|  | 

Суреттер сөйлейді

Саяхатшы әжей интернеттің жұлдызына айналды (ФОТО)

1(168)

Facebook әлеуметтік желісінде саяхатшы әже жұлдыз болды. 80 жастағы әже әлемнің әр түкпірін аралап, өзі болған жерлердегі маңызды орындарда немерелерімен және балаларымен бірге суретке түседі. Оның немересі әжесінің Fashion park-те түскен суретін жарялады. “80 жаста! Лондон, Тайланд, Франция, Испания… Ол Диснейлендтің барлық әткеншегіне мініп көрді! Бұл менің әжем!”, – деп жазды немересі. Бірнеше сағатта суретті 1300 адам ұнатып, 430 адам өз парақшасы арқылы бөлісті. Facebook қолданушылары әжейдің басқа саяхаттары туралы толығырақ білгісі келетінін жазып жатыр.

 Tengrinews.kz тілшісі әжеге хабарласып, қызықты сапарлары туралы толығырақ сұрады. “Мен алғаш рет 79 жасымда Лондонға бардым. Немерелерім мені баруға көндірді, алғашында қорыққанмын. Бірақ ұшақта өзімді жақсы сезіндім, – деді 80 жастағы . – Біз өзімізбен бірге қазы-қарта алып кеттік, сондықтан тамақ жөнінен қиналған жоқпыз. Олардың да тамағы ұнады. Кейін балаларыммен Тайландқа барып демалдық. Мен олардың тілін түсінбеймін ғой, олар маған өз тілінде бірдеңе айтты, мен қазақша жауап бердім. Олардың шыбын-шіркейін жеген жоқпын. Мен тек сорпа ғана іштім”, – деді әжей.

Оның немересі Айдын Тоқсанбаева әжесін жоғалтып алған сәті туралы айтып берді. “Бір күні біз жағажайда жатқан әжемізді жоғалтып алдық. Қорқып кетіп көршілерімізден сұрай бастадық. Оның суға түсуге кеткенін кейін білдік. Ол шомылғанды жақсы көреді”, – деді Айдын.

 

Оның немересінің айтуынша, әжей ешқашан шаршамайды. Күні бойы жүргеннен кейін ол бірден ұйықтап қалады екен. “Ол барлығына үлгеруге тырысты. Диснейленд әткеншегіне отырғанда да ол қорыққан жоқ. Бізбен бірге кезекте тұрған америкалық отбасы үлкен адамға әткеншекке отыру қауіпті екенін айтты. Бірақ әжем қорыққан жоқ”, – деді Айдын.

 

Әже ұлымен бірге Луврде

80 жастағы әже барлық жерге қазақтың ұлттық киімін киіп барады. Әжейдің немересінің айтуынша, ол отбасымен бірге қыдырғанды жақсы көреді. “Біздің саяхатымыздың ақшасын әкем төлейді. Біз ақшаны үнемдеуге тырысамыз. Келесі жылы әжем Меккеге баруды жоспарлап отыр. Барлығы дұрыс болады деп үміттенемін”, – деді немересі.

 

Париждегі Эйфель мұнарасы жанында

Тайландтағы Rayban-да

 

Немересі Айдын Тоқсанбаевамен бірге

 

Диснейлендте әткеншек кезегінде

 

 

 

Шаршаған кездері осылай ұйықтап алған

 

Саяхат кезінде әжейге суши қатты ұнапты

baq.kz

Related Articles

  • АЛДАҒЫ 30 ЖЫЛДА АШЫЛУЫ ЫҚТИМАЛ АСТРОНОМИЯЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

    АЛДАҒЫ 30 ЖЫЛДА АШЫЛУЫ ЫҚТИМАЛ АСТРОНОМИЯЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

    Келесі миллиард секундта, яғни басқаша санағанда, отыз жылда астрономияда қандай жаңалық ашылуы мүмкін? Астрофизик, ғылым насихатшысы, Абдус Салам атындағы Халықаралық теориялық физика орталығының (Триест, Италия) зерттеушісі Сергей Поповтың мақаласын ықшамдап аударып беріп отырмыз. *** Алдымен өткен 30 жылға көз тастайық. Отыз жыл бұрын КҮНГЕ ҰҚСАС ЖҰЛДЫЗДЫ АЙНАЛАТЫН ПЛАНЕТА ашылмаған-тұғын және ӘЛЕМНІҢ ҚАЗІР ҮДЕЙ КЕҢЕЙІП бара жатқанын білмейтінбіз. Бірінші ашылымды алдын-ала болжау мүмкін еді, екіншісін — жоқ. Біріншісі экзопланеталарды іздеуге бағытталған жүйелі еңбектің нәтижесі болса, екіншісін ғалымдардың көбі күтпеген-ді. Бұларды 1960-шы жылдардан бергі екі ең басты астрономиялық жаңалық дей аламын. Демек болашақ ірі жетістіктің де кейбірін болжай аламыз, ал басқалары тосыннан ашылады. Жалпы, ғылыми ашылымдарды неліктен болжауға болады? Өйткені көптеген маңызды

  • 1893 жылы 25 қарашада

    1893 жылы 25 қарашада

    1893 жылы 25 қарашада, Даниялық ғалым В.Томсен құлпытастағы бітік жазудың құпиясын ашты. Ғылыми жаңалық еуропа қоғамын дүр сілкіндіреді. Тосмен алғаш «түрік», «күлтегін», «тәңірі» деген сөздерді шешіп оқиды. Бітіктастағы жазудың келесі беті қытай иероглифімен бәдізделген-ді. Томсен иероглифтегі есімдердің реттік (қайталану) жилігіне қарап отырып келесі бетіндегі құпия таңбаларды біртіндеп сөйлете бастайды. Сол дәуірде шығыстану соның ішінде түркітану саласы жеке ғылым ретінде абройлы зерттеу нысанына айналды. В.Томсен таңбаны шешіп құпиясын ашқанымен көне түрік тілін білмеуші еді, сол себепті «бұл мәтінді оқыса Радлов оқиды» деген. Көп өтпей Радлов, Томсен шешкен таңбаның ізінше мәтін жолдарын оқыған. Сонымен жұмбақ күйде қалған тастағы бітік жазуы сөйлей бастаған… 25 қараша күні маңызды күн. Бітік жазу күні құтты болсын!

  • Шоқай Торғайұғлы

    Шоқай Торғайұғлы

    “Ақмешіт уезінде белгілі қазақ ақсақалдарынан Шоқай Торғайұғлы 23-нші декабрде опат болды. Қазақша атқа мінген жұрт кісісі болғанның үстіне өнер, білімнің керектілігін ерте сезіп, заманға лайық істерге кіріскен адам еді. Мұстафа деген баласы осы күні Петербор университетінде оқып жүр” “Қазақ” газеті, №46, 1914 жыл Суретте: Шоқай Торғайұлы. Сурет Н.Гродековтың кітабынан алынды. Серікбол Хасан

  • Герб ауыстыру мәселесі немесе «терістеу синдромы» қалай пайда болды?!

    Герб ауыстыру мәселесі немесе «терістеу синдромы» қалай пайда болды?!

    Еліміздің гербін ауыстыру туралы Президенттің ұсынысы (о баста ұсыныс суретші-дизайнер мамандардан шыққан сияқты) тұтас қоғамда болмағанмен, әлеуметтік желілерде әжептәуір қарсылық тудырды. Бірақ, байыптап қарасақ, бұл қарсылықтың қазіргі гербтің қазақ үшін ерекше қастерлі немесе эстетикалық тұрғыдан мінсіз болуына еш қатысы жоқтығын аңғарасыз. Соңғы уақыттары, ауыр індетпен қатар келген қаңтар трагедиясынан бастап, халық айтарлықтай күйзеліске ұшырады. Қазақстанның еркінен тыс, соғысқа, басқа да себептерге байланысты болып жатқан экономикалық қиындық салдарынан халықтың әл-ауқаты төмендеді. Осының бәрі қазір қоғамда байқалып қалған «терістеу синдромына» түрткі болды. «Терістеу синдромы» – дұрысты да бұрысқа шығаратын, қандай бастамаға болсын қарсы реакция шақыратын құбылыс. Әлеуметтік психологияны зерттеушілердің пайымдауынша, осы құбылысты барынша күшейтіп тұрған фактор – әлеуметтік желілер. Яғни, алдағы уақытта

  • Шағын сараптама:Шыңжаң өлкелік үкіметі, шетелге оқушы жіберу жұмысы

    Шағын сараптама:Шыңжаң өлкелік үкіметі, шетелге оқушы жіберу жұмысы

    Шағын сараптама 1934-35 жылы жаңа Шыңжаң өлкелік үкіметі құрылған соң шетелден оқу, шетелге оқушы жіберу жұмысы кешенді жүзеге асты. Соның негізінде өлкелік үкімет Совет Одағынан оқитын жас талапкерлерге конкурс жариялап арнайы үкіметтің оқу стипендиясын бөлді, нәтижесінде 1935-39 жылдары ұзын саны 300-ге тарта студент Совет Одағында білім алды. 1935 жылдары Шығыс Түркістандық студенттердің ең көп оқуға түскен білім ордасы- Ташкендегі САГУ еді, атап айтқанда Орталық Азия Мемлекеттік Университеті. Ташкеннен оқыған Шыңжаңдық студенттер Шығыс Түркістанның барлық аймақтарында түрлі қызметте жұмыс істеді, оларды кейін “Ташкентшілдер” деп те атады. 1939 жылдан кейін Мәскеу мен Шыңжаң өлкелік үкіметтің арасы дипломатиялық дағдарысқа ұшырады, соның кесірінен ресми Үрімжі Совет Одағы құрамындағы студент азаматтарды елге шақыртып алды. Білім

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: