|  | 

Жаңалықтар

Судьялар енді мемлекеттік тілден күрделендірілген емтихан тапсырып, психологиялық тестілеуден әрі бір жылдық стажировкадан өтуі тиіс.

sck_brifing_rahmetulin_kayypzhan_12.05.2015_foto_1

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде , судьяларды іріктеу жүйесін жетілдіру және оларға қойылатын біліктілік талаптарын арттыру, сондай-ақ инвестициялық соттарды құру тақырыбына арналды.

Іс-шараға Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі қадағалаушы сот алқасының төрағасы Абай Рахметулин, Жоғарғы Соттың азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі қадағалаушы сот алқасының судьясы Нұржан Қайыпжан спикер ретінде қатысты.

Қазіргі таңда елімізде 2606 судья қызмет атқарады. Өткен жылы Президенттің тапсырмасына сәйкес сот корпусы 450 судьяға артты. 2001 жылдан бастап жариялы және көпсатылы сипатқа ие конкурстық іріктеу жүйесі енгізілді. Судьялар біліктілік емтиханының қорытындысы бойынша немесе Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына қарасты Сот төрелігі институтындағы оқудың қорытындысы бойынша іріктеуден өтеді. Үміткерлердің кандидатурасын құрамына жергілікті жұртшылық, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері кіретін өңірлердегі  Қоғамдық кеңес жариялы түрде талқылайды. Кейіннен олардың кандидатуралары Жоғарғы Сот Кеңесінде қарастырылады.

Заман талабына сәйкес, сот корпусына қойылатын талап та тұрақты түрде артуда. Қазіргі таңда еліміз қарқынды дамуда, қоғамдық қатынастардың, әлеуметтік-экономикалық процестердің ауқымы кеңеюде, Қазақстанды әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына енгізу міндетін орындау көзделуде. Сондықтан да соттар мен судьялардың ең жоғарғы талаптарға сай келуі уақыт талабына туындаған міндет болып табылады.

Жоғарғы Сот судьялыққа үміткерлерге қойылатын біліктілік талаптарын қайта қарау бойынша бірқатар ұсыныстарды әзірледі. Аталған ұсыныстар Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссияның қарауына ресми түрде жолданды.

  Атап айтқанда, барлық судьяларды міндетті түрде Сот төрелігі институтының магистратурасында даярлықтан өтуі тиіс. Осы ретте, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының аталған оқу орнының Жоғарғы Сотқа бағынысты болуы туралы ұсынымы қолдауға лайық деп есептелуде. Мұндай  тәжірибе Францияда сәтті іске асырылуда. Біліктілік емтиханын тапсыру тәртібі қайта қаралатын болады. Ұсыным беру институтын, («А» корпусына үміткерлерді іріктеу жүйесі бойынша) мемлекеттік тілді білу деңгейін тестілеу, тапсырмалар (кейстер) енгізу арқылы біліктілік емтиханын жетілдіру, үміткерлердің құқық қолдану бойынша қабілетін бағалау үшін міндетті психологиялық тестілеу енгізу шаралары заңнамалық тұрғыда бекітілетін болады. Судьялық лауазымға ұсынылған тұлғалар үшін бір жылдық сынақ мерзімін енгізу көзделуде.

Судьялар қызметін кезеңдік кәсіби бағалау жүйесін енгізу мәселесі түбегейлі шара ретінде қарастырылатын болады. Судьялық өтілі 15 жылдан асатын судьяларды санамағанда, судьялардың біліктілігін 5 жылда бір рет, сондай-ақ жоғары тұрған соттағы судья лауазымына, сот немесе сот алқасының төрағасы қызметіне жарияланған конкурсқа қатысқан судьялардың кәсіби деңгейін бағалау жүргізу функциясын Сот Жюриіне беру қарастырылуда.

Аудандық сот судьясының лауазымдық жалақысының 70% көлеміндегі еңбекақысын төлей отырып, босатылған негізде судьялардың тағылымдамадан өту жүйесін енгізу мәселесі қарастырылуда.

Қазіргі таңда инвестициялық дауларды шешу бойынша сот ісін жүргізудің жаңа моделін құру мәселелері пысықталуда. Мәселен, Парламент Мәжілісінің екінші оқылымында мақұлданған жаңа редакциядағы Азаматтық процестік кодекс жобасында Жоғарғы Сотта инвестициялық дауларды қарайтын алқа және Астана қаласының сотында мамандандырылған судьялар құрамын құру қарастырылған. Жоғарғы Сотта құрылатын алқада ірі инвесторлардың қатысуымен болатын дауларды, ал қалған инвесторлардың қатысуымен болатын дауларды Астана қаласы сотының мамандандырылған судьялар құрамы қарайды деп жоспарлануда. Бұл модель шетелдік сарапшылардың ғылыми-консультативтік кеңес жұмысына қатысуы арқылы инвестициялық дауларды қарауға тартуға мүмкіндік береді.

Бұған қоса, сот төрелігін одан әрі мамандандыру мақсатында инвесторлардың және Астана өңірлік қаржы орталығы қатысушыларының қатысуымен дауларды қарастыратын облыстық сотқа теңестірілген мәртебеге ие Мамандандырылған инвестициялық сот құру мәселесі зерделенуде.

Осы мәселені пысықтау мақсатында Жоғарғы Сот Төрағасы бастаған судьялар делегациясы Біріккен Араб Әмірліктері мен Сингапурға арнайы барып қайтты. Іссапар шеңберінде Дубай Халықаралық қаржы орталығы мен Сингапур Халықаралық коммерциялық сотының жұмыс тәжірибесі зерделенді. Іссапар нәтижесінде зерделенген тәжірибені жаңа инвестициялық соттар құру кезінде кеңінен пайдалану көзделуде.

Брифинг барысында спикерлер БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берді.

Баспа сөз орталығы

Related Articles

  • Тұрсын Жұманбай «Үйсінбай кітабы»

    Тұрсын Жұманбай «Үйсінбай кітабы»

    Бұл Дағандел, Бақанас өлкесінен шыққан би Үйсінбай Жанұзақұлы хақында құрастырылып жазылған кітап. Тың толықтырылған еңбекте болыс Әлдеке Күсенұлы, Дағанделі болысының басшылары мен билерімен қатар Әбдірахман Әлімханұлы Жүнісов сынды айтулы тұлғалар жайлы әңгіме қозғалған. Олардың ел алдындағы еңбектері, билік, кесім – шешімдері, халық аузында қалған қанатты сөздері мен өмір жолдары, ата – тек шежіресі қамтылған. Сонымен қатар мұрағат деректеріндегі мәліметтер келтірілген. Кітапқа есімі енген ерлердің заманы, үзеңгілес серіктері туралы жазылған кей мақалалар, жыр –дастандар, үзінділер енген. Кітап қалың оқырман қауымға арналған. Тұрсын Жұманбай «Үйсінбай кітабы», - Жебе баспасы, Шымкент қаласы.134 бет толық нұсқасын төмендегі сілтеме арқылы оқи аласыз. Үйсінбай кітап kerey.kz

  • Thai AirAsia X Алматы – Бангкок тікелей рейстерін іске қосады: визасыз*

    Thai AirAsia X Алматы – Бангкок тікелей рейстерін іске қосады: визасыз*

     Тайландтың сан қырлы дәмдерімен, бояуларымен және мәдениетімен танысыңыз — бір бағытқа 199 USD-ден басталады Алматы, 2025 жылғы 8 қыркүйек – Thai AirAsia X Алматы (Қазақстан) мен Бангкокты (Тайланд, Дон Муанг әуежайы) байланыстыратын жаңа әуе бағытының іске қосылуын қуана хабарлайды. Енді қазақстандық саяхатшылар қысқы маусымда жайлы әрі қолжетімді бағамен жылы самалға бөленген, күн шуағымен нұрланған әрі жарқын өмірімен танымал Бангкокқа ұша алады. Жаңа рейс 2025 жылғы 1 желтоқсаннан бастап аптасына төрт рет – дүйсенбі, сәрсенбі, жұма және жексенбі күндері орындалады. Ұшулар сыйымдылығы 367 жолаушыға арналған кеңфюзеляжды Airbus A330 ұшағымен жүзеге асырылады. Іске қосылуына орай Thai AirAsia X бір бағытқа 199 АҚШ долларынан басталатын арнайы промо-тарифті ұсынуда. Билеттерді 2025 жылғы 8–21 қыркүйек аралығында,

  • Астанада 2025 жылғы киножобалар питчингінің жеңімпаздарымен кездесу өтті

    Астанада 2025 жылғы киножобалар питчингінің жеңімпаздарымен кездесу өтті

    Астанада «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының» Басқарма төрағасы Құрманбек Жұмағали 2025 жылғы питчинг сынынан сүрінбей өткен ашық конкурс жеңімпаздарымен кездесті. Іс-шара дөңгелек үстел форматында өтіп, оған Сараптамалық кеңес мүшелері мен Орталық мамандары қатысты. Жиында отандық киноиндустрия алдында тұрған басты міндеттер мен басым бағыттар талқыланды. Биылғы байқауға жалпы 444 өтінім тіркелді. Соның ішінде 16 жоба мемлекеттік қолдауға лайық деп танылды. Олардың қатарында үш дебюттік жұмыс және Тайландпен бірлескен киножоба бар. Бұл қазақстандық авторлардың халықаралық ынтымақтастыққа дайын екенін және шетелдік әріптестермен байланысын нығайтып отырғанын көрсетеді. Кездесу барысында Орталықтың басқарма төрағасы Құрманбек Жұмағали – «Сапалы фильм түсіру – басты талап. Конкурста жеңіске жеткен жоба жетекшілерінің кино өндірісінің алғашқы сатысынан бастап, экран арқылы көрерменге жету кезеңіне дейін

  • «Қайрат»-«Реал» матчының билет бағасы белгілі болды

    «Қайрат»-«Реал» матчының билет бағасы белгілі болды

    «Қайрат» футбол клубы UEFA Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде өз алаңындағы матчтарға, соның ішінде «Реалға» қарсы ойынға билеттерді сату тәртібі мен мерзімдерін түсіндірді. «Қайрат» клубының ресми сайтында хабарланғандай, «Қайрат»-«Реал Мадрид» матчы үшін билеттер 23 қыркүйекте Алматы уақыты бойынша сағат 17:00-де сатылымға шығады. Бір ЖИН-ге бір адам ең көп екі билет ала алады, ал деректер сатып алу кезінде де, стадионға кіргенде де қатаң тексеріледі. Билет бағасы: 30 000 – 250 000 теңге аралығында болады. Айта кетейік, бұған дейін «Қайрат» – «Реал» матчының билеттер бағасы 75 мың мен 250 мың аралығында болатыны жарияланған еді. Алматылық клуб өз алаңында «Реалды» (30 қыркүйек), «Пафосты» (21 қазан), «Олимпиакосты» (9 желтоқсан) және «Брюггені» (21 қаңтар) қабылдайды.

  • Алматылық “Қайрат” пен мадридтік “Реал” 30 қыркүйекте Алматыда ойнайды

    Алматылық “Қайрат” пен мадридтік “Реал” 30 қыркүйекте Алматыда ойнайды

    “Слован” командасының қақпасына гол соққаннан кейінгі сәт. Дастан Сәтпаев (сол жақта). “Қайрат” футбол клубының парақшасы. 6 тамыз 2025 жыл. Алматылық “Қайрат” пен мадридтік “Реал” 30 қыркүйекте Алматыда ойнайды. Матч кестесі турнирдің ресми сайтында жарияланды. Алматының “Қайрат” командасы чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне шықты “Қайрат” футбол командасының мүшелері жеңісті тойлап жатыр. 26 тамыз, 2025 “Қайрат” фк Instagram парақшасынан алынған скриншот.  Футболдан Алматының “Қайрат” командасы Еуропа Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне шықты. Іріктеу кезеңінің плей-офф кезеңінде “Қайрат” Шотландияның “Селтик” командасын пенальти сериясы арқылы жеңді. Азат Еуропа / Азаттық радиосы

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: