Иқан ауылында орналасқан И.В.Сталин ескерткішін алып тастау мәселесіне айрықша назар аударуларыңызды сұраймын.
Тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс субъектілері – әр нысандағы БАҚ, портал және желілерде талқыға түсіп, байырғы ұлт өкілдерінің ашу-ызасын туғызып отырған, Иқан ауылында орналасқан И.В.Сталин ескерткішін алып тастау мәселесіне айрықша назар аударуларыңызды сұраймын.
Қазақ халқын аяусыз қырған, кіші октябрь ұйымдастырып, қолдан жасалған ашаршылығымен титулдық ұлтты “геноцидке” ұшыратқан, бас көтерер ұлт қаймағын қуғын-сүргінге ұшыратқан, күллі қазақты шартарапқа тарыдай шашқан, қазіргі сәтте мүмкін болар 50 млн. шамасындағы демографиялық өсімді 10 млн. деңгейіне түсірген, мешіттерімізді жермен жесен еткен қызыл жендет жауыз, тиран, деспот Сталинге, оның мүсініне ешқандай орын болмауға тиісті.
1946 жылы сұлбасы құйылып, бірде ашылып, бірде жасырылып келе жатқан жауыз Сталин ескерткішінің басқа емес дәл киелі де қасиетті жер, екінші мекке – Түркістан жақта тұғырда тұруы және дәл Хандығымыздың 550 жылдығында Керей мен Жәнібекке ескерткіш салу орнына, Сталин мүсінінің қайта көрініс беруі қазақты қорлағандық және басынғандық! Оған жол беріп отырған субъектілердің ешқандай намысы жоқ конформистер. Диктатордың Түркістан өлкесіне мына тұрғыда ғана тікелей қатысы бар: Ол оның Түркістандағы “Үлкен түрме” мен НКВД кеңсесі жанындағы “Кіші түрмеде” мыңдаған боздақтарды репрессияға үшыратуы!
Тиісті субъектілер!
Түркістан аумағындағы Иқан ауылындағы ескерткіштің алынып тасталуын
ТАЛАП ЕТЕМІЗ!!!
facebook әлеуметтік желісінен алынды
Пікір қалдыру