|  |  |  | 

Көз қарас Саясат Суреттер сөйлейді

ҰҚШҰ әскерінің Қазақстанға келуінің салдары не болмақ?


Ресейлік әскерилердің Қазақстанға аттанған сәті. 6 қаңтар 2022 жыл.

Ресейлік әскерилердің Қазақстанға аттанған сәті. 6 қаңтар 2022 жыл.

Қазақстанның көптеген аймағында билікке қарсы наразылықта полиция адамдарға аса қатты қарсылып көрсетпеді, кейбір жерлерде полицейлердің наразыларға қосылғаны да айтылған еді. Осы тұста Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елде “шетте жаттығудан өткен террористік топтар” кезіп жүр деді. Осыны алға тартқан Тоқаев елде Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымынан (ҰҚШҰ) көмек сұрап, әскер шақырды. Ал ҰҚШҰ өз тарихында алғаш рет әскер жіберуге келісті. 

Жыл басында мұнайлы Жаңаөзен қаласының жұрты сұйытылған газ бағасы қымбаттағанына қарсы наразылыққа шықты. 5 қаңтарға таман елдің басқа қалаларында да халық орталық алаңға шығып, Қазақстанның авторитарлы билігінің ішкі саясатына қарсылық білдірді.

Қазақстан президенті Тоқаев наразылықтың ауқымы кеңейіп бара жатқанына алаңдап, тез арада газ бағасын түсіруді тапсырды, елдегі экономикалық мәселелерді шешу үшін арнайы комиссия құрды және үкіметті отставкаға жіберді.

Бірақ бұған қарамастан наразылық жалғаса берді. Осы тұста Тоқаев риторикасын өзгертіп, шабуылды “шетелде дайындықтан өткен террористік бандалар жасады” және “олардың Қазақстанға шабуылын агрессия актісі” деп мәлімдеді.

Тоқаев құрамына Ресей, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан кіретін ҰҚШҰ-дан көмек сұрады. Бұл ұйым 1992 жылы Мәскеудің бастамасымен құрылған. ҰҚШҰ бұған дейін басқа елге әскер жібермеген еді. Бірақ бұл жолы ҰҚШҰ Тоқаевтың өтінішін жерге қалдырмады. 6 қаңтарда ресейлік әскерилер Қазақстанға жетті. Басқа елдердің де әскерилері кейін келді.

ҰҚШҰ бұған дейін 2005, 2010, 2020 жылдары Қырғызстанда революция болғанда, 2010 жылы Қырғызстанның оңтүстігіндегі ұлтаралық қақтығысқа, 2020 жылы күзде Таулы Қарабақта Армения мен Әзербайжан арасындағы қақтығысқа араласпаған. 2021 жылы сәуірде Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасындағы қақтығысқа да әскер жібермеді. Бұл уақытта ҰҚШҰ әскери өкілдері Душанбеде кездесіп жатқан еді.

ҰҚШҰ жарғысының 7-бабында “ұйымға мүше елдің қауіпсіздігіне, тұрақтылығына, аумақтық тұтастығы мен тәуелсіздігіне қауіп төнгенде әскер жіберуге құқылы” деп жазылған.

Қазақстан мен Ресейдің шекарасы 7 мың шақырымды құрайды және Тоқаевтың “халықаралық террористік бандалар” деген мәлімдемесі ҰҚШҰ әскерін кіргізуге жеткілікті негіз болған сыңайлы. Бәлкім бұл қадам Тоқаевтың билігін сақтап қалуға көмектесер, бірақ Қазақстанға шетелдік әскердің кіргеніне көптеген қазақ қарсы. Бұған қоса, шетелдік әскерді Қазақстанға шақыру – Тоқаевтың репутациясына үлкен дақ.

Тоқаевтың ҰҚШҰ-дан көмек сұрауы сыртта да көп сыналды. АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі болған Уильям Кортни твиттерде “Қазақстан халқы коррупция жайлаған тиранияға қарсы көтеріліс болып жатқанын, мұның шетелдік террористік банда тарапынан агрессия емес екенін түсінеді” деп жазды.

Ол “ресейлік әскерилердің елге кіргеніне қазақстандықтар қаламайды, себебі олар тәуелсіздігін қадір тұтады. Әскердің келгені екі ел арасында отыз жылдан бері қалыптасқан достыққа сызат түсіруі мүкін” деп санайды.

Гарвард университетіндегі Дэвис орталығында (Ресейлік және еуразиялық зерттеу орталығы) жұмыс істейтін қазақ Наргиза Қасенова ҰҚШҰ-дан көмек сұрау “Тоқаевтың легитимдігін сақтауға мүмкіндігін құртатын нашар шешім” деп жазды.

Ал ресейлік RT телеарнасының басшысы Маргарита Симоньян твиттерде“Әрине, міндетті түрде көмектесу керек. Бірақ бірнеше шарт қою қажет. Қырымды мойындасын, кириллицаны қайтарсын, орыс тілін Қырғызстандағыдай екінші мемлекеттік тіл деп жарияласын” деп жазды.

Ал Қырғызстанда ҰҚШҰ аясында Қазақстанға әскер жіберу үлкен дауға түрткі болды. Парламент алдында солдаттарды Қазақстанға жібермеуді талап еткен наразылық та болды. Бірақ 7 қаңтарда парламент Қазақстанға әскер жіберуге шешім қабылдады.

Саясаттанушы Аида Алымбаев Тоқаевтың бастамасы “Орталық Азияның авторитарлы лидерлеріне прецедент болмады” деп санайды.

Ресей Қазақстанға 2500 әскери, Беларусь – 500, Тәжікстан – 200, Армения – 70, Қырғызстанстан – 150 солдат жіберді.

Қазақстан және Ресей билігі ҰҚШҰ әскерилері стратегиялық нысандарды қорғайтынын, “антитеррористік операцияға” қатыспайтынын хабарлады. Ал қазақстандықтардың көбі елге шетел әскерін кіргізуді тәуелсіздіктен айырылу және Тоқаевтың әлсіздігі деп бағалады. Жұрт алда Кремль бұл “көмегі” үшін ақы сұрауы мүмкін деп қауіптенеді.

Related Articles

  • АҚШ Иранның Харк аралын басып ала ма? 

    АҚШ Иранның Харк аралын басып ала ма? 

    Киан ШАРИФИ Иран ислам республикасына тиесілі Харк аралы. Америка мен Израильдің Иранға әуе шабуылдары жалғасып жатқан тұста АҚШ-тағы саяси ортада ислам республикасына тиесілі Харк аралын басып алу идеясы талқылана бастады. Сарапшылардың айтуынша, Вашингтон Ирандағы мұнай экспортының негізгі ошағы саналатын Харк аралын нысанаға алуы әбден мүмкін. Бұл санкциялар құрсауындағы Иран экономикасын құлатпай ұстап тұрған басты табыс көзін жауып тастауы ықтимал. Алайда Иран мұнай экспортының 90 пайызын қамтамасыз ететін Парсы шығанағындағы шағын аралды басып алса, бұл АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы соғысын тіпті ушықтырып жіберуі мүмкін. Мұның өзі де Иран экономикасын толық құрдымға жібере алмайды дейді сарапшылар. 7 наурызда Axios басылымы АҚШ әкімшілігі Харк аралын басып алу мүмкіндігін талқылағанын хабарлады . Иран бұл аралға

  • Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Zhalgas Yertay Орыс тілінің мәртебесін еш төмендетпедік, оның бәрі күңкіл сөз деген екен. Қазақ тілінің де мәртебесі төмендеді деп байбалам салмаңдар деп ұрсыпты. Алдымен жауабы жоқ сұрақтардан бастайық. Тоқаев мырза, егер ештеңе өзгермесе, онда “тең” сөзінің “қатарға” ауысуы жай көз алдау әрекеті ме? Қоғамдағы градусты басуға талпыныс қана ма? Қазіргі мемлекеттік бюрократиялық аппараттың статус-квоны сақтап қалуға тырысуы деп бағаласа бола ма? Енді Тоқаев мырзаның әр сөзіне тоқталсақ.“Жаңа Конституция мәтінінің ресми құжат ретінде қазақ және орыс тілдерінде жариялануы көп нәрсені аңғартпай ма? Бұл жерде түсініктеме беріп, ақталудың өзі артық”Иә, қазіргі қазақ тілінің проблемасы да сол – қазақ тілі мен орыс тілінің құқықтық теңдігі мемлекеттік тілді кемсітіп тұр. Өйткені бюрократия құжаттарды орысша әзірлеп, кейін

  • Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Бұған нақты жауап – жоқ, бұл шешімнен ешбір тілдің, соның ішінде, орыс тілінің де құқы шектелмейді. Неге? Өйткені конституциядағы мемлекеттік тіл мәртебесі биліктің жұмыс тілін ғана реттейді. Ол норманың қарапайым адамдардың қатынас тіліне қатысы жоқ. Яғни, мемлекеттік тіл – мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару ұйымдары жұмыс істейтін тіл деген сөз. Бұл шешім орысша сөйлейтіндердің құқығын шектемейді, орысша сөйлеуге тыйым салмайды. Қарапайым адамдар үйінде, қоғамдық орындарда, бизнесте, медиа мен мәдениет ошақтарында қалаған тілінде сөйлей де, жұмыс істей де алады. Бұған конституцияның басқа баптары нақты кепіл болып отыр. Ал жаңа конституцияда 9-баптың 2-тармағы қазіргі күйінде қалса, бұл – қазақ тілінің құқығын шектейді. Себебі мемлекеттік органдар құжаттарды өздері үйренгендей алдымен орысша жазып,

  • Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Zhalgas Yertay Конституциядан орыс тілін алып тастасақ, Ресей бізге соғыс аша ма? Билік осылай қорқыта бастады. Бірақ ол сұраққа қысқа жауап – жоқ. Себебі, Ресейге қарсы Әзірбайжан да, Армения да неше түрлі әрекетке барды, барып та жатыр, бірақ оларға қазір соғыс қаупі төніп тұрған жоқ. Бұл әдісті саяси манипуляция дейді, шын мәнінде, бұны қазіргі статус-кво жағдайын сақтап қалғысы келетін жүйенің асығыс ойлап тапқан аргументі деуге болады. Ойлап көріңізші, Ресейге біздің мемлекеттік органдар қай тілде іс-қағаз жүргізетіні емес, лоял болғанымыз керек. Ендеше, Ресей біздің лоялдығымызды сақтап қалғысы келсе, конституциядағы тіл мәселесіне қарсы болмауы керек. Себебі бұл ішкі тұрақтылық мәселесі. Дені сау елдің билігі өз көршісіне осындай қарсы аргумент айтар еді. Енді

  • «Мағынасыз жұмыстан шаршадым»: қазіргі Конституцияның авторы мәлімдеме жасады

    «Мағынасыз жұмыстан шаршадым»: қазіргі Конституцияның авторы мәлімдеме жасады

    Қазіргі Ата заңның авторларының бірі, академик Майдан Сүлейменов Конституция реформасын сынады. Ол заңның мәтінін шағын бір топ әлдеқашан жазып қойғанын, ал комиссия жай ғана мақұлдайтынын айтады. Оның сөзінше, ғалымдар мен сарапшылардың ұсыныстары ескерілмейді. Бұл туралы академик Facebook-те жазды: Кейінгі кезде менен Конституцияны талқылап жатқанда, неге үнсіз қалғанымды жиі сұрап жатыр. Қысқа қайырсам: мағынасыз жұмыстан шаршадым. Иә, мен қазіргі Конституцияның авторларының бірімін. Талқылау кезінде екі мәселе үшін күрестім: Конституциялық сотты сақтау және Парламенттің өкілеттігін шектемеу. Бірақ екеуі де қабылданбады. Соған қарамастан, мен бұл Конституциядан ұялмаймын. Мен Назарбаев пен оның отбасының жеке билігін нығайтуға бағытталған кейінгі түзетулерден ұяламын. Назарбаевтың кезінде-ақ осы масқара түзетулердің барлығын талдап, Конституцияны жетілдіру бойынша бірқатар ұсыныстар енгізу туралы

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: