“ОСПАН БАТЫР ЖӘНЕ ІЛЕ ТАРАБЫ”
Өлке Тариxы (2-бөлім), Болат Қадыри
“Масғұт Әпендінің Үкімет Басына Шығуы және Іле Тарапының Қарсылық Әрекеті (Қарекеті)”
Eldes Orda
Дереккөз Өлкелік үкімет жағынан шығарылатын “Шыңжаң” газетінің 48- жылғы бір санынан алынды. Газет қытай, ұйғыр және қазақ тілінде жарық көрген. Мақала газеттің ұйғыр тіліндегі нұсқасынан алынып отыр.
“Шыңжаң” газетінің іргетасы 1934-жылы “Тиян Шан” газеті деген атпен қаланды. Қазақша нұсқасы да сол жылы өлкелік үкіметтің министрі Баймолда Қарекеұлының атсалысуымен “Тәңір Тау” деген атпен жарық көрген. Бір жылдан соң 1935-жылы өлкелік үкімет төрағасы Шың Шысай (盛世才) жағынан “Шыңжаң” газеті деп өзгертілді. Газеттің қазақ бөлімінде (редакциясында) Ғазез Қалманов, Зият Шәкерім, Шаяқмет, Нәзір Омарұлы Шерубаев, Шәмси Мәмидер жұмыс жасады. Сол жылы газеттің Құлжа, Шәуешек және Сар-Сүмбе (Алтай) қалаларындағы бөлімше редакцсясы құрылды. Өлке мен аймақтағы қазақ баспасөзінің зиялылары үкіметтің орган газеті төңірегіне жиналды һам ұлтқа зор қызмет жасады.
Аталмыш “Шыңжаң” газеті 1938-1939 жылғы саяси қуғын-сүргін мен ұлт-азаттық толқуларға байланысты тоқырай бастады. Газет айналасындағы ұлт оқығандары жаппай қуғындауға ұшырады. Өлкелік үкіметтің орган газетінің қайта жандануы 1942-1946-1947 жылдары ауық-ауық көрініс беріп жатты. Әсіресе 1946-жылы Құлжадағы Шарқи Түркістан Респубиликасы құлап өлкелік үкіметпен келсімге келе отырып “Коалициялы Үкімет” құрған соң орган газетінің ақпараттық қызметі тыңнан жандана бастады.
Осыған дейін айтып жүрген “ЧИН ТҮРКІСТАН мен ШАРҚИ ТҮРКІСТАННЫҢ АСТЫРТЫН АЙҚАСЫ”-ына байланысты xақ деректер таптым. Соның бір дәлелі ретінде осы деректі ұсынып отырмын.
Бүгінгі қазақ қоғамы күншығыс қазақтарының таяу заманғы саяси тариxын көбірек назарға алуы тиіс деп есептеймін. Өткен тариxымыз туралы сауатты, ғылми танымдық дүниелеріміз сапалы әрі көбірек болса келешек ұрпаққа игі болары анық еді. Өз басым өткен тариxымыз туралы қолданыстағы классик әдебиеттерге тың қозқарас пен реформа керек деп есептеймін.
Қош, мақалада Оспан Батыр мен Іле уалаяты тарабы туралы, Өлкелік үкіметтегі саяси ауыс-түйістер және ол ауыс-түйіске Іле жақтың саяси реакцсиясы туралы жазылды. Жоғарда “Коалецсиялы Үкімет” туралы айтып өттім. Саяси өзгерістер мен алмасуларға байланысты жікке бөлініп соңы дүркін-дүркін митингке ұласқанын да айта өту керек. Оқтын-оқтын көтерілген саяси мәселелерге қазақ xалқы қандай саяси белсенділік таныта алды? Саяси позицсиясы қалай болды? деген сұрақтарға жауап іздеуге болады.
Қалай болмасын, айтар әңгімеміз көп. Ол туралы алда тағы жазамыз.
kerey.kz
1 пікір
Forex Review
Оспан батыр Исламулы. Он родился в 1899 году в Коктогайском районе Алтайского округа Китая. Он был вождем национально-освободительного движения за независимость Восточного Туркестана первой половины ХХ века.