“Мама” деген үйдің жанындағы ат байлайтын діңгек.
“Мама” деген үйдің жанындағы ат байлайтын діңгек. Сосын бұрыңғы бабаларымыз омырауды (желін) “мама” деген. Бізде әлі күнге дейін емшектегі балаға “мама берші” дейміз ғой. Тарихи жад пен дәстүрдің сабақтастығы деген осы. Қобыландыда “Енекемнiң еме кет, төсiнде екi мамасын” дейді. Бұл орыстың емес, қазақтың баяғыдан келе жатқан ескі сөзі. Керісінше, қазір көне сөздеріміздің біразы кішкене өзгеріспен орыс тілінде жүр. Ордалықтардың кезінен бері олар бізден біраз нәрсе алды. «Азаулыда аға болған ерлер көп еді, Әйтсе де, алмаға (мамаға) ат байлағаны жоқ еді!» – деген Доспамбет жырау да..
Жолымбет Мәкіштің facebook парақшасынан алынды
Пікір қалдыру