерлік музей архивінде сақтаулы. Аталған музейде жүздеген христиан ұйғыр өкілдерінің суреті сақталған. 1930 жылдары христиан ұйғырларына тұрғылықты мұсылмандар мен әкімшілік билік тарапынан қысым көрсетіле бастаған соң бір бөлімі миссионерлерге ілесіп еуропа елдеріне “һижраға” кетті. Алқисса Христиан әлемінің Қашқарияға баса мән беруі әсіресе Яқұп Бек мемлекеті кезеңінде жаңа мүмкіндіктерді қолға келтірді. 1860-70 жж. Қашқарияның Цин империясына байланысты көңіл күйін жақсы пайдаланған Христиан әлемі Үндістан мен Тибет арқылы Қашқарияға мәдени ықпалын жүргізе бастады. Олардың мақсаты бұл аймақты Ресей империясынан бұрын өз ықпалына

  • Демографиялық сараптама

    1-ші сурет қазақтар; Демографиялық ахуал 1949-2020 жж. аралығын салыстырмалы көрсеткен. 1949 жылға дейін, атап айтқанда коммунистік қытай үкіметі орнағанға дейін Шынжаң өлкесінің солтүстік бөлігінде қазақтар, оңтүстік бөлігі Қашқарияда ұйғырлар басым санды ұстады. 1951-54 жылдары ұлттық межелеу кезінде орталық үкімет құрған комиссия сараптамасы бойынша ұлттық автономиялық территорияны анықтау мына екі бағытта жүргізілді. Олар: БІРІНШІ, ұлттық автономияны межелеу бойынша оның атауын тұрақтандыру. Осы бойынша үш атау ұсынылды: *ШЫғыс Түркістан автономиялық федерациялық респубиликасы; *Ұйғырстан автономиялық респубиликасы; *Шынжаң автономиялы респубиликасы. ЕКІНШІ, автономияның әкімшілік тұрпатын анықтау; Осы бойынша: *Федерециялық тұрпат; *Автономиялық облыс және окург тұрпат; *Аймақ және аудан дәрежелі автономиялық окург тұрпаты. Межелеу комиссиясы аталған екі бағытта сараптама нәтижесін қорытындылады. Комиссия қорытындысы бойынша Шынжаң өлкесінің

  • …ойы бөлек болғанымен ол да осы елдің тумасы, біздің отандасымыз.

    Әлеуметтік желіде осы отандасымызды қызу талқылап жатыр екен. Көбі сын айтып жатыр. Видео жазбаның толық нұсқасы жоқ, пікір-талас тудырған бөлігі ғана тарап жатыр екен. Соған байланысты өз ойымды айта кетпекшімін: Бірінші, отандасымыздың видеосы, фотосы әлеуметтік желіде желдей есіп тарап жатыр. Ол азаматтың (азаматшаның) жеке құпиясы саналатын фотосы, видео жазбасы кімнің рұқсатымен тарап жатыр екен? Өз басым осы постты жазу үшін ол азаматтың (азаматшаның) видеодағы бейнесін қара бояумен өшіріп тастауды жөн көрдім. Және рұқсатынсыз фото бейнесін жеке парақшама салғаным үшін одан кешірім сұраймын. Діни ұстанымы, ойы бөлек болғанымен ол да осы елдің тумасы, біздің отандасымыз. Екінші, отандасымыздың діни ұстанымына байланысты айтқан сөздері қоғамда қатты пікір тудырған екен. Тіпті оны “ұлт дұшпаны”

1 пікір

  1. Ghaliy Baysimaq

    Bayaghidan beri aytilip kele jatqan mäsele ghoy. Äleumettik qamtama etiw ol memleketdin tikeley jauabkershiligi emey nemene. Basqa jol joq. Talay azamattar jäne qatardagy tulgalar da ünemi qaqsap keledi buqara haliqdin jaqdayi kün sanap tömendeu üstinde. Elde Astana’da tiridey janip ketken bes büldirshin balanin obali kimge? Älbette biylik basi azamattari osygan toliq kinäli dep sanaymin. Eger sol semyanin jaqdayin memleket qarastirsa qoldasa onda bul jaqday orin almaushi edi. Osi kedeylikden qansha turgyndar zardap shegiwde ökinishke oray qogamnan küder üzip öz ömirlerin qurdimga saliwda. Onin bir däleli öz özine qol jumsau turgyndar arasinda songy jildari belen algan.

POST YOUR COMMENTS TO Ghaliy Baysimaq (Cancel)

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: