|  | 

Көз қарас

Дариға туралы толғау

1BC48B89-5B97-4082-AC68-82649EB66B9F_cx1_cy12_cw73_w1023_r1_sСара Қонақаева үлкен қызының да дәуірлеген сәттері жоқ емес. 2006 жылдың жазы. Мәскеудің қақ ортасындағы Тверская көшесі. КГБ-ФСБ полковнигі Пётр Стефанович Паршиковпен әңгіме-дүкен құрдым. Бұл кісі де жәй адам емес. Куба революциясы көсемдері – Фидель Кастро мен Че Геварамен араласқан радио, телекоммуникация тыңшысы болып табылады. Сондай білікті ардагер де апайымызды сыйлап, тамсана айтпай ма: “Дариға, Дариға…” Әрине, жоғары жақта жүргендердің көбісі оңбай тұрған қанішер, жемқорлар екендігі айдан анық. Соның өзінде де, әнші-бикештің сіңген еңбегін жоққа шығаруға болмайды. Оның сырлас досы, Майра Мұхаммедқызы, атақты Париж операсы сахнасыдан жарқырап көрінді. Қазақ-татар музыка маманы Равиль Гизатулин маған былай деді: “Майраның дауысы – сопрано. Әлем бойынша, күшті сопрано әншілер толып тұр. Дариғаның қолдауысыз Майра Париждің төріне шықпас еді”.

Сонымен, Дәкең – сыртқы саясатымыздың белді ойыншыларының бірі. Неге десеңіздер? Өйткені, тегеурінді шетелдіктердің біразы әлгі бикешті таниды. Мысалы, 2004 жылы, Алматыдағы “Палладиум” түнгі клубында АҚШ мықты саясаткерлерінің бірі, Ричард Холбруктың туған күні тойланды. Өз басым куә болдым Холбрук мырзаның алғыс айтқанына: “Дариға! Осы мерекелі кешті ешқашан ұмытпаймын!” Ал, 2019 жылы, КСРО Халық әртісі, керемет сазгер Евгений Дмитриевич Доганың кишиневтік үйінде қонақ болдым. Әңгіме барысында маэстро маған былай деді: “Дариға өз дисктерін тамаша шығарды! Олардың дыбыс сапасы мен полиграфия көркемдеулігі – үлгі етерлік дүние!” Көрдіңіздер ме? Қанша айтқанмен, өзге жұрттың өкілдері көбінесе мәсімов-қасымовтарды емес, Дариға ханымды сөз етеді. Бәлкім, оның бұрынғы күйеуі де әнші-бикештің көзқарасына игі әсер етті. Рахат Мұхтарұлы Әлиев қазақ футболын Еуропалық Одаққа кіргізіп, еліміздегі осы спорт түрінің дамуына жаңа серпіліс бергені сөзсіз. Ал, Қазақстанның қазіргі дипломатиясының тұтқасын ұстаған әкімсымақтар елімізді кері қайтару үшін, бізді сары орыс пен қара қытайдың бағытына итермелейді.

Бірақ, бірнеше жағдайларда арғын қызы мүлт кетті. Мысалы, деректі фильмдердің режиссёрі Станислав Петрович Чернышев 2000-шы жылдардың басында “Қазақфильм” киностудиясының жетекшісі болуға ұмтылды. Мақаламыздың бас кейіпкері Молдова тумасын қолдамады. Тәжірибелі кино қайраткері отандық фильмдердің қара шаңырағын көркейтер еді. Әзімов, Аманшаев сынды пысықайлармен салыстырғанда, Секең кино саласы мен Қазақстанға берілген адам ғой. Есесіне, Дариға апайымыз ұлты белгісіз сөзуар Володенька Рерихке демеушілік жасады, Израиль азаматы Александр Клебановке еліміздің телекоммуникация саласын аманат етті. 123 (1)

Гүржістанның бұрынғы президенті Михаил Саакашвили туған елінің құқық қорғау жүйесін едәуір жақсартты, парақорлықтың деңгейін айтарлықтай төмендетті. Алайда, Михоның өзі талай қылмыс жасап, Гүржістан тарапынан ашылған қылмыстық істердің айыпталушысына айналды. Украинада тығылған Мишико кокаин пайдаланатын нашақор. Оның тәкаппарлығына өз басым бірнеше рет куә болдым. Назарбай тегімен жамылған бикеш те сондай. Арақ ішуді жақсы көреді теміртаулық қыз. Қатардағы адамдарға шекесінен қарайды миллиардер-әйел. Бірақ, әнші-бикештің қазіргі күрделі жағдайын есепке алып, Дариға апайымызға сәттілік тілеймін! Оның жақсы жерлері жоғарыда аталған кемшіліктерінен артық бола берсін!


Данияр НАУРЫЗ

Related Articles

  • Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Zhalgas Yertay Орыс тілінің мәртебесін еш төмендетпедік, оның бәрі күңкіл сөз деген екен. Қазақ тілінің де мәртебесі төмендеді деп байбалам салмаңдар деп ұрсыпты. Алдымен жауабы жоқ сұрақтардан бастайық. Тоқаев мырза, егер ештеңе өзгермесе, онда “тең” сөзінің “қатарға” ауысуы жай көз алдау әрекеті ме? Қоғамдағы градусты басуға талпыныс қана ма? Қазіргі мемлекеттік бюрократиялық аппараттың статус-квоны сақтап қалуға тырысуы деп бағаласа бола ма? Енді Тоқаев мырзаның әр сөзіне тоқталсақ.“Жаңа Конституция мәтінінің ресми құжат ретінде қазақ және орыс тілдерінде жариялануы көп нәрсені аңғартпай ма? Бұл жерде түсініктеме беріп, ақталудың өзі артық”Иә, қазіргі қазақ тілінің проблемасы да сол – қазақ тілі мен орыс тілінің құқықтық теңдігі мемлекеттік тілді кемсітіп тұр. Өйткені бюрократия құжаттарды орысша әзірлеп, кейін

  • Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Бұған нақты жауап – жоқ, бұл шешімнен ешбір тілдің, соның ішінде, орыс тілінің де құқы шектелмейді. Неге? Өйткені конституциядағы мемлекеттік тіл мәртебесі биліктің жұмыс тілін ғана реттейді. Ол норманың қарапайым адамдардың қатынас тіліне қатысы жоқ. Яғни, мемлекеттік тіл – мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару ұйымдары жұмыс істейтін тіл деген сөз. Бұл шешім орысша сөйлейтіндердің құқығын шектемейді, орысша сөйлеуге тыйым салмайды. Қарапайым адамдар үйінде, қоғамдық орындарда, бизнесте, медиа мен мәдениет ошақтарында қалаған тілінде сөйлей де, жұмыс істей де алады. Бұған конституцияның басқа баптары нақты кепіл болып отыр. Ал жаңа конституцияда 9-баптың 2-тармағы қазіргі күйінде қалса, бұл – қазақ тілінің құқығын шектейді. Себебі мемлекеттік органдар құжаттарды өздері үйренгендей алдымен орысша жазып,

  • Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Zhalgas Yertay Конституциядан орыс тілін алып тастасақ, Ресей бізге соғыс аша ма? Билік осылай қорқыта бастады. Бірақ ол сұраққа қысқа жауап – жоқ. Себебі, Ресейге қарсы Әзірбайжан да, Армения да неше түрлі әрекетке барды, барып та жатыр, бірақ оларға қазір соғыс қаупі төніп тұрған жоқ. Бұл әдісті саяси манипуляция дейді, шын мәнінде, бұны қазіргі статус-кво жағдайын сақтап қалғысы келетін жүйенің асығыс ойлап тапқан аргументі деуге болады. Ойлап көріңізші, Ресейге біздің мемлекеттік органдар қай тілде іс-қағаз жүргізетіні емес, лоял болғанымыз керек. Ендеше, Ресей біздің лоялдығымызды сақтап қалғысы келсе, конституциядағы тіл мәселесіне қарсы болмауы керек. Себебі бұл ішкі тұрақтылық мәселесі. Дені сау елдің билігі өз көршісіне осындай қарсы аргумент айтар еді. Енді

  • «Мағынасыз жұмыстан шаршадым»: қазіргі Конституцияның авторы мәлімдеме жасады

    «Мағынасыз жұмыстан шаршадым»: қазіргі Конституцияның авторы мәлімдеме жасады

    Қазіргі Ата заңның авторларының бірі, академик Майдан Сүлейменов Конституция реформасын сынады. Ол заңның мәтінін шағын бір топ әлдеқашан жазып қойғанын, ал комиссия жай ғана мақұлдайтынын айтады. Оның сөзінше, ғалымдар мен сарапшылардың ұсыныстары ескерілмейді. Бұл туралы академик Facebook-те жазды: Кейінгі кезде менен Конституцияны талқылап жатқанда, неге үнсіз қалғанымды жиі сұрап жатыр. Қысқа қайырсам: мағынасыз жұмыстан шаршадым. Иә, мен қазіргі Конституцияның авторларының бірімін. Талқылау кезінде екі мәселе үшін күрестім: Конституциялық сотты сақтау және Парламенттің өкілеттігін шектемеу. Бірақ екеуі де қабылданбады. Соған қарамастан, мен бұл Конституциядан ұялмаймын. Мен Назарбаев пен оның отбасының жеке билігін нығайтуға бағытталған кейінгі түзетулерден ұяламын. Назарбаевтың кезінде-ақ осы масқара түзетулердің барлығын талдап, Конституцияны жетілдіру бойынша бірқатар ұсыныстар енгізу туралы

  • Бізді басқарып отырған бір топ адам үшін орыс тілі – ИВЛ аппараты іспетті.

    Бізді басқарып отырған бір топ адам үшін орыс тілі – ИВЛ аппараты іспетті.

    Арман Әлменбет Екі-үш күн уайымға салынып кеттім. Осы соңғы жазғаным болсын. Әрі қарай Құдайға тапсырып, жұмысымды істейін. 6 ақпан күнгі ойым: Бізді басқарып отырған бір топ адам үшін орыс тілі – ИВЛ аппараты іспетті. Ковид кезінде өкпесі жұмыс істемей қалған адамдарға Түркиядан ИВЛ деген аппарат әкелгені естеріңізде ме? ИВЛ болмай, қанша адам өліп қалды. Орыс тілін алып тастасақ, Мәңгілік ел мен Есіл өзенінің ортасындағы бес-алты ғимарат босап қалады. Тек орысша ойланатын адамдар жиналып ап, өздері әдемі отыр о жерде. Менің түсінігімде, орыс тілін конститциядан алып тастау үшін оған алдын ала дайындалу керек. Соңғы екі жарым жылда осыны қатты ойланып жүрмін. Ұсынайын деп едім, қызығатын адам таба алмадым. Сөйтіп «Ана тіл

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: