|  | 

Сұхбаттар

ҚАНАТ ИСЛАМ: МЫҚТЫЛАРМЕН ҒАНА ЖҰДЫРЫҚТАСҚЫМ КЕЛЕДІ

kanat islam
— Қанат аға, елге қош келдіңіз. Сізді Алматыға келді дегенді ести сала, сұхбаттасуға асықтық. Елге айтар жаңалықтарыңыз көп шығар. 18-інші жекпе-жегіңізді жеңіспен аяқтағаныңыз құтты болсын. Өкінішке қарай отандық арналардан көре алмадық. Шетелдің сайттарынан тауып алып тамашаладық.  Қарсыласты 5 раундта тізе бүктірдіңіз. Бұл жұдырықтасуыңыз қаншалықты қиын болды?

— Бұл жекпе-жекке 3 ай дайындалдым. Қарсыласым осал боксшы емес. Тәжірибелі спортшы. Ашық жұдырықтаспайды. Аяқта көп қимылдайды. Өзіне сай әдіс-айласы бар. Жекпе-жек Колумбияда өтті. Колумбия  Майамиден қарағанда биігірек жерде.  Ауа райына үйрене алмай, сәл шаршаңқырадым.  Бірақ, жекпе-жек  мен ойлағандай өтті.  Фидель Монтерросадан кейінгі қарсыластарым мықты болмақ.  Енді мен, 12 раундтық жекпе-жектерде жұдырықтасамын.

— 12 раундқа қаншалықты дайынсыз?

— Құдайға шүкір, бәрі жақсы. Сақадай саймын.  Мен АҚШ-та ойнап жүргем жоқ. Бар күшімді салып дайындалып жүрмін. Мен үшін 12 раундтың еш қиындығы жоқ.

—  Келесі қарсылас анықталды ма? Жекпе-жек қашан болуы мүмкін?

— Қарсыластар көп. Қазір бірнешеуімен сөйлесудеміз. Арасында менімен жұдырықтасудан бас тартқандары да болды. Бұйыртса бір аптаның ішінде шешіледі.

— Жекпе-жектеріңізді еліміздегі телеарналар қашан көрсетеді?! Бұл туралы келісім шарт жасалып жатыр ма?

— Бұйыртса келесі кездесулерімді көрсетіді. Сөздің ашығы, мен елге  «Астана» президенттік кәсіпқой спорт клубымен келісім шарт туралы сөйлесуге келдім. Жақын күндері АҚШ-тан Нелсон Лопез де келеді. Екеуміз бірге Астанаға осы мәселе бойынша бармақпыз. Америкада жақсы промоутерлік компаниялар менімен жұмыс жасауға өтініш білдіріп жатыр, бірақ мен өз елімнің клубының атынан шыққанды қалаймын.

 — АҚШ-тағы бір күніңіз қалай өтеді?

— Таңғы сағат 4:30-дан бастап 7:00-ге дейін таңғы жаттығу жасаймын. Негізі уақыттың көбі жаттығумен өтеді. Қазір отбасым қасымда. Бос уақытта балаларымның қасында боламын.

— Балаларыңыз бен жарыңыз АҚШ-қа үйренді ме?

— Олар АҚШ-та мен үшін тұрып жатыр. Олардың көз алдымда жүргені жақсы. Көңілім тоқ болады. Басында ауа райына сәл үйрене алмай жүрді. Қазір сол жердің тұрғыны сияқты өздерін жайлы сезінеді.

— Майамиде достырыңыз бар ма? Қонаққа барып тұрасыздар ма?!

— Промоутерімнің отбасымен араласамыз. Олармен көрші тұрамыз.  Бірақ елдегідей емес. Ол жақта қазақ жоқ. Ет жемейсіз, шәй ішпейсіз дегендей(күліп).

— Сіздің промаутеріңіз Нелсон ағылшынша сөйлеседі, сіз қазақша сөйлейсіз. Бір-біріңізді қалай түсінесіздер? Әлде  АҚШ-та жүріп ағылшынша үйреніп алдыңыз ба?

— Нелсонмен «Астана арландарында» жүргенде танысқанмын. Қазір бір-бірімізді 100 пайыз түсінбесек те 80 пайыз түсінеміз. Бос уақытымда ағылшын тілін үйреніп жүрмін. Бұдан кейін жекпе-жектен соң ағылшынша сұрақтарға ағылшынша жауап беру керек болады.

 — Майамиде қаншалықты танымалсыз?

— Қатты танымалмын деп айта алмаймын. Кәсіпқой бокста енді көрініп жүрмін. Әлі біраз уақыт керек.

 — Қай боксшымен жұдырықтасуды армандайсыз?

— Менің салмағымда чемпиондар көп. Мен сол мықтылармен  ғана шыққым келеді. Мықтымен шықсаң тәжірибең де артады. Мықтымен шықсаң мықты боласың. Мэйвезер, Пакьяо, Коттолармен жұдырықтассам деймін.

— Елде қанша уақыт боласыз?

—  2 аптадай осында боламын.  Көп уақыт жүре алмаймын. Өйткені жаттығуым қалып барады. Алда жарыс бар.

— www.kanatislam.com деп жеке сайтыңыз ашылғалы жатыр екен. Осы туралы да айта кетсеңіз.

— Өте қуаныштымын. Қазақ: «Өзіңді өзің сыйласаң жат жанынан түңілер» — дейді ғой. «Өсер елдің баласы бірін-бірі батыр» дейді деген сөз де бар. Өз өзімізді қолдамасақ, бізді кім көтермелейді. Мен тек қазаққа ғана керекпін. Мен америкалықтарға қызық емеспін. Мені сыйлып сайт ашып жатқан жігіттерге  алғыстан басқа айтарым жоқ.

— Айтпақшы, аға бүгін туылған күніңіз ғой. Сәл болмағанда құттықтауды ұмытып кете жаздаппын.  Алла өміріңізді берекелі етсін. Тек жеңісіңіздің куәсі болып жүре берейік. Қазақ елі сізді мақтан тұтады. Сізбен мақтанады. Әлемге қазақ атын шығара беріңіз. Қазақ жастары ғана емес, әлем жастары да сізге еліктеп өссін.

— Аумин, айтқаныңыз келсін! Рахмет, сізге де тек жақсылықтар тілеймін.

Сұхбаттасқан: Берік Сұлтан

kanatislam.com

Related Articles

  • Елдес Орда, тарихшы: «Түркістан» атауын қолдану – аймақтағы жұмсақ күш позициясын нығайту тәсілі

    Елдес Орда, тарихшы: «Түркістан» атауын қолдану – аймақтағы жұмсақ күш позициясын нығайту тәсілі

    Фото ашық дереккөздерден алында Өткен аптада Түркияның ұлттық білім министрлігі мектеп бағдарламасына «Түркістан» деген терминді енгізген еді. Шетел басылымдарының жазуынша, бұл атау енді «Орталық Азия» ұғымының орнына қолданылмақ. Білім министрі Юсуф Текин жаңа атау түркі әлемінің бірлігін қамтамасыз етуге бағытталғанын айтады. Оның сөзінше, үкімет оқу бағдарламасынан империялық мағынасы бар географиялық атауларды алып тастамақшы. Ең қызығы, «Түркістан» аумағына Қазақстаннан бөлек, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркіменстан мен Тәжікстан жатады екен. Сондай-ақ кейбір басылымдар бұл терминнің Қытайдың батысында орналасқан Шыңжан өлкесіне қатысы барын да атап өтті.  Кейбір ғалымдар «Орталық Азия» термині колониализмнен қалғанын жиі атап жүр. ХХ ғасырдағы әлемдік академиялық ғылымды сол кездегі ірі империялар қалыптастырғандықтан, бүгінде мұндай терминдер мен атаулар халық санасына әбден сіңіп

  • Саясаттанушы: Еуроодақпен әріптестікке Орталық Азия көбірек мүдделі

    Саясаттанушы: Еуроодақпен әріптестікке Орталық Азия көбірек мүдделі

    Нұрбек ТҮСІПХАН Еуроодақ жетекшілері мен Орталық Азия елдерінің басшылары “Орталық Азия – Еуроодақ” саммиті кезінде. Самарқан, Өзбекстан 4 сәуір 2025 жыл 3-4 сәуірде Самарқанда “Орталық Азия – Еуропа одағы” саммиті өтті. Орталық Азияның ресми БАҚ-тары мен мемлекеттік құрылым сайттары Самарқан саммитінің “тарихи маңызын” айтып жатыр. Ал екі аймақ арасында осындай форматтағы алғашқы кездесуді сарапшылар қалай бағалайды? Азаттық тілшісінің сұрақтарына саясаттанушы Жәнібек Арынов жауап береді. – Орталық Азия және Еуроодақ саммиті қаншалықты тең жағдайда өтіп жатыр деп айта аламыз? – Орталық Азия мемлекеттерінің 30 жылдық сыртқы саясатына, тарихына үңілсек, Еуроодақ әрдайым тең дәрежеде жұмыс жасауға тырысатын үлкен әріптестердің бірі. Мысалы, АҚШ немесе Ресей не болмаса Қытаймен салыстырғанда мемлекет тарапынан болсын, қоғам

  • Жин Нода: Қазақ хандары мен Цинь империясының байланысы тым терең

    Жин Нода: Қазақ хандары мен Цинь империясының байланысы тым терең

    Өткен жылы қолыма Токио шет тілдер университетінің профессоры Жин Ноданың «Ресей мен Цин империялары арасындағы Қазақ хандықтары: XVIII-XIX ғасырлардағы Орталық Еуразия халықаралық қатынастары» атты зерттеу еңбегі түсті. Өз тарихымызға қатысты болған соң, бір деммен оқып шықтым. Аталған кітапта қазақ ханы Абылай мен өзге сұлтандардың Цин императорына жазған хаттары туралы баяндалады. Жақында Жин Нодамен хабарласып, көкейімізде жүрген сұрақтарды қойдық. – Ғылыми зерттеу кітабыңыз ерте­дегі Қазақ-Цинь империясы қатына­сын өзгеше тануға арналған академия­лық еңбек екен. Бұндай зерттеуге бет бұруға не түрткі болды? – Мен Орталық Азияны зерттеу барысында Ресей және Цинь империясы туралы көзқарастарда үлкен алшақтық бар екенін байқадым. Осы алшақтықты жою мақсатында мен қазақтардың тарихын ресейлік және қытайлық дереккөздер негізінде зерттеуге кірістім.

  • Бұл – советтік һәм назарбаевтық кезеңнен қалған, журналистиканы жағымпаз қолбала, шауыпкел құрал деңгейіне түсірген шенеуніктік штамповка.

    Бұл – советтік һәм назарбаевтық кезеңнен қалған, журналистиканы жағымпаз қолбала, шауыпкел құрал деңгейіне түсірген шенеуніктік штамповка.

    “Сұхбатты” енді ғана оқып шықтым. Әзірге, сипаты туралы аз сөз: Әлбетте, бұл – журналистика стандарттарына сай, шынайы, нағыз сұхбат емес. Конституциялық құқығы тең, екі саналы азаматтың өзара пікірлескен, еменжарқын әңгімесі емес. Бұл – советтік һәм назарбаевтық кезеңнен қалған, журналистиканы жағымпаз қолбала, шауыпкел құрал деңгейіне түсірген шенеуніктік штамповка. Пәленбай адам түзеп-күзеген, ананы да, мынаны қамтуға тырысқан, аяғында жаны жоқ мәтіндер жиынтығы туған. Тоқаев айналасындағыларға: “осыншалық жасанды кейіппен халық алдында көрінуім ұят болады, қойыңдар, айналайындар, қателессем де өз болмысыммен шығам” деуге түсінігі жетпегені өкінішті. Былтыр “Егеменде” “сұхбаттасқан” Дихан Қамзабек те, биыл “Ана тілінде” “әңгімелескен” Ерлан Жүніс те, кешіріңіздер, ешқандай да интервьюер емес. Иә, біреуі терең ғалым, екіншісі тамаша ақын, бірақ, өмірінде бір

  • “Геосаясат илеуіне түсіп қалуымыз мүмкін”. Қазақстанда АЭС салуға қатысты сарапшы пікірі

    “Геосаясат илеуіне түсіп қалуымыз мүмкін”. Қазақстанда АЭС салуға қатысты сарапшы пікірі

    Елена ВЕБЕР Атом электр стансасын салу және пайдалану экологиялық қатер және төтенше жағдайда адам денсаулығына қауіпті ғана емес, оған қоса соғыс барысында Украинаның Запорожье АЭС-індегі болған оқиға сияқты бопсалау құралы дейді әлеуметтік-экологиялық қордың басшысы Қайша Атаханова. Ол мұның артында көптеген проблема тұрғанын, қазақстандықтарға АЭС салу жөніндегі референдум қарсаңында біржақты ақпарат беріліп, онда тек пайдалы жағы сөз болып жатқанын айтады. Сарапшы АЭС-тің қаупі мен салдары қандай болатыны жайында ақпарат өте аз деп есептейді. Голдман атындағы халықаралық экологиялық сыйлықтың лауреаты, биолог Қайша Атаханова – радиацияның адамдарға және қоршаған ортаға әсерін ширек ғасырдан астам зерттеп жүр. Ол бұрынғы Семей полигонында және оған іргелес жатқан аудандарда зерттеу жүргізген. Қарағанды университетінің генетика кафедрасында оқытушы болған.

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: