Қазақстанда ең қымбат эстрада жұлдыздарының рейтингісі жарияланды
Танымал қазақстандық жұлдыздардың өнер көрсетуі қанша тұрады? Ең қымбат бағаланатын отандық 10 әртістің тізімін «Время» басылымы жария етті.
Жарты сағаттық өнер көрсетуі үшін ең көп ақша алатын әнші – Қайрат Нұртас. Оны өз мерекеңе ән айтуға шақыру 8-10 мың долларға айналады. Ал Роза Рымбаева болса сәл азырақ сұрайды. Әнші өнері үшін 6 мың доллар алады екен. Үздік үштікке Нұрлан Абдуллин кірді. Ол жан дауыспен ән шырқағанына 5-6 мың доллар сұрайды.
Луина мен Ділназ Ахмадиева болса ортаңғы шептен көрінді. Луинаның 30 минуттық өнері 1 млн-ға, яғни 5376 долларға бағаланады. Ал Ділназ Ахмадиеваның сұрауы сәл төменірек болып шықты. Әнші 5 мың доллар алады.
Бүркіт, «КешYou» мен Бейбіт Қорған 4 мың долларға өнер көрсетуге дайын екен. «Үркер» тобы болса ән шырқауына 3 мың доллар алады.
Тізімдегі ең қолжетімді әнші Асхат Тарғынов болып шықты. Ол өз өнерін 2 мың долларға бағалап отыр.
Басылым тілшілері бұл тек кеште әншілердің өнер көрсетуі үшін ұсынылған бағалар екенін атап өтті. Оларды өзге қалаға шақыру үшін қосымша жол шығынын өтек қажет.
www.nur.kz

Пікір қалдыру