|  |  | 

Көз қарас Саясат

“Істе шикілік бар, ол құрбан”: Адвокат Қызылорда облысының бұрынғы әкімі жазықсыз жазаланды деп санайды

WhatsApp Image 2021-01-27 at 7.49.54 PM

Экс-әкімі 7 жылға бас бостандығынан айырылды

 

Былтыр желтоқсанда сот үкімі шыққан Қызылорда облысының экс-әкімі Қуанышбек Ысқақовтың адвокаты Ләззат Ахатова қылмыстық іске қатысты сот біржақты шешім шығарғанын жариялады. Адвокат істе шикілік деп санайды.

«Экс-әкім қазіргі кезде «сәнге» айналған Қылмыстық Кодекстің 190-шы бабының 2 бөлімінің 4 бөлігімен, яғни алаяқтық бабымен 7 жылға сотталды. 8 баланың әкесі, білікті маман, ауған соғысының ардагері, ел азаматы Қ.Ысқақов 7 жыл арқалайтындай не істеді? Кімді алдады, қандай алаяқтық жасады? 2019 жылы Арыстағы апат болған аймаққа, яғни Арыс оқиғасынан зардап шеккендерге сол кездегі облыс әкімінің барлық мекемелердегі жұмыскерлердің бір күндік жалақысы аударылу керектігі туралы бұйрығы 25.06.2019 жылы шығады. 25 маусымда, яғни аталған бұйрық шыққан кезде Қ.Ысқақов облыс әкімі емес, оның орынбасары қызметінде болған. Қызылорда облысы әкімі қызметіне Қ.Ысқақов бұйрық шыққаннан кейін үш күннен соң, 28.06.2019 ж. тағайындалады. Яғни, 25 маусымда өз әріптестеріне, облыс әкімі орынбасарларына ондай тапсырма беруге өкілеттігі болмаған. Алайда облыс әкімінің орынбасары Р.Рүстемов тергеуге, сотқа берген көрсетпесінде «Қ.Ысқақовтың тапсырмасымен облыстағы 2000-нан астам мемлекеттік қызметкерлердің бір күндік жалақысы «Сыр мейрімі» қоғамдық қорына аударылды» деген. Алайда іс материалдарынан көрінгендей, бұл мәселені қозғаған, яғни жиналған ақшаны тікелей Арысқа емес, аталмыш қорға аударуды Р.Рүстемов мырзаның өзі ұсынғаны туралы жиналыс хаттамасы бар. Сонымен қатар, ол факт куәгерлердің көрсетпелерімен де қуатталады. Қылмыстық іс қозғалып, облыс әкімін орынбасарларымен қоса, 7 жылға соттауға басты негіз болған «қылмыс» осы оқиғадан арқау алып, ары қарай өрбиді», – деп жазды адвокат Л.Ахатова.

Адвокат қылмыстық іске тартылған басқа да тұлғалар тергеу және сот процесі кезінде берген жауаптарын сан мәрте өзгерткенін айтты.

«Мәселен, облыс әкімінің сол кездегі орынбасарлары Р.Рүстемов, М.Делмұханов, бұрынғы құрылыс басқармасының басшысы М.Алсериков, кәсіпкер Ж.Искаков болған жағдайды «белгісіз себептерге байланысты» нақты баяндаудан жалтарып, жауаптарын сан мәрте өзгерткенін іс құжаттарынан көруге болады.
Қ.Ысқақов өзінің кінәсіздігін объективті дәлелдердің жиынтығымен дәлелдеген сайын, іске куә ретінде қатысушылар өздерінің берген жауаптарын бірден өзгертіп жіберетіндері, ал тергеу органы олардың жүйесіз және тұрақсыз көрсетімдеріне бүкіл қылмыстық істің схемасын ыңғайлап келтіріп отырғандары іс материалдарында анық көрініп тұр. Іс бойынша тағы бір маңызды мәселеге мән берілмей қалған.

ҚР Бас прокуратурасының 22 маусымдағы істі қосымша тергеуге жіберу туралы қаулысының 9-ші пунктінде «25.06.2019 жылы қайрымдылық қорға ақша жинау мәселесіне Қ.Ысқақовтың қатыстылығын анықтау қажет» деген ескертпесіне тергеу органы Ысқақовтың бұл мәселеге қатыстылығы бар-жоғын анықтамаған. Тіпті, оған сот тарапынан да баға берілмеген! Қор директоры Абдрахимова төрт мекемеге аударған қаржының игерілуін растайтын құжаттарды жазбаша да, ауызша да сұратпағаны түсініксіз.

Оны сот тергеуі барысында үш мекеме басшысы А.Ерназаров, С.Садықов, Р.Иманова да толығымен растайды. Яғни Абдрахимова өзі ақымақтықпен не басқалай себеппен құжатсыз аудара салған қаражат үшін қорықса да, қор мен төрт мекеме арасында туындаған мәселені азаматтық іс тәртібімен шешу үшін ешқандай әрекет жасамаған. Бұл мәселеге тергеу орындары да, сот та назар аудармай отыр!», – деген адвокат ҚР Бас прокуратурасына жүгінді.

Еске салсақ, 2020 жылдың 10 желтоқсанында Қызылорда қалалық №2 сотында Қуанышбек Ысқақовқа қатысты сот үкімі шығып, экс-әкім 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын қауіпсіздігі орташа колонияда өтеуі керек. Сондай-ақ, Қуанышбек Ысқақов мемлекеттік, ұлттық және квазимемлекеттік ұйымдарда қызмет атқара алмайды.

Related Articles

  • АҚШ Иранның Харк аралын басып ала ма? 

    АҚШ Иранның Харк аралын басып ала ма? 

    Киан ШАРИФИ Иран ислам республикасына тиесілі Харк аралы. Америка мен Израильдің Иранға әуе шабуылдары жалғасып жатқан тұста АҚШ-тағы саяси ортада ислам республикасына тиесілі Харк аралын басып алу идеясы талқылана бастады. Сарапшылардың айтуынша, Вашингтон Ирандағы мұнай экспортының негізгі ошағы саналатын Харк аралын нысанаға алуы әбден мүмкін. Бұл санкциялар құрсауындағы Иран экономикасын құлатпай ұстап тұрған басты табыс көзін жауып тастауы ықтимал. Алайда Иран мұнай экспортының 90 пайызын қамтамасыз ететін Парсы шығанағындағы шағын аралды басып алса, бұл АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы соғысын тіпті ушықтырып жіберуі мүмкін. Мұның өзі де Иран экономикасын толық құрдымға жібере алмайды дейді сарапшылар. 7 наурызда Axios басылымы АҚШ әкімшілігі Харк аралын басып алу мүмкіндігін талқылағанын хабарлады . Иран бұл аралға

  • Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Zhalgas Yertay Орыс тілінің мәртебесін еш төмендетпедік, оның бәрі күңкіл сөз деген екен. Қазақ тілінің де мәртебесі төмендеді деп байбалам салмаңдар деп ұрсыпты. Алдымен жауабы жоқ сұрақтардан бастайық. Тоқаев мырза, егер ештеңе өзгермесе, онда “тең” сөзінің “қатарға” ауысуы жай көз алдау әрекеті ме? Қоғамдағы градусты басуға талпыныс қана ма? Қазіргі мемлекеттік бюрократиялық аппараттың статус-квоны сақтап қалуға тырысуы деп бағаласа бола ма? Енді Тоқаев мырзаның әр сөзіне тоқталсақ.“Жаңа Конституция мәтінінің ресми құжат ретінде қазақ және орыс тілдерінде жариялануы көп нәрсені аңғартпай ма? Бұл жерде түсініктеме беріп, ақталудың өзі артық”Иә, қазіргі қазақ тілінің проблемасы да сол – қазақ тілі мен орыс тілінің құқықтық теңдігі мемлекеттік тілді кемсітіп тұр. Өйткені бюрократия құжаттарды орысша әзірлеп, кейін

  • Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Бұған нақты жауап – жоқ, бұл шешімнен ешбір тілдің, соның ішінде, орыс тілінің де құқы шектелмейді. Неге? Өйткені конституциядағы мемлекеттік тіл мәртебесі биліктің жұмыс тілін ғана реттейді. Ол норманың қарапайым адамдардың қатынас тіліне қатысы жоқ. Яғни, мемлекеттік тіл – мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару ұйымдары жұмыс істейтін тіл деген сөз. Бұл шешім орысша сөйлейтіндердің құқығын шектемейді, орысша сөйлеуге тыйым салмайды. Қарапайым адамдар үйінде, қоғамдық орындарда, бизнесте, медиа мен мәдениет ошақтарында қалаған тілінде сөйлей де, жұмыс істей де алады. Бұған конституцияның басқа баптары нақты кепіл болып отыр. Ал жаңа конституцияда 9-баптың 2-тармағы қазіргі күйінде қалса, бұл – қазақ тілінің құқығын шектейді. Себебі мемлекеттік органдар құжаттарды өздері үйренгендей алдымен орысша жазып,

  • Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Zhalgas Yertay Конституциядан орыс тілін алып тастасақ, Ресей бізге соғыс аша ма? Билік осылай қорқыта бастады. Бірақ ол сұраққа қысқа жауап – жоқ. Себебі, Ресейге қарсы Әзірбайжан да, Армения да неше түрлі әрекетке барды, барып та жатыр, бірақ оларға қазір соғыс қаупі төніп тұрған жоқ. Бұл әдісті саяси манипуляция дейді, шын мәнінде, бұны қазіргі статус-кво жағдайын сақтап қалғысы келетін жүйенің асығыс ойлап тапқан аргументі деуге болады. Ойлап көріңізші, Ресейге біздің мемлекеттік органдар қай тілде іс-қағаз жүргізетіні емес, лоял болғанымыз керек. Ендеше, Ресей біздің лоялдығымызды сақтап қалғысы келсе, конституциядағы тіл мәселесіне қарсы болмауы керек. Себебі бұл ішкі тұрақтылық мәселесі. Дені сау елдің билігі өз көршісіне осындай қарсы аргумент айтар еді. Енді

  • «Мағынасыз жұмыстан шаршадым»: қазіргі Конституцияның авторы мәлімдеме жасады

    «Мағынасыз жұмыстан шаршадым»: қазіргі Конституцияның авторы мәлімдеме жасады

    Қазіргі Ата заңның авторларының бірі, академик Майдан Сүлейменов Конституция реформасын сынады. Ол заңның мәтінін шағын бір топ әлдеқашан жазып қойғанын, ал комиссия жай ғана мақұлдайтынын айтады. Оның сөзінше, ғалымдар мен сарапшылардың ұсыныстары ескерілмейді. Бұл туралы академик Facebook-те жазды: Кейінгі кезде менен Конституцияны талқылап жатқанда, неге үнсіз қалғанымды жиі сұрап жатыр. Қысқа қайырсам: мағынасыз жұмыстан шаршадым. Иә, мен қазіргі Конституцияның авторларының бірімін. Талқылау кезінде екі мәселе үшін күрестім: Конституциялық сотты сақтау және Парламенттің өкілеттігін шектемеу. Бірақ екеуі де қабылданбады. Соған қарамастан, мен бұл Конституциядан ұялмаймын. Мен Назарбаев пен оның отбасының жеке билігін нығайтуға бағытталған кейінгі түзетулерден ұяламын. Назарбаевтың кезінде-ақ осы масқара түзетулердің барлығын талдап, Конституцияны жетілдіру бойынша бірқатар ұсыныстар енгізу туралы

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: