|  | 

Тұлғалар

БӨЛКЕНДІК ЕСЕНҚҰЛҰЛЫ

МЕРКІТ  ТЕКТЕЛГІСІ

Majeny TileuhanТілеухан МӘЖЕНИ – 1951 жылы ҚХР,  Тарғабатай  уәлаятының,  Толы (Керей) ауданы , Майлы тауында туған.  1978 – жылы інісі Кәдірхан екеуі,   Қытайдағы әсіре қызыл  режімнің азаптауымен   «Қара-қақпадағы » қаһарлы  түнектен құтылу үшін өздері мақтаныш  санйтын тарйхый отаны, Қазақ еліне қашып келді. 1990- жылға деиін Көкшетаудағы Кеңестік КГБ-ның қатаң бақылауында болып , бұл  қуғыннан  босаған Тілеухан дереу Алматыға  келеді. Тікең, 1991 – 1997 жылдар  аралығында, Қ Р мемілекеттік  Мұражайында—Деректаныу  маманы; Халқаралық «Түрік дұнясы » журналының әдеби қызыметкері; «Алатау»  тел-арнсында «Исләм мәдениеті» Тел журналының жоба авторы һәм жүргізушісі;  1998 жылдан  қайтыс болғанға дейін  Халықарлық  Абай   қорының  шығыстілдер бөлімінің  жетекшісі  .

БӨЛКЕНДІК  ЕСЕНҚҰЛҰЛЫ

( 1845 – 1908 ж  )

Ғасырлар  қоинауының  сан  тарау   соқпақтарына  көз  жіберсек ,  өтпелі  дәуірдің    өнегелі  жадынамасынан  тарихый  дәлел  -  дәиектерімен  аты  аңызға  айналған ,  Меркіт  руының  Лепесінен  шыққан  Әлдеке  деген   атадан  тарайтын,    Бөлкендік  Есенқұлұлы —  Қазақ  Абыздары  шоғырындағы  өзіндік  бедел – бедері  айқын  дара  туған  дарабоздардың  бірі  ғана  емес,  бірегейі  болып  табылатын  көрнекті  тұлға .

Байлығына  тектілгі  сай , тәрбиелі  шаңырақтан   өркен  жәйіп  өнеге  алған  һәм  өрісі  кең  өнегелі   – ортааның  тағылімі,  бөлкендікке де  жастайынан  жұғысты  болған-ды .  17 -  нші  ғасырдың  соңғы  жылдары    ел -  жұрты   талапты  тұлегіне « жас  болсаң да    халайыққа    бас  болғын »  -деп , Бөкеңді   қолдап  – қолқалауымен  ел  ісін  басқарыуды  қолына  тапсырады .

1870  -  жылдары  орыспен  қытай    Қазақ  жерін  бөліп  алып  билей  бастауы  қалыптаспай  тұрған  Қазақ  әлемі  тәуелсіз   заманда,   кең –байтақ  Қазақ  даласынан  жұрт  жәңалаған , Мамырбек  төренің  қоластына  қарайтын  сахаралық  бұқара , Майлымен  Жәйірға  ірге  теуіп  қоныстай  бастаған   дәуірдің  өзінде – ақ ;  Мамырбк  төренің  қол  астына  қарайтын  жеті  зәңгілік  (болыстық  деңгейдегі  әкімшілік   құрылым )  іргелі  рулар   «Керейдің  үш  босағасы »  аталған  ел  басқарудың  үш  кісіден  құрам  тапқан  « ақылдстар   алқасының  »  үш   беделды   тұлғаның   ( Мамырбек – төре  Көгедаев  ,  Көбен ,   Бөлкендік)  бірі  Бөлкендікті  сол  дәуірден   бастап,  байлығымен   әділдігі,  ақыл -  прарасатына  шешенндігі  сай  Бөлкендікті,  халық  болып   қауым  болып  « Керейдің    ұйтқысы»  деп  таный  бастайды . Бөкеңнің  адамдар  арасндағы  сыпайылығы,  мінез  құлқы  әр  алуан  адамдармен  үйлесімді  қарым  қатынас  жасай  отырып ,  қол   астыедағы  қауыммен  дұрыс  тіл  табыса  білетін  елжарастық  өнегесі  туралы  бұрынғырардан  бізге  жеткен  өнегелі  өмір  салты  өте  мол – ақ .  Сол  аңыз  рауяттардың  бірінде ,  Шәучектің   « Жамбыл»  деп  аталатын  мәртебелі  ұлық -  Губернаторларының  бірінің    жұыс  бабыпдағы  шақырыумен    түнқатып  жолға  шыққан  Бөлкендікті ,  даланың  баукеспе  ұры -  қарақшылар,  Бөкеңнің  астындағы  сұліктей  сұлыу  жорға  атын ,үстіндегі  30  біиенің  құнына  тұратын   құндыз  кұскен   алтын – кемерлі  тон –ішігін ,  әмян  толы  алтын  күміс  ақшасын,  құны  ат  қосақтаған  атан-  түйелік  саптамасына  дейін  сыпыра  тонаған  жырынды  топ  көп  ұзамай   қолға  түсіп ,  Бөлкендіктің  алдына  әкелінеді  .  Сонда  алдына  айдалып  келген  қылмысты  тоқа  әзілге  шаптырған  ақжарқын  күлкісімен  «  Уа  жігіттер,  ел  аман  жұрт  тынышта  бұларыңа  жол  болсын !  Мен  сендерге  қаймал  жетектеген  қатын  емеспін – ғой ,  Ойдайт  дегенің !  іргелі  елдің

— 2 —

пілдей  Зәңгісін  түн  жамылып   тонғндарың   кісілікке  жатпайды-ғой , Онанда  маған  келіп ,  жөн  жосықтарыңды  айтсаңдар ,  өз   қолымен  қажеттеріңді    берер  едім –ау ,  бұдан  былай  ұрлық  түбі – қорлық ,  тону  түбі – топастық  екенін  біліп ,  жәйін  жатқан  жалпақ  елді  шулатпай  тек  жүріңдер» – деп  ұрыларға  кешірім  жасап,  босатып  қоя  берген  екен .           /     Бөлкендік  ел  басқарған  тұста ;  Жер  дауы ,  жесір  дауы ,  тағдырға  тағат  сұрайтын  құн дауын   ақыл  парасатпен  айғай  шусыз  һәм  әр  тарапты   «мақұл»    ете  білетін  шебер де  әділ  қазылық   арқылы  шеше  білгені  туралы  ел  ішіне  аңыз  болған  әңгімелерде  жетерлік .  Бөлкендік  өз  дәуірінің  тамырын  ұстап  ағайын  туыс  ,  бала – шағаның  тіршілік  тынысын  барлай   білетін  көріпкел  сыншы  кісі  екен .  Бөкеңнің  батасын  алып  бағы  жанған  ел  азаматтарымен  тұқым  жұрағаты да  бір  талай  аңызбен  ақйқаттың  сорабынан  соны   хикаялар     мол  -ақ .

Өмірде  түйгенімен  тындырғаны  мол   Бөкең    Жидемен  Жеті – обаны  қоныс  етіп,  Жиденің     құнарлы  алқабына  бидаймен  тары  егіп,  қалайықтың  нан  молшылығын  жасап ,    Меркітті  төрт  тұрманы  түгел  өрісі  малға  толы  дәулеті  дөңгелеген  қауымға   айналдырады .  халқына  Алланың  хақ  дінін  уағыз   етіп , Ырздықпен  берекені    татыулықпен  қайырымдылықты   ел  жұртының  санасына  сіңіріп  ,  Келгенбай  молланы  алыстан  шақырып  әкеліп ,   Меркіт  азаматтарын « Иман  шарттан»  сауаты  ашық қауымға  айналдырып ,  Қазақ  тарихының  айтыулы  жаңалығы  Лабадан   жаңа  заманға  сай  мектеп  ашып,  еліне   Білімнен  шырақ  жағады.   Ел  жұртын  дөңгелек  дәулетті  іргесі  бүтін  ынтымағы  жарасқан  ауыл – аймаққа  айналдырады .

« Ер  қадырын  әр  қашан  елі  білгендіктен » әр  қашан  ауыз  бірлігі  бар  берекелі  ағайын     «  Ет  жақсысы  қарта  еді ,  негізіне  тартады»   деген  аталы   сөзді  ада  еткен  бүгінгі    Меркіттер ,   Ата  — бабаларының  тарх  қойнауынан  жеткен  өнегелі  өмірін  ардақтай  отырып,  , Майлымен  Жәйірдің  төрт  тарапына  толықсып  өскен;   Барлық  бауарайын  ендей  көктеп ,  Шағантоғаймен  Құлыстай  шегіне  деиін     өркендеген  Сүйектес  ағайын,  қандас  бауырлар  2006  жылы  ЖЕТІӨБАДАҒЫ  Бөлкендік  хажының      соолақай  сотқарлар  заманында  көп  жыл  қараусыдау  қалған  қасиетті  зират — қабірстанын    қайтадан  жөндеп ,  ғасырлар    қойнауынан    халқына  қадырлы    Керей – Найманның  берекелі  қауымы,  шүбырып  келіп   дұға  өқып  тәу  ететін  осы  бір   киелі  беиітті ,ел  жұрт  ұрпағы  бас  қосып , Бөлкендік   сынды  көренкті  қоғам  қайраткерін  ел  жадынан  шығармау  мақсатында   Жетіөбаның  тархый  кесенесін  қайта  тұрғызды. Меркіт  балалары  Бөлкендік  бабамен  Қарабураның  Мұқырындағы  « Меркіттер  қабырстанында »  жақан  Байақын – Абыз   қатарлы  Ата- баба     рухына    «Құран  Хатым »  түсіріп,  Тарбағатай  өңіріндегі  отандас  қауымға   ұлы –жіңгір  үлкен  АС  берді .

kerey.kz

 

Related Articles

  • ҒАЛЫМ БОҚАШ. «Өзіне ар тұтқан, жаттан зар тұтады!»

    ҒАЛЫМ БОҚАШ. «Өзіне ар тұтқан, жаттан зар тұтады!»

    Екі мыңыншы жылдардың басында қазақ руханиятында ерекше басылымдар болды. Атап айтсақ, Атырау шәрінде шыққан «Алтын Орда» газеті болса, одан кейінгісі Алматы қаласында шығып тұрған «Жас қазақ», сондай-ақ «Шетел Әдебиеті» сынды газеттер еді. «Алтын Орда» газетіне Мейірхан Ақдәулетұлы, ал қалған екеуіне Талғат Ешен мен Ардақ Нұрғазы іспетті қазақтың интеллектуал азаматтары бас редактор болған еді. Бәрі  де есімдері елге мәлім, ғажайып ақындар. Бәз біреулердің: «Журналист болмаса, ақын ешқашан жарытып газет шығара алмайды», – деген сыпсың сөздерінің ауызына құм құйып, әлгі әпербақан түсініктің аяғын көктен келтірген де осы талантты қаламгерлер болды.  «Әдебиет порталы» «УАҚЫТ ПЕН КЕҢІСТІК…» айдарымен  тек аталған осы басылымдар ғана емес, жаңа ғасырдың басында қазақ баспасөзінде жарық көрген небір жілікті жазбалар мен танымдық

  • Ел қорғаны – Алмат Сардар

    Ел қорғаны – Алмат Сардар

    Сардар Алмат Тобабергенұлы – өз дәуірінде ел басқарған, беделді тұлғалардың бірі болған. Ол Ырғызда болыс қызметін атқарып, халық арасында сыйлы адам ретінде танылған. Алмат Тобабергенұлының ерлік пен елдік тоғысқан дара жолын кейін балалары Самырат пен Төремұратта жалғыстырды. Ал оның шөбересі Ғалымжан Әбдісаламов Еуропа мен Орта Азияға танымал қазақтан шыққан тұңғыш скрипкашы болған. ХІХ ғасырдың басында дүниеге келіп, сол ғасырдың соңғы он жылдығында өмірден өткен алмат Тобабергенұлы басындағы билігі мен беделін елінің игілігіне, жұртының тұрмыс-тіршілігіне арналған өз заманының айтулы тұлғаларының бірі еді.  «Аржағы да атақты ер…» Тағы бір жүз жыл әрі жылжып, ХVІІІ ғасыр тарихын парақтасақ, ол кезеңде ел басынан өткен қайғылы оқиғалар көп болғанын көреміз, «ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» халқымызды

  • 14 наурыз – Математиктер күні

    14 наурыз – Математиктер күні

    Кафедра профессоры Математиктер күніне арналған «Таңғы Studio» таңғы шоуында 15 наурыз, 2025 14 наурыз – Математиктер күніне орай «Таңғы Studio» таңғы шоуының қонағы белгілі ғалымдар: физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Қангужин Балтабек Есматұлы мен PhD-доктор Жұмабай Мәдібайұлы болды. Эфирде олар математиканың маңыздылығын, мерекенің тарихын, қазақ математиктерінің ғылымның дамуына қосқан үлесін талқылады. Профессор Балтабек Есматұлы математиканың ғылымдардың патшайымы саналатындығына тоқталды. Ол бір жағынан ғылыми білімнің шыңында тұрса, екінші жағынан басқа пәндердің дамуына негіз болатын көмекші ғылым екенін атап көрсетті. Ғалым шексіздік пен математикалық есептеулердің дәлдігін білдіретін π санының шығу тарихына да тоқталды. Доктор Жұмабай Мәдібайұлы бұл күннің 1988 жылдан бастап «π саны күні» (π – иррационал сан, шамамен 3,14142… тең) ретінде тойлана

  • Тұрсын Жұманбай «Үйсінбай кітабы»

    Тұрсын Жұманбай «Үйсінбай кітабы»

    Бұл Дағандел, Бақанас өлкесінен шыққан би Үйсінбай Жанұзақұлы хақында құрастырылып жазылған кітап. Тың толықтырылған еңбекте болыс Әлдеке Күсенұлы, Дағанделі болысының басшылары мен билерімен қатар Әбдірахман Әлімханұлы Жүнісов сынды айтулы тұлғалар жайлы әңгіме қозғалған. Олардың ел алдындағы еңбектері, билік, кесім – шешімдері, халық аузында қалған қанатты сөздері мен өмір жолдары, ата – тек шежіресі қамтылған. Сонымен қатар мұрағат деректеріндегі мәліметтер келтірілген. Кітапқа есімі енген ерлердің заманы, үзеңгілес серіктері туралы жазылған кей мақалалар, жыр –дастандар, үзінділер енген. Кітап қалың оқырман қауымға арналған. Тұрсын Жұманбай «Үйсінбай кітабы», - Жебе баспасы, Шымкент қаласы.134 бет толық нұсқасын төмендегі сілтеме арқылы оқи аласыз. Үйсінбай кітап kerey.kz

  • Зеленскийдің “жалғыз сенері әрі оң қолы”. Андрей Ермак кім?

    Зеленскийдің “жалғыз сенері әрі оң қолы”. Андрей Ермак кім?

    Рэй ФЕРЛОНГ Андрей Ермак (сол жақта) пен Украина президенті Владимир Зеленский (оң жақта). 2019 жыл. Андрей Ермак ұшақтан түсе сала өзінің бастығын құшақтады. 2019 жылы қыркүйекте президент Зеленскиймен жылы жүздесу жаңадан басталып келе жатқан саяси серіктестіктің басы еді. Бұл – Ермактың Ресей түрмесінде отырған 35 украиналықты Мәскеуден алып келген сәті. Ал 2020 жылы Ермак Зеленский әкімшілігінің басшысы болды. Бірақ Украинадағы жемқорлық шуынан кейін оның қызметіне жұрттың назары ауды. Себебі Ермак Украина энергетикалық инфрақұрылымына бөлінген қаржы жымқырылған коррупция схемасында негізгі рөлде болған деген ақпарат тараған. Бірақ тергеушілер бұл жайттың жай-жапсарын толық ашқан жоқ. Ермактың өзі Азаттықтың Украина қызметінің ресми сауалдарына жауап берген жоқ. Сонымен Зеленскийдің кеңсесін басқарып отырған Ермак кім? ТЕЛЕВИДЕНИЕДЕН

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: