|  |  | 

Зуқа батыр 150 жыл Тұлғалар

Ақсақ қасқырдың айласы

Сакен Ибраимұлы суреті.

Атақты Зуқа батырды білесіңдер ғой. Батыр атамыз бүкіл Алтайды уысында ұстап тұрды. Сол жылдары батырдың жылқышылары қос-қос жылқысын қыста жоңғар ойпатына, құмға отарлатып қайтады екен. Онда жабайы жылқы – тарпаңдар көп болады. Тарпаңдар жылқыдан кішілеу, құланнан ірі болады. Оның айғыры үйірін қасқырға алдырмайды. Тіптен, кез келген құйынды, қарлы боранда ыққан жылқыны алып шыға алады.

Соны білетін жылқышылар жылқы үйірлерін тарпаңдарға жақындатып, қосып, алыстан қарауылдап бағады екен. Осылайша тарпаңдармен қан араласыпты. Тіптен бір тарпаң айғыры жылқыға үйірлесіпті.

Сонымен көктемде отардан қайтқанда әлгі тарпаңның айғырын да қоса қайырып, Алтайға оралыпты. Бірде жылқышылар тарпаң айғырды қолға үйрету үшін ұстамақ болады. Алайда тарпаң өте қандес, жансебіл екен. Жылқышылар үлкен сайдағы орман арасына қамап, қолдарына құрықтары мен шалмаларын ұстап, қаумалай бастайды.

Сол маңға жер шалып жүрген Зуқа батыр да келіп қалыпты. Асауды ұстауға батыр да қасындағы серіктерімен қоса жан салып кіре кетеді. Белі жуан мықты аттарымен сайланып келген жылқышылардан қашып құтылмасын білген тарпаң айғыр Зуқа батырға қарай тап беріпті. Батырдың астындағы сыралғы айғыр да тарпаңға қарсы шапқан. Екі айғыр бір-біріне қарсы келіп, шайнаса кеткенде Зуқаның қолы тарпаңның кекіліне ілінген екен. Қарулы батыр тарпаңды бастан басып, тұқыртып әкеткенде әккі жылқышылар қаптап келіп, байлап алыпты.

Сол тарпаңның айғыры қолға да үйренген. Ең кереметі – үйірін қасқырға да алдырмай, бораннан да ыңғайлы жерге ықтатып, алып шығады екен.

Бір жолы, үйірлі көкжалдың айтағына түсіпті. Әсілінде, қасқыр үйірі тарпаңды аңдып, байқап жүреді екен. Бірде ақсақ ақ қасқыр қиралаңдай қашып құлынға тап берген ғой. Тарпаң қуып беріпті. Ақ қасқыр ақсаңдай қашып, айғырды құздың басына шырғалап әкеткен. Дәл сол кезде аңдыған қасқырлар жан-жақтан жабылғанда тарпаң құздан бір-ақ секіріпті.

Міне, болған оқиға. “Құлынның таңын да тарттырмаған” тарпаң айғырдан айласын осылай асырған бөріні қалай ақылсыз деуге болады. Марқұм Зуқа батырдың тағдыры да сол тарпаңның тағдырындай болды. Елдің қамы үшін өзін жауға байлап берді, – деп ескіні еске түсірген ақсақал көзіне ыстық жас алды.

Сакен Ибраимұлы  facebook парақшасынан алынды

Related Articles

  • Миллиардер Билл Гейтс бар байлығын Африка елдеріне аудармақ

    Миллиардер Билл Гейтс бар байлығын Африка елдеріне аудармақ

    Microsoft компаниясының негізін қалаушы және әлемдегі ең бай адамдардың бірі саналатын Билл Гейтс өзінің байлығын қайда жұмсайтынын ресми мәлімдеді. Кәсіпкер Африка елдеріндегі денсаулық сақтау, білім беру және кедейлікпен күрес салаларына шамамен 200 миллиард доллар инвестиция салуды жоспарлап отыр. «Жуырда мен өз байлығымды 20 жылдың ішінде толықтай тарату жөнінде шешім қабылдадым. Қаражаттың басым бөлігі осы жерде, Африкада, түрлі мәселелерді шешуге көмектесуге бағытталады», – деді Билл Гейтс өзінің қорымен бірлескен баспасөз мәслихатында. Басты басымдықтар: – инфекциялық аурулармен күрес (соның ішінде безгек, туберкулез, ВИЧ); – ана мен бала денсаулығын жақсарту; – ауылдық аудандардағы білім беру сапасын арттыру; – таза ауызсу мен санитария инфрақұрылымын дамыту; Билл Гейтс: «Бұл – қайырымдылық емес, бұл – инвестиция.

  • ШОҚАН УӘЛИХАНҰЛЫ ДЕГЕН ЕКЕН..

    ШОҚАН УӘЛИХАНҰЛЫ ДЕГЕН ЕКЕН..

    Ел аузында қазақ оқымыстылары айтты деген сөздер аз емес. Белгілі ғалым, этнограф А. Сейдімбек құрастырған тарихи тұлға, асқан оқымысты Шоқан бабамыздың тапқыр сөздерін назарларыңызға ұсынамыз. * * * Омбыға оқуға жүрер алдында бала Шоқан әкесінің ел іші мәселесін шешудегі кейбір өктем, ожар қылықтарына көңілі толмай, «оқуға бармаймын» деп қиғылық салса керек. Тіптен көнбей бара жатқан баласын қатал Шыңғыс жәрдемші жігіттеріне байлатып алмаққа ыңғайланып: «Шықпаса көтеріп әкеліңдер, арбаға таңып аламыз!» − дейді. Сонда дәрмені таусылған Шоқан әкесіне: «Байлатпа! Абылай тұқымынан байланғандар мен айдалғандар жетерлік болған!» − деп тіл қатады. Бала да болса ақиқат сөзді айтып тұрған баласынан тосылған әке дереу Шоқанды босаттырып жібереді. * * * Петербургте Сыртқы Істер министрлігінің бір

  • Ер Жәнібек батырдың есімі ұлықталды 

    Ер Жәнібек батырдың есімі ұлықталды 

      Айдос Мырзахметов Өскемен қаласының Жекпе-жек сарайында аты аңызға айналған Ер Жәнібекті еске алуға арналған жасөспірімдер мен кадеттер арасында семсерлесуден ХІХ ашық республикалық турнир өтті. Ер Жәнібек ұрпақтары ұйымдастырып отырған турнирге Шығыс Қазақстан, Абай, Оңтүстік Қазақстан облыстары мен Астана, Алматы қалаларынан келген 200 жасөспірім спортшы қатысады. – Кадеттер мен жасөспірімдер арасындағы ашық республикалық турнирді осымен 19-шы мәрте өткізіп отырмыз. Біз жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу, спортқа, оның ішінде семсерлесуге баулу мақсатында өткізіп келеміз, – деді турнирді ұйымдастырушы, Ер Жәнібек ұрпақтарының өкілі Әлібек Ерубаев. Турнирдің салтанатты ашылуында ШҚО әкімінің орынбасары Ербол Нұрғалиев спортсүйер қауымды мемлекеттік мерекемен құттықтап, Ұлы Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында және Отан қорғаушылар күнінде өтіп отырған жарыстың мәні мен мағынасы зор

  • “Алаш“ сыйлығы – өте қауіпті сыйлық.

    “Алаш“ сыйлығы – өте қауіпті сыйлық.

    “Алаш“ сыйлығы – өте қауіпті сыйлық. Алаш” сыйлығын алған соң Алаш үшін отқа да, суға да түсуге тура келеді. “Алаш” сыйлығын таланты мен күрескерлігі қатар тұрған ақын, жазушы алады. “Алаш” сыйлығының лауреаты Алаш көсемдері – Әлихан, Ахметтер сықылды Алашты алаңдатқан кез келген мәселеге ой-пікірін ашық айтады және ақ айтады. Жусан түбіне бұқпайды. Керек болса абақтыға да қамалады. “Алаш“ сыйлығының лауреаты “мен лирик едім”, “махаббатты ғана жырлайтын едім”, “тұмса табиғатты ғана сүйетін едім”, “тендерім бар еді, қызметте едім, қоғамда, саясатта шаруам жоқ” деп, биллиард ойнап, мерейтойдан мерейтойға шапқылап жүре алмайды. Өйтетін болса, өте зор қателікпен берілген “Алаш” сыйлығын Тұманбай атындағы, Мырзатай атындағы сыйлықтарға, тағы да басқа өзіне сай аға буын атындағы

  • Алаштың беймәлім бейнесі табылды

    Алаштың беймәлім бейнесі табылды

    Қуанышты, сүйінішті жаңалық! Алаштың беймәлім бейнесі табылды Арма, қадірлі оқырман! «Искры» журналдың 1907 жылғы бір санында қазақ қайраткерлерінің бізге беймәлім бейнесі сақталған. Айта кетейік, «Искры» суретті журналы 1901-1917 жылдары «Русское слово» газетінің қосымшасы ретінде шығып тұрған. “Думадағы мұсылман фракциясы” деп аталатын суретті хабарда патшалық Ресей құрамындағы мұсылман депутаттарының бейнесі көрсетілген. Ішінде думаға мүше болған қазақ депутаттары да бар. Атап айтсақ төрт тарихи тұлғаның бейнесі сақталыпты: Бірінші сурет: М. Тынышбайұлы, Жетісу облысы; Екінші сурет: Б. Қаратайұлы, Орал облысы; Үшінші сурет: А. Бірімжанұлы, Торғай облысы; Төртінші сурет: Ш. Қосшығұлұлы, Ақмола облысынан. Ұлыстың ұлы мерекесі құтты болсын! Елдес ОРДА 19.03.2025

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: