|  |  |  | 

Көз қарас Саясат Әлеумет

«Көкесі» мен «Жәкесі»: Жамбыл облысында 60 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды

330px-Jambyl_in_Kazakhstan.svg

«Мықтылар» мемлекеттік жерді де меншіктеп алған
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа жағдайдағы Қа¬зақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында жердің шетелдіктерге сатыл¬майтынын, алайда барынша тиімді пайдаланылуы қажеттігін баса айт¬қаны белгілі. Бұған қатысты Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев әкімдікте өткен жиында «жер ешкімнің әкесінен қал¬ған мұра емес» деп нақты ұстанымын білдірген болатын. Аймақ басшысы тіпті игеру¬сіз жатқан жерлердің иесі кім болса да мем¬ле¬кетке кері қайтаруды құ¬зырлы мамандарға тап¬сырған. Мұндай та¬лапты тапсырма бай-манап¬тардың қабырғасына батып, жон терісіне шоқ басқандай болғаны даусыз.
Жамбыл облысы әкім¬дігінің Жерлерді пайдалану және қорғалуын бақылау бас-қармасының басшысы Әбіл¬хайыр Тамабектің айтуынша, жыл басынан бері жүргізілген тексерістер талай сұмдық пен қулықтың бетін ашқан екен.
«Жамбыл облысының әкі¬мі Бердібек Сапарбаевтың тап¬сырмасына орай, биыл игерусіз жатқан 70 мың гектар жерді мемлекет меншігіне қайтару жоспарланған. Қазіргі таңда басқарма бұл міндетті 86 пайызға орындап, 60 мың гектар жерді қайтарып отыр. Одан бөлек, Шу ауданында 13 474 гектар жер заңсыз берілгені анықталып, қазіргі таңда мемлекетке кері қайтарылды. Сонымен қатар 1 100 гектардан аса жерге қатысты басқарма тарапынан сотқа талап-арыз жолдануда. Жалпы, Шу ауданында заң¬ды белден басып, жерді заң¬сыз иемдену ашықтан-ашық жүргізілген. Олай дейтініміз – ағымдағы жылдың 24 шілдесі күні жер конкурсы өткізіліп, 308 өтінім қаралады. Комиссия мүшелері 107 жер учаскесі бо¬йынша 85 адамды жеңімпаз деп таниды. Алайда арада апта өтпей, аталған комиссия шешіміне қатысты 8 арыз келіп түсті. Оның біреуі – ұжымдық арыз. Мамандарымыздың тексеруінің нәтижесінде көптеген өрескел бұзу¬шылық анықталды. Сондай-ақ 1 500 гек¬тарға жуық жер та¬мыр-таныстықпен берілгені бел¬гілі болды. Оның ішінде ко¬миссия мүшесі бола тұра өзі¬нің баласына немесе анасына жер алып берген фак-тілер бар. Мәселен, Шу ауданы Шоқ¬пар ауылдық округінің әкімі комиссия мүшесі болып өз баласына жер алып берген. Мемлекеттік қызметкерлердің жақын туыстары жер алмасын деген заң жоқ. Алайда өзінің туысы болғандықтан, округ әкімі мемлекеттік қызметтің тәртібі бойынша баласының өтінімін бағалаудан бас тартуға міндетті еді. Бірақ әкім өз ба¬ласына дауыс беріп, жерді иеленуіне қолғабыс етіп отыр. Сол секілді комиссия мүше болмаса да, аудандық мәслихат хатшысының комиссия отырысында оты¬рып, соңы оның баласы жер алу фактісі тіркелді. Осы сияқты 107 қаулының заңсыз шығарылғанын дәлелдеп, біз қаулылардың күшін жою және бұзушылыққа жол берген жа¬уаптыларды жазаға тарту тура¬лы ұсыным бердік. Алайда ау¬дан әкімі тек бір маманды ғана жазалағаны туралы жауап жол¬дады. Біз мұнымен келіспей, мем¬лекеттік қызмет нормасын бұз¬ған ауылдық округ әкімі мен комиссия отырысында бұ¬зушылықтарға жол берген ко¬миссия төрағасын жазалау ту¬ралы қайта ұсыныс жолдадық», – деді басқарма басшысы Әбілхайыр Тамабек.
Әбілхайыр Ғалымұлы ко¬миссия төрағасының кеңес қа¬ғидасын бұзғаны видеоға анық түсіп қалғанын айтады. Де¬мек, аталған факті бойынша Шу ауданының әкімі Нұржан Календеров нақты шешім қа¬был¬дағаны жөн. Әйт¬песе, «жең ұшынан жалғасқан сыбай¬ластықтың ұшы аудан әкімі жағынан шығып тұр ма?» деген ой тууы мүмкін. Жуырда басқарма мамандары Жамбыл ауданына да тексеріс жұмыстарын жүргізіп, 10 мың гектарға жуық жер бойынша құ¬қыққа сыйымсыз қаулылар қабылданғанын анықтаған. Атал¬ған факті бойынша қазір ау¬дан әкіміне бұзушылықтарды жою бойынша нұсқама жолдан¬ған. Оларға олқылықтың орнын толтыруға 1 ай уақыт беріліп отыр. Бұдан бөлек, мамандар Қор¬дай ауданына да зерделеу жұ¬мыстарын бастаған. Сондай-ақ жыл соңына дейін Байзақ ауданы да тексерістен өтеді деп күтілуде. Биылға осы үш аудан межеленсе, келер жылы қалған аудандардың да жер мәселесі майшаммен қа¬ралмақ. Ал биыл жалпы 90 мың гек¬тар жер мемлекет меншігіне қайтарылады деп күтіліп отыр.
Жалпы, Жерлерді пайдалану және қорғалуын бақылау бас¬қармасы конкурсты өткізу ко¬миссиясының жұмысын ғана тексеруге құқылы екен. Сон¬дықтан мекеме қаулыны жою ту¬ралы жергілікті билікке ұсы¬ным ғана бере алады. Егер ау¬дан әкімі бір айдың ішінде нұс¬қаманы орындамаса, онда анық¬талған заңбұзушылықтар сот-қа жолданады. Бірақ сот про¬цесі басталғанға дейін де бас¬қарманың басшысынан бастап, мамандарына дейін қоқан-лоқы көрсетіп жататындар аз емес көрінеді.
«Президенттің жастар кадр¬лық резервінен басқарманың басшысы қыз¬метіне тағайын-далған осы 9 ай ішінде Жамбыл облысында қарапайым адам жоқ па деген ойға келдім. Себебі осы мерзім ішінде мені қорқытқандар да, тіпті жұмыс орныма келіп қоқын-лоқы көрсеткендер де аз болмады. Бәрінің әйтеуір «кө¬кесі» мен «жәкесі» бар. Бірақ жұ-мысымызды облыс әкімі Бер¬дібек Машбекұлының өзі қол¬дап, нақты тап¬сырмасын беріп отырғаннан кейін біз ештеңеден тайсалмаудамыз. Осы таңға дейін кәсіпкерлік мақсатта берілген жер учаске¬лерін тексеру жұ¬мыстары өз дең¬гейінде жүргізілмеген екен. Біз бұл бағыттағы жұмыстарды жол¬ға қойып, жыл басынан бері игерусіз жатқан 40 кәсіпкерлік ны¬сан иелеріне 1 жылға нұс¬қама беріп, жер салығын он есе ұлғайту бойынша салық бас-қармаларына хат жолдадық. Игеру¬сіз жатқан кәсіпкерлік жер учаскелерін қайтару бойынша 5 іс сот¬қа жолданса, оның 2-де жеңіп шықтық. 3 іс сотта қа¬ралуда. Осы нысандардың қо¬жайын¬дарының да араға адам салып, мәселені жауып тас¬тағысы келгендері болды. Ол аз десеңіз – бір ауданды тексере бар¬сақ, жауапты мамандар құ¬жат¬тар топтамасын жасырып, заң¬сыздықтарын көрсетпеуге тырысады. Олармен біз заң шең-берінде жұмыс істейміз», – деді бас¬қарма басшысы.
Міне, осылайша облыстық Жерлерді пайдалану және қор¬ғалуын бақылау басқармасы еш¬кімнің басынан си¬памауда. Әрине, «тура биде туған жоқ» еке¬ні түсінікті. Десе де, шындық шен¬ділерге жақпайтыны тағы белгілі.
Басқарма басшысы ау¬дан¬дардағы негізгі мәселе жер¬дің нысаналы мақсатын заң-сыз өзгерту, тапсырылған жер учас¬келерін мемлекеттік мен¬шігіндегі бос жерлермен заң¬сыз айырбастау, ауыл ша¬руашылығы мақсатындағы жер¬ді өзге мақсатта пайдалану сынды мәселелер жиі бола¬тынын айтады. Ал Тараз қала¬сы әкімдігінің қабылдаған ше¬шімдерін тексеруге басқарма құзыретті емес. Мұнымен Жер ресурстарын басқару ко¬ми¬теті айналысады. Десе де, егер жер¬гілікті билік заң-бұзушылықтарды анықтап бер¬се, басқарма шара қолдануға құ¬қы¬лы. Жыл басынан бері Тараз қа¬ласы әкімдігінен жолданған ұсынымдар негізінде бүгінде жаза басқандар лайықты жаза¬сын алған.
Әрине, мемлекеттің же¬рі әркім ке¬ліп бармағын ба¬тыратын майшелпек емес. Бұл – еліміздің қазынасы. Ал мем¬лекет мүлкіне заңсыз қол салу қылмыс саналады. Осыны аудан әкімдері мен жауапты мамандар түсінбей отырғанына таңбыз. Ақиқатына қарайтын болсақ, басқарма судың бетін қалқып еді, біраз былық бетке шықты. Егер түп тамырына үңілсек, талай басшылар мен шенділердің шектен шыққан тірлігі әшкере болатыны хақ. Осыдан сезіккен дөкейлер қазірден қысым көр¬сетіп жатқаны «сасқан үйрек¬тің…» керін келтіріп тұрғаны тағы ақиқат.
«Әділін айтсаң, ағайынға жақ¬пайсың» деген дана қазақ. Алай¬да шындық жоқ жерде сұм¬дықтың көбейетіні белгілі. Сондықтан басқарманың жұ¬мысын бұ¬қара бас бармақпен ба¬ғалайтыны даусыз. Әйтеуір, шындықтың отын үрлегендер шо-ғына өздері күйіп қалмасын деп тілейік…
Саятхан САТЫЛҒАН, Жамбыл облысы

Related Articles

  • Герб ауыстыру мәселесі немесе «терістеу синдромы» қалай пайда болды?!

    Еліміздің гербін ауыстыру туралы Президенттің ұсынысы (о баста ұсыныс суретші-дизайнер мамандардан шыққан сияқты) тұтас қоғамда болмағанмен, әлеуметтік желілерде әжептәуір қарсылық тудырды. Бірақ, байыптап қарасақ, бұл қарсылықтың қазіргі гербтің қазақ үшін ерекше қастерлі немесе эстетикалық тұрғыдан мінсіз болуына еш қатысы жоқтығын аңғарасыз. Соңғы уақыттары, ауыр індетпен қатар келген қаңтар трагедиясынан бастап, халық айтарлықтай күйзеліске ұшырады. Қазақстанның еркінен тыс, соғысқа, басқа да себептерге байланысты болып жатқан экономикалық қиындық салдарынан халықтың әл-ауқаты төмендеді. Осының бәрі қазір қоғамда байқалып қалған «терістеу синдромына» түрткі болды. «Терістеу синдромы» – дұрысты да бұрысқа шығаратын, қандай бастамаға болсын қарсы реакция шақыратын құбылыс. Әлеуметтік психологияны зерттеушілердің пайымдауынша, осы құбылысты барынша күшейтіп тұрған фактор – әлеуметтік желілер. Яғни, алдағы уақытта

  • Үздік ойдың үзінділері

    Үздік ойдың үзінділері Арма әлеумет! Мен қазір таза академиялық ғылыми ортада жүрмін. Өзімнің неше жыл бойы жинаған білімімді, оқыған оқуымды, шетелдік тәжірибемді, интеллектуалды қарым-қабілетімді шынайы қолданатын қара шаңырақтың ішінде жүрмін. Алматының бәрінен бөлек мәдени ортасы ерекше ұнады. Алматы қала мен дала дейтін екі ұғымның түйіскен әдемі ортасы екен. Ойлап көрсем мен бақытты перезент, бағы жанған ұрпақ екенмін. Әкем тұрмыс пен жоқшылық, жалғыздықтың тауқыметін әбден тартып еш оқи алмадым, небәрі үш ай оқу оқыдым-, деп менің оқуымды бала күнімнен қадағалады, шапанымды сатсам да оқытам деп барын салды. Ал мектепте бақытты шәкірт болдым. Маған дәріс берген ұстаздарым кілең дарынды, қабілетті кісілер болды. Университетте және шетелде мен тіптен ерекше дарын иелеріне шәкірт болдым.

  • Самат Әбіш қалай “сүттен ақ, судан таза” болып шықты?

    Азаттық радиосы Саясаттанушы Досым Сәтпаев ҰҚК төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары, экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Самат Әбішке шыққан үкім “Қазақстандағы режим болашақты ойламайтынын көрсетті” дейді қазақстандық саясаттанушы Досым Сәтпаев. Сарапшының пайымдауынша, билеуші “элита” жеке істерімен және тасадағыкелісімдермен әуре болып жатқанда елде тағы бір жаңа әлеуметтік жарылысқа әкелуі мүмкін факторлар күшейіп келеді. СаясаттанушыРесей өзінің экономикалық мүдделері мен геосаяси жоспарларын кеңінен жүзеге асыру үшін Қазақстанның ішкі саясатына тікелей әсер етуге тырысып жатуы мүмкін деп те топшылайды. ПУТИН “ҚАУІПСІЗДІК КЕПІЛІ” МЕ? Азаттық: Сонымен ұзақ демалыс алдында осындай үлкен жаңалық жарияланды. Мейрам алдында, 19 наурызда қазақстандықтар мәжіліс депутатының постынан Самат Әбішке шыққан үкім жайлы білді. Мұның бәрінің байланысы бар ма әлде кездейсоқтық па? Досым Сәтпаев: Әңгімені бұл істің құпия

  • Христиан миссионерлерінің құмдағы іздері

    Орыны: Қашқар қ-сы; Жылы: 1933 ж; Аты-жөні: Қабыл Ахонд; Діні: христиан; Түсініктеме: Бұл жігіттің кейінгі есімі Қабыл Ахонд, христиан дінін қабылдаған алғашқы ұйғыр. Кейін діни сеніміне байланысты өлтірілген. Сурет еуропадағы миссионерлік музей архивінде сақтаулы. Аталған музейде жүздеген христиан ұйғыр өкілдерінің суреті сақталған. 1930 жылдары христиан ұйғырларына тұрғылықты мұсылмандар мен әкімшілік билік тарапынан қысым көрсетіле бастаған соң бір бөлімі миссионерлерге ілесіп еуропа елдеріне “һижраға” кетті. Алқисса Христиан әлемінің Қашқарияға баса мән беруі әсіресе Яқұп Бек мемлекеті кезеңінде жаңа мүмкіндіктерді қолға келтірді. 1860-70 жж. Қашқарияның Цин империясына байланысты көңіл күйін жақсы пайдаланған Христиан әлемі Үндістан мен Тибет арқылы Қашқарияға мәдени ықпалын жүргізе бастады. Олардың мақсаты бұл аймақты Ресей империясынан бұрын өз ықпалына

  • Демографиялық сараптама

    1-ші сурет қазақтар; Демографиялық ахуал 1949-2020 жж. аралығын салыстырмалы көрсеткен. 1949 жылға дейін, атап айтқанда коммунистік қытай үкіметі орнағанға дейін Шынжаң өлкесінің солтүстік бөлігінде қазақтар, оңтүстік бөлігі Қашқарияда ұйғырлар басым санды ұстады. 1951-54 жылдары ұлттық межелеу кезінде орталық үкімет құрған комиссия сараптамасы бойынша ұлттық автономиялық территорияны анықтау мына екі бағытта жүргізілді. Олар: БІРІНШІ, ұлттық автономияны межелеу бойынша оның атауын тұрақтандыру. Осы бойынша үш атау ұсынылды: *ШЫғыс Түркістан автономиялық федерациялық респубиликасы; *Ұйғырстан автономиялық респубиликасы; *Шынжаң автономиялы респубиликасы. ЕКІНШІ, автономияның әкімшілік тұрпатын анықтау; Осы бойынша: *Федерециялық тұрпат; *Автономиялық облыс және окург тұрпат; *Аймақ және аудан дәрежелі автономиялық окург тұрпаты. Межелеу комиссиясы аталған екі бағытта сараптама нәтижесін қорытындылады. Комиссия қорытындысы бойынша Шынжаң өлкесінің

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: