|  | 

Әлеумет

Алматы облысында кәсіпкер 500 отбасын бес айлық азық-түлікпен қамтамасыз етті

Әр отбасына 116 кг азық-түлік табысталды

Фотолар: Әсет Құндақбаев

Алматы облысында кәсіпкер төтенше жағдайға байланысты табыссыз қалған, күнкөрісі төмен 500 отбасын азық-түлікпен қамтамасыз етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі. «Қайырымдылық керуені» атты ауыр жүк көліктері азық-түлікті облыстың үш ауданына бір апта бойы тасыды. Алғашқы көмек шалғайдағы Ақсу ауданының әлеуметтік тұрғыда әлжуаз 200 отбасына теңдей бөліп берілді.

«Басқа түскен қиыншылық кезінде ауылдан шыққан азаматтар елін ұмытпай, халыққа көмегін беріп жатыр. Мұнша азық-түлікті сатып алуға  әркімнің жағдайы келмейді. Сонау Алматыдан осыншама мол дүние келеді деп ойламаппын. Көмек жіберген Молдияр Нұрбаев деген азаматқа ауыл тұрғындарының атынан алғыс білдіреміз», – деді Бикен Баетова.

Қос көлікке тиеліп жеткен өнімдер әр отбасына бірнеше айға жетеді. Әр отбасына жалпы жиынтығы 116 келіден астам азық-түлік таратылды. Алыстан жеткен аманатты алған адамның бірі жасы 90 асқан Биғайша Машанова.

«Жастар мұндай қауіпті, қиындықты көрмесін. Дерт келмесін. Қазір мына ауру қиын болып жатыр. Күндіз-түні халқым аман болсын деп уайымдаймын. Жастар жұмыс таппай қалғанда бұл елге әжептәуір көмек болады. Елін ойлаған азаматтар аман болын», – деп батасын берді қарт әже қайырымдылық жасаған жандарға.

Алматыдан жеткен азық-түлікті аудан әкімдігі қабылдап, өздері жасаған тізім бойынша тұрғындарға таратты. Ақсулықтар ауылдан 25 жыл бұрын кетсе де, артындағы елін ұмытпаған азаматқа ризашылық білдірді. Атымтай жомарттығымен аты шыққан Молдияр Нұрбаев былтыр 54 жыл күрделі жөндеу көрмеген атақты Мамания мектебін толықтай жаңартып, қажетті техникалық жабдықтардан бөлек оқу орынына су жаңа авткөлік те алып берген еді.

«Өткен жылы ауыл халқы бау-бақшасын суарсын, қиналмасын деп Молдияр Қылшықұлы халыққа 7 шақырым жерден су арнасын тартып берді. Былтыр алаштың ардақтысы Ілияс Жансүгіровтың 125 жылдығына орай аудан орталығынан ақынның алып ескерткішін тұрғызды. Бүгін, міне, төтенше жағдай кезінде халыққа тағы қол ұшын берді. Үлкен-кішінің атынан алғыс айтамыз», – деді Ақсу ауданы ардагерлер алқасының төрағасы Арнай Амантаев.

Қайырымдылық көмек Жамбыл  мен Талғар аудандарының халқына да жіберілді. Күн көрісін Алматыдан тауып жүрген тұрғындар қазір карантинге байланысты қалаға келе алмай, табысынан айырылған. Аудан орталығынан 100 шақырымдай жерде тұратын Айнагүл есімді ананың 8 баласы бар. Сүт сатумен ғана күн көріп жүрген көп балалы отбасы қуаныштарын жасыра алмай, алған азық-түлік өздеріне бірнеше айға жететінін айтты.

«Жамбыл ауданына қарасты таудың түбіндегі Сұңқар деген 5-6 ғана үйі бар бөлімшеде тұрамыз. Бұл азық-түлік бізге бес-алты ай азық болады. Үлкен баламыз енді ғана 18 жасқа толса, кішіміз небәрі 5 жаста. Ораза айында осындай игі іс жасаған Молдияр ағаға алғысымыз шексіз», – деді Шыныбай мен Айнагүл есімді көп балалы ата-ана.

Тұрғындар бір жарым айдан аса карантинде жатқан қинала бастағанын айтады. Ал меценат осындай қиын сәтте ғана емес, ел бірлігі үшін азаматтар Президентің бастамасын қолдап, көмек қолын созу қажет деп санайды.

«Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев карантин кезінде халыққа бірнеше рет үндеу жасады. Вирустың қауіпті екенін, халыққа қиын соғып жатқанын түсіндірді. Мемлекетті дамыту жолында ел азаматтарына үміт артатынын алғашқы Жолдауында да айтты. Сондықтан бұндай сәтте қолында қаржысы бар әр азамат өзін ойлай бермей, елге, халыққа шамасынша көмек қолын созу керек деп ойлаймын. 60 тонна азық-түлікті алып, таратып беруді жөн санадым. Мемлекет басшысы қандай тапсырма берсе де, орындауға тырысамыз. Шын мықты мемлекеттен көмек сұрай бермей, елге қызмет қылу керек», – деді Алматы облысы «Газ шаруашылықтарының қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы Молдияр Нұрбаев.

Бүгінде жасы 70-тен асса да, аттан түспеген кәсіпкер өңірге атымтай жомарттығымен танылған. Облыстан бөлек Алматының Наурызбай ауданындағы және қалаға іргелес жатқан елдімекендердегі тағы жүз отбасыға да қолұшын созды. Қайырымдылық жасаудан қайтпаған Молдияр Нұрбаев Жамбыл, Талғар, Қарасай және Наруызбай аудандарын көгілдір отынмен қамтамасыз етіп келеді. Алдына келген жанның мәселесін шешуге қашанда қол ұшын созатын азамат Алматы облысының, сондай-ақ Ақсу, Жамбыл сынды барлығы төрт ауданның құрметті азаматы атанған. «Алтын Жұлдыз» иегері, «Құрмет» ордені, «Парасат» ордені сынды көптеген атақтардың иесі атанған Молдияр Нұрбаев Рамазан айында халыққа жеңілдікпен газ тарту жұмыстарын әрі қарай жалғастырмақ. Өзі басқаратын компаниядағы  әлеуметтік жағдайы нашарлау 117 жұмысшының әрқайсысына 45 мың теңгеден тағы да ақшалай көмек бергізді. Айтпақшы, халықты газбен қамтамасыз етіп келе жатқан компаниядағы 300-ге жуық жұмысшы күнделікті тегін түстенеді екен.

Әмірболат Құсайынұлы, Алматы

Related Articles

  • Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Zhalgas Yertay Конституциядан орыс тілін алып тастасақ, Ресей бізге соғыс аша ма? Билік осылай қорқыта бастады. Бірақ ол сұраққа қысқа жауап – жоқ. Себебі, Ресейге қарсы Әзірбайжан да, Армения да неше түрлі әрекетке барды, барып та жатыр, бірақ оларға қазір соғыс қаупі төніп тұрған жоқ. Бұл әдісті саяси манипуляция дейді, шын мәнінде, бұны қазіргі статус-кво жағдайын сақтап қалғысы келетін жүйенің асығыс ойлап тапқан аргументі деуге болады. Ойлап көріңізші, Ресейге біздің мемлекеттік органдар қай тілде іс-қағаз жүргізетіні емес, лоял болғанымыз керек. Ендеше, Ресей біздің лоялдығымызды сақтап қалғысы келсе, конституциядағы тіл мәселесіне қарсы болмауы керек. Себебі бұл ішкі тұрақтылық мәселесі. Дені сау елдің билігі өз көршісіне осындай қарсы аргумент айтар еді. Енді

  • Бізді басқарып отырған бір топ адам үшін орыс тілі – ИВЛ аппараты іспетті.

    Бізді басқарып отырған бір топ адам үшін орыс тілі – ИВЛ аппараты іспетті.

    Арман Әлменбет Екі-үш күн уайымға салынып кеттім. Осы соңғы жазғаным болсын. Әрі қарай Құдайға тапсырып, жұмысымды істейін. 6 ақпан күнгі ойым: Бізді басқарып отырған бір топ адам үшін орыс тілі – ИВЛ аппараты іспетті. Ковид кезінде өкпесі жұмыс істемей қалған адамдарға Түркиядан ИВЛ деген аппарат әкелгені естеріңізде ме? ИВЛ болмай, қанша адам өліп қалды. Орыс тілін алып тастасақ, Мәңгілік ел мен Есіл өзенінің ортасындағы бес-алты ғимарат босап қалады. Тек орысша ойланатын адамдар жиналып ап, өздері әдемі отыр о жерде. Менің түсінігімде, орыс тілін конститциядан алып тастау үшін оған алдын ала дайындалу керек. Соңғы екі жарым жылда осыны қатты ойланып жүрмін. Ұсынайын деп едім, қызығатын адам таба алмадым. Сөйтіп «Ана тіл

  • Тек тілге байланысты…

    Тек тілге байланысты…

    Қазақ Республикасында бір ғана мемлекеттік тіл бар. Ол- қазақ тілі. Қазақ тілінен басқа ешбір екінші тілге мемлекеттік мәртебе берілмеуі керек! Отыз жылдан астам уақыттан бері геосаяси ахуалды сылтауратып келдік. Енді біздің де мінезімізді һәм мысымызды көрсететін уақыт келді. ҚР-ның азаматы һәм салық тапсырушы қатардағы тұрғыны ретінде талап етемін! Алдағы бес жылда Қазақ Республикасында елеулі демографиялық өзгерістер болады. Атап айтқанда 2030 жылынан кейін қазақтардың республикадағы жалпы үлесі 80-85% ке дейін артады. Славян халықтарының өсімі азайып 10%-ға дейін түседі. Есесіне елдегі түркітілдес өзбек, татар, ұйғырлардың өсімі еселеп өсіп тіпті 10-15 жылда орыстардың орнын басып озуы мүмкін. Сол кезде Қазақ Республикасындағы жалпы түркітілдес халықтардың үлес салмағы 85-90% ке жетеді. Нәтижесінде қазақ мектептерінің саны,

  • “Қазақ тілі – мемлекеттік тіл” деп жазылып тұр ғой дейді. Неге ондай сөздің пайдасы жоқ екенін түсіндірейін.

    “Қазақ тілі – мемлекеттік тіл” деп жазылып тұр ғой дейді. Неге ондай сөздің пайдасы жоқ екенін түсіндірейін.

    “Қазақ тілі – мемлекеттік тіл” деп жазылып тұр ғой дейді. Неге ондай сөздің пайдасы жоқ екенін түсіндірейін. “Жаңа конституцияның” 9-бап 2-тармағы тұрғанда құжаттар ешқашан қазақша жасалмайды. Тек аударма тілі болып қалады. Себебі мемлекеттік бюрократия 9-баптың 2-тармағына сүйеніп, іс-қағаздарды орысша жасап үйренген. Сол себепті іс-қағаздың бәрі алдымен орысша жасалады, кейін қазақшаға қалай болса солай аударылады. Сол себепті 1-тармақтың болғаны қазақ тілінің нағыз мемлекеттік тіл мәртебесінде болуына еш көмектесе алмайды. Бір ғана жолы бар: конституцияда мемлекеттік тіл де, ресми тіл де – қазақ тілі деп тайға таңба басқандай жазылып тұруы керек. Құжаттың мемлекеттік тілдегі нұсқасының ғана заңды күші болуы тиіс. Сол кезде басқа тілдердегі нұсқасы жай аудармасы болады. Сол кезде ғана қазақ

  • Мемлекеттік тіл: Қауқарлы ма, әлде әлі де декларация ма?

    Мемлекеттік тіл: Қауқарлы ма, әлде әлі де декларация ма?

     Серік Ерғали Суреттер: aqmeshit-zhastary.kz, democrat.kz сайттарынан алынды. Ата Заң жобасының талқысы Қазақстандағы ең сезімтал, ең ұзақ талқыланып келе жатқан мәселенің бірі — мемлекеттік тілдің нақты мәртебесі. Конституцияда қазақ тілі мемлекеттік тіл деп жазылғанына отыз жылдан асты. Алайда қоғамдағы шынайы сұрақ әлі де ашық: қазақ тілі — басқарудың тілі ме, әлде символдық мәртебедегі тіл ме? Тіл мәселесі неліктен шешілмей келеді? Себебі біз ұзақ уақыт бойы тілге: – мәдени құндылық ретінде ғана қарап келдік; – оны мемлекеттік басқару тілі ретінде нақты бекітпедік. Нәтижесінде: – Конституцияда бір мәтін, – тәжірибеде басқа жағдай қалыптасты. Бұл қайшылық тілдің емес, конституциялық айқындықтың әлсіздігінен туындады. 9-баптағы басты түйін Жоба бойынша: 1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі. 2. Мемлекеттік ұйымдарда

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: