ТМД кеңістігі деген территорияда ХХ ғасырды екі рет ғажайып мол байлық ұрланған!
2004 жылы қазанның 30-на “Жас Алашқа” Әмірхан Меңдеке ағамыздың “Түркістан республикасының алтыны қайда?” деген үлкееен мақаласы шыққан. Соны көріп қалдым бүгін.
1919 жылы Түркістан республикасының жетекшілерін қырып салып, Осипов деген қызыл жулик Ташкенттегі патша өкіметінен қалған бүкіл алтынды тиеп кеткен ғой. Атысып-шабысқан, ақыры ауған асқан дейді. Тарихшылар біледі.
Соны Әбекең “ТМД кеңістігі деген территорияда ХХ ғасырды екі рет ғажайып мол байлық ұрланған, біріншісі 1917-1934 жылдардағы патшадан қалған алтындар, екіншісі – 1989-1994 жылдарғы ұрлық, компартияның алтыны. Осы алтындар ТМД елдерін 200 жыл тегін асырауға еркін жетеді екен” дейді.
Әбекең мұны осыдан он бір жыл бұрын жазды. Одан беріде талай су ақты.
2014 жылы прокуратура таратқан дерекке қарағанда 2000 жылдан бері Қазақстаннан 140 миллиард доллар шығып кетіпті. Ұрланған ғой, турасын айтқанда. Бұл тек бізде кездесетін үшінші ғажайып болуы керек:)
Асылхан Мамашұлының facebook парақшасынан алынды.
Пікір қалдыру