|  |  | 

Жаңалықтар Саясат

Мәулен Әшімбаев Парламенті Сенатының депутаты болып тағайындалды

news6249Мемлекет Басшысының Жарлығымен Мәулен Сағатханұлы Әшімбаев Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болып тағайындалды. Бұл туралы 4 мамырда түс кезінде Ақорда сайты хабарлады.

Мәулен Сағатханұлы Әшімбаев (28 қаңтар 1971 жылАлматы) – экономист, қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің V шақырылымының Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы болған, “Нұр Отан” партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары.

 Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің экономика және социология факультетін бітірген (1993), экономист, политэкономия оқытушысы. Саясаттану ғылымдарының кандидаты(диссертация тақырыбы “Политический транзит в Казахстане в контексте процессов глобальной демократизации”, 2001). «Құрмет» орденімен марапатталған.

 Университетті бітіргеннен соң 1993-1994 жылдары Баспасөз және бұқаралық ақпарат министрлігінің жүйесінде жұмыс істеді.

1994-1995 жылдары – Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңес депутатының көмекшісі.

1995 жылғы маусым - қараша аралығында – Қауіпсіздік кеңесі аппаратының консультанты.

1995-1999 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Сараптау және стратегиялық зерттеулер орталығының бас сарапшысы, сектор меңгерушісі, осы орталық жетекшісінің бірінші орынбасары.

1999-2000 жылдары – Қауіпсіздік кеңесі Сараптау орталығының меңгерушісі.

2000-2002 жылдары – Қауіпсіздік кеңесі Сараптау орталығының меңгерушісі – Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Стратегиялық зерттеулер институтының директоры.

2002-2005 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Стратегиялық зерттеулер институтының директоры.

2005-2006 жылдары – Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесі хатшысының орынбасары.

2006-2011 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары.

2012 жылғы ақпаннан бастап V сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы қызметін атқаруда. «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының мүшесі, партиялық тізім бойынша сайланған.

2018 жылы 1 ақпаннан бастап- “Нұр Отан” партиясы төрағасының бірінші орынбасары .

«Құрмет» орденімен марапатталған. 2003 жылы Джон-Хопкинс университетінінің Халықаралық зерттеулер мектебінде (АҚШ) ғылыми стажировкадан өтті.

Ағылшын тілін еркін меңгерген.

Үйленген, үш баласы бар.

Related Articles

  • АЙЯ СОФИЯ НЕГЕ МҰРАЖАЙҒА АЙЛАНДЫРЫЛДЫ?!?

    Айя София айланасындағы дауға нүктені қою үшін оның 1934 жылы неліктен мұражайға айландырылғанын білмек ләзім. Бүгінгі ахуалмен өткенге баға беруге болмайды, сол уақыттың шындығын білу шарт. Осман патшалығы 1-ші дүниежүзілік соғыста жеңілген соң 30 қазан 1918 ж. атақты “Мондрос шартына” қол қойды, бұл шарт бойынша Осман патшалығы жеңімпаз елдердің жеңісін мойындап, ел билігін соларға тапсырып, іс жүзінде ыдырап кетті. Осман патшалығы жеңімпаз елдермен Францияның астанасы Париж маңындағы Севр (Sevres) қалашығында 10 тамыз 1920 ж. соңғы шартқа қол қойды. “Севр шарты” деп аталған осы халықаралық құжатқа жеңімпаз елдер ретінде: Британия империясы, Франция, Италия, Греция, Жапония, Армения, Бельгия, Польша, Португаля, Хижаз патшалығы, Румыния, Сербия, Чехия, Хорватия қол қойыпты, жеңіліске ұшыраған Осман патшалығы

  • Қазақстан Республикасының президенті Қ. К. Тоқаев мырзаға

    Қазақстан Республикасының президенті Қ. К. Тоқаев мырзаға Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы! Өзіңізге мәлім, елдің кино қауымдастығында жікке бөлінушілік болып жатыр. Бір жылдан бері дау-дамай мен текетірестер басылмай келеді. Кәсіби киногерлер дау-дамайдан арылмай отыр. Нағыз шығармашылыққа орын қалмады. Біз мұның бәрі осы сала министрлігінің ойланбай жасаған әрекеттерінің салдары деп санаймыз. 2019 жылдың наурызында, "Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы" КАҚ құрылып, оған республикалық кино өндірісінің барлық негізгі мәселелерін шешу құзыры берілді. Ақырында "Қазақфильм" Ұлттық киностудиясына қажетті назар аударылмай қалды, ал Сыбайлас жемқорлықпен күрес Агенттігі Ұлттық киноны қолдау орталығының жетекшілеріне қарсы қылмыстық іс қозғады. Оның қалай аяқталатыны әзірге белгісіз, тергеу жалғасып жатыр. Десе де осының өзі нағыз сорақылық болып отыр. "Қазақфильм" Ұлттық киностудиясына келер

  • Шонжының Гео-Стратегиялық Шындығы (сараптамалық мақала)

    Бұл аудан (Шонжы) қарасаңыз шекараға тиіп тұр. Шекараның күншығыс бетінде аты қаззаққа берілген Іле Қазақ Автономиялы Облысы бар (екінші сүгірет). Онда жер қайысқан қалың қазақ тұрады. Автонрмиялы облыс ШУАР’дан бұрын құрылған. Орталығы Құлжа қаласы (үшінші сүгіреттегі 1-ге қараңыз). Осы автономиялы қазақ облысына қазір сегіз аудан, бір қала төте қарайды. Олар: КҮНЕС, НЫЛҚЫ, ТОҒЫЗТАРАУ аудандары (үшінші сүгіреттегі 5,6,9-ға қараңыз). Бұл үш аудан Іле аңғары мен Іле дариясының басына орналасқан қазақ ең көп, ең іргелі қоныс тепкен, тарихы өте терең, байырғы қазақ жері. Осы үш аудан қазақтары 20- ғасыр басында Орынборға арнайы хат жазып, Алаш баспасөзін қолдап қаржы жолдап, өздерін де Алаштың алыстағы бір бөлшегі санаған-тын. Осы үш аудан тың игеріп, там

  • Қазақстанның экс-президенті Назарбаевқа да коронавирус жұқты

    Қазақстанды отыз жылдай басқарып, былтыр наурызда президенттіктен кеткен Нұрсұлтан Назарбаевқа коронавирус жұқты. Бұл туралы Назарбаевтың ресми сайты хабарлады. “Қазіргі кезде Қазақстанның бірінші президенті оқшауланған. Өкінішке қарай, Елбасының коронавирусқа тапсырған соңғы тесті оң нәтиже көрсетті. Алаңдауға негіз жоқ. Нұрсұлтан Назарбаев қашықтан жұмыс істеп жатыр” делінген хабарламада. Қазақстанды ұзақ жыл басқарған Нұрсұлтан Назарбаев былтыр президенттік өкілетін тоқтатып, орнын Қасым-Жомартқа Тоқаевқа тапсырып кеткенімен қазір Қауіпсіздік кеңесінің мәңгі төрағасы ретінде биліктің бір тармағын ұстап отыр. Ол басқаратын Қауіпсіздік кеңесінің құрамына президент Қасым-Жомарт Тоқаев та кіреді. Осыған кейін “Назарбаев билікті ресми түрде бергенімен, шын мәнінде уысынан шығарған жоқ” деген болжамдар айтылған. Бұған дейін денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов, мәжіліс спикері Нұрлан Нығматуллин, президенттің баспасөз хатшысы Берік

  • Елдес ОРДА: Шонжы тараншыларының “айғайы” (шағын сараптама)

    Бірінші, ұйғырстан деген атау қателеспесем алғаш рет 1928-1935 жж арасында хатқа түсе бастады. Еуропаның христиан миссионерлері қашқарияда баспа құрған. Баспадан ұйғырлардың қашқар акцентінде христиан дінін уағыздайтын кітаптар, қиссалар, күнтізбелер басып шығарды. Сол көп кітаптың бірінде “ұйғырстан” атауы алғаш рет қолданылған. Бірақ бұндағы ұйғырстан атауы қашқариядағы алты үлкен шаһарды көрсетеді. Ұйғырстан атауы одан соң 1951-1955 жылдары тағы көтерілді, бірақ атауды көтерушілер христиан миссионерлері емес, ұйғырдың белсенді саяси топ, элитасы болды. 1951-1955 жылдары қазіргі ШУАР’да ұлттық автономияны анықтау, шекарасын бекіту жұмыстары қаурт жүрді, сол кезде қытай орталық партия комитетіне “ұйғырстан автономиялы респубиликасы” дейтін ұсыныс жолданған. Әрине, бұл сол кездегі көп ұсыныстың бірі, “шарқи түркістан автономиялы респубиликасы” деген ұсыныс да болды. Осы автономиялы

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: