|  | 

Көз қарас

ШАХАНОВ, ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ҚЫРЫМ ТАТАРЛАРЫ

Galym Bokash

Тарихтың түрлі шешуші кезеңдерінде маңдайына маңызды рөл ойнау жазылған тұлғалар ортаға шығады. Олардың уақыт өте келе көпшілікке жария болған саясатқа, дінге немесе тарихқа қатысты жеке көзқарастары әлгі бір шешуші кезде әрекет еткен батылдығы мен еңбегін жоққа шығармаса керек. Өркениетті азаматтық қоғам ондай символдық мәні бар тарихи уақиғаларды ұмытпаса керек. Дәл 25 жыл бұрын, 1989 жылғы маусымның 6-сы күні СССР-дің Жоғарғы Кеңесінде ҚазССР-ден сайланған депутат, қоғам белсендісі, ақын Мұхтар Шаханов Алматыдағы “Желтоқсан” оқиғасына қатысқан демонстранттарға жасалған зорлық-зомбылықты тексеруге шақырып сөз сөйледі. “Желтоқсаншыларды” ақтап алу үшін “қазақтың бәрі ұлтшыл емес” деген өз заманына сай тактикалық әдіс қолданды (қазір керісінше бар қазақтың ұлтшыл болып шыққанына мүдделі wink emoticon ). Дәл осы баяндамасында совет елінің әр тұсында тұтана бастаған этникалық қақтығыстардың алдын алу үшін ұлттық және автономиялық республикалардағы байырғы халықтардың тіліне мемлекеттік мәртебе беру туралы талап-тілек айтты. Бір ауыз сөзбен болсын Қырым татарларының да аянышты халін сипаттай кетті. Маусымның 6-сына дейін әлі екі аптадай уақыт бар болса да, осындағы қалам ұстаған қауымды, журналист әріптестерімді ертерек құлақтандырып қойғым келді. “Қазақ тілінің мәртебесі мен Қырым татарларының ахуалы “Шаханов баяндамасынан” кейінгі 25 жылда өзгерді ме, әлде саяси популизм мен геосаяси ойын құрбанына айналды ма” деп бір ізденіп көрсін. Мына бір суретте Мұхтар Шаханов ағамызбен “Мемлекеттік тіл” қозғалысының 2005 жылы Алматыда өткен алғашқы құрылтайында отырмыз.

Ғалым Боқаштың facebook парақшасынан алынды

Related Articles

  • Бұл – советтік һәм назарбаевтық кезеңнен қалған, журналистиканы жағымпаз қолбала, шауыпкел құрал деңгейіне түсірген шенеуніктік штамповка.

    Бұл – советтік һәм назарбаевтық кезеңнен қалған, журналистиканы жағымпаз қолбала, шауыпкел құрал деңгейіне түсірген шенеуніктік штамповка.

    “Сұхбатты” енді ғана оқып шықтым. Әзірге, сипаты туралы аз сөз: Әлбетте, бұл – журналистика стандарттарына сай, шынайы, нағыз сұхбат емес. Конституциялық құқығы тең, екі саналы азаматтың өзара пікірлескен, еменжарқын әңгімесі емес. Бұл – советтік һәм назарбаевтық кезеңнен қалған, журналистиканы жағымпаз қолбала, шауыпкел құрал деңгейіне түсірген шенеуніктік штамповка. Пәленбай адам түзеп-күзеген, ананы да, мынаны қамтуға тырысқан, аяғында жаны жоқ мәтіндер жиынтығы туған. Тоқаев айналасындағыларға: “осыншалық жасанды кейіппен халық алдында көрінуім ұят болады, қойыңдар, айналайындар, қателессем де өз болмысыммен шығам” деуге түсінігі жетпегені өкінішті. Былтыр “Егеменде” “сұхбаттасқан” Дихан Қамзабек те, биыл “Ана тілінде” “әңгімелескен” Ерлан Жүніс те, кешіріңіздер, ешқандай да интервьюер емес. Иә, біреуі терең ғалым, екіншісі тамаша ақын, бірақ, өмірінде бір

  • Жұрттың баласы мен оның ақшасы. Тұрақтылық пен тұрақсыздық құны туралы бірер сөз

    Жұрттың баласы мен оның ақшасы. Тұрақтылық пен тұрақсыздық құны туралы бірер сөз

    Тура біз сияқты мұнай сататын Әзірбайжан 2015 жылдан бері бір АҚШ доллары 1,7 манатқа тең бағамды ұстап келеді. Және The Economist Group болжауынша осы паритет 2029 жылға дейін тұрақты сақталуы тиіс. Яғни манаттың долларға шаққандағы бағамы 14 жыл бойы өзгермейді. Экономика мен экспорт құрылымы бізге ұқсас Әзірбайжан қалайша ұлттық валюта тұрақтылығын қамтамасыз етті? Және осы тұрақтылықтың бағасы қандай? Теңге неге манат сияқты болмады? Және неге бола алмайды? Неге біздің теңге кез-келген әлемдегі жағдайға тым сезімтал? Осыған асықпай жауап іздесек, көп процесс сізге түсінікті бола бастайды. Ашық мойындау керек, өз валютамызға қиянат көрсеткен кездеріміз аз болмады. Сондықтан барлығын әлемдік нарықтар мен сыртқы құбылыстарға ғана байланыстырып оқырманды алдағым келмейді. Теңге тамырына жеке

  • Герб ауыстыру мәселесі немесе «терістеу синдромы» қалай пайда болды?!

    Герб ауыстыру мәселесі немесе «терістеу синдромы» қалай пайда болды?!

    Еліміздің гербін ауыстыру туралы Президенттің ұсынысы (о баста ұсыныс суретші-дизайнер мамандардан шыққан сияқты) тұтас қоғамда болмағанмен, әлеуметтік желілерде әжептәуір қарсылық тудырды. Бірақ, байыптап қарасақ, бұл қарсылықтың қазіргі гербтің қазақ үшін ерекше қастерлі немесе эстетикалық тұрғыдан мінсіз болуына еш қатысы жоқтығын аңғарасыз. Соңғы уақыттары, ауыр індетпен қатар келген қаңтар трагедиясынан бастап, халық айтарлықтай күйзеліске ұшырады. Қазақстанның еркінен тыс, соғысқа, басқа да себептерге байланысты болып жатқан экономикалық қиындық салдарынан халықтың әл-ауқаты төмендеді. Осының бәрі қазір қоғамда байқалып қалған «терістеу синдромына» түрткі болды. «Терістеу синдромы» – дұрысты да бұрысқа шығаратын, қандай бастамаға болсын қарсы реакция шақыратын құбылыс. Әлеуметтік психологияны зерттеушілердің пайымдауынша, осы құбылысты барынша күшейтіп тұрған фактор – әлеуметтік желілер. Яғни, алдағы уақытта

  • Үздік ойдың үзінділері

    Үздік ойдың үзінділері

    Үздік ойдың үзінділері Арма әлеумет! Мен қазір таза академиялық ғылыми ортада жүрмін. Өзімнің неше жыл бойы жинаған білімімді, оқыған оқуымды, шетелдік тәжірибемді, интеллектуалды қарым-қабілетімді шынайы қолданатын қара шаңырақтың ішінде жүрмін. Алматының бәрінен бөлек мәдени ортасы ерекше ұнады. Алматы қала мен дала дейтін екі ұғымның түйіскен әдемі ортасы екен. Ойлап көрсем мен бақытты перезент, бағы жанған ұрпақ екенмін. Әкем тұрмыс пен жоқшылық, жалғыздықтың тауқыметін әбден тартып еш оқи алмадым, небәрі үш ай оқу оқыдым-, деп менің оқуымды бала күнімнен қадағалады, шапанымды сатсам да оқытам деп барын салды. Ал мектепте бақытты шәкірт болдым. Маған дәріс берген ұстаздарым кілең дарынды, қабілетті кісілер болды. Университетте және шетелде мен тіптен ерекше дарын иелеріне шәкірт болдым.

  • Самат Әбіш қалай “сүттен ақ, судан таза” болып шықты?

    Самат Әбіш қалай “сүттен ақ, судан таза” болып шықты?

    Азаттық радиосы Саясаттанушы Досым Сәтпаев ҰҚК төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары, экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Самат Әбішке шыққан үкім “Қазақстандағы режим болашақты ойламайтынын көрсетті” дейді қазақстандық саясаттанушы Досым Сәтпаев. Сарапшының пайымдауынша, билеуші “элита” жеке істерімен және тасадағыкелісімдермен әуре болып жатқанда елде тағы бір жаңа әлеуметтік жарылысқа әкелуі мүмкін факторлар күшейіп келеді. СаясаттанушыРесей өзінің экономикалық мүдделері мен геосаяси жоспарларын кеңінен жүзеге асыру үшін Қазақстанның ішкі саясатына тікелей әсер етуге тырысып жатуы мүмкін деп те топшылайды. ПУТИН “ҚАУІПСІЗДІК КЕПІЛІ” МЕ? Азаттық: Сонымен ұзақ демалыс алдында осындай үлкен жаңалық жарияланды. Мейрам алдында, 19 наурызда қазақстандықтар мәжіліс депутатының постынан Самат Әбішке шыққан үкім жайлы білді. Мұның бәрінің байланысы бар ма әлде кездейсоқтық па? Досым Сәтпаев: Әңгімені бұл істің құпия

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: