|  |  | 

Көз қарас Саясат

Киелі 2030, Кувейт және 100 миллиард доллар. Жеті жыл күтетін қазақ тағдыры

Сіз сенбесеңіз де, қазіргі фактілерге қарап, «Қазақстан-2030» стратегиясының орындалатынын аңғаруға болады. Көбіміз білмеуіміз мүмкін, бірақ ол тәуелсіз Қазақстанның алғашқы стратегиясы. 1997 жылы қабылданған. Артынан оны Назарбаевтың өзі ұмыттырып, жауып тастап, архивке аттандырып жіберген болатын. Бірақ одан кейін қабылданған, керемет делінген жүзден аса бағдарламалар, жобалар орындалмады да, дәл осы стратегия ғана өз мақсатына 100 пайыз жететін сияқты.
Мерейтойлы, әдемі және дөңгелек цифр болғандықтан стратегия авторлары 2030 деп шамалап қоя салғаны түсінікті. «Жақсының айтқаны емес, жаманның сандырағы келеді» дегендей, бір қызығы, дәл осы 2030 жылға көп нәрсе байланып тұр. Порталға қатысы барлар қазақтың болашағына қатысты Мәшһүр Жүсіп теориясын алға тартуы мүмкін, онымен дауласпаймын. Бірақ 2030 жылдан кейін көп нәрсенің өзгереріне сенім молая түсті.
Бұл заңдылықты былтырдан байқаған болатынмын. Ретімен түсіндіре кетейін.
Бүгін Ұлттық Банк «Ұлттық қор активтерін басқару жөніндегі 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын» жариялады. Құжат – 2030 жылы Ұлттық Қор активтерін 100 миллиард долларға жеткізуді мақсат етіп қойған. Және осы негізгі мақсат жолында активтерді орналастыру пропорциясы өзгереді. Консервативті идеологиядан Ұлттық қор ұтымды балансқа ауысты.
Бұрын Қор активтерінің 80 пайызы облигацияда, 20 пайызы акцияларда сақталып келді. Бұл суперконсервативтік ұстаным бізге Қорды сақтап қалса да, оның көлемін көбейтуге мүмкіндік бермеген еді. Себебі, сол ақшаны сақтаудан, инвестициялаудан жарытып пайда ала алмадық. Кризистерден бас көтермедік те, бюджетті қаржыландырамыз деп Қордың көп ақшасын жеп қойдық. Нәтижесінде соңғы 10 жылда Ұлттық қордың валюталық активтері 77,4 миллиард доллардан 55,7 миллиард долларға азайды. Өзі өспей тұрған Қорға біз 2017 жылы 2,1 триллион теңге салып, 4,4 триллион теңге шығарып алдық. Ал 2020 жылы одан да ары барып, 1,4 триллион теңге түсім салып, керісінше 4,8 триллион теңге алып алған болатынбыз. Биыл да аппетитіміз жаман емес, шамамен 3 триллион теңге жұмсаймыз.
Енді Қор активтерінің 60 пайызы облигацияларда, 30 пайызы акцияларда, 5 пайызы алтын мен қалған 5 пайызы балама құралдарда сақталатын болады. Облигациялар үлесі қысқарды, акциялар үлесі артты. Тиісінше алтын мен балама құралдар пайда болды. Балама құралдың ішіне егер ол бізге тиімді болса – криптовалютаның да енуі ғажап емес. Бір сөзбен айтқанда, Қордың инвестициялық жолмен өз табысын арттыру мүмкіндігі көбейеді. Ұлттық Банк аналитиктері, сонда Қордың кірістілігі жылына 1 пайызға артады деген пікірде. Бұл қазір жылына қосымша 700-800 миллион доллар, ал 5 жылдан кейін 1 миллиард доллардан асатын сома.
Оған қоса, бұдан былай сол жылы Қорға түсетін ақшадан артық қаражат алуға тиым салынады. Яғни 2017, 2020 жылғы оқиғалар енді қайталанбайды. Активтер инвестициялық табысты көбейтсе және трансферттерді ауыздықтасақ, шынымен де 2030 жылы Ұлттық Қорда 100 миллиард доллар жататын болады. Осы межеге жетіп алсақ, бізді ешкім тоқтата алмайды. Қарапайым тілмен айтқанда, каспиінде 10 миллион теңгесі бар адам сияқты емін-еркін жүретін боламыз.
Екінші қызық факт. Тура 2030 жылы біз Қашағанның қызығын көре бастаймыз. Инвесторлармен жасалған жыртқыш келісім бойынша, олар Қашаған мұнайын сатып, өзінің барлық шығындарын жапқанша, бізге табыстың небары 2 (екі) пайызын ғана беріп отырады. 2013 жылы кен орнынан коммерциялық мұнай алына бастады. Біздің күтіп жүргенімізге 10 жыл болды. Енді жеті жыл шыдау керек. Содан кейін Қашағаннан Ұлттық Қорға қомақты ақша келетін болады.
Үшінші факт. 2030 жылы “SVEVIND Energy Group” басшысы Вольфганг Крооп аман-есен болса, Алла оның қолына қуат берсе, ол Қазақстаннан жасыл сутегі өндіріп, Еуроодаққа сата бастайды. Біз онда қазіргі технологиялық кезеңнен (мұнай, көмір, бензин) келесі технологиялық кезеңге (сутегі, АЭС) секіретін боламыз.
Сондықтан, Мәшһүр Жүсіп бабамыздың айтқаны орындалуда. Бірақ бұл 7 жылдан кейін бәрі жақсы болады деп диванда жатайық деген сөз емес. Осының бәріне жету үшін өзіміз тынбай әрекет етуіміз керек.

Related Articles

  • Кокуй Байке. Оңтүстіктен соққан суық жел

    Айбар Олжаев Қырғызстан 2023 жылы ішкі жалпы өнімін бақандай 7%-ға арттыра алады. Бұл ресми Бішкек үшін тамаша жаңалық. Себебі, ол республикаға “орта табыс тұзағынан” шығып кетуге мүмкіндік берер еді. Экономикалық өсімі жылына 4 пайыздан аса алмай жүрген Қазақстан үшін 7 деген қасиетті сан – қол жетпес арман болып қала бермек. Бірақ Бішкек ненің есебінен экономикалық “чудо” жасап отыр? Оның жауабын жас бала да біледі. Қырғыздар Ресейге салынған санкция мен паралелльді импорт арқасында барынша табыс тауып қалуға тырысып бағуда. Әрі оларды ешкім тоқтата алар емес. “Қытай, Түркия, Дубайдан алып, Ресейге беру” схемасы өте қарапайым, сонымен қатар өте табысты. 2022 жылы Қырғызстанның ішкі жалпы өнімі 919 миллиард сомды құрады. Бұл 10,4 миллиард

  • “Ресей үстемдігіне соққы”. Қазақстан Каспийдегі әскери теңіз күштерін не үшін күшейтіп жатыр?

    Азаттық радиосы Қазақстан әскери-теңіз күштерінің кемесі. Қорғаныс министрлігінің Телеграм-арнасынан алынған.  Батыс басылымдары бұл аптада Түркия Қазақстанға Каспийдегі әскери теңіз флотын күшейтуге көмектесетінін жазып, бұл теңіздегі флотилиясы мықты Ресейдің үстемдігіне қалай әсер етеді деген сұраққа жауап іздеді. Сонымен қатар Қазақстан Батыстың жанама санкциялары мен оның ықтимал салдарынан қауіптеніп отырғанын талдады. Бұдан бөлек сыртқы державалар Орталық Азия мен Оңтүстік Кавказды біртұтас географиялық аймақ ретінде қарастыра бастағанына назар аударды. ТҮРКИЯ ҚАЗАҚСТАННЫҢ КАСПИЙДЕГІ ФЛОТЫН КҮШЕЙТУГЕ КӨМЕКТЕСПЕК Сарапшы Пол Гобл АҚШ-тағы Jamestown қорының сайтында Түркия Қазақстанға Каспийдегі әскери теңіз күштерін күшейтуге көмектесетінін жазды. Анкара мен Астананың жоспары Каспийдегі флотилиясы ең қуатты Ресейдің үстемдігіне қалай әсер етпек? Ресейдің Каспий флотилиясы көп жыл бойы теңіз айдынында үстемдік етті. Сондықтан

  • “Лукашенконың қалжыңы”. Тоқаев Ресей-Беларусь одағының Қазақстанға қажеті жоғын айтты

    Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Беларусь президенті Александр Лукашенко. Ақорда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың “ядролық қару да ортақ болу үшін” Қазақстанды Ресей мен Беларусьтің одағына қосылуға шақырған Александр Лукашенконың сөзіне байланысты пікірін жариялады. “Оның қалжыңын лайықты бағаладым. Менің ойымша, одаққа қажеттілік жоқ, өйткені өзге де интеграциялық құрылымдар, соның ішінде Еуразия экономика одағы бар. Ядролық қаруға келетін болсақ, бізге оның қажеті жоқ. Өйткені Ядролық қаруды таратпау туралы келісімге және Ядролық сынаққа тыйым салу туралы келісімге қол қойғанбыз. Біз осы халықаралық құжаттар бойынша алған міндеттемелерімізге берік боп қала береміз”, – деді Тоқаев. Тоқаев бұл сөзді бүгін Солтүстік Қазақстан облысына барып, фермерлермен кездескен кезінде айтқан. Бұған дейін Беларусь президенті Александр Лукашенко Ресей телеарнасының “Москва.

  • “Украинадағы соғыс ондаған жылға созылуы мүмкін”. Британ генералымен сұхбат

    Важа ТАВБЕРИДЗЕ Украин сарбаздары зенитті қарумен атқылауда. Архив суреті. Ұлыбритания бірлескен күштерінің бұрынғы қолбасшысы, қорғаныс және қауіпсіздік тақырыбында кеңес беріп, дәріс оқитын генерал сэр Ричард Бэрронс майдандағы айла-тәсіл, өндірістік мобилизация және Украина мен Батыс елдері таңдауы соғыстың ондаған жылға жалғасуына қалай әсер ететінін айтып берді.  Генерал сэр Ричард Бэрронс Ұлыбритания бірлескен күштерінің бұрынғы қолбасшысы. Қазір Universal Defense & Security Solutions қорғаныс және күзет компаниясын басқарады. Ол Азаттықтың Грузин қызметімен сөйлесіп, Украинадағы соғыс неге ұзаққа созылатынын талдап берді. Азаттық: Украинада соғыс басталғалы бір жылдан асты. Осы уақыт ішінде қандай сабақ алдық? Ричард Бэрронс: Еуропа үшін жоғары деңгейде сабақ алатын дүниелер болды. Біріншісі, 90-жылдары Қырғиқабақ соғыс аяқталғаннан кейін көбі “енді соғыспайтындай болдық” деп ойлағанымен,

  • Сыртқы істер министрлігі Украинадағы соғыс туралы: Қазақстанның өз ұстанымы бар

    The building of the Ministry of Foreign Affairs of Kazakhstan in Astana. Photo from the website of the MFA of the RK Қазақстан сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко немістің Deutsche Welle басылымына берген сұхбатында Қазақстанның сыртқы саясаты туралы айта келе, “республика Ресейдің де, АҚШ-тың да, Қытайдың да көзқарасын ұстанбайды” деп мәлімдеп, Қазақстанның көпвекторлы саясаттан айнымайтынын атап өткен. Оның сөзінше, Қазақстан Украинадағы жағдайға байланысты ұстанымын нақты белгілеп алған. “Ол – мемлекеттердің аумақтық тұтастығы құрметтелуге тиіс деп көрсетілген БҰҰ жарғысы. Оның ішінде, әрине, Украина да бар. Бұл ұстаным барлық серіктесімізге түсінікті. Біз Ресейдің де, АҚШ-тың да, Қытайдың да ұстанымын алға шығармаймыз. Біз Қазақстаның ұстанымындамыз, сыртқы саясатымыздың негізінде өзіміздің ұлттық мүддеміз жатыр”

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: