Барак Обама әлеуметтік желілер арқылы президенттің адами бейнесін, жеке өмірі мен қызметін барынша жан-жақты танытқан алғашқы президентке айналды.
АҚШ президенті “Жыл мұғалімі” атанған ұстазбен бірге кеңсесінің маңындағы кафеден тамақ пен кофе алып жұртпен әңгімелесіп жүр. Ақ үйге экскурсияға келген бала бақша тобының тілін қызық көріп біраз сөйлесті. “Түскі асқа не жемексіңдер?” деп сұрады. “Сені жейміз” деп қояды бір төрт-бес жасар ұл бала. “Үйбай, онда ел президентсіз қалады ғой” деп қояды мына кісі:))) Шынын айтқанда Барак Обама әлеуметтік желілер арқылы президенттің адами бейнесін, жеке өмірі мен қызметін барынша жан-жақты танытқан алғашқы президентке айналды.
Ғалым Боқаштың facebook парақшасынан алынды
Пікір қалдыру