Тоғызыншы мамыр жақындап қалды ғой. Енді сепаратистердің символы туралы тағы бірер ауыз сөз айта кетейік. Христиандардың әулиесінің атымен аталған Георгий лентасын патшайым Екатерина екінші түрік пен мұсылман халықтарына қарсы соғыс кезінде арнайы шығарып, Қазақстанды жаулап алған әскерін осындай лентасы бар наградалармен марапаттаған.
Сәвет Одағында Георгий лентасы дегенді білмейтін. КСРО-да осыған ұқсасын “гвардиялық” лента деп атады. Ал, Георгий лентасы деген алабажақты Екіншідүниежүзілік соғыс кезінде Гитлерге жақтасып, кейін жеңіліп қалған ресейліктер таққан. 2005 жылдан бастап, биліктегілері бұны марапаттардың арасына қосқандарды қолдап, жұрт оны көлігі мен киіміне таға бастады.
Қазір бұл лента ол жақта Кремльдің саясатына қарсы емес екеніңді тұспалдаудың белгісі болып табылады. 2014 жылдан бастап осы алабажақ таспа Украинада бүлік шығарған сондағы ресейшіл сепаратистердің символына айналып кетті. Украинаның тұтастығын ресми түрде қолдаған Қазақстанда бұл лентаны жұрттың жақтырмайтыны содан. Бірақ, кейбір бауырларымыз білместікпен оны үйінің төріне шығарып, көлігіне тағып жүр…
Жолымбет Мәкіштің facebook парақшасынан алынды


Пікір қалдыру