Қазақ мектептерін бітіруші оқушылар саны орыс мектептерінен екі есе көп
Биылғы жылы елімізде қазақ мектептерін бітіруші оқушылар саны орыс мектептерінен екі есе көп. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің төрағасы Саят Нүсіпов мәлімдеді.
– 2015 жылы Қазақстан Республикасында мектепті 124 379 оқушы бітіреді. Оның ішінде 84302 оқушы қазақ тілінде болса, орыс тілінде – 40077. Яғни қазақ тілінді бітірушілер орыс мектептеріне қарағанда екі есеге көп. Жыл сайын қазақша оқитындардың саны көбейіп келеді. Ал ҰБТ-ға қатысуға 87782 өтініш берілді. Ол мектеп бітірушілердің жалпы санының 71 пайызын құрайды. Қазақ тілінде тест тапсыратындардың саны – 62384. Орыс тілінде тест тапсыратындар – 25 398 оқушы, – дейді С. Нүсіпов.
Сондай-ақ биылғы жылы алғаш рет 12 жылдық білім беру бағдарламасы бойынша білім алған бітірушілер де қатысады екен.
– Оларға 12 жылдық білім беру бағдарламасы негізінде тест тапсырамалары базазы әзірленді. 12 жылдық білім беру бағдарламасы бойынша білім алушылардан 341 өтініш келіп түсті. Қазақ тілінде – 236, орыс тілінде – 105, – дейді комитет төрағасы.
Айта кетейік биылғы жылғы ҰБТ 2-15 маусым аралығында өтеді. Осы жылы Ұлттық бірыңғай тестілеу өткізу пунктерінің саны 10-ға көбейді. Олардың арасында шалғай аймақтарда бар.
Бек Төлеуов
baq.kz
Пікір қалдыру