|  | 

Шоу-бизнис

Реформа 2023. Іскерлік белсенділік көрсеткішіне жан біте бастады

329591423_736604731121037_5886455519550917367_nАйбар Олжаев
“Қаңтар оқиғасынан” кейін қолға алынған демонополизация өз жемісін бере бастады деуге болады. Былтыр 8 ай бойы құлдырап келе жатқан іскерлік белсендік көрсеткіші өткен айдың 2023 жылғы қаңтарда өсу аймағына өтіп, 50,7 пункт көрсетті.
Қуантарлығы, іскерлік белсендік көрсеткіші әсіресе өндіріс саласында өсіп отыр. Оның индексі 52,1-ге жетті. Бизнес-ахуал индексі де жақсарды. Көрсеткіш барлық секторда ұлғайды.
Бұл нені білдіреді? Бизнесте оптимизм пайда болды. Яғни, рейдерліктен қорқып, инвестиция салмау дәуірі аяқталып келе жатыр. Бизнес ертеңіне, заңдардың әділеттілігіне сенсе, ол уақытша эффектке емес, болашаққа жұмыс істейтін болады.
Сауалнамаға қатысқан кәсіпорындардың бағалауы бойынша, бизнес жүргізудің қазіргі жай-күйі мейілінше қолайлы бола бастады. Олардың күтулері де жақсарды.
Сонда 2023 жылдың басында бүгінгі және болашақ бизнес-жағдайлардың орташа бағасын көрсететін бизнес-ахуал индексі 11,9-ға дейін едәуір көтерілді.
Бұл құбылысты “Әділетті Қазақстан” эффектісі деп бағалауға болады. Жалпы, шын реформалар жасалып, заңдар дұрысталып, және олар жұмыс істей бастаса Қазақстанда бәрі жақсы болатыны қазірден ақ көрініп тұр. Осы жолда тек тоқтап қалмау керек.

Related Articles

  • Ninety One тобы ЮНИСЕФ-тің ізгі ниет елшілері атанды

    Азаттық радиосы Ninety One тобының мүшелері мен ЮНИСЕФ өкілдері баспасөз мәслихатында. Алматы, 16 мамыр, 2023 жыл. Q-pop жанрында ән салатын Ninety One тобы БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) Қазақстандағы ізгі ниет елшілері атанды. Бүгін, 16 мамырда Алматыда өткен баспасөз мәслихатында ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы өкілі Артур ван Дизен топ мүшелеріне осындай сертификат тапсырды. Топ мүшелері қормен бірге балалар құқығын қорғауға күш салмақ. – Ninety One тобы ұсынысымызды қабыл алғаны – біз үшін үлкен мәртебе. Қазақстандағы балалардың ең өзекті мәселелеріне назар аудартуда топтың таланты мен танымалдығы өте маңызды рөл атқарады. Қазір бірлескен маңызды іс-шара бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Жақында Ninety One тобын UNICEF Talks-та (жастар конференциясы – ред.) көретін боласыздар, – деді ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы өкілі

  • Соғысқа “Леопард” араласпақ. Немістің бұл танкісі несімен мықты?

    The Associated Press Reuters агенттігі Немістің “Леопард 2″ (Leopard 2) танкісі. Германия билігі Украинаға “Леопард 2″ (Leopard 2) танкісін беруге және басқа елдерге де бұл танкіні Украинаға жеткізуге рұқсат берді. Бұл танкіні Украина билігі Германиядан бұрыннан сұрап келген еді.Бірақ Берлин “Леопард” танкісін Киевке ұзақ уақыт бергісі келмеді. Украина қызыққан бұл танк қаншалықты мықты? Түсіндіреміз.  “ЛЕОПАРД 2″ ДЕГЕН ҚАНДАЙ ТАНК?  “Леопард 2″ танкісін Германияның Krauss-Maffei Wegmann компаниясы жасаған. Компания “Леопардты” ату қабілеті, қорғанысы, жылдамдығы, айласы жағынан “әлемдегі ең мықты танк” деп сипаттайды әрі кез келген жағдайдағы шайқасқа жарайды дейді. 55 тонна танкіге төрт адам сыяды, ең жоғарғы жылдамдығы – 68 км/сағат. Бұл танкінің алғашқы нұсқасы 1979 жылы жасалған. Содан бері Германия 3500-ден

  • Майонез, мұнай мен Мега

    Сауда бойынша 2022 жылдың қортындысы шықты. Қазақстан халқы былтыр 15,7 триллион теңгеге бөлшек сауда жасаған. Яғни, біз сатқан, сатып алған тауарлардың жалпы құны 15,7 триллион теңге болды. Бұл – 33,7 миллиард доллар. Сонда бір жыл бойы бүкіл қазақстандықтардың жасаған саудасы Италияда шоколад жасайтын миллиардер Джовани Феррероның байлығымен теңескен. 2022 жылғы бөлшек сауда көлемі 2021 жылға қарағанда 2,1%-ға көп. Бірақ, менің ойымша бұған физикалық көлем емес, инфляция көбірек әсер еткен сияқты. Жалпы сауданың ішінде азық-түлік үлесі 35,6% болса, азық-түлікке жатпайтын тауарлар 64,4%. Қазақстандағы бүкіл сауданың үштен бірін (32.3%) Алматы қаласы жасайды. Яғни, Алматы – елдегі ең үлкен базар қала. Алматының экономикасы былтыр 43 миллиард доллар болды. Бұл Өзбекстаннан 10 миллиард долларға

  • Ресейдің рекордты бюджет дефициті солтүстіктегі үлкен кризистен хабар береді

    По ком звонят колокола? Ресейдің рекордты бюджет дефициті солтүстіктегі үлкен кризистен хабар береді Бізге елдегі басы артық рубльден арылу жұмыстарын тездеткен жөн. Құнсыздаған Ресей валютасы банк баланстарына үлкен соққы бере алады. Ресей 2022 жылдың бюджеттік қортындысын шығарды. Бюджеттік дефицит 3,3 триллион рубльді құраған. Бұл 45 миллиард доллар. Біз үшін бүкіл бір Ұлттық қор десе де болады. Осы дефицитті жабу үшін Ресей өзінің әл-ауқат қорынан қаржы шығындамақ. Ресей әл-ауқат қорында 10,8 триллион рубль жатқан болатын. Оның 3,3 триллионы өткен жылғы дефицитті жабуға кетсе, қалатыны 7,5 триллион рубль. Ал биылғы дефициттері қандай болмақ? Ол үлкен сұрақ. Тіпті алдағы 2-3 жылда Ресей толық өз резервін құртып тастауы да ғажап емес. Екінші проблема –

  • БРИТАН АРАЛДАРЫНАН ЖАСАЛҒАН АЛҒАШҚЫ ҒАРЫШТЫҚ ҰШЫРЫЛЫМ СӘТСІЗ АЯҚТАЛДЫ

    2023 жылы 10 қаңтарда Алматы уақытымен таңғы төрт шамасында Ұлыбританиядағы Корнуолл космопортынан америкалық Virgin Orbit компаниясының “Cosmic Girl” деген атқа ие Boeing-747 ұшағы көтерілді. Сағат 05:11-де, 10,7 км биіктікте ұшақтың сол қанатының астына орнатылған LauncherOne зымыраны іске қосылды. Ол 500 км төмен жермаңы орбитаға 9 шағын жерсерікті шығаруы тиіс еді. Алайда 2-саты жұмысы барысындағы “аномалия” кесірінен зымыран орбитаға шыға алмады. Онымен бірге пайдалы жүктеме де Атлант мұхитына құлады. Virgin Orbit компаниясын құрған британ миллиардері Ричард Брэнсон өз меншігіндегі ескі жолаушы ұшағының бірін зымыран ұшыруға қайта жабдықтаған еді. “Cosmic Girl” бес рет Калифорния штатындағы Мохаве космопортынан көтеріліп, зымыран ұшырған. 2020 ж. 25 мамырдағы алғашқы әрекет сәтсіз болса, келесі төрт LauncherOne орбитаға

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: