|  |  | 

Зуқа батыр 150 жыл Тұлғалар

Ақсақ қасқырдың айласы

Сакен Ибраимұлы суреті.

Атақты Зуқа батырды білесіңдер ғой. Батыр атамыз бүкіл Алтайды уысында ұстап тұрды. Сол жылдары батырдың жылқышылары қос-қос жылқысын қыста жоңғар ойпатына, құмға отарлатып қайтады екен. Онда жабайы жылқы – тарпаңдар көп болады. Тарпаңдар жылқыдан кішілеу, құланнан ірі болады. Оның айғыры үйірін қасқырға алдырмайды. Тіптен, кез келген құйынды, қарлы боранда ыққан жылқыны алып шыға алады.

Соны білетін жылқышылар жылқы үйірлерін тарпаңдарға жақындатып, қосып, алыстан қарауылдап бағады екен. Осылайша тарпаңдармен қан араласыпты. Тіптен бір тарпаң айғыры жылқыға үйірлесіпті.

Сонымен көктемде отардан қайтқанда әлгі тарпаңның айғырын да қоса қайырып, Алтайға оралыпты. Бірде жылқышылар тарпаң айғырды қолға үйрету үшін ұстамақ болады. Алайда тарпаң өте қандес, жансебіл екен. Жылқышылар үлкен сайдағы орман арасына қамап, қолдарына құрықтары мен шалмаларын ұстап, қаумалай бастайды.

Сол маңға жер шалып жүрген Зуқа батыр да келіп қалыпты. Асауды ұстауға батыр да қасындағы серіктерімен қоса жан салып кіре кетеді. Белі жуан мықты аттарымен сайланып келген жылқышылардан қашып құтылмасын білген тарпаң айғыр Зуқа батырға қарай тап беріпті. Батырдың астындағы сыралғы айғыр да тарпаңға қарсы шапқан. Екі айғыр бір-біріне қарсы келіп, шайнаса кеткенде Зуқаның қолы тарпаңның кекіліне ілінген екен. Қарулы батыр тарпаңды бастан басып, тұқыртып әкеткенде әккі жылқышылар қаптап келіп, байлап алыпты.

Сол тарпаңның айғыры қолға да үйренген. Ең кереметі – үйірін қасқырға да алдырмай, бораннан да ыңғайлы жерге ықтатып, алып шығады екен.

Бір жолы, үйірлі көкжалдың айтағына түсіпті. Әсілінде, қасқыр үйірі тарпаңды аңдып, байқап жүреді екен. Бірде ақсақ ақ қасқыр қиралаңдай қашып құлынға тап берген ғой. Тарпаң қуып беріпті. Ақ қасқыр ақсаңдай қашып, айғырды құздың басына шырғалап әкеткен. Дәл сол кезде аңдыған қасқырлар жан-жақтан жабылғанда тарпаң құздан бір-ақ секіріпті.

Міне, болған оқиға. “Құлынның таңын да тарттырмаған” тарпаң айғырдан айласын осылай асырған бөріні қалай ақылсыз деуге болады. Марқұм Зуқа батырдың тағдыры да сол тарпаңның тағдырындай болды. Елдің қамы үшін өзін жауға байлап берді, – деп ескіні еске түсірген ақсақал көзіне ыстық жас алды.

Сакен Ибраимұлы  facebook парақшасынан алынды

Related Articles

  • Зайсанда Қаптағай батырға арналып ескерткіш ашылып, ас берілді.

    Тамыз айының 15-16 күндері Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданында Қаптағай батырға ескерткіш орнатылды. Қаптағай батыр Түгелбайұлына (1700-1760) арналған асқа “Tuǵurul han” Halyqaralyq Qoǵamdyq Birlestık атынан : Айдын Бексұлтанов – Басқарма төрағасы (құрылтайшы); Ділдахан Дәлел – құрылтайшы; Әубәкір Айбын – құрылтайшы; Серік Көкөнай – құрылтайшы. қатарлы азматтар барып қатысып қайтты. Батырдың 320 жылдығына арналған шараға Франция, Түркия, Германия, Моңғолия елдерінен және еліміздің әр облысынан 400-ге жуық қонақ келіп екі күн бойы Зайсан жұртшылығымен бірге болды. Шарада ат бәйге, айтыс, қазақша күрес сайыстары болды. kerey.kz

  • Шыңғыс хан және оның заманы Мұхтар Мағауин екінші кітап ұйысқан үлыс

    бірінші бөлім бүліңғір і т а р а у тауарихтың бәсі алқисса, қят бартан-бахадұрдың ұлы есугеи онан өзенін бойлап, құс салып жүр екен. кенет, атан түйе жегілген, найқала жылжып, жақындап қалған қарағұт күймені көзі шалады. атты қосшысы бар. бұл – жәуінгер меркіт тайпасының жетекші әулетінен шыққан еке-чіледу болатын. қалың қоңыраттың олқұнұт руынан қыз алып келе жатқан. жаңа түскен келіншегінің есімі – өгелін еді. иенде кездескен екеу дала рәсімімен сәлемдесті ме, жөн сұрасты ма – белгісіз. анығы – есугеидің көзі қалбағай асты, күн тимес көлеңкеде отырған өгелінге түседі. жас қыз, шындығында беті жаңа ашылған келіншек ғәжәйіп сұлу екен. өркеуде жігіттің жүрегі шым етіп, өне бойын өзгеше сезім құрсағаны күмәнсіз. бірден-ақ, «мұндай

  • СМАҒҰЛ СӘДУАҚАСҰЛЫ – БЕЛГІЛІ МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ КӨРНЕКТІ ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ

    Смағұл Сәдуақасұлы сүйегінің Астанаға жеткізілуі. 2011 жылы Астанаға көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, белгілі ағартушы, Қазақ автономиясы ағарту саласының министрі, қазақтың ұлтжанды азаматы, өткен ғасырдың отызыншы жылдарында Мәскеуде жұмбақ жағдайда қайтыс болған Смағұл Сәдуақасұлының сүйегі Қазақстанға жеткізілді. Астана әуежайы Алаш қайраткерлерінің бүгінгі ұрпақтарымен толығып, елге келген Смағұл Сәдуақасұлының сүйегін бүтіндей Қазақ жұрты болып қарсы алған болатын. Бәрімізге мәлім болғандай оның денесі өртеліп, сүйегі кішігірім сауытқа салынып, Мәскеудегі Дон зиратының аумағына қойылған екен. Шағын ғана патриоттар тобының күшімен оның сүйегі елге жеткізіледі. Ол соңғы жылдарда Отанына «қайта оралған» алаш қайраткерлерінің алғашқысы болды. Оның әкесі төрт жылдан кейін даңқты ұлдың әкесі болғаны үшін ғана қуғын-сүргінге ұшыраған. Тірі қалған туған-туыстары «халық жауының туысы»

  • ТОҒҰРЫЛ ХАННЫҢ «ТОНЫМЕН ТУҒАН ҰЛЫ» ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ АРАСЫНДАҒЫ ТҮЙТКІЛДЕР

    Жанымхан Ошан   Тарихи әдебиеттерде, мұнда Рашид ад-диннің әйгілі еңбегінде, «Моңғолдың құпия шежіресінде», «Юан ши» (юань патшалығы тарихы) кітабында керейдің Тоғұрыл Оң ханы мен Темүжіннің қарым-қатынасына тоқталған кезде, аттөбеліндей азғана моңғолдың Есугей есімді баһадүрінің жетімі – Темүжіннің өз ағайындары Тайшығұттардан жәбір көріп, «көлеңкені жаршы қып, қылқұйрықты қамшы қып» тағдырдың тәлкегіне ұшырап, Тоғұрыл ханы «әкеміздің андасы болғандықтан, әкеміз сияқты ғой» деп, әке орнына әке тұтып, қайын жұрты – қоңыраттар берген қара бұлғын ішігін алып, оған сәлем бере баруынан бастайды. «Әкең өлсе өлсін, әкеңді көре қалған өлмесін» демекші, Темүжіннің сапары сәтті болып шығады. Пана тұта барған әкесінің көне «Андасы» Тоғұрыл хан ағынан жарылып: Мынау бұлғын ішіктің, Қолқасына жарамын. Бытыраған еліңнің, Басын қоса

  • АТАНТАЙ АБЫЗ ЖӘНЕ ОНЫҢ БАТЫР НЕМЕРЕСІ ҚАЙДАУЫЛ ХАҚЫНДА

    Қазақ даласына жоңғарлардың шабуыл жасаған мезгілі қазақ батырларының да көптеп дүниеге келген дәуірі болды. Бұл туралы Ш.Уалихановтың: «Абылай дәуірі – қазақтың ерлігі мен серілігінің ғасыры» деген сөзі тектен-текке айтыла салмаған. (Ш.Уәлиханов, 5 томдық шығармалар жинағы, //А.А. 1984, 1 т.,432 б.). Сол дәуірде туған әйгілі батырлардың бірі Ер Жәнібек Бердәулетұлы (1714-1792) еді. Жәнібектің жас батыр атана бастаған кезінде де оны уақ пен керейдің әйгілі батырларының тәрбиесіне алғаны жайында әр түрлі аңыз бар. Арғы жағы Ер Көкше, Ер Қосай, Сартоқай, Жанат, Сәменбет сынды қарт батырлар Жәнібекке ата жолындағы ұстаз болған деседі. Мұндағы Сәменбет батыр есімі де жоңғарға қарсы соғыс дәуіріндегі әйгілі батырлардың бірі ретінде аталады. Ол 1626 жылы туылып, 1723 жылдары Сыр

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: