|  |  | 

kerey.kz TV Мәдениет

«Қошқар мен теке» мультфильмі Қытайда 45 ел қатысқан сайыстан жүлдемен оралды (ВИДЕО)

 Қазақ мультфильмі халықаралық фестивальда «Отансүйгіштікке тәрбиелеу» және «Ұлттық ерекшелік» атты екі бірдей номинацияны жеңіп алды, деп жазды «Егемен Қазақстан» газеті.Таяу күндері Қытайдың Хонжу қаласында өткен дүбірлі анимациялық фильмдер фестивалінен оңтүстікқазақстандық «САҚ» киностудиясы түсірген «Қошқар мен теке» анимациялық фильмі «Отансүйгіштікке тәрбиелеу» және «Ұлттық ерекшелік» деген екі бірдей номинацияны иемденіп қайтты.

Фестивальдың ауқымдылығы таңдай қақтырады. Бұл фестивальға 45 елден 800-ден аса студиялар қатысқан.

- Осыдан бір жарым айдай уақыт бұрын киностудиямызға Қытайдың шығысында орналасқан Хонжу қала¬сынан анимациялық фестиваль өтеді деген хабар келіп жеткен болатын. Қытай елінің қай салада болмасын нарығы тығыз екенінен хабардармыз. Онда мыңдаған анимациялық студиялар жыл сайын бірнеше мың туындылар шығарып жатқанын талай сапарларымызда көзімізбен көргенбіз. Сол себепті, құлшына қоймадық. Бірақ, ұсыныс келген соң бағымызды сынауға бел байладық, – дейді анимациялық картинаның продюсері әрі сценарий авторы Бақытжан Құлжабай. Осылайша, біздің аниматорлар өз елімізде де жақсы пікірге бөленген «Қошқар мен теке» мультфилімін алып, бейненің астына қытай тілінде титр жазғызып, ұйымдастыру алқасына жібереді. Көп ұзамай қазақ мультфильмі фестивальға қатысушылар тізіміне кіргені жөнінде ақпарат келді. Өйткені, бұл фестивальға қатысу үшін барлық фильмдер іріктеуден өтеді екен. Қысқасы, «Қошқар мен теке» мульт-фильмі фестивальға қатысуға құқық алған режиссер өз командасымен ақылдасып, титрді қытай тіліндегі дубляжбен жазуды ұйғарыпты. Содан тез арада жерлестеріміз Үрімші қаласындағы қазақ қандастарымызға шығып, ондағы өз әріптестері – «Абай жолы» студиясының жетекшісі Ғұсман Қажытай арқылы аудармашылар тауып, лайықты актерлерді дайындап, дубляж жасауға кірісіп кетеді.

- Бұл үлкен фестиваль 28 сәуір мен 3 мамыр аралығында өтті. Әрине, Қытай елінің анимация саласына аударып отырған назарына қарап, қатты тәнті болдық. Тіпті, бір Хонжу қаласының өзінде жүздеген гектар жерге алып-алып ғимараттар салып, анимациялық студияларды тегін қоныстандырып жатыр. Онымен қоймай, барлығын мемлекеттік тапсырыс есебінен жұмыспен қамтып отыр. Бір ғана шарт – мемлекет мүддесіне, ұрпақтың дұрыс тәрбиесіне қызмет етсең болды. Ол басқосуда үлкен мінберлерден Қытай азаматтарының айтқан көптеген сөздері көңілімізден шықты. Оның көбісі «анимация – саясат» дегенге саяды. Олар «Бүгін ұрпақ бойына не сіңіреміз, келешекте соны аламыз» дегенді тынбай қайталайды. Мамандардан құралған Қазылар алқасы фестивальға іріктеліп келген жұмыстарды тамашалап, алтыншы күні қорытындысын шығарады екен. Үлкен-үлкен павильондарда шамасы келгендер өз студияларының таныстырылымдарын жасап, шығарған жұмыстарын көрсетіп жатты. Фестивальға келген көптеген компаниялар өздеріне ұнаған студиялармен сол жерде-ақ әртүрлі бағытта тікелей келісімшарттар жасауға қол жеткізіп жатқанын көрдік. Бұл фестивальдың осындай дұрыс ұйымдастырылғанына қызықтық, – дейді қазақ продюсері.

Сонымен, алтыншы күні яғни, фестивальдың соңғы күні біздің аниматорлар ресми жабылу салтанатына барады. Сол жерде «Ең жоғарғы сомада келісімшартқа отырған компаниялар», «Анимация арқылы балаға оқу үйрету», «Анимация арқылы балаға тәрбие беру», «Көрермендер көзайымына айналған анимациялық образдар», «Анимациялық сериал» сияқты көптеген номинациялар бойынша марапаттаулар жүріп жатты. Ең қызығы, бір кезде қасымызға Ғұсман бауырымыз жылдам келіп, бізді сахнаға шақырып жатқанын айтты. Біз аң-таңбыз. Қытайша бір сөз ұқпаймыз. Әйтеуір, сахнаға шығып, берген қағазын алып, айтқандарына бас изеп тұрмыз. Бірақ, не үшін екенін әлі түсінбейміз. Кейін түсіндірді. «Қошқар мен теке» анимациялық фильмі «Отансүйгіштікке тәрбиелеу» және «Ұлттық ерекшелік» деген екі бірдей номинацияны иемденіпті, – дейді біздің аниматорлар. Әрине, қуандық!

Кейін ресми бөлімнен соң банкет залында Қытайдың анимация саласының белді мамандарының бірі Гуо Джанг есімді кісімен жақын таныстық. Сол кезде ол «Қошқар мен теке» мультфильмінің идеясына мақтау айтты. Қарапайым ғана екі жануар Қошқар мен Теке арқылы Отан деген ұғым¬ды балалардың санасына жеңіл сіңдіру әдісін таба алғанымызды бағалады. Қытай аниматоры «Бұл мультфильмнің мәдени ерекшелігі бөлек. Оны Америка, Еуропа, Жапон, Қытай елінің ешқайсысымен шатастыра алмайсың. Бұл – Орта Азия, бұл – Қазақстан. Өйткені, бұл мультфильмнен дала иісі шығып тұр» дегенді айтқанда, кәдімгідей тебіреніп қалдық. Осы кезде бізді өзге елге алып шығатын күш – мәдениетіміз екеніне тағы көз жеткіздік, – дейді продюсер Бақытжан Құлжабай.

Сонымен, фестиваль соңында Оңтүстік Қазақстан облысындағы «САҚ» студиясы Гонконг қаласының беделді бір кинокомпаниясымен бірігіп жұмыс істеу туралы ресми меморандумға қол қойып қайтқан.

Қазақпарат

Related Articles

  • Қазіргі заңнама аясында мемлекеттік тілді қалай дамытуға болады?

    Қазіргі заңнама аясында мемлекеттік тілді қалай дамытуға болады?

    Zhalgas Yertay         Қазақстан билігі мемлекеттік тілді дамыту үшін қатаң шешімдерге барғысы келмейді дейік. Бірақ қазіргі заңнама аясында мемлекеттік тілді қалай дамытуға болады? Соны ойланып көрейік. Қазақ тілін дамыту жайын айтқан кезде Қазақстан билігі қоғамды екіге бөледі. Бірі – тілді дамытудың радикал шешімдерін ұстанады, екінші жағы – қазіргі статус-квоны сақтағысы келеді, яғни ештеңе өзгертпей-ақ қояйық дейді. Бірақ екі жолды да таңдамай, ортасымен жүруді ұсынып көрсек қайтеді!? Батыл қадамдарға барайық, бірақ ол радикал жол болмасын. Қазақ тілін күшпен емес, ортаны дамыту арқылы күшейтсек болады. Яғни адамдар тілді үйреніп әуре болмай-ақ, халық жай ғана қазақ тілі аясында өмір сүруді үйренсін. Негізгі ой осы. Біз осы уақытқа дейін адамдар ортаны

  • Елдес Орда, тарихшы: «Түркістан» атауын қолдану – аймақтағы жұмсақ күш позициясын нығайту тәсілі

    Елдес Орда, тарихшы: «Түркістан» атауын қолдану – аймақтағы жұмсақ күш позициясын нығайту тәсілі

    Фото ашық дереккөздерден алында Өткен аптада Түркияның ұлттық білім министрлігі мектеп бағдарламасына «Түркістан» деген терминді енгізген еді. Шетел басылымдарының жазуынша, бұл атау енді «Орталық Азия» ұғымының орнына қолданылмақ. Білім министрі Юсуф Текин жаңа атау түркі әлемінің бірлігін қамтамасыз етуге бағытталғанын айтады. Оның сөзінше, үкімет оқу бағдарламасынан империялық мағынасы бар географиялық атауларды алып тастамақшы. Ең қызығы, «Түркістан» аумағына Қазақстаннан бөлек, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркіменстан мен Тәжікстан жатады екен. Сондай-ақ кейбір басылымдар бұл терминнің Қытайдың батысында орналасқан Шыңжан өлкесіне қатысы барын да атап өтті.  Кейбір ғалымдар «Орталық Азия» термині колониализмнен қалғанын жиі атап жүр. ХХ ғасырдағы әлемдік академиялық ғылымды сол кездегі ірі империялар қалыптастырғандықтан, бүгінде мұндай терминдер мен атаулар халық санасына әбден сіңіп

  • «Алғашқы кітап» деректі бейнефильмі

    «Алғашқы кітап» деректі бейнефильмі

    Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитетіне қарасты Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының тапсырысымен «JBF company» компаниясы Семей қаласында, Шыңғыстау өңірінде, Алматы облысының Жамбыл ауданында  «Алғашқы кітап» атты деректі бейнефильм түсіруде. Деректі фильм Абайдың 1909 жылы Санкт Петербургтегі Илья Бораганский баспасында басылған алғашқы шығармалар жинағының жарық көруіне арналады. Ұлы Абай мұрасының қағаз бетіне таңбалану тарихын баяндайды. Қазіргі адамдар бұрынғы уақыттың, Абай заманының нақты, деректі бейнесін, сол кездегі адамдардың әлпетін, киім үлгісін көз алдарына елестетуі қиын. Көпшіліктің ол уақыт туралы түсінігі театр мен кинофильмдердегі бутафорлық киімдер мен заттар арқылы қалыптасқан. Алайда Абай уақытындағы қазақ тіршілігі, қазақтардың бет-әлпеті, киім киісі, үй – жайы, бұйымдары таңбаланған мыңдаған фотосуреттер сақталған. Бұлар Ресей, Түркия, Ұлыбритания

  • ЖАЛБЫРҰЛЫ ҚОЙБАС ЖАЙЫНДАҒЫ КҮМӘНДІ КӨҢІРСІК ӘҢГІМЕЛЕР

    ЖАЛБЫРҰЛЫ ҚОЙБАС ЖАЙЫНДАҒЫ КҮМӘНДІ КӨҢІРСІК ӘҢГІМЕЛЕР

                          1. АМАНДЫҚ КӨМЕКОВТІҢ АЙТЫП ЖҮРГЕНІ – АЙҒАҚСЫЗ БОС СӨЗДЕР        Қазақстанның батыс аймағында ғұмыр кешкен өнерпаздың бірі – Жалбырұлы Қожантай  жайлы соңғы кезде қисыны келіспейтін неше түрлі әңгімелер өріп жүр. Мұның басында тұрғандардың бірі – Амандық Көмеков. Бұрында да оның, басқа да кісілердің елді адастыратын негізсіз сөздеріне байланысты нақты дәлелдер келтіріп, «Құлан құдыққа құласа, құрбақа құлағында ойнайды» деген атаумен түзген сын мақаламызды республикалық «Түркістан» газеті (28.09. 2023 жыл) арқылы жұрт назарға ұсынғанбыз-ды. Әлеуметтік желіде Азамат Битан есімді блогердің жуырда жариялаған видео-түсірілімінде А. Көмеков өзінің сол баяғы «әләуләйіне» қайта басыпты. Сөзін ықшамдап берейік, былай дейді ол: «1934 әлде 1936 жылы (?) Мәскеуде өткізілетін

  • ШОҚАН УӘЛИХАНҰЛЫ ДЕГЕН ЕКЕН..

    ШОҚАН УӘЛИХАНҰЛЫ ДЕГЕН ЕКЕН..

    Ел аузында қазақ оқымыстылары айтты деген сөздер аз емес. Белгілі ғалым, этнограф А. Сейдімбек құрастырған тарихи тұлға, асқан оқымысты Шоқан бабамыздың тапқыр сөздерін назарларыңызға ұсынамыз. * * * Омбыға оқуға жүрер алдында бала Шоқан әкесінің ел іші мәселесін шешудегі кейбір өктем, ожар қылықтарына көңілі толмай, «оқуға бармаймын» деп қиғылық салса керек. Тіптен көнбей бара жатқан баласын қатал Шыңғыс жәрдемші жігіттеріне байлатып алмаққа ыңғайланып: «Шықпаса көтеріп әкеліңдер, арбаға таңып аламыз!» − дейді. Сонда дәрмені таусылған Шоқан әкесіне: «Байлатпа! Абылай тұқымынан байланғандар мен айдалғандар жетерлік болған!» − деп тіл қатады. Бала да болса ақиқат сөзді айтып тұрған баласынан тосылған әке дереу Шоқанды босаттырып жібереді. * * * Петербургте Сыртқы Істер министрлігінің бір

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: