|  | 

Шоу-бизнис

2025 жылы Жетісуға 3,5 млн турист келеді

WhatsApp Image 2021-02-17 at 4.45.31 PM
Алматы облысының туризм саласында әлеуеті зор екені баршамызға мәлім. Ал, 2025 жылға қарай Жетісуға 3,5 млн адам келеді. Бұл туралы Алматы облысының әкімі Амандық Баталов халықпен онлайн форматта өткізген бапсасөз мәслихатында баяндады.
Жер Жәннаты Жетісуда көптеген туристік орындар бар. Олардың ішіндегі маржаны – Алакөл. Сондықтан көлдің жағалауындағы инженерлік инфрақұрылымды дамытуға көп көңіл бөлінуде.WhatsApp Image 2021-02-17 at 4.45.31 PM (1)
Бүгінде мұнда әуежай салынып, теміржол байланысы орнатылды. Ақши ауылына апаратын 23 км жол төселді.
«Туристерге арнап жасалған жағдай нәтижесінде бір маусымда демалушылар саны 1,3 млн адамнан асады. Жыл сайын туристер саны артып келеді. Біз Алакөл жағалуын дамыту жұмыстарын жалғастыра береміз. Мен өткен аптада Прьемер-Министр Асқар Маминның қабылдауында болдым. Іскерлік кездесуде Алматы облысындағы бірқатар мәселелер айтылды. Оның ішінде Үшарал әуежайындағы ұшу-қону жолағын қалпына келтіру және тазарту құрылғылары бар кәріз жүйесін салу жобалары қолдау тапты. Сондай-ақ, өзге де бастамаларды жүзеге асыруға мүмкіндік туды»,- деп атап өтті Амандық Баталов.
Айта кету керек, Алматы облысында тау кластеріне де басымдық берілмек. Бұл мақсатта, Талғар және Еңбекшіқазақ аудандарына тау шаңғысы курорты салынбақ.

Related Articles

  • «Жұмыс істеуге мүмкіндік беріңдер»: Алматыда 300-ге жуық кәсіпкер қарсылық акциясын өткізді

    Алматыда 300-ге жуық кәсіпкер жұмыссыз қалуы мүмкін. Олар отыз жылдай тұрған базар жабылуы мүмкін деп қауіптенеді. Алматы қаласы әкімдігі саудагерлердің орнын жиһаз фабрикасын салу үшін басқа компанияға бере салған. Шешім осыдан екі жыл бұрын шығып қойған. Кәсіпкерлер барахолканың ортасынан зауыт салуға рұқсат берген әкімдіктің әрекетіне наразы. Олар ұзақ жыл кәсіппен айналысқан адамдардың мүддесі қорғалды деп санайды. Кәсіпкерлердің айтуынша, базардағы 1 гектар жерді “ТКМ” ЖШС ұзақ жылдар бойы жалға алып, жүздген адам сауда жасап келген. Кезекті жалға алу мерзімін жауапты мекемелер ұзартпай, «зираттың санитарлық қорғау аймағында орналасқанын” алға тартып, жұмыс істетуден бас тартқан. Жалға беру мерзімін ұзартпай тастаған. Есесіне әкімдік осы аумақтағы 1 гектар жерді Нұр-Сұлтан қаласында тіркелген “Алматы CPS” компаниясына

  • Равшан Золотой, Дикий Арман және өзбек қылмыс әлеміндегі дау

    Рон СИНОВИЦ Сироджиддин ТОЛИБОВ Оңнан солға: Гафур Рахимов, Арман Жұмагелдиев (“Дикий Арман”) және Равшан Мухиддинов (Равшан Золотой). Өзбекстанның белгілі криминалдық авторитеті әлеуметтік желіде әлемдегі ең ірі наркобарондардың бірі саналатын, халықаралық әуесқой бокс федерациясының басшысымен туыстық жауластығы туралы айтып берді. Дау арасында қазақстандық криминалдық авторитет Арман Жұмагелдиевтің де аты аталады. Жұмагелдиев Қазақстанда “Дикий Арман” деген лақап атымен танымал. 21 ақпанда Равшан “Золотой” (Алтын) Мухиддинов Instagram желісіне 12-минуттық видео жариялап, ағасы Гафур Рахимовпен болған жанжалдан кейін Стамбул қонақ үйінде 10 ер адамнан қорлық көріп, азапталғанын мәлімдеді. Халықаралық әуесқой бокс федерациясының (AIBA) басшысы болған Рахимов АҚШ-та халықаралық героин саудасына қатысы бар адамдардың тізіміне енген. 31 жастағы Мухиддинов видеода “Дубайдағы туысы” туралы әңгімелеп, Рахимовтың

  • Жол картасы: Алматы облысында 60 мыңнан астам жұмыс орны ашылды

    Алматы облысында былтыр 1051 жобаға 105 миллиард теңге бөлінген. Жоба Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» аясында атқарылған. Бағдарлама аясында 60 мыңнан астам жұмыс орны құрылды. Карантин кезеңінде жұмысынан босап қалған азаматтардың дені жұмыспен қамту орталықтары арқылы жұмысқа орналастырылған. «Бағдарламаның негізгі міндеттері: өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды, жұмыссыздарды және халықтың нысаналы топтарына кіретін азаматтарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларын орындау, кадрлық әлеуетті дамыту. Биыл біз бұл салаға көп көңіл бөлеміз»,- деп атап өтті Амандық Баталов. «Жұмыспен қамтудың жол картасы» аясында 18 миллиард теңгеге 216 ауылдың жолы жөнделді. Еңбеккерлер жұмыспен қамту орталықтары арқылы жұмысқа алынып, ең азы 85 мың теңге жалақы алып отырған. Осы бағдарлама арқылы жұмысқа орналасқан Фархат Мансапбековтың айтуынша,

  • Димаш — Қазақстан азаматы емес

    Димаш — Қазақстан азаматы емес Димаш — әлем азаматы. Жеті миллиард халыққа ортақ әнші. БҰҰ арнайы паспорт беру керек. Оған кез келген елге визасыз өте алатындай құжат берген жөн. Өйткені ол Алла берген даусымен жанымызды емдейді, келешекке үміт береді, өмірге деген құлшынысымызды оятады. Он сегіз мың ғаламның ішіндегі түйіршіктей жер шарына Тәңір бере салған. Біз “Тіл-сұқтан сақтасын!” деп Құдайға жалбарынып, әнін тыңдап қана отыруымыз керек. Aidos Juqanuly

  • Алатаудың бауырын мекендеген қырғыз ұлтына қатысымыз жоқ.

    “Әжем Рахиманың руы Әлімнің ішіндегі — Жақайым, оның ішінде – Быламық. Ол кісі бойжетіп, Жақайым руының ішіндегі Талпақ, Қырғыз руының жиені Төлеубай деген кісіге тұрмысқа шығады. Екеуі бірнеше бала сүйеді. Сөйтіп жүргенде отызыншы жылдардың аласапыраны басталады. Аштықтың кезінде Төлеубай атамыз өліп, әжеміз бала-шағасын аштан өліп қалмас үшін уақытша балалар үйіне өткізіп, аласапыран заманда олардан көз жазып қалады. Ауылда аман қалған үлкендер ақылдаса отырып, сүйенер тірегінен, бала-шағасынан тірідей айырылған қам көңіл Рахима әжемді Әлімге сіңген қырғыз руының ішіндегі Барақ, оның ішіндегі Тілеубайдан тарайтын, жұбайы қайтыс болған менің атам Айтбайға қосады. Жан-жақтағы ағайын-туыстың сүйемелдеуімен екі жарты бір бүтін болып, түтін түтетеді. Көп ұзамай өмірге менің әкем келеді. Анадай жағдайлардан кейін дүниеге келген

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: