|  |  |  |  | 

Көз қарас Мәдениет Руханият Әлеумет

Қазақ тілі тек кедейлерге керек…  

afd5b52e179b70d2232d1632953dc5ab_XL
    Еліміздегі жалпы  отбасының саны 2,3 млн-нан астам деседі.Жарияланған деректерге сүйенсек олардың  сексенге таяуы  әлемдік бахуатты байлармен теңесе  алатын шамалы  екен.Жалпы ұлттық буржуйлардың  негізі қаланған тәрізді.Екінші жағынан кедейлер де оларға сай, қалыспай өсіпті.Білікті уәлидің  сөзіне қарағанда әлеуметтік жағынан аз қам-тылған отбасы- 600 мыңға таяу көрінеді.Оларды тақыр кедейге санайтындар да бар екен.
Қазақ қоғамының өткен тарихына  көз жүгіртсеңіз,өлкемізде,жалпы аумақта, тыныштық орнап,адамдар алаңсыз өмір сүріп, тірлік кешкен, «қой үстіне боз торғай жұмыртқалаған да», аштықтан қырылып-жойылып,тентіреп безіп,ауып-көшіп,зар еңіреген заман  да болыпты. Бірақ,қай-қайсысы да ұзаққа созылмапты.Елбасына жақсылықты орнатып,басын біріктіріп,мемлекет  құрып,халықтың әл-ауқатын қалпына келтіруде, хандардың,билердің,сұлтандардың,батырлардың,ойшыл-ғұлама ақылмандардың , күрес-керлердің,қайраткерлердің салихалы саясаты шешуші рөл атқарыпты.Ал,қырылып жойылу,тентіреп безу,басқаның қол астына еніп,бодандыққа айналу жауларымыздың жымысқы саясаты,ұлы державалық шовинистік пиғылы арқылы жүзеге асқан.Оның
өзі қазақ халқының қажырлы күресі,ұлтжандылық рухының отбұрқақтай атылған тегеуіріне тап болып,ұзаққа бара алмаған,қанша қиын болса да,әжептәуір уақытқа созылса да,әйтеуір арнасына түсіп,тәуелсіздік еріксіз ел қолына тиген.Қазақ халқы тәуелсіздік үшін бір сәт те бос отырып,уақыт өткізбеген.Қалыпты тірлік жасау үшін еш уақыт та күрессіз қарап жатпаған. Осыған сай қазақ қоғамында,бай да,кедей де ғұмыр кешкен-ді.Қазақ байларын:аталы бай,арқалы бай,сасық бай,сараң-қарау бай,жаңа бай  -деп,ажыратқан.  Ал,кедейлерді:кеуделі кедей,кемшін кедей,тақыр  кедей-деп бөлген.Бүгінгі таңда,қазақтың жоғарыда аталғакн байларының бірі де жоқ,тек жаңа байлар ғана бар.Кәзіргі жаңа байлар:
жылпос байлар,жымқырғыш байлар,жантық  байлар-деп аталып жүр. Ата-бабасынан қалған дәулетті капитал  болдырып, оны нарыққа салып,өсірген,табысын дорбалап отаны-мызға тасып ырыс жинаған бірі де жоқ.Қазақтың байлығын меншіктеп алып, оны өндіріп,өңдеп      сатып,осы негізде пайда тапқандар.Кейбірі халық дәулетін өте жасырын жолмен жымқырғандар.Қалғаны аға-көкесі,тамыр-танысы арқылы,кредитке қолы жетіп,  шамалы болса да ісмерлікке,іскерлікке төселгендер..Қазақтың атымтай жомарттары жоталы байлар мен кеуделі кедейлерде көп болған.Бүгінгі жомарттар атымтайлығынан гөрі ауыз басарлығы артықтау болып барады.Егер жалпақ жұрт олардың «дәулетіне» барлығы бірігіп таласа қалса, айырлып қалатынын біледі,әрине.Ырыстық ахуалы осындай денгейдегі қоғамда,бүгінгі жағдайда, отбасына кедейшіліктің орнауына  мүмкіндік туған.Кедейшілік орнауының басты себебі-қазақ отбасының көбінің дәулеті сарқылып,ырысы суалған. Қарапайым отбасы-не жер байлығына,не мал байлығына,өзен-көл,өндіріс-цех,завод-фабр-икаға, қалада да,ауылда да ие емес. Жанын жеп,екі қолға бір күрек таба алмай кейбірі иелік етпек тұр ғой « меншік  иелерінен» жұмыс сұрап,жалынып,қолы жеткені ғана жалданып жүр. Кедейлік отбасынан асып,кедей ауылдар пайда болған.Бір кезде ондай  ауыл-дарды,келешегі жоқ ауыл атап,жан-жақты көмек беруді жоспарлап,бағдармалар құрған,  соңында ұмыт қалған.Бірерін көшіріп те жіберген(Осыған дейін 97 ауылды жойған.).Бүгінгі күндері осындай  ауыл саны 400-ден асады.Олар,кәзіргі шақта толық жойылуға жоспар-ланып отыр.Осы ауылдардың балалары мен жастарының оқып білім алуы,дамып жетілуі айтпаса да түсінікті.Ауылды айтпағанның өзін де қалала да кедей отбасы  саны күннен күнге қосылып келеді.Ерлі- байлы екеуі де,тырманып еңбек істеп,жұмыс жасаса да,тапқан табысы отбасын асырап-бағып,киіндіріріп- ішіндіруге жетпейтін болған. Айталық; А.Жүнісов бұлай дейді: «Мен коммуналдық шаруашылықта сантехник слесарь болып істеймін,Әйелім,больницада санитарка.Үйленгелі он жеті жыл болды. Үш балам бар. Үшеуі  де мектепте оқиды.Басымда баспана жоқ,пәтер жалдап тұрамын.Баспана кезегіне тұрғалы 14 жыл болды.Әзірге, баспана сатып алатын жағдай жоқ.Әлеуметтік  немесе  атаулы көмекке ешқашан іліккен емеспін. Жалақымен үпі-тәпі,оны созып жүріп  әреңдеп күн көремін.Қымбатшылық пен тарифтердің ұлғаюына сай,кейде баспананың жалдау  ақысын төлей алмай қаламын.Баланың үлкені ұл.Ол үйленем десе не істей екенмін –деп  ұайымдаймын.Балалар, ЖОО –ны тұрғой коллеждің өзін  төлеммен оқитын жағдай туса  қайтемін?» Бұл жалғыз  ғана адамның  уайым-қайғысы емес. Бүгінгі қарапайым қазақ отбасына ортақ тауқымет.Баспананың жоқтығы,мектепті балалары төлеп оқуы,жалақының мардымсыз болуы,дәулетінің сарқылуы,ырыстың халық қолынан  кетіп,ат төбеліндей азғана адамдарға тиесілі болуы,кедейліктің кең етек алуына мүмкіндік туғызған.Осының бәрін көзімен көріп,біліп отырған ауылдық,аудандық басшылардың,дәрменсіздігі,  сылбырлығы кедейлікті өте ұлғайтып жіберген.Жалпы кедейліктің кең  етек алып,олардың обалын мойнына алатын басты тұлғалардың,билікткгілердің,басшылардың ар алдында,заң алдында,халық алдында есеп беретін күні де тым алыс емес шығар!Бұл жолғы келей-шілік,сыртқы ықпалдың әсерінен емес,нақты өзіміздің,саясатымыздың салғыртығынан болды.
Қолында жиырмадай ұсағы ,екі сиыры бар,ауыл тұрғыны не бір тоқтысын,не танасын еркін сатып,бала-шағасын кез-келген уақытта киіндіре алу мүмкіндігі кәзір жоқ болған.Малын талай өткелектен өткізіп,оның жарты құнын жұмсап жүріп әзер  сата алатын болған.Жұмыстағылардың жалақысы, әсіресе, мектеп,балабақшалардың техникалық  персеналдары республикадағы ең төменгі жалақы алып келген. Мәселен бір министрдің жалақысы –мектептің сыпырушылары мен тазалаушыларының 100-іне жетеді,бір депудаттың айлық жалақысын 10 мұғалім бөліп алады.Жалпы Республикада еңбек қақы , жалған ақыға айналып, шенді-шекпенділер бюджеттің  аумақты бөлігін иеленетін жалақы алатын дәрежеге жеткен.Жалпы биджеттен жалақы алып,оған жармаспайтын шенеуник, басшы,лауазымды тұлға жоқ.Саяси партиядан бастап,әлеуметтік –азаматтық ұйымдардың барлығы соған тәуелді,жалақыларын содан алады.Мұндай жағдайда әділдік,теңдік туралы айтудың өзі даурықпа насихатқа айналып,қарапайым халықтың мұң мұқтажы жоқтаусыз қалып,олардың  хал ахуалы күннен күнге төмендеген.Мұның бәрі бүгіндері билікке де,жалпы жұртқа да,ашық-айқын болған,айтылып,жазылып,толық расталған дәйектер. Менің айтарым:осы кедейшіліктің бір кесірі туралы.Отбасының қоғам алдында атқаратын көп міндеттерінің бастысы –ұрпақ тәрбиелеу.Кедейшілік орнаған отбасылар осы міндетін орындауға дәрменсіз қалып,жалпы жастардың тәрбиесі жұрт уысынан шығып кеткен. Басқаның бәрін қайтейін,менің керең қалғыр құлағым, өмірімде бұрын-соңды естімеген жамандықты естіп,қолыма қалам ұстатты.Әке-шешенің тіршілікте тапқан табысы балалардың оқып білім алуына,дамып жетілуіне жетіп тұру деген кімге болса да,қашан да үлкен мәртебе,нақ ғанибет қой!
Үйден шығып,қарттар үйіне келе  жатып,жолдан адасып қалып,отырған балалардан:-Осы маңдағы қарттар үйіне қалай барамын.Жол сілтеп, жіберіңдер,-дедім. Отырған оншақты баладан біреуі де ештеме деп тіл қатпады.Қабат үйлардің оң жақ бұрышының шетінен шыға келген,сұңғақ бойлы жас өспірім, қасыма жетіп келіп,сәлем беріп:-Мына отырғандар біздің қаланың, бахуатты,ағайлардың балалары. Олар,әрқашан,өз ара шет ел тілінде сөйлеседі. Қытайша,ағылшынша,орысша, арабша,   жапонша бәрі зу, ағып тұр.Қазақша дұрыстап сөйлей білмейді.Сіздің айтқаныңызды олар түсінген жоқ. Жүріңіз,ата,өзім жетелеп,айтқан жеріңізге жеткіземін…-деп,мені солға бұрып жетелей жөнелді.Топ балалардың ортасынан тұра келген, тығыршықтай сары ұл:
-Ей,ауылбай! Аташкаға  бізді не деп жамандап барасың?Көзі ашық,жанқалтасында ақшасы бар бақытты ұрпақтар,ел-жер аралап, мәдениетке жеткен адам,біздің заманда,қазақша сөйлемейді. Қазақ тілі кедей қазақтардың,ауылдың тілі екенін  білгенің дұрыс,шибұтым!! Сендердің шет тілін оқып үйренуге,қаражаттарың,  дәулеттерің, шамаларың жетпейді. Бәрі ду күлді.
 « …Тағы бір байқағаным осы қазақ тілі байларға қажет емес сияқты. Қазақ тілі тек қана кедейлерге керек сияқты болып көрінеді.» (Г.Бельгер) Айтқаның айнымай келді-ау!
Менің құлағым шуылдап,көзім қарауытып,басым айналып,белгісіз бір өксік көкірегіме тығылып, жүрегім аттай тулап,аузым көбіктеніп ,тіссіз қызыл иегімді қисақтатып шайнап, орындыққа келіп отыра кеттім…Қорғаушы періштем,құлыным менің,бірер сағаттан соң үйіме жеткізіп салды. Қарттар үйіне жете алмадым.
Қобдабай   Қабдыразақұлы                      06.07.2019

Kerey.kz

Related Articles

  • Қазақ этногенезінің дағдарысы һам жаңа концепция

    Қазақ этногенезінің дағдарысы һам жаңа концепция

    Арма ағайын! Шағын сараптама Бірінші, қазақ этногенезінің дағдарысы келе жатыр. Дағдарысқа қарсы қазақ этногенезінің жаңа концепциясының жасалмауы алаңдатады. Біз қазір 18 ғасырлардағы қазақ хан-сұлтандары қабылдаған этногенездік концепциясымен әлі өмір сүріп келе жатырмыз. Одан кейінгі үш ғасырда колонизациялық кіріптарлық этногенездік жаңа концепцияны қабылдауға һәм трансформациялауға мұрсат бермеді. Қолданыстағы қазақ шежіресін ашып қараңыз, рулар шежіресінің концепциясы 18 ғасырларда қабылданған мизамға сәйкес келеді. Тіпті шежіредегі аталық рулар сол ғасырдағы қандайда бір тарихи тұлғадан (батырдан) бастау алады немесе шежіредегі аты аталатын рулар 18- ғасырға барып тоқтайды, ары қарай үзік-үзік. Бұл 18- ғасырдағы жаугершілік заманның талабына сай сұрыпталған қазақ этногенезінің көрінісі еді. Яғни қазақ шежіресінің концепциясы қазақ этногенезінің моделін қалыптады. Екінші, саяси және мәдени шешімдердің

  • КӨКБАЙ АТА ШЫҒАРМАЛАРЫ – ҚАЗАҚТЫҢ ӨРКЕНИЕТТІК ӨРЕСІНІҢ АЙҒАҒЫ

    КӨКБАЙ АТА ШЫҒАРМАЛАРЫ – ҚАЗАҚТЫҢ ӨРКЕНИЕТТІК ӨРЕСІНІҢ АЙҒАҒЫ

    Адамның бәрі бірдей емес. Ақыл-ойы еркін, мәнді, құнды дүниелер туғыза алатын, жасампаздық қуаты зор адамдар болады. Сол сияқты өркениеттік әлеуеті (потенциалы) зор халықтар болады. Ондай қасиет өзіндік құндылықтар жүйетін жасай алатын, ешкімге ұқсамайтын, терең тамырлы руханияты бар халықтарда болады. Қазақтың бүкіл тарихы мен мәдениеті біздің сондай халықтар санатына жататынымыздың айғағы. Сондай айғақ Абайдың ақындық мектебінің көрнекті өкілі Көкбай Жанатайұлы шығармашылығында молынан табылады… Кеше Семей қаласындағы Абайдың қорық- музейінде Көкбай Жанатайұлының 165 жылдығына арналған “Абайдан сабақ алдым бала жастан” атты әдеби кеш өтті. Зал белгілі абайтанушы, профессор Жандос Әубәкірдің тағылымы мол, әсерлі баяндамасын ерекше ынтамен тыңдады. Спикерді тыңдап отырып: “Біз Көкбайды тіпті білмейміз деуге болғандай екен ғой… Кейде тіпті жеңіл, үстірт

  • ҒАЛЫМ БОҚАШ. «Өзіне ар тұтқан, жаттан зар тұтады!»

    ҒАЛЫМ БОҚАШ. «Өзіне ар тұтқан, жаттан зар тұтады!»

    Екі мыңыншы жылдардың басында қазақ руханиятында ерекше басылымдар болды. Атап айтсақ, Атырау шәрінде шыққан «Алтын Орда» газеті болса, одан кейінгісі Алматы қаласында шығып тұрған «Жас қазақ», сондай-ақ «Шетел Әдебиеті» сынды газеттер еді. «Алтын Орда» газетіне Мейірхан Ақдәулетұлы, ал қалған екеуіне Талғат Ешен мен Ардақ Нұрғазы іспетті қазақтың интеллектуал азаматтары бас редактор болған еді. Бәрі  де есімдері елге мәлім, ғажайып ақындар. Бәз біреулердің: «Журналист болмаса, ақын ешқашан жарытып газет шығара алмайды», – деген сыпсың сөздерінің ауызына құм құйып, әлгі әпербақан түсініктің аяғын көктен келтірген де осы талантты қаламгерлер болды.  «Әдебиет порталы» «УАҚЫТ ПЕН КЕҢІСТІК…» айдарымен  тек аталған осы басылымдар ғана емес, жаңа ғасырдың басында қазақ баспасөзінде жарық көрген небір жілікті жазбалар мен танымдық

  • Наурыз мерекесі құрметіне Панфилов көшесіндегі Сахнада «Ән қанатындағы Наурыз» атты дәстүрлі өнерде жүрген жас орындаушылардың ән кеші өтті.

    Наурыз мерекесі құрметіне Панфилов көшесіндегі Сахнада «Ән қанатындағы Наурыз» атты дәстүрлі өнерде жүрген жас орындаушылардың ән кеші өтті.

    Бүгін Алматы қаласы әкімдігі Мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен Панфилов көшесі бойындағы сахнада Наурыз мерекесіне арналған «Ән қанатындағы Наурыз» атты жас орындаушылардың дәстүрлі ән кеші жоғары деңгейде өтті. Алматы қаласы ХХ ғасырдың 30-жылдарынан бастап ұлт мәдениетінің ұйытқысы, ордасы қызметін атқарып келеді. Дәстүрлі өнердің ірі өкілдері, зерттеушілері осы қалада тұрып, еңбек етті. Қазір де профессионалдық типтегі дәстүрлі музыканың ең ірі ошағы – Алматы. Мұнда этномузыканың белгілі қайраткерлері, дәстүрлі домбырашы, қобызшы, сыбызғышы, әнші-термешілер әзірлейтін арнаулы орта және жоғары оқу орындары, өнер ұжымдары шоғырланған. Қазақ көне музыка аспаптарының жер бетіндегі жалғыз музейі мен еліміздегі жалғыз дәстүрлі өнер театры да осында. Соңғы уақыттары Алматы қаласында дәстүрлі өнерді насихаттап жүрген жас өнерпаздардың арнайы ән кеші өтпеп еді.

  • Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Zhalgas Yertay Орыс тілінің мәртебесін еш төмендетпедік, оның бәрі күңкіл сөз деген екен. Қазақ тілінің де мәртебесі төмендеді деп байбалам салмаңдар деп ұрсыпты. Алдымен жауабы жоқ сұрақтардан бастайық. Тоқаев мырза, егер ештеңе өзгермесе, онда “тең” сөзінің “қатарға” ауысуы жай көз алдау әрекеті ме? Қоғамдағы градусты басуға талпыныс қана ма? Қазіргі мемлекеттік бюрократиялық аппараттың статус-квоны сақтап қалуға тырысуы деп бағаласа бола ма? Енді Тоқаев мырзаның әр сөзіне тоқталсақ.“Жаңа Конституция мәтінінің ресми құжат ретінде қазақ және орыс тілдерінде жариялануы көп нәрсені аңғартпай ма? Бұл жерде түсініктеме беріп, ақталудың өзі артық”Иә, қазіргі қазақ тілінің проблемасы да сол – қазақ тілі мен орыс тілінің құқықтық теңдігі мемлекеттік тілді кемсітіп тұр. Өйткені бюрократия құжаттарды орысша әзірлеп, кейін

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: