БҰҰ штаб-пәтерінде Екінші Дүние Жүзілік соғыстың аяқталуына 70 жыл толуына орай мерекелік шара өткізілді


Нью-Йорк қаласындағы БҰҰ штаб-пәтерінде Екінші Дүние Жүзілік соғыстың аяқталуына 70 жыл толуы мерекелік шарасы аясында БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун, БҰҰ жанындағы тіркелген шет мемлекеттердің тұрақты өкілдіктері Бас Ассамблеясының президенті Сэм Кутес мырзалардың қатысуымен бірқатар естілік шаралар ұйымдастырылды.
Мерекелік шараларды 4 мамыр күні Әзірбайжан, Армения, Беларуссия, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей Федерациясы, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан мемлекеттерінің БҰҰ жанындағы тұрақты өкілдіктерінің біріккен «Соңғы Дүние Жүзілік Соғыс: Бейбітшілік үшін ұмытпау» тақырыптағы фотокөрме бастады.
Экспозицияда, жауынгерлік рухқа бай, адам сенбес төзімге толы жанкешті адамдардың фашизмге қарсы күрестері соғыс жылдарында түсірілген суреттерде бейнеленген. Көрме тек соғыстың тарихи сәттерін ғана емес, сонымен қатар оның қасыретті де қайғылы тұстарын суреттегі түлғалардың келбеттері арқылы жеткізе білген.
5 мамыр күні БҰҰ штаб-пәтерінің алаңында Бейбітшілік пен Бірлік Ағаштарының салтанатты отырғызылуы өтті. Аталмыш іс-шараны БҰҰ 46 мүше мемлекеті бастап, Екінші Дүние Жүзілік соғыста қаза болғандар қасіретінің нышаны ретінде шие ағашын арнайы таңдап алды. Бұл ағаштың ақ бүршіктері көптеген елдердің мәдениетінде тазалық пен қайта өрлеудің, сонымен қатар еркіндік пен ымыралыстыққа шақыру белгісі болып табылады.
Іс-шараны БҰҰ бас хатшысы ашып, өз сөзінде қаза болғандарды еске алуға, құрмет көрсетуге және барша адамзат баласын соғыс қасіреті мен болашақта болатын қақтығыстарға қарсы бірігіп күресуге шақырды.
Сол күні Екінші Дүние Жүзілік соғыста қаза болғандардың рухына арналған БҰҰ Бас Ассамблеясының арнайы салтанатты отырысы өтті. Осындай шаралар БҰҰ БА 2004 жылы 8 және 9 мамыр күндерін Еске алу және ымыраластық күндері деп білгілеген кейін жыл сайын ұйымдастырылатын болды.
Екінші Дүние Жүзілік соғыс аяқталуының жылдық мерекелік апталығы 6 мамыр күні Олег Лундстремнің жетекшілігіндегі орыс мемлекеттік джаз музыкалық оркестрінің соғыс жылдарындағы танымал туындылардан құралған концертімен қорытындыланды.
ҚР СIM


Пікір қалдыру