Уэббтың MIRI аспабын сынау деректерін қарастырып отырған ғалымдар күтпеген жаңалық ашты. Сынақ кезінде басқа нысан бақыланса да, Уэбб телескопы үлкендігі небәрі 100–200 метрлік астероидты кездейсоқ түсіріп алыпты! Марс пен Юпитер орбиталары арасындағы Негізгі астероидтар белдеуінде орналасқан дене Уэбб көрген ең кішкентай нысан болса керек.
Негізгі белдеудегі кішкентай астероидтар ірі көршілеріне қарағанда нашар зерттелген, өйткені оларды осынша қашықтан бақылау қиын. Уэббтың болашақ арнайы бақылаулары астрономдарға мұндағы 1 километрден кіші астероидтарды зерттеп, Күн жүйесінің түзілу модельдерін нақтылауға мүмкіндік береді.
Астроном Томас Мюллердің пікірінше, тосынсый үшін Уэббтың осы кішкене денені 100 миллион километр қашықтықтан көре алатын таңғажайып сезімталдығына рақмет айтуымыз керек. Және бұл соңғы тосынсый болмас. Ғылыми ұжым Күн жүйесі жазықтығын (ал Күн жүйесі неге жазық? — комменттегі роликте) MIRI аспабымен бақылау барысында тағы бірнеше фотобомба табылар деп сенеді.
Суретші иллюстрациясы: ESO/M. Kornmesser and S. Brunier, adapted by N. Bartmann
Пікір қалдыру