|  | 

Жаңалықтар

Тоқаев қорғаныс министрін ауыстырды


Ақорда.

Ақорда.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Руслан Жақсылықовты қорғаныс министрі етіп тағайындады. Арнайы жарлық сәрсенбі күні Ақорда сайтында жарияланды.

Бұған дейін Жақсылықов ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның бас қолбасшысы қызметін атқарған. Оның орнына Еркін Ботақанов тағайындалды.

2021 жылы тамызда Жамбылдағы әскери қоймадағы жарылыстан кейін қорғаныс министрі болып тағайындалған Мұрат Бектанов қызметінен босатылған. Оның қандай қызметке тағайындалатыны әзірге айтылмайды.

Сонымен қатар

Билік ҰҚШҰ әскері ел аумағынан толық әкетілгенін хабарлады

Қаңтар оқиғасына байланысты елге енгізілген Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының әскері Қазақстан аумағынан толық әкетілді. Қорғаныс министрлігінің халықаралық ынтымақтастық департаментінің бастығы Олжас Құсайынов сәрсенбі күнгі брифинг кезінде осылай деп мәлімдеді.

– Қазақстан Республикасының аумағында шет мемлекеттердің әскери қызметшілері жоқ, – деді департамент жетекшісі.

Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің еуразиялық интеграция департаментінің директоры Александр Синяговский “бітігершілік миссия терроризмге қарсы операцияға бағытталған қазақстандық күштер мен құралдардың едәуір бөлігін босатуға мүмкіндік берді” деп атап өтті.

Министрліктің мәліметінше, елге 6 қаңтардан бастап 2 мыңнан астам адам және 250 техника жеткізілген.

Азат Еуропа / Азаттық радиосы 

Related Articles

  • Самат Әбіш тергеу орбитасында

    ҰҚК төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары Самат Әбіш тергеу орбитасында. Бұл туралы ҰҚК төрағасының орынбасары Асқар Амерханов мәлімдеді. “Самат Әбіш те тергеу орбитасында. Ол куәлік береді, оның мәртебесін білмеймін. Ол Қазақстанда. Мен оны өзім көрмедім. Менің ойымша, тергеу жүріп жатыр, ол осында болуы тиіс”, – деді Амерханов. Ол тергеу жалғасып жатқанын және оның анық-қанығы жарияланбайтынын айтты. “Білесіздер, (қазір тергеуде – еск.) бұрынғы төраға, оның үш орынбасары және тағы төрт аумақтық департамент басшысы – Қызылорда және Алматы обылыстары, Алматы бойынша және төртіншісі – бесінші департаменттің бұрынғы басшысы”, – деп түсіндірді Амерханов. ҰҚК бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімов пен оның бірінші орынбасары Самат Әбіш қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде жұмыста болған. Бұл туралы ҰҚК төрағасының орынбасары

  • Тоқаев Украина Президенті Зеленскиймен телефон арқылы сөйлесті

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Украина Президенті Владимир Зеленскиймен телефон арқылы сөйлесті Украина тарапының бастамасымен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Владимир Зеленскиймен телефон арқылы сөйлесті. Тараптар Украина төңірегіндегі ахуал бойынша пікір алмасты. Қасым-Жомарт Тоқаев Украинадағы әскери іс-қимылдарды тоқтату және одан әрі болдырмау үшін келіссөздер барысында уағдаластыққа қол жеткізудің маңызды екенін айтты. Мемлекеттер басшылары екі елдің гуманитарлық саладағы ынтымақтастығын одан әрі дамытуға келісті.

  • Еуропа Одағы Президенттің саяси реформаларын толық қолдайды

    Мемлекет басшысы Еуропа Одағының Орталық Азия жөніндегі арнаулы өкілі Тери Хакаланы қабылдады-деп хабарлады Ақорда баспасөз өызметі. Мемлекет басшысы Қазақстанның Еуропа Одағымен арадағы стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға баса мән беретінін атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропалық Кеңестің Президенті Шарль Мишельге 10 қаңтардағы бейнебайланыс режимінде өткен кездесу барысында елімізді қолдап сөйлегені және ынтымақтастықты нығайтуға нық сенім білдіргені үшін ризашылығын айтып, сәлемін жолдады. Қасым-Жомарт Тоқаев Тери Хакаланың өтініші бойынша «қасіретті қаңтар» оқиғасы жөнінде айтып берді. Сондай-ақ Бас прокуратураға болған оқиғаға қатысты тергеу жұмыстарын ашық әрі әділ жүргізу жөнінде тапсырма берілгенін мәлімдеді. Мемлекет басшысы адам құқықтары мен бостандығының сақталуы еліміздегі барлық билік тармағы үшін басымдық саналатынына назар аударды. Қазақстан Президенті саяси жүйені одан әрі

  • Бұл таза сатқындық – ҰҚК экс-басшысы Нартай Дүтбаев Кәрім Мәсімовтің ісі бойынша

    Скриншот 2001-2006 жылдар аралығында ҰҚК-нің басшысы болған Нартай Дүтбаев Кәрім Мәсімовке қатысты қозғалған қылмыстық іс бойынша түсініктеме берді, деп хабарлады  orda.kz. Дүтбаев Мәсімовтің «өте сақ» екенін атап өтті. «Премьер-министр болған кезде де ол тез қабылдайтын шешімдер мен шараларды, ұзақ жәшікке салып, бәрінің тынышталуын күтетін. Онымен жұмыс істегендердің бәрі оны жақсы біледі. Ал мұны маған түсіну қиын» деді Дүтбаев Orda.kz редакторына.   Дегенмен, тағы бір факт бар. Дүтбаевтың айтуынша, 4 қаңтарда ҰҚК облыстық департаменттерге жағдайға араласпау және тек бақылау жасау туралы бұйрық жібергені туралы ақпарат сенімді. «5-і күні түс кезінде барлығына келесі ескертуге дейін үйлеріне қайтсын деген бұйрық түсті. Істерді өртеп, бәрін құртып, нысандарды жапты. Бұл таза сатқындық. Өйткені, Ішкі істер министрлігінде,

  • Өткенде Форбсқа кіргісі келіп еді, енді біреу шыққысы келіп жүр..

    Өткенде Форбсқа кіргісі келіп еді, енді біреу шыққысы келіп жүр.. Шынымен, кеше Президентпен кезектен тыс “кездесу” өтті, дәлірек айтқанда жаңа форматтағы ДИАЛОГ және керемет! Шикізат бизнесімен айналыспайтын және құбырға, субсидияға отырмайтын біз үшін кездесу ұнады, атап айтқанда мынадай тармақтар: – Бизнеске сәйкес саяси реформалар бағдарламасы – Мемлекеттік. сектор экономиканың бір бөлігі ғана, мемлекеттің экономикаға қатысуы төмендеуі болады – Елдің дамуы бизнеске байланысты – Салықтың адалдығы, (айтпақшы, бұл бизнестің патриотизмі, бұл туралы кейінірек жазамын) – Білім беру реформасы және жас техниктер – Реформа дегеніміз – алып кету емес, бизнес пен елді бірге дамыту. Қайталап айтамын – БІРГЕ ! (Елбасы сөзі) – Отандық кәсіпкерлер кеңесі. – Ақырында, «кедергі» бизнесті мемлекетке қарсы қылмыс

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: