Тұғырыл – оң хан
Шыңғыс хан атқа мінер қарсаңда керей – Ұлы Даладағы ең
үлкен, саны да басым тайпа болған. Ескілікті зерттеген кейбір орыс
оқымыстылары ілкіде, XI ғасырда керейлер тоғыз жүз мыңның
төңірегінде, яғни миллионға жуық болды деп біледі.
Рәшид-ад-динның айтқаны бар. ежелгі заманнан бастап керейлер халқының көптігімен, әскерінің қуатымен және хандарының атақ-дәңқымен мәшһүр болды деген. арғы тарихы ғұн дәуірінен басталатын керей қауымы XI ғасырда ұлы дала көшпенділерін қайта біріктірген, қытай тарихнамасында цзубу (ру-тайпалар) бірлестігі атанған жаңа түрік қағанаты – тоғыз-татар ұлысының ұйытқысы болғаны мәлім.
Бұл кездегі басты дұшпан – терістік қытайда билік құрып отырған қидан-лауо имперясы болатын. алмағайып ұзақ майданнан соң, конфедерация кеиіпті үлкен ұлыс ыдырайды, бірәқ далайхан Моғұз бастаған керей жұрты ауыр күресін одан әрі жалғастырыпты. ақыры, бір жақтан қидан, екінші тараптан таңғұт қыспаққа алған керей ұлысы да қирап жеңіледі, тұтқынға түскен далайхан азапты өлімге кесіледі (1100) . бұл – барлық бақытсыздықтың басы ғана екен. елдің еңсесін қайта көтерген Сары хан, одан соңғы Бошаужы, Марқұз-бұйрық хандар енді ағайындас жүртпен жағаласуға мәжбүр болады. керей ежелгі елдігін сақтағанымен, бұрынғы айдынына жете алмайды, жеңіс пен жеңіліс алма-кезек түседі. міне, осы тынымсыз майдан дәуірінде дүниеге келген Тұғырыл – бұрнағы далайхан Моғұз әулеті, кеиінгі Марқұз-бұйрық ханның немересі болатын.
Бұл кездегі керей қонысы да ұлан-байтақ. Батыста Қаңғай
алқабынан – шығыста Кентейдің етегіне дейінгі аралық; терістікте
Селеңгі өзенінің жоғарғы ағысынан – Келүреннің бастауына дейін,
аралықта Орхұн, Толы өзендерінің ұзына бойы, орталық аймақтағы
Оңғы өзенін өрлей келе, түстікте, ежелгі түрік Жасыл-өзен атаған
Сары-өзен Хуаңхэнің үлкен иіні Ордосқа дейінгі қаншама жер.
Керей ұлысының құтты ұйығы – біздің неше мың жылдық
тарихымыздың куәсі, арыда Ұлы Түрік қағанатының берекелі
байтағы болған Орда-Балық қаласы, кейінде Ұлұғ ұлыс ту тіккен
Қарақорым қаласы орнаған Қатын-балық, ол екеуі де қирап, тозған
бүгінгі күні Күл-тегін мен Білге-қаған ескерткіштері сақталып
тұрған қасиетті Орхұн өзенінің бойындағы, айналасы ат шаптырым,
қара топырақ, көк шалғынды киелі алқап екен. Керей хандарының
бас ордасы үнемі осы өңірден аумаған. Құржақұз-Бұйрық хан Орда-
Балықта отырды деп жазған Рәшид-әд-Дин.
Керейлер шығыста қиятпен, батыста найманмен, терістік тарапта
меркітпен, алыс түстікте атасы басқа таңғұтпен, түстік-шығыста
оңғытпен шектескен.
Рәшид-әд-Дин бұл кездегі керей тайпасы үлкен-үлкен алты руға
бөлінетін еді деп жазады. Бұлар: керейт, жырқын, қоңқайыт,
сақайыт, тұмауыт және албат аталады. («Түгел тарихтың» тағы бір
тұсында осыған үстеме ретінде қырқұн руы тұр, бірақ бұл үлкен ата
ішіндегі кіші бұтақ болуы да ықтимал.) Бүкіл тайпаға өз есімін
берген, немесе басты атауды иеленген жетекші ру – керейт екен.
Керей (көпше, жинақты тұлғасы – керейт) атауының шығу тегі
туралы әрқилы жорамал бар. Рәшид-әд-Дин келтірген аңыз
бойынша, баяғы заманда бір патшаның жеті ұлы болыпты,
бұлардың бәрінің де түсі кер, яғни құбақан екен.
Марқұз-Бұйрық ханның Құржақұз-Бұйрық және Гөрхан деген
екі ұлы болыпты. Құржақұз-Бұйрықтың үлкен ұлы – Тұғырыл
кейінде Оң хан атанған, Шыңғыс ханның әкесі Есугей-бахадұрмен
анда болған, Шыңғыс ханның өзіне өкіл әке болған керей әмірі.
тұғырыл – түркі тілінде және кереи лұғатында аңыздық қыран құс есімі, деп жазады рәшид-ад-дин. сұңқар кеиіптес, тұмсығы мен шеңгелі болаттай, бір ұшқанда топырлатып, екі жүз-ұш жүз құсты қабатынан жәйқәйді, бірәқ өзін ешкім көрмеген, әлде шын, әлде лақап деп дәйектеиді.
Махмұд Қашғаридың “Диуани Лұғат ат-Түрік” (Түркі тілінің жинағы) еңбегі
Тұғырыл – жыртқыш құс, мың үйректі өлтіріп, біреуін ғана жейді.
Бастапқы бір мұраты орнына келіп, бөртемен қосылғаннан кейін темужін Тұғырыл ханның ғұзырына баруға бекінеді. «тұғырыл хан бағзыда әкемізге анда болған еді, есебі, мені де баласындай қабыл алуға тиыс, – депті. – мен де оның қажетіне жарайтын шығармын», – деиді содан соң өзін бекітіп. кейінде Оң хан атанған Тұғырыл бұл кезде кеңбәйтәқ ұлы даланың жарым жерін ұстанып отырған керей жұртының әмірі болатын.
«Әкең өлсе өлсін, әкеңді көре қалған өлмесін» демекші, Темүжіннің
сапары сәтті болып шығады. Пана тұта барған әкесінің көне «Андасы»
Тұғырыл хан ағынан жарылып:
Мынау бұлғын ішіктің,
Қолқасына жарамын.
Бытыраған еліңнің,
Басын қоса алармын.
Қара бұлғын ішіктің,
Қарымжысын қайтарам.
Тозып жүрген еліңді,
Тұтастырам қайтадан. – деп уәде береді.
Монғол империясының тарихын зерттеушілер: Шыңғыс қағанның алғаш адам болып, ат жалын тартып мініп, күйзелген елін бүтіндеп, күйреген жұртын жинағанда дем беріп, демеу болған осы Тұғырыл хан дейді.
Атақты керей Көкеш бақсының хан Шыңғысқа қаратып айтатын:
Тәңірден суат алдың,
Тұғырылдан қуат алдың,
Найманнан хатшы алдың,
Керейден бақсы алдың,
Қоңыраттан ақыл алдың,
Жалайырдан батыр алдың,
Меркіттен қатын алдың, – дейтін толғауында дүйім тарихтың сыры жатыр.
Тұғырыл хан 1130 жылы туған. Шыңғыстан 32 жас үлкен. Есукейдің серт байласқан досы. Себебі, Есукейдің атасы Амбығайды, Тұғырылдың атасы Марғұзды татарлар мен жүржіндер ұстап алып, Алтын елінің патшасының қолына тапсырған. Алтын ханы оларды ағаш есекке шегелеп өлтірген. Оның сыртында Тұғырылдың әкесі Құршақұз Бұйрық пен Есукейдің әкесі Қабыл дос болған.
«Саспа, балам, – дейді, Тұғырыл хан: – Әкең жақсы адам еді, аруағы риза болсын, мына менің ұлым Сенгүн ішімнен шықса, сен сыртымнан шыққан ұлым емессің бе. Қайда ол қаңғыған меркіттер!. Сақалынан сүйреп сабасына түсірейін!» – деп атқа қонып, Темужиннің шайқалған шаңырағын тіктеп берген екен. Осы оқиға жайлы монғолдың «Құпия шежіресінде», «Алтын шежіресінде», Рашид-ад-диннің тарихи шығармаларында айтылады. Бұл оқиға 1180 жылы болған.
1190 жылы Тұғырыл хан, Темүжин, Жамуқа үштігі атқа қонып татар-меркітті тыныштандырады. Осы жорықта Жамуқа мен Темүжин барлық бұқарасын сарқып жүріп 20 мың әскер әрең шығарғанда, Тұғырыл хан қиналмай-ақ бір өзі 20 мың қолды бастап келген. Осы жолы Алтын елінің императоры Тұғырылға «Уаң хан» деген атақ береді. Бұл атақ артынан ханның есіміне айналып кеткен жайы бар. Тегі италян жиһангер Марко Поло: «Әлемге атты әйгілі, әсіресе еуропалықтар қатты әсерленетін шығыстағы «Иоан поп» дегеніміз осы «Уаң хан»» деп жазады. Орыс жылнамаларында «Ван хан» деген атпен белгілі.
Заман өте келе Тұғырыл ханда Шыңғыспен шайқасып жеңіледі. Жан сауғалап батыстағы Найман хандығына бара жатқанда шекара күзетінде тұрған қарауылдар қолынан қаза табады. Өлі бастың атақты керей Тұғырыл ханның мүрдесі екенін таныған найманның Дайын ханы оны күміспен күптетіп, өзінің алтын тағының үстіне қойып аза тұтады. Бұл 1204 жылы болған оқиға. Сол сәттен бүгінге жеткен жоқтау бар. Онда:
Уа, Тұғырыл, Тұғырыл,
Айбатты алып хан едің,
Даңқың кеткен әлемге,
Атағы зор жан едің,
Құтлық әже өсірген,
Бұйрықтан туған дана едің…, – деген жыр жолдары бар.
Құдайдың құдіреті-ай, күллі найман аза тұтып жатса әлгі өлген ханның басы ыржың-ыржың етіп күліпті. Бұны жаман ырымға жорыған екен. Ақыры ол да рас болды.
Тұғырылдың інісі Жақа батырдың асқан сұлу төрт қызы болған. Осының үшінші қызы Сұртоқтыға Шыңғыс кіші ұлы Төле үйленеді. Сұртоқтыдан атақты хандар Мөнке, Құбылай, Құлағу, Арық-бұқа төртеуі туған.
“Шыңғысхан” Мұхтар Мағауин
kerey.kz
Пікір қалдыру