|  |  |  | 

Жаңалықтар Көз қарас Саясат

“Тоқаевтың маңына Назарбаевтың пропагандистері мен бұлбұлдары топтасты”


Қасым-Жомарт Тоқаев

Қасым-Жомарт Тоқаев
“Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың саяси құрылымдағы және бизнестегі кейбір адамдары “жартылай транзит” аяқтап әрі билікке ықпалын күшейтіп жатқан Тоқаев жаққа өтті” деп санайды қазақстандық саясаттанушы Досым Сәтпаев. Тоқаевтың парламенттегі сөзінен кейін Азаттық сарапшымен сөйлесіп, елдегі өзгерістерді талқылады. 

АзаттықПарламенттегі жиында Тоқаев тағы да Қазақстанға қарсы қандай да бір “күштер” ұйымдастырған “террористік соғыс” туралы айтты. “Жау қатыгездікпен кез келген әрекетке баруға дайын екенін көрсетті” деді ол. Тоқаев сөзінде атамаған “жау” кім?

Досым Сатпаев: Біраз адам бұл мәлімдемеден нақтылық күтті. Тым болмаса адамдардың атын атайды деп ойлады. Қазір сахна сыртында әлдебір келіссөздер жүріп жатқан сияқты. Бәлкім, күдікке ілінгендермен келіссөз жүріп жатуы да мүмкін. Айтылмаған жайт көп. Олигархтар, қаржылық-шаруашылық топтар туралы сөздер айтылды. Жайтты білетіндер кімдер туралы сөз болғанын түсінді. Бір жағынан нақты есімдер аталмады.

Азаттық: Тоқаев өз сөзінде Назарбаев жайлы бір рет айтып, бірінші президенттің “арқасында” елде “өте табысты компаниялар мен халықаралық деңгейдегі бай адамдардың тобы пайда болды” деді. Бұл сөз нені білдіреді?

Досым Сәтпаев: Қазір Тоқаев Путиннің жолымен жүруге тырысып жатыр. Путин билікті берген Ельцинге не істеп еді? Ол Ельциннің олигархтарын өз жағына тартып, соққы жасай бастады. Кейін олигархтардың бір бөлігі түрмеге қамалды, бір бөлігі елден кетті, үшінші бөлігі Путин жаққа өтіп, соның командасына қосылды.

Қазақстанда да сондай болады деп ойлаймын. Бір кездері Назарбаевтың маңайында шоғырланған саяси және бизнес элита Тоқаевтың командасына қосылар. Бірінші президентке қызмет еткендердің көбі Тоқаевтың маңына барса айтарлықтай саяси өзгеріс болмайды. Экономикада өзгеріс болар, бірақ саяси сала өзгермей қалуы мүмкін. Тоқаев 30 жыл бойғы жүйені шынымен өзгерткісі келсе осы салада жұмысты күшейтуі керек.

Назарбаев тұсында байығандар, “террористер” және кезекті аста-төк уәде

Азаттық: Тоқаев экс-президенттің қызына тиесілі утилизация алымы компаниясының жұмысын тоқтатуды, Назарбаев отбасының мүдделері бар кедендегі “былықты” реттеуді тапсырды. Ол тау-кен және мұнай саласын да айтып қалды…

Досым Сәтпаев: Бұл бизнес-құрылымға бірінші президенттің қатысы бар. Елден сыртқа шығатын қаржыны тоқтату туралы мәлімдемесі де осы адамдарға қарата айтылса керек. Мұның бәрі кейінгі оқиғалардан соң басталып, [ҰҚК төрағасы] Кәрім Мәсімовтің ұсталуынан кейін жеделдеді.

АзаттықТоқаев “байлар байлығымен бөліссін” дегенді меңзеді. Енді байлардың тағдыры не болады? Меншікті қайтару яки элита арасында қаржыны қайта бөлісу жүріп жатыр ма?

Досым Сәтпаев: Меншікті қайтару Тоқаевқа тиімсіз. Ол жақсы инвестициялық климатты сақтауға мүдделі екенін айтты. Шетелдік инвесторлар меншікті қайтарудан қатты қорқады. Қазір инвестиция тарту жағынан елдің басты қарсыласы Өзбекстан екенін ұмытпау керек. Қазақстанда меншікті қайтару басталса, бұл елге ақша салғысы келетін инвесторларды үркітеді.

Меніңше, бұл жерде екі нұсқа бар: қарсылас деп санайтын олигархтарды қатты қысып, басқаларымен келіседі. Екінші нұсқа, оларды белсенді түрде қолданады.

Орталық Азияда мұндай әдіс қолданылды, яғни бұрынғы басшылармен жұмыс істегендердің капиталын алып алды. Қырғызстан президенті Садыр Жапаров қызық әдіс қолданды. Ол саяси және бизнес элитаның көбін Құмтөр алтын кеніші айналасындағы жемқорлық үшін айыптады. Кейбірін түрмеге отырғызды. Кейін олармен келіссөз жүргізіп, олар ақшаларын аударды да, босап шықты.

Олигархтармен жұмыс істеудің түрлі әдісі бар. Басқаларға сабақ болу үшін кейбіреуін қамап қояды, “ешкім жазасыз қалмайды” дегендей ишара танытады. Билікке мойынсұнатын, яғни Тоқаев айтқан жобаларға капиталын қосуға ниеті барларын қалдырады (ол бұл қор мемлекеттік болмайды, белгілі бір ресурстар есебінен өмір сүреді деді ғой). Меніңше дәл осы қорды олигарх топтар қаржыландырады, себебі оларды бұған мәжбүрлейді. Меніңше, бұл “Путиннің вариантына” келеді.

Тоқаев ескертусіз оқ атуға бұйрық берді. Елдегі 7 қаңтардағы ахуал

Азаттық: Өткен аптада Азаттыққа берген сұхбатыңызда Тоқаевты “жартылай президент” деп атап едіңіз. Енді ол туралы осылай айтуға келе ме?

Досым Сәтпаев: Қазір “жартылай транзиттің” аяқталғанын көріп отырмыз. Бұл дағдарыс Тоқаевқа билікті нығайтуға мүмкіндік берді, өткен жылдың соңында оның қолында мұндай билік болмаған. Былтыр оған “Нұр Отан” партиясы төрағасының орнын берді, ал биыл тағы бір маңызды қызмет – Қауіпсіздік кеңесі төрағасына басшылықты қолына алды. Назарбаев саясат сахнасынан кеткенде жартылай транзит дәуірі аяқталады деп бұрыннан айтып жүрміз. Бұл жағдай Тоқаевқа номенклатура ішінде және бүгінгі сөзі арқылы қоғам арасында позициясын нығайтуға мүмкіндік берді. Бүгінгі сөзінде әлеуметтік-экономикалық мәселеге ерекше көп назар аударылды.

Азаттық: Иә, Тоқаев әлеуметтік саясат туралы көп айтты. Үкіметке “халықтың табысын арттыру бағдарламасын әзірлеуге”, инфляцияны ауыздықтап, жұмыссыздықты азайтуға тапсырма берді. Тәртіпсіздік елдегі теңсіздікті ашық көрсетті дегені популизмге ұқсап кетті…

Досым Сәтпаев: Әрине. Менің ойымша, бұл – қазір Тоқаевтың айналасында жүргізіліп жатқан саяси-технологиялық жұмыстың бір бөлігі, сондықтан ол мұндай мәлімдемелермен қоғамның бір бөлігін өзіне тартады.

Оның сөзінің нақтылау көрінген негізгі бөлігіне қарайтын болсақ, онда бірінші президентпен байланысы бар делінетін жекелеген қаржы-өнеркәсіптік топтардың қаржылық қызметін бақылауға байланысты сұрақтар бар. Қазір меншікті қайта бөлісу басталып жатқаны байқалады. Бұл әдетте бір адамның күші азайып, екіншісі күшейген кезде болады. Бұл Орталық Азияның көп еліне тән. Өзбекстанға қараңыз: Ислам Каримовты мақтағандар енді Шавқат Мирзиеевті солай мадақтап жатыр. Түркіменстанда [бірінші президент Сапармұрат] Ниязов қайтыс болғаннан кейін Гурбангулы Бердімұхамедовтың жеке басына табыну қалыптасты. Қазірдің өзінде осындай алғышарттарды көріп отырмыз. Бұған қалай жол бермейміз? Қазақстан бифуркация нүктесі деп аталатын жағдайда тұр.

Алдымызда бірнеше жол тұр. Әр дағдарыс өзгеріске жол ашады, бұл – классика. Бұл мүмкіндікті пайдаланбаса, қазір алаңды олигархтар мен тиімсіз мемлекеттік аппараттан, биліктің барлық деңгейіндегі саботаж жасаушылардан тазаламаса, азаматтық қоғаммен жұмысты бастамаса, саяси жүйені өзгертпесе (ірі наразылықты болдырмаудың жолы сол ғана, себебі наразылықты заңды түрде шығарудың жолы бар болса, әлеуметтік пар жиналып қалмайды), “30 жыл босқа өтіпті, барлығын жаңадан бастаймыз” демесе, елді жоғалтып аламыз. Екінші жол – бар күшімен жүйенің қаңқасын сақтап қалу, мардымсыз өзгеріс жасап, барлығын мүлікті бөлісумен шектеу, бір олигархты екіншісімен алмастыру. Бұл бір орында кібіртіктеу болады.

Азаттық: Қазіргі билік түбегейлі өзгеріске бара ала ма? Амбицияшыл мақсаттар қойылды, ал мемлекеттік аппарат – баяғы.

Досым Сәтпаев: Түбегейлі өзгеріс туралы қандай да бір салмақты бастама естімедім. Бұрын өзі айтып жүргендерді қайталау болды. Реформалар пакеті… Мәселен, [былтырғы сайлау мен реформалар туралы мәлімделерден соң] парламент те сол бұрынғы парламент болды. Кеше ғана Назарбаевты мақтап отырған депутаттар бүгін дәл солай Тоқаевты мадақтап отыр. Тоқаевтың маңына кезінде Назарбаевқа мадақ айтып жүрген оның пропагандистері мен бұлбұлдары топтасты, енді олар екінші президентке де солай мадақ айта бастады. Бұл алаңдатады. Бесенеден белгілі қағидат: патшаны жасайтын – оның айналасы. Кадрларды түбірімен қайта жасақтап, билікке жаңа адамдарды әкелмейінше (оны жаңа әлеуметтік лифтілер мен әділ де таза сайлаусыз жүзеге асыру мүмкін емес), онда салмақты саяси өзгеріс күту бекер.

Тоқаев демократиялық өзгерістер тез жүргенін қалайтын саясаткерге ұқсамайды

Азаттық: Тоқаевтың алдында қандай сын-қатер тұр? Ол қазір не істеуі керек?

Досым Сәтпаев: Ол қазір дәл Назарбаев айтқанды айтып, шикізаттық емес экспортты ұлғайтамын, халықтың әл-ауқатын жақсартамын деп отыр. Бірақ ол 30 жылда барлық салада құрдымға кеткенімізді ресми түрде мойындаса, онда бір-екі жылда жағдайды түзеп аламыз деп үміттену ақымақтық болар еді. Тіпті Тоқаев әзірге саясатқа тиіспей, үлкен саяси реформаларды бастайды деген күннің өзінде экономикалық жүйені өзгерту үшін 10-20 жыл керек болады. Мұны [Грузияның бұрынғы президенті Михаил] Саакашвилидің мысалымен жылдамдатсақ, онда бір, бір жарым жыл ішінде жасауға болады. Бірақ ол үшін билікте Саакашвили болуы керек. Екіншіден, мемлекеттік аппаратты 90 пайызға өзгерту қажет. Үшіншіден, елге жұмыс істейтін, жемқорлыққа батпаған жас технократтардан жаңа элита қалыптастыру керек, ал бұл үшін саяси ерік-жігер қажет болады. Бұған қоса Саакашвили билікке революциядан соң келгенін, оған билікті мұрагерлікпен қалдырмағанын есте ұстаған жөн.

Меніңше, ең маңыздысы – біз жолғалтып алған ұрпақты не істейміз деген сұрақ. Бүлік пен тонауға қатысқан жастарды не істейміз? Алматыда бұл негізінен шет жақтардан келген азаматтар болды. Оларды қайта оқытып, бірдеңе істеу керек. Бұл мәселені шешпесе, ертең басқа жерде тағы “жарылады”.

Азаттық радиолы

Related Articles

  • Қазақ этногенезінің дағдарысы һам жаңа концепция

    Қазақ этногенезінің дағдарысы һам жаңа концепция

    Арма ағайын! Шағын сараптама Бірінші, қазақ этногенезінің дағдарысы келе жатыр. Дағдарысқа қарсы қазақ этногенезінің жаңа концепциясының жасалмауы алаңдатады. Біз қазір 18 ғасырлардағы қазақ хан-сұлтандары қабылдаған этногенездік концепциясымен әлі өмір сүріп келе жатырмыз. Одан кейінгі үш ғасырда колонизациялық кіріптарлық этногенездік жаңа концепцияны қабылдауға һәм трансформациялауға мұрсат бермеді. Қолданыстағы қазақ шежіресін ашып қараңыз, рулар шежіресінің концепциясы 18 ғасырларда қабылданған мизамға сәйкес келеді. Тіпті шежіредегі аталық рулар сол ғасырдағы қандайда бір тарихи тұлғадан (батырдан) бастау алады немесе шежіредегі аты аталатын рулар 18- ғасырға барып тоқтайды, ары қарай үзік-үзік. Бұл 18- ғасырдағы жаугершілік заманның талабына сай сұрыпталған қазақ этногенезінің көрінісі еді. Яғни қазақ шежіресінің концепциясы қазақ этногенезінің моделін қалыптады. Екінші, саяси және мәдени шешімдердің

  • Саяси қуғын-сүргінге ұшыраған арғы беттің көрнекі тұлғалары мен зиялы қауым өкілдері

    Саяси қуғын-сүргінге ұшыраған арғы беттің көрнекі тұлғалары мен зиялы қауым өкілдері

    Арма әлеумет! 31 мамыр саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні. Осыған байланысты іргелес елдерде соның ішінде Шығыс Түркістан өңірінде өмір сүріп жатқан Шыңжаң қазақтарының саяси, әлеуметтік һәм мәдени тарихын танып біліп жүргеніміз артық болмас. Алдымен суреттерге түсініктеме: Бірінші сурет: Шыңжаң өлкесінде 1934-44 жылдары өлке губернаторы болған Шэн Шицайдың (盛世才) бейнесі. Екінші сурет: Тайвань Тайпэйдегі Шэн Шицайдың мазары. 2024 жылы арнайы іздеп тауып басына барғандағы естелік. Ол туралы естелікті кейін оқисыздар. Үшінші сурет: Шыңжаң өлкесі Құмыл аймағының аймақ губернаторы болған Жолбарыс Бег-тің мазары. Тайвань Тайпэй қаласындағы мұсылмандар зиратында жерленген. 2024 жылы арнайы іздеп тауып басына барып қайттым. Төртінші сурет: 1944 жылы ұлт-азаттық көтерілісшілері Құлжа қаласын азат қылған соң қала

  • ҒАЛЫМ БОҚАШ. «Өзіне ар тұтқан, жаттан зар тұтады!»

    ҒАЛЫМ БОҚАШ. «Өзіне ар тұтқан, жаттан зар тұтады!»

    Екі мыңыншы жылдардың басында қазақ руханиятында ерекше басылымдар болды. Атап айтсақ, Атырау шәрінде шыққан «Алтын Орда» газеті болса, одан кейінгісі Алматы қаласында шығып тұрған «Жас қазақ», сондай-ақ «Шетел Әдебиеті» сынды газеттер еді. «Алтын Орда» газетіне Мейірхан Ақдәулетұлы, ал қалған екеуіне Талғат Ешен мен Ардақ Нұрғазы іспетті қазақтың интеллектуал азаматтары бас редактор болған еді. Бәрі  де есімдері елге мәлім, ғажайып ақындар. Бәз біреулердің: «Журналист болмаса, ақын ешқашан жарытып газет шығара алмайды», – деген сыпсың сөздерінің ауызына құм құйып, әлгі әпербақан түсініктің аяғын көктен келтірген де осы талантты қаламгерлер болды.  «Әдебиет порталы» «УАҚЫТ ПЕН КЕҢІСТІК…» айдарымен  тек аталған осы басылымдар ғана емес, жаңа ғасырдың басында қазақ баспасөзінде жарық көрген небір жілікті жазбалар мен танымдық

  • Наурыз мерекесі құрметіне Панфилов көшесіндегі Сахнада «Ән қанатындағы Наурыз» атты дәстүрлі өнерде жүрген жас орындаушылардың ән кеші өтті.

    Наурыз мерекесі құрметіне Панфилов көшесіндегі Сахнада «Ән қанатындағы Наурыз» атты дәстүрлі өнерде жүрген жас орындаушылардың ән кеші өтті.

    Бүгін Алматы қаласы әкімдігі Мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен Панфилов көшесі бойындағы сахнада Наурыз мерекесіне арналған «Ән қанатындағы Наурыз» атты жас орындаушылардың дәстүрлі ән кеші жоғары деңгейде өтті. Алматы қаласы ХХ ғасырдың 30-жылдарынан бастап ұлт мәдениетінің ұйытқысы, ордасы қызметін атқарып келеді. Дәстүрлі өнердің ірі өкілдері, зерттеушілері осы қалада тұрып, еңбек етті. Қазір де профессионалдық типтегі дәстүрлі музыканың ең ірі ошағы – Алматы. Мұнда этномузыканың белгілі қайраткерлері, дәстүрлі домбырашы, қобызшы, сыбызғышы, әнші-термешілер әзірлейтін арнаулы орта және жоғары оқу орындары, өнер ұжымдары шоғырланған. Қазақ көне музыка аспаптарының жер бетіндегі жалғыз музейі мен еліміздегі жалғыз дәстүрлі өнер театры да осында. Соңғы уақыттары Алматы қаласында дәстүрлі өнерді насихаттап жүрген жас өнерпаздардың арнайы ән кеші өтпеп еді.

  • АҚШ Иранның Харк аралын басып ала ма? 

    АҚШ Иранның Харк аралын басып ала ма? 

    Киан ШАРИФИ Иран ислам республикасына тиесілі Харк аралы. Америка мен Израильдің Иранға әуе шабуылдары жалғасып жатқан тұста АҚШ-тағы саяси ортада ислам республикасына тиесілі Харк аралын басып алу идеясы талқылана бастады. Сарапшылардың айтуынша, Вашингтон Ирандағы мұнай экспортының негізгі ошағы саналатын Харк аралын нысанаға алуы әбден мүмкін. Бұл санкциялар құрсауындағы Иран экономикасын құлатпай ұстап тұрған басты табыс көзін жауып тастауы ықтимал. Алайда Иран мұнай экспортының 90 пайызын қамтамасыз ететін Парсы шығанағындағы шағын аралды басып алса, бұл АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы соғысын тіпті ушықтырып жіберуі мүмкін. Мұның өзі де Иран экономикасын толық құрдымға жібере алмайды дейді сарапшылар. 7 наурызда Axios басылымы АҚШ әкімшілігі Харк аралын басып алу мүмкіндігін талқылағанын хабарлады . Иран бұл аралға

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: