Тарих Қазақ хандығына 550 жыл Қазақ шежіресі
СІБІРДЕГІ КЕРЕЙЛЕР МЕМЛЕКЕТІ
Т. ӘЛІБЕК, тарих ғылымдарынын кандидаты, доцент
Соңғы жылдары жарық көрген ғылыми еңбектер мен гылыми-көпшілік шығармаларда Қазақ хандыгының тарихы бір жақты көрсетіліп жүр. Әсіресе, газет-жорнал беттерінде жарияланган мақалаларда қазақ хандарымен соғысқандар халқымыздың бітіспес жауы ретінде баяндалады. Солардың бірі – Сібір хандығы. Ғасырлар бойы Қазақ Хандыгының теріскей жағында жатқан қазақ тайпалары Сібір хандыгының құрамында ғұмыр кешкені белгілі. Бүгінде Ноғай ордасы мен Сібір хандыгын Ресей ғалымдары меншіктеп алып жүр.
«Сібір жылнамасында» келтірген аңызда мынандай мәлімет бар. Шыңғыс хан Есілді билеген Он ханның ұлын (Ван хан – авт.) Ертишак әскерін жеңеді. «Сын убитого хана, а по другим сведениям, внук Тайбуга был спасен от смерти преданностью прежнего слуги своего Мурат-бия, воспитателя своего. Впоследствии, узнав о существовании Тайбуги, Чингис послал его воевать с чудью (угорскими племенами – авт.). Тайбуга совершил на этой войне ряд славных подвигов… В благодарность за военные заслуги Тайбуги Чингис вернул ему… свободу, и Тайбуга с несколькими земляками… построил себе город, который назвал Яшыл-Тура» [1].
Г. Миллер Тайбұға туралы үш бірдей аңызды келтіреді. Соның біріншісінде былай дейді: «Правивший на Ишиме ногайский хан Он-хан был свергнут своим подданным Чинги (т.е. Чингис¬ханом – авт. ), а его сын Тайбуга долго скитался, пока Чинги не призвал его к себе, выделил ему войска и направил против живших по Оби племен. После успешных военных действий Тайбуга получил от Чинги право «завести собственный двор», т. е. основать личный улус, центром которого стал город на Туре, названный в честь сюзерена Чингидином» [2].
Ремезовтің жылнамасында аңыз басқаша түрде өрбиді. «Есіл бойын басында Он Сом хан басқарса, содан соң таққа Түмен ханы атанган, Шыңғыстан ойсырай жеңілген баласы Ертішақ отырады». Г. Миллер еңбегінде келтірілген үшінші бір аңызда Тайбұға Мамықтың ұлы және Қазақ Ордасының ханзадасы ретінде айтылады. Ол Шыңғыс ханның қол астына откеннен соң Ертіс, Есіл, Тобыл мен Тұра өзендері алқабын одан билік құруға өтініш білдірген» [3].
М. Г. Сафаргапиевтың болжауынша, Сібір жылнамаларында қателіктер кеткен. Онда Тоқтамысты Он хан деп, ал Шыңғысты Едіге ретінде көрсетеді. Едіге «қарапайым адамдар» қатарына жатпаса да оның шыңғыс тұқымына қатысы жоқ еді [4].
Кейбір ғалымдар жоғарыда көрсетілген аңыздарға сүйеніп, моңғол шапқыншылығына дейін Батыс Сібірде тәуелсіз мемлекет болған, оның билеуші әу-летінің соңғы өкілі Он хан дел есептейді [5]. Сонымен қатар жазба деректерде моңғолдардың Батыс Сібірге ірі әскери жорық жасағаны туралы еш ақпарат жоқ. Мұның өзі бұл жерде моңғолдарға қарсылық көрсететін үлкен бір мемлекеттік бірлестіктің бол-мағанын байқатады.
Деректерде моңғолдардың қыпшақтармен соғысқаны туралы мәліметтер жиі кездеседі. 1221 жылы Жошы Сыр бойындағы қалаларды жаулап алған соң Торғай, Ырғыз аңғарына бет алады. Қыпшактармен соғыс 1223 жылға дейін жалғасады. 30 мыңдық сарбазбен Сүбедей, Көкетай бастаған моңғолдар қыпшақтармен 1229 жылы тағы кездеседі. Осыдан кейін Торғай-Тобыл бойы Шыңғыс империясының құрамына енеді. Ал моңғолдар бар күшін Еділ бойын жаулауға салған сияқты.
«Шыңғыснаманың» жарияланбаған үзіндісін арқау еткен Ахмет Зәки Валиди Тайбұғаны моңғол руы салджиуттан шықты дейді. Ал Шыңғыстың руы борджигин мен салджиут бір әкеден туады деп дәлелдейді [6]. Бұл пікірді Д. Исхаков та қолдайды. Ол Тайбұғаның өмір сүрген кезеңін XV ғасырдың алғашкы жартысы деп көрсете отырып, оны Шах Мұрадтың ұлы деп санайды. Бұл пікірге авторлар жаңадан табылған жазба деректер негізінде келгендігін айтады [7]. Өзінің соңғы зерттеулерінде Д. Исхаков бұл пікірінен бас тартып, оны бүркіт руынан шықты дейді [8].
Сібір аңыздарындағы Он ханның прототипі Ван хан екендігі дәлелдеуді қажет етпейді. Аңыздардың сюжеттік бағыты тарихи дәйектерге сай келеді. Атап айтсақ Шыңғыс ханның вассалдық тәуелді, өзінің сюзерені Он ханға қарсы келуі, оның кіші үлының қашуы, бұрынғы хан баласының жаңа билеушіге тізе бүгуі барлық аңыздарда айтылады. Бір ескеретіні Ван хан есімінің моңғолдық нұсқасы «Онг хан» сібірлік тарихи аңыздардағы Он ханға қатты ұқсас. Сол себепті сібір ауызша тарихи дәстүрі бойынша Ібір-Сібір ұлысының іргесін қалаған Тайбұғаның Ван ханның ұрпағы болуы әбден мүмкін.
Моңғол империясының әкімшілік құрылымы ұлыстық жүйеден тұрған. Сол себепті орталығы Түмен қаласы болған, негізгі тұрғындары керей тайпасы болған Батыс Сібір де сондай ұлыстардың бірі. Империяның басқа аймақтары секілді түрғындар салық төлеуге міндетті болды. Аталмыш ұлыс Ібір-Сібір немесе Түмен атанған.
Сібір ханы Сеидақ Ибрагим тарихта Ибақ хан ретінде белгілі. Ол Ван хан ұрпағы – Тайбұға әулетінің өкілі. Сібірдегі керей, найман, қыпшақ, қоңырат, тұралы, бараба руларына арқа сүйеген тайбұғалыктар ханты мен манси тайпаларын қол астына бағындырады.
Ибақ бас кезінде Алтын Орданың бұрынғы даңқын қайта жаңғыртам деп барынша намысқа тырысып, маңғыттармен одақ жасасып, бір уақ «ноғай патшасы» атанады. Ибақ ханның империялық амбициясы 1481 жылы Еділ бойындағы Ахмет ханды жеңіп, соның ордасын жаулап алуымен тынады.
Сібірдегі билігін нығайтпақ ойымен Ибақ тайбұға әулетінің сыйлы тұлғасы Ұмар бидің қызына үйленеді. Дегенмен, билігі әлсіз болып қала береді. 1495 жы¬лы тайбұғалықтар көтеріліске шығып, ақыры Ибақты өлтіреді [9]. Оның ұлы Мамық Шымға (Чимги) Түра маңайындағы елді мекендерге ғана билік жүргізе алды. Ал Сібірдің басқа аймақтары оған бағынудан бас тартты. Тайбүғалықтардың көсемі Мухам¬мед билеуші атанып, орданы Тобыл аңғарындағы Қашлық қаласына көшіреді. Онан кейін билік неме¬ре ағасы Ағыс, содан соң ұлы Қазының қолына көшеді. XVI ғасырдың 50-жылдары Сібір хандығының билігін Қазының ұлдары Жәдігер мен Бекболат өз қолдарына алады.
Шайбандар Сібірде ұзақ тұрақтай алмайды. Мамық Қазанды жаулап алмақ ойда болады, бірақ өкінішке қарай ол ойы іске аспайды. Ағасы Құлық сұлтан Шымға Тұраны XVI ғасырдың бас кезінде тайбұғалықтарға толық беруге мәжбүр болды.
Шыңғыс тұқымының бір легі оңтүстікке бет алса, екінші легі Маңғыт пен Сібір иеліктерімен шекаралас Тобыл аңғарына бет түзейді. XVI ғасырдың ортасында қарымын қайтармақшы болған Ибақ ханның жиені Мұртазаның иелігі дәл осы жерде еді.
1563 жылы Көшім Қашылықты басып алып, Тайбұға бектері Жәдігер мен Бекболатты өлтіріп, өзін Сібір ханымын деп жариялайды. Ғылымда шайбанидтерге негізгі көмек көрсеткен Бұқар хандығы мен маңғыт деген пікір қалыптасқан. Алайда дәл сол кезеңде маңғыттардың тайбұғалықтарға жорық жасау жоспары болмаған. Өйткені Исмаил би мен тайбұғалықтардың көсемі Жәдігер бек Мәскеу мемлекетімен одақтас болған.
Бұқар хандығы шайбанидтерге әрқашан қолдау білдірген. Алайда, оның географиялық алшақ орналасуы оларға дер кезінде көмек беру мүмкіншілігінен айырды. Әрі Бұқар мен Сібір арасындә жатқан Қазақ хандығы сол уақытта өрлеу шыңында еді. Кешім Хақназардың көмегінсіз Сібірді жаулап ала алмас еді. Көптеген зерттеушілердің пікірінше, Кешім – қазақ сұлтаны. А. Левшин Көшім ханның жанындағы жақтастарының қазақ ішінен шыққанын тайға таңба басқандай қылып жазады [10].
Қазақ хандарының сібірлік шайбанидтермен туысқандық қатынаста болғаны белгілі. Тарихи әңгімелерде 1580 жылы Шығай ханның бір қызына Ахмет Керей үйленсе, оның екінші қызы Лелипак ханымды Көшім хан алады [11].
Сібір аңыздары бойынша, Көшімді ғана емес, оның үлкен ұлы Ахмет Керейді де Сібір ханы деп атаған. Басқа бір деректерде Ахмет Керей Көшімнің ісін жалғастырушы, ол 1573 жылы қайтыс болғаннан кейін таққа ағасы отырады. Басқа бір деректерде Кешім хан 1572 жылы билік тізгінін өз еркімен ұлы Ахмет Керейге береді, бірақ ол 4 жылдай ғана билеп, қайын атасы Шығайдың қолынан қаза табады. Сейтіп билікке Кешім қайта оралады [12].
Ахмет Керей шынымен де хан болуы мүмкін. Алайда Сібірдің тағында емес, деректерде шай¬банидтерге тәуелді аумақтың бірінде билік етуі айтылады. Сібір хандығы Тобыл мен Жайықтың жоғарғы ағысы арасын қамтыған. Ахмет Керей және Кешім Бұхар және қазақ сұлтандарымен тығыз байланыста болған.
Ахмет Керей есіміне байланысты ескерте кететін бір жай, есімнің екінші бөлігі «керей» трибонимімен сай келуі бекерден бекер емес. Ресейлік шығыстанушы В.В. Бартольд Қырым сұлтаны Қажы Керейдің екінші есімі жоғарыда келтірілген әулеттің ханзадаларының аталықтарының руы керей болғандығын растайды [13]. Олай болса Ахмет Керейдің аталығы Қазақстанның солтүстігінде көп тұратын керей руынан шықты деген қорытынды жасауға болады.
1571 жылы Сібір мен Мәскеу арасында қарым-қатынас ушыға бастайды. Мәскеуді қырымдықтар өртке орағаннан кейін орыс мемлекетін әлсіз деп санаған Кешім Оралдағы антиресейлік кеңіл күйге қолдау көрсетіп, күшін черемис, остяк пен башқұрт кетерілістеріне бағыттайды. «Приходил с Тобола Сибирского салтана брат Маметкуль (племянник Кошима Мухамет Кул), собрався с ратью, дорог проведывати, куде итти ратью в Пермь, да многих наших данных остяков побили, а жены их и дети в полон повели»,- деп сібірліктердің іс-әрекеті туралы орыс деректемелері мәлімет беруде [14].
Қарым-қатынастың ушығуына Ресейдің шығыс елдері жөніндегі ұстанған саясаты себепші болды. 1572 жылы ауқатты ендірісші Строгановтар мың казакты жалдап ұстауға жоғарыдан келісім алды [15]. Өзінің әскери жойқын күшіне сенген Строгановтар Орталық Оралдағы жергілікті тұрғындарды қырып салып, Мәскеуге тәуелді емес жерлерге патшадан грамота сұрайды: «на Тоболе реке крепости им поделати, и снаряд вогняной, и пушкарей, и пищальников и сторожей от сибирских и ногайских людей держати… по обе стороны Тоболы реки по рекам и озерам и до вершин дворы ставити, и лес сечи, и пашни пахати и угодья впадети» [16].
1582 жылы Көшім ұлы Әли Арслан бастаған сібір жасағы Чусовой өзені бойындағы орыс елдімекеніне шабуыл жасайды. Олардың Сібірге жүргізген белсенді саясаты 1580 жылы Хақназар хан қайтыс болып, Қазақ хандығының әлсіреуіне байланысты еді. Хандыкта талас-тартыс орын алып, құт-береке қашады, сол себепті Орал мен далалық Тобыл маңы маңғыттар қолына көшеді. Хақ Назардың мұрагері Сығай Бұқар ханының қол астына көшуге мәжбүр болады.
Алайда Әли Арслан бастаған жасақ Чусовойдағы Строгановтар бастаған казактар жасағын жеңе алмады. Сібірде әскердің жоқтығын пайдаланып, Строгановтар мен казактар атаман Ермактың бастауымен 1582 жылдың күзінде Искерге шабуыл жасайды. Көшімнің уақытша жеңілісін пайдаланып ханты мен мансылардың әскері орыстарға қосылды. Ермакқа тойтарыс бере алмаған Кешім Искерді тастап, Қазақстанның солтүстік даласына кетуге мәжбүр болды.
Көшім үшін жағдай теріс сипат алды. 1582 жылы Сығай мен оның ұлы Тәуекел Бұхармен одақтасып, Ташкент билеушісі Баба сұлтанның быт-шытын шығарады. 1583 жылы Тәуекел Бұқармен арадағы қатынасын жойып, Сырдария бойындағы қалаларды қайтару мақсатындағы амал-әрекетке көшеді. Қазақ та, бұхарлықтар да сын сағатта Көшімге көмек бере алмады. Тіпті Көшіммен одақтас маңғыттар да тікелей көмек керсете алмады. Себебі Исмаил билеген уақыттан бастап-ақ маңғыттар Мәскеудің ықпалынан шыға алмады. Көмектеспек түгіл маңғыттар Кешімнің жеңілісін шебер пайдаланып, Ермактан қашқан Сібір түркілерінің басын біріктіріп Тобыл өзені алқабында жаңа «Тайбұға» ұлысының негізін қалады [17].
Искерде тұрақтаған Ермак жергілікті тұрғындардан ант қабылдап, олардан салык жинай бастаған. Ал казактар «забирали у вогулов (мансы авт.) все, что находили, оставляя несчастный народ в их убогих юртах совершенно обоб¬ранными и без всякого продовольствия», – дейді деректер [18].
Әйтсе де 1584 жылдың тамызында Ермак қаза болады. Десе де, Көшім жеңістің жемісін көре алмады. 1585 жылы Искер қаласын Қадырғали Жалайыр би мен тайбұғалық Сейд Ахмет бастаған қазақ жасағы басып алады. Бұл іс-шараны маңғыттар не қазақ ханы Тәуекел ұйымдастырды ма ол жағын айту қиын. Бірақ төменде келтірілетін екі жайт бізге 1585 жылғы Искер қаласының жаулап алынуы Қазақ хандығы билеушісінің іске асқан ойының дәлелі бола алады. Біріншіден, маңғыт Ораз Мұхаммед Тайбұға ұлысының иесі болып жарияланған соң, тайбұғаның шын ұрпағы Сейд Ахмет басқа жерден одақтас іздеуге мәжбүр болды. Екіншіден, Қадырғали бидің қасында жүрген Тәуекел ханның жиені он бір жасар Ораз Мұхаммед сұлтан Сібір ханы атануға үміткер болды.
Сонымен қатар Мәскеу Сібірді жаулап алу ойынан еш бас тартқан жоқ. 1585 жылы Сібірге Мансуровтың жасағы аттанса, 1586 жылдың басында оған жәрдемге В. Сукин мен И. Мясновтың жасағы жіберілді. 1586 жылдың жазында орыстар Түмен бекінісін салады, ал бір жыл өте келе Данила Чулков Искерден қашық емес жерде Тобыл бекінісінің негізін қалайды [19].
1588 жылы Қадырғали, Ораз Мұхаммед пен Сейд Ахмед Тобыл бекінісіне тұзаққа түсіру мақсатында қонаққа шақырылып, сол жерде тұтқындалады [20]. Тәуекел хан сол мезетте Бұхар хандығымен күресіп жатқан соң сібірлік шаруаға белсенді араласа алмайды. Сөйтіп қысқа мерзімде (1585-1588 жж.) қазақ хандығының қол астында болған Сібір қайтадан Мәскеу мен Көшім хан арасындағы ұрыс даласына айналады.
1590 жылдың жазында Көшім хан кейбір маңғыт мырзаларымен одақтасып, Сібірдегі орыс билігіне қарсы ашық әскери қимыл жасай бастайды. Сәтсіз болған әскери іс-қимылдардан соң Көшім хан Сібірден кетіп, амалсыздан маңғыттар иелігінде тұрақтайды. 1595 жылы ол Шейх Мамай немересі, Әулие мырзаның «Авлия мирзин жерін» жаулап алып, сонда ордасын тігеді [21]. Көшімнің әлі де болса Мәскеуге қарсы бағытталған әскери қимылын тоқтатпаған соң, оның ордасы тек Обаған аңғарында, Маңғыт жұрты мен Сібір шекарасының бойында орналасуы мүмкін. 1595-96 жылдары бұхарлық хан Абдулла Көшімге маңғыттармен жан-жалдаспай, оларға тиесілі жерлерін қайтарып беру туралы хат жазады. 1598 жылы Көшім шынымен де Обь пен Ертіс арасында көшіп-қонып жүреді. Осы жерде Көшімнің ордасы орыс жасағының шабуылына тап болып, амалсыздан маңғыттарға қашып, солардың қолынан қаза табады.
Сібірдің орманды аумағы түпкілікті Мәскеулік мемлекеттің қолына көшті, ал оның орманды дала және дала өңірлері қазақ, қалмақ пен маңғыт билеушілерінің шайқас алаңына айналды. XVI ғасырдың соңы мен XVII ғасырдың басында қазақтан басқа сол аумақта қалмақтар, башқұрттар, тобылдықтар мен барабиндықтар қоныс тепсе, Сібірдің Ресейге қосылуынан кейін ондағы көшпенді тайпалар дала өңіріне көшіп кетті. 1601 жылы Сібірдің жаңа ханы Тобыл мен Обаған арасында Орда тіккен Әли Арслан атанды.
XVII ғасырдың басында Солтүстік Батыс Қазақстанның аумағы қазақ, қалмақ пен Ресей арасындағы қантөгіс аренасына айналды. Маңғыт жұрты осы кезде саяси дағдарысқа ұшырайды. Шейх Мамайдың ұрпақтары, батыс маңғыттармен шайқаста қазақ ханымен одақ жасасады. 1601 жылы маңғыт мырзалары Шаим мен Жан Арстан қазақтармен одақтасып, Миасс пен Исет өзендерінің жағасында қыстамақшы болады [22]. Олар уақыт өте келе Ресейге қарсы шығу үшін Әли Арсланмен одақтасуды көз-дейді.
Әли Арслан 1601 жылы Тобыл мен Обаған аралығында, керей тайпалары мекен еткен өлкеге өз ордасын тікті [23]. Г. Миллердің жорамалы бойынша Әли Шұбаркөлді [24] мекен еткен. Біздің ойымызша, әңгіме Алакөл туралы болуы мүмкін, себебі екі атау да орысшаға аударылғанда «пестрое озеро» дейтін бір мағына береді. 1605 жылы Шортанды көлінің жағасына орнықты. 1606 жылы Әли башқұрт пен маңғыттың мыңдық жасағын басқарды және қайтадан Мәскеуге бағынған өлкелерге шабуыл жасауды жоспарлады.
Қазақстанның солтүстігінде қалмактардың пайда болуы Әли Арысыланның әрекетін айтарлықтай қиындата түсті. Қалмақ немесе ойрат тайпалары XVI ғасырдың аяғында Ертіс өзенінің жоғарғы жағында көшіп жүрді, ал, олардың бір бөлігі қазақ ханы Тәуекелге бағынған. XVII ғасырдың басында қалмақтар бодандықтан шыққысы келіп әрекеттенді, бірақ 1604 жылы жеңіліске ұшырады. Сол кезде олардың батысты бетке алып көшуі басталды. 1607-1614 жылдары қалмақтар одақтас ретінде Көшім ханның ұрпақтарының әскери-саяси шараларына белсене қатыса бастады.
1607 жылы көктемде Әзім, Есім, Күнсүйер сұлтандар қалмақтармен бірге Түмен уезі Қыңыр (Кыныр) қаласының маңайындағы елдерге шабуыл жасады, ол кезде Әзімнің қонысы Обағанда еді [25]. Сол кезде олардың ағасы Қанай маңғыттың Пен мырзасымен одақтасып, Тобыл болыстығына шабуыл жасады, ал Әли Арысланның өзі Сібір мен Башқұртқа жорық жасауды жоспарлады [26].
Жазда ол Тараға жорық жасауға аттанады, осыны пайдаланған Н. Изъетдиновтың жасағы оның ордасына басып кіріп, Әли мен Әзімнің отбасын тұтқындайды [34]. Хан оларды құтқармақ болғанымен, жеңіліске ұшырап, бір жылдан кейін тұтқынға түседі [27]. Оған жауап ретінде маңғыттың Орыс мырзасы «ең мықты деген … 2000 әскерімен түменге аттанады» [28].
Бірақ бұл шара сәтсіздікке ұшырады. Сібір ханының лауазымы Көшімнің басқа ұлы Есімге ауысты. Шамамен сол кезде Тобыл маңының даласы қалмақтардың қолына көшеді. Кем дегенде 1616 жылы Есім хан Салбар және Көшір тайшылармен бірге «Ертіс жағалауында… қазіргі Семей қаласының төңірегінде» болған [29].
Осылайша біз XVII ғасырдың 10-20 жылдары қалмақтар Тобыл бойында айтарлықтай орнығып қалғанын көреміз. Әйтсе де бұл жергілікті халықтың ол жерді тастап кеткенін білдірмейді. Қалмақтар жергілікті халықты жойып жібермей, олардың билеуші топтарын өздеріне бағындырып алды. «Қалмақ хандарының тарихы» атты, авторы жасырын еңбекте 1618 жылғы өзінің батыс жорығында торғыт тайшасы Хо Үрлік «өзі басып алған бөтен елдермен… түркі тайпалары бірге көшіп-қонды» [30]. Қазақстанның солтүстігі мен Орал маңындағы қазақ пен башқұрттар қалмақтар үшін «бөтен елдер» болғаны мәлім.
Ұзаққа созылған қазақ пен қалмақ арасындағы қантөгіс алма кезек жеңіспен аяқталып отырды. Тобыл маңы қалмақтардың тылына айналды. 1616 жылы қалмақтар қазақ ханы Есімді талқандады және өздерінің билігін Ұлы жүзге орнатты. Ал 1627-1628 жылдары күш жиып алған Есім хан қалмақтардың быт-шытын шығарды.
Соның әсерінен қалмақтар жаппай орыс шекарасына қарай ығыса бастады да, соңынан Мәскеудің қол астындағы Сібір татарлары мен башқұрт жасақтарына шабуыл жасайды. Оған қоса бұл жеңіліс олардың ішкі жағдайларының шиеленісуіне әкелді [31].
1629-1635 жылдар аралығында Сібірдегі орыс иелігіне шабуыл жасаған қалмақ өскерінің басшысы болған Есімнің ұлы Абылай Керей 1628 жылдан кейін Сібір ханы деген лауазым алады. Оған қоса оның жиені Дәулет Керейдің көші Солтүстік Қазақстандағы «Есіл өзенінің арғы бетіндегі Кішітауды» мекендейді [32].
1636 жылы Дәулет Сібір хандығының номиналды басшысы және Солтүстік Қазақстандағы қалмақтардың сюзерені болды. Оның биліктегі жағдайы екіұшты болды, өйткені қалмақ тайшыларының ішіндегі ең құдіреттісі Хаара – Хулы Батур 1635 жылы ұлы қонтайшы лауазымын қабылдап, шығыс қалмақтарын біріктіруге белсене кірісті. Шын мәнісінде жаңа мемлекет Жоңғар немесе Ойрат хандығы пайда болады. Тіпті Шыңғыс ұрпағы деген атақ Батырға керек болмай қалды. Өйткені ойраттар қазақтың қанды соғысынан босай алмады.
Дәулет Қазақстанның солтүстігіндегі Батурға бағына қоймаған «кіші» тайшының көмегін пайдаланды. Оның үстіне қазақ-жоңғар соғысы кезінде 1643 жылы ықпалды қалмақ тайшысы Күнделен Жоңғар және Еділ қалмақтарына қарсы қазақ сұлтаны Жәңгірмен одақтасты [33]. Күнделен мен Талай тайшының балалары Тобыл мен Тоғызақта көшіп жүрген Көшімнің ұрпақтарын қолдап жүрді. Дәулеттің Батурдан Мәскеуге қарсы әскери көмек сұрауы сәтсіз болды.
XVII ғасырдың 40-жылдарының ортасында Орал мен Тобылдың жоғары жағын иеленген Ерден тайшы қонтайшы лауазымына ие болды. Ол орыс шекарасына бірнеше рет шабуыл жасаған Дәулет Керей мен оның жиендері Күшік пен Бұқаны қолдауын жалғастыра берді.Олардың соңғы жорығы қалмақ тайшысының Көшім әулетінің әскеріне қарсы күші жылдан жылға әлсіреп бара жатқан уақытта XVII ғасырдың 50-жылдарында болды. Бұқа мен Күшіктің Бараба татарларының басым бөлігін тұтқынға алған 1659 жылғы жорығынан кейін оларға қонтайшының елшісі келіп, Барабаны өз ұлысы деп санағандықтан тұтқындарын босатуын талап етті. 1661 жылдан кейін Көшім әулеті туралы мағлұматтар шежіре беттерінен көрінген жоқ және Сібір хандығы Азияның саяси картасынан жоғалып кетті. Күшік болса 1663-1667 жылғы башқұрт көтерілісіне «сібір» емес «башқұрт» ханы ретінде белсене қатысқысы келді. 1667 жылдан кейін Күшік қарақалпақты бөліп әкетті де, кейін қарақалпақ ханы ретінде таныла бастады [34].
Сібірдегі шайбан ұрпақтары туралы естеліктер тек қана ашамайлы керейдің сыбан руы арасында ғана қалды. Керейдің бір бөлігінің өздерінің көшіп-қонып жүрген Ертістен Тобылға дейінгі жерінде қалуы мүмкін, ал оның басым бөлігі оңтүстікке қарай Орскіден Орталық Қазақстанға дейін көшіп жүрген.
2. Миллер Г. Ф. История Сибири. Т. 1. М. – Л. : Изд-во АН СССР, 1937, 189-190 бб. Сонда, 190-б.
3. Сафаргалиев М. Г. Распад Золотой Орды // На стыке континентов и цивилизаций… Из Трепавлов В. В. Общественный строй в Монгольской империи XIII в, – М, 1993.
4. Файзрахманов Г. Л. История сибирских татар (с древн. времён до начала XX в.). Казан, 2002.
5. Вәлиди Туган Ә.-3. Башкорттардын тарихы. Тирек һәм татар тарихы. – Өфе, 1994. 25-б.
6. Усманов М. А. , Шайхиев Р. А. Образцы татарских народно-краеведческих сочинений по истории Западной и Южной Сибири // Сибрская археография и источниковедение, – Новосибирск, 1979. 91-бет.
7. Миллер Г.Ф., 194-б.
8. Левшин А. И. Описание киргиз-кайс. или киргиз-казачьих орд и степей. – А.: Санат, 1996. – 156 б.
9. Катанов Н. Ф. Предания тобольских татар о прибытии в 1572 году мухаммеданских проповедников в г. Сонда,-58-59-6.
10. Бартольд В. В. Гирей // Сочинения. – М. : Наука, 1968.-Т.4.-522 б.
11. Красинский Г. Покорение Сибири и Иван Грозный // Вопросы истории, № 3.1947.
12. Скрынников Р. Г. Сибирская экспедиция Ермака. – Новосибирск, 1982. – 115-6.
13. Миллер Г. Ф. История Сибири. Т. 1. – М., Л.: Изд-во АН СССР, 1937. – С. 339-340. Сонда. 230-231-беттер.
14. Трепавлов В. В. История Ногайской Орды. – М., 2002. – С. 325.
15. Миллер Г.Ф. История Сибири. Т. 1. -М., Л.: Изд-во АН СССР, 1937.-С. 220.
16. Козыбаев М.К. История и современность. – Алма-Ата, 1991.-158 б.
17. Миллер Г.Ф. 276 б.
18. Трепавлов В. В. История Ногайской Орды. – М., 2002. – 53 б.
19. Миллер Г.Ф.-169-6.24.25.26.27.28. Сонда. 165,190,204,197,199-200- 66.
20. Миллер Г.Ф. , 208 б. История калмыцких ханов // Лунный свет: Калмыцкие историко-литературные памятники. – Элиста, 2003, 56 бет.
21. Викторин В. М. Этноконфессиональные связи тюркских народов с калмыками в Нижнем Поволжье и Предкавказье//ПігкоІо8. narod. ru/info/tiirk-13. Htm. 411-б. Сонда,- 413б. Сонда, – 278-279 б.
22. Абусеитова М.Х. Взаимоотношения Казахстана со странами и народами Центральной Азии // История Казахстана и Центральной Азии. – Алматы: Дайк-Пресс, 2001. 348 б.
Пікір қалдыру