|  |  |  |  | 

Жаңалықтар Көз қарас Саясат Сұхбаттар

АЭС салу Ресейдің қалауы ғана – Бозымбаев

photo_55178 © Тұрар Қазанғапов

Энергетика министрі Қанат Бозымбаев Қазақстандағы АЭС құрылысына қатысты пікір білдірді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы ол Президент Телерадиокешеніне берген сұхбатында айтты.

“Қазір қоғамда осы мәселе туралы қызу пікірталас жүріп жатқанын түсінеміз. Әрине, Семей ядролық полигонына байланысты қорқыныш туып жатыр. Зардап шеккен халық ол оқиғаны ұмытқан жоқ. Сондай шешім қабылданып жатса, барлығы заң бойынша қабылданады. Қандай жағдай болсын халық пікірі ескеріледі. Себебі қоғамдық тыңдалымдар өтеді. Жергілікті атқарушы органдармен кеңес өткізіледі. Владимир Владимирович Путиннің айтқаны – ресейлік тараптың қалауы ғана. Біз осы мәселе жайлы халыққа айтып отырамыз, барлығы үкімет басшылығының, сондай-ақ, Мемлекет басшысының бақылауында болады”, – деді министр сұхбатында. Еске салайық, осыған дейін Алматы облысында АЭС құрылысына арналған жердің анықталғаны жайлы хабарланған болатын. “Алаң Алматы облысы Үлкен ауылы болып таңдалды. Бізде АЭС құрылысы бойынша әлі шешім қабылданған жоқ. Біз әзірше алаңды анықтадық, біз ең қолайлы технологияны таңдаймыз”, – деген еді Сенаттың қулуарында энергетика министрінің орынбасары Мағзұм Мырзағалиев.

Kaz.tengrinews.kz

Related Articles

  • Герб ауыстыру мәселесі немесе «терістеу синдромы» қалай пайда болды?!

    Еліміздің гербін ауыстыру туралы Президенттің ұсынысы (о баста ұсыныс суретші-дизайнер мамандардан шыққан сияқты) тұтас қоғамда болмағанмен, әлеуметтік желілерде әжептәуір қарсылық тудырды. Бірақ, байыптап қарасақ, бұл қарсылықтың қазіргі гербтің қазақ үшін ерекше қастерлі немесе эстетикалық тұрғыдан мінсіз болуына еш қатысы жоқтығын аңғарасыз. Соңғы уақыттары, ауыр індетпен қатар келген қаңтар трагедиясынан бастап, халық айтарлықтай күйзеліске ұшырады. Қазақстанның еркінен тыс, соғысқа, басқа да себептерге байланысты болып жатқан экономикалық қиындық салдарынан халықтың әл-ауқаты төмендеді. Осының бәрі қазір қоғамда байқалып қалған «терістеу синдромына» түрткі болды. «Терістеу синдромы» – дұрысты да бұрысқа шығаратын, қандай бастамаға болсын қарсы реакция шақыратын құбылыс. Әлеуметтік психологияны зерттеушілердің пайымдауынша, осы құбылысты барынша күшейтіп тұрған фактор – әлеуметтік желілер. Яғни, алдағы уақытта

  • Алматыда аяусыз соққыға жығылған жігіттің видеосы: күдікті ұсталды

    видео кадры Қазнетте аяусыз соққыға жығылған жігіттің видеосы тарады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz . Видеода белгісіз адам жігітке бірнеше соққы жасайды. Диалогтан жәбірленушінің қандай да бір қаржылық қарызы бар екені белгілі болады. Кадр сыртындағы дауыс оның басынан ұрмауды сұрайды. Скриншот Алматы полициясы күдіктілерді ұстады. “Зорлық-зомбылықпен өзінше билік ету дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сонымен қатар, қылмысқа қатысқаны үшін видеоға түсірген екінші адам да ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жалғасып жатыр”, – деді Алматы ПД баспасөз қызметі.

  • Үздік ойдың үзінділері

    Үздік ойдың үзінділері Арма әлеумет! Мен қазір таза академиялық ғылыми ортада жүрмін. Өзімнің неше жыл бойы жинаған білімімді, оқыған оқуымды, шетелдік тәжірибемді, интеллектуалды қарым-қабілетімді шынайы қолданатын қара шаңырақтың ішінде жүрмін. Алматының бәрінен бөлек мәдени ортасы ерекше ұнады. Алматы қала мен дала дейтін екі ұғымның түйіскен әдемі ортасы екен. Ойлап көрсем мен бақытты перезент, бағы жанған ұрпақ екенмін. Әкем тұрмыс пен жоқшылық, жалғыздықтың тауқыметін әбден тартып еш оқи алмадым, небәрі үш ай оқу оқыдым-, деп менің оқуымды бала күнімнен қадағалады, шапанымды сатсам да оқытам деп барын салды. Ал мектепте бақытты шәкірт болдым. Маған дәріс берген ұстаздарым кілең дарынды, қабілетті кісілер болды. Университетте және шетелде мен тіптен ерекше дарын иелеріне шәкірт болдым.

  • Самат Әбіш қалай “сүттен ақ, судан таза” болып шықты?

    Азаттық радиосы Саясаттанушы Досым Сәтпаев ҰҚК төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары, экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Самат Әбішке шыққан үкім “Қазақстандағы режим болашақты ойламайтынын көрсетті” дейді қазақстандық саясаттанушы Досым Сәтпаев. Сарапшының пайымдауынша, билеуші “элита” жеке істерімен және тасадағыкелісімдермен әуре болып жатқанда елде тағы бір жаңа әлеуметтік жарылысқа әкелуі мүмкін факторлар күшейіп келеді. СаясаттанушыРесей өзінің экономикалық мүдделері мен геосаяси жоспарларын кеңінен жүзеге асыру үшін Қазақстанның ішкі саясатына тікелей әсер етуге тырысып жатуы мүмкін деп те топшылайды. ПУТИН “ҚАУІПСІЗДІК КЕПІЛІ” МЕ? Азаттық: Сонымен ұзақ демалыс алдында осындай үлкен жаңалық жарияланды. Мейрам алдында, 19 наурызда қазақстандықтар мәжіліс депутатының постынан Самат Әбішке шыққан үкім жайлы білді. Мұның бәрінің байланысы бар ма әлде кездейсоқтық па? Досым Сәтпаев: Әңгімені бұл істің құпия

  • Христиан миссионерлерінің құмдағы іздері

    Орыны: Қашқар қ-сы; Жылы: 1933 ж; Аты-жөні: Қабыл Ахонд; Діні: христиан; Түсініктеме: Бұл жігіттің кейінгі есімі Қабыл Ахонд, христиан дінін қабылдаған алғашқы ұйғыр. Кейін діни сеніміне байланысты өлтірілген. Сурет еуропадағы миссионерлік музей архивінде сақтаулы. Аталған музейде жүздеген христиан ұйғыр өкілдерінің суреті сақталған. 1930 жылдары христиан ұйғырларына тұрғылықты мұсылмандар мен әкімшілік билік тарапынан қысым көрсетіле бастаған соң бір бөлімі миссионерлерге ілесіп еуропа елдеріне “һижраға” кетті. Алқисса Христиан әлемінің Қашқарияға баса мән беруі әсіресе Яқұп Бек мемлекеті кезеңінде жаңа мүмкіндіктерді қолға келтірді. 1860-70 жж. Қашқарияның Цин империясына байланысты көңіл күйін жақсы пайдаланған Христиан әлемі Үндістан мен Тибет арқылы Қашқарияға мәдени ықпалын жүргізе бастады. Олардың мақсаты бұл аймақты Ресей империясынан бұрын өз ықпалына

1 пікір

  1. Ģaliy Baysimaq

    Eshkim AES salmau kerek dep jatqan joq. Basti mäsele oniñ qorshaģan ortaģa adamzatqa qäuipsizdi jayinda bolip otir. Bäri ekspertter aytip jatir AES oyinshiq emes. Bul energetikaliq turģuda paydasimen qatar ziyani da bar önerkäsip türi. Basqariwda mült ketseñ keshirmeydi. Ukrainadaģi ötken ģasirdaģi apat bäriñizdiñ esiñde boliw kerek. Soni esten shiģarmau kerek. Endi AES saliw Rüssiyege tirelip qalģan joq qoy. Älemde tekhnologyasi öte küshti damiģan elder bar. Olar Japoniya Fransiya AQS Älemaniya siyaqti elder. Nege Rüssiye? Bul memleket teknologyasi eski bayaģi sovettik jüyemen äli künge sheyin kele jatir. Bulardiñ özi sol AES qurulģilarin Batistiñ örkeniyetti elderinen aliwda. Demek tübinde teknologyaliq artta qaliw üstinde. Budan shiģatin qoritindi: egerakiy Rüssiye salatin bolsa tübinde onda eski jabdiqtarin ornatatin boladi. Al bul qäuiptilik därejesin arttira tüsetin boladi. Odan göri Fransa memleketine saldirsaq tübi jaqsi bolar edi degen pikiridemin. Qansha degenmen Europa qäzirgi zamanģi teknologyasi öte jaqsi damiģan aymaq qoy. Äri Fransada onnan asa AES salinģan. Demek täjiriybesi öte joģari deuge negiz bar. Ol elde apatti jaqday orin alģan joq.

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: