|  | 

Әдеби әлем

Ғашықтар біздің мекенде

Байахымет Жұмабайұлы

Bayahmet jumabaiuly

 

 

 

 

 

Сөз ‹‹Қозы көрпеш-Баян сұлу›› жайында болмақ. ‹‹Қозы көрпеш ـــ Баян сұлу›› жыры қазақ халықның ертедегі өмірін, тұрмыс-тіршілгін, салт-дәстұрын аңғартатын көркемдігі биік, халықтық шығарма. Жырда Қозы мен Баянның ғашықтық жайы жырланады.

‹‹Қозы көрпеш-Баян сұлу›› жырын зерттеуші ғалымдар ХⅦ– ХⅥ ғасырда жарыққа шыққан яғни жұңғар шапқыншыларының зобалаңы әлі де қазақ даласынан арыла қоймаған кезде туған десе, жырдың тағы бір вариянтына үңілсек, мұндағы адам аттары, тұрмыс-салт ‹‹балталы›› елінің ауызға алынуы ноғайлы еліне тәуелдейтін зерттермендердің көз қарасына тура келеді. әл Әлікей Марғуланға ‹‹ежелгі жыраңыздары›› еңбегіндегі ‹‹1812 жылғы күз күр күр›› атында табылған башқұрт нұсқасына қарағанда, бұл жырды түркештер дәуіріне де апарып тіреуге болатын көрінеді. Әйтседе, бұл рет менің пікірім өзгеше, жастар баспасына ‹‹Қазақтың ғашықтық жырларына›› сегізінші кітап енгізілген 1915 жылы дауыт ақынның жазған ‹‹ғашықтық ғаламат›› атты дастанына үңілер болсақ:

‹‹Ал Дәуіт қалам ұста ұшын теже,

Көңілге бір парылды қойма тежеп,

Бұрынғы ноғайылының заманында.

Сөйлейтін бір қисадан келі кеңес,

Он екі ру өзбек деген ел бар екен

Дейтұғын Алтай-жайық жер бар екен›› деген жолдарынанⅤХ-ХⅣ ғасырдағы ноғайлы елінен өр бітіп отырғанын айқын байқаймыз. Мұнда Дәуіт деп отырғаны 1870 жылдарда құлжаның көк қамыр өңірінде дүниеге келген руы қызай Дәуіт отарбай ұлы жандаралов айтады. Дәуіт ел ішінде зәңгі болған, құлжа самғұның ақылшсы, мәтен әнбыға еріп, ел-жер жайында талай жұмстар тындырған. Ақын әрі діндәр адам екен. 1920 жылдардан кейін дүниеден өткен. Ақын осы дастанда: .

‹‹Құлжаға бір саудагер келген шетте,

Жәһәнгез ел аралап жүрген көптен,

Қиыр басыпәрі жерден көрген өткен

Көне тұрпан мекені шала қазақ

Пысық жігіт мал тапқыш даңқы кеткен.

Сол жігіт тарын-жұңғар аралапты,

Саудамен әр аймаққа қолы жеткен.

Сол жігіт лопнорға барған екен,

Қотан дейтін шаһардан арман екен.

Ұндыстан жеріне таяурақ,

Соғанда сауда жолын салған екен,

Еліне Қарабайдың кірген екен,

Сол елдің қақ жағдайын білген екен.

Сарт пен қазақ арасы қырғызға ұқсас,

Бөтенірек сөйлейтін тілден екен,

Жүздей-ақ ауғанда тұтын екен.

Қазақта естек деген еліміз дейді,

Әйтеуір діннен кетпей күтулі екен›› дейді.

Сайдагер әбдыл латыптың өзіне Қарабай елінің Баяндап бергенін өзі сол бойынша сол шығармасын жазып шыққанын айта келеді

‹‹Жұдын әбден сабындап,

Әңгіме үшін жабындап.

Айтуғада көруге,

Осындай болса таза еді.

Шариғат емес, қиса емес,

Обал дейтін азабы›› деп өз шығармасында ғашықтардың оқиғасына сүйіне отырып, жанашырлықпен оларды мұратына жеткізіп, махаббат лаззатына кенелтіп өлтіргенінде жасырмайды.

Міне біз осы Дәуіт вариянтынан жырдың ноғайлы дәуірінен екенін, әрі Қарабай елінің әлі де Хотан өңірінде жасап отырғанын: ‹‹жиырма жыл шамасы жаңа болыпты, одан бұрын еш сұрақ көрген жоқты. Хотаннан шиәнгуән деген ұлық шығып, сол қаратып, қаратып пекинге хабар соқты›› деп жирманшы жылдардаған.

Мұнда 1820-1920 жылдардың қайсы екені айтылмаған. Хотан аймағының қарамағына қарап ел болғанын анықтайды. мыне бұдан біз ‹‹Қозы көрпеш ـــ Баян сұлу›› жыры көп вариянт болғанымен әр вариянтында әр дауырдың белгісі аңғарылатындығда аңғарамыз. Әйтседе, оқиға әуел баста ғашықтар үстінде болса да кері тұр. Әрбір дәуірдегі жыр нұсқасын жаратушы халық оны өзі жәсәған. дәуірдің саяси ортасымен тұрмыс жүйесіне түсіруге талпынсада тек жырдың тілін байту, кейіпкерді толықтыру, немесе ішнәрә оқиға желсін байту мақсатына жеткенмен жырдың байырғы оқиғасы тұпнұсқасын мүлде өзгерте алмайды. Жырдың жиырма жуық нұсқасы бар. Осының бәрінде екі ғашықтың махаббаты жырланады. Екі жас армандарына жете алмай қыршынан қиылады. Жырдың қанша нұсқасы болса соның көбінде осы ой жинақталады. кей нұсқаларда ғашықтар өлмей мұратына жетеді. өліп қалып қайта тіріледі. немесе той жасап мұратына жеткен соң өледі. тіпті реалдықтың аяқ астынан аңызға айналатыны да бар. Нұсқалардың мұндай ұқсамастықтары кейбір оқырмандарға ‹‹бұл жыр аңыз болуы мүмкін›› деген ой туғызады да, қоймайды. Ал оқиғалар сәл өзгеріп аңызға айналған. Бөлімдері қалай да екі жастың махаббат кешірмелеріндегі өмір арпалыстарына сай сүйегі сырқырап жанашырлық етуменен өзгеше нұсқа жаратып ғашықтарды мақсатына жеткізген болуы мүмкін. міне, бұған айғақ жоғарыда Дәуіт нұсқасында жазушының өзі айтқандай: ‹‹бұл өзгертуге болмайтын шариғат сөзі, не жазылып қалған дастан емес, халықтың оқуына берілетін оқиға болған соң, бұларды мұратына жеткізіп бәріпөлтірді›› деген анықтамаса болса: енді бірі, шөженің жырында жинақтың жыр оқиғасын барынша өзгертіп, жаңадан кейіпкерлер қосып, кей кейіпкерлердің еңбегін айырықша көрсете білгендігімен; абай нұсқасындағы өзгерсітерді байқасақ болғаны. Осған қарағанда, ‹‹Қозы көрпеш ـــ Баян сұлу›› жыры қанша нұсқа бөлғанмен, жанақ пен шөженің жаңғырығы. енды бір жақтан дауырын, орнын, мекенін, тегін айтып отырған Дәуіт нұсқасын көргенімзде Алтай халқының ішіндегі ‹‹Қозы көрпеш ـــ Баян сұлу›› жайындағы әңгімелерге сүйене отырып неше жылдардан бері өзімнің де жырдың орыны, дәуірі жайында қозғаған пікірінің шындыққа айналып бара жатқанына алақайлағым келеді.

Кейіпкерлер жайында біз пікірімізді растаушы әуелі кейіпкерлер жайында тоқталайық. мұнда жырдың бас кейіпкері қадыр — бір нұсқада Қарабайға жылқшы болса, енді бірінде жалшы және тазша болса, біреуінде бас арқылы Баянға келеді де сонда Баянның шынайы ғашығы болып көрінеді. рәс жұңғар өктемдігі исылам дынның салтына құрмет еткен жоқ. олар түркі тайпаларынан қыз алуды салтына айналдырып алды десекте жансақ кетпейді. кейбір зеттеулер ‹‹Қодар мұңғұл тайпасынан›› дей келіп, ‹‹Қарабайдың алдында құл болып, Баянды алу мақсатында жұрды›› дейді. Меніңше бұл ағаттық тұрған дәуірде мұңғұл азаматы болған алдына құл болып жүре алмайды. Ал, жұңғарлардың жеңілуімен ислам дынның соңғы кездеріндегі оқиға десекте, Қарабайдың өз дынның азып, бөгде діндерге қыз беруге риза болуда мүмкін емес. Ендеше Қодар шөже ақынның айтқанындай ‹‹шақшақ байдың ұлы›› етіп Баяндауда негіз бар көрінеді. Үйткені қолымыздағы Дәуіт нұсқасындағы да: .

Мұны естіп абдыжаппар қылды талап,

Қаракөк ат ерттеп мінеп манап,

Ол өзі ноғайлы да бір бек еді.

Әмір мен ноғайлы жүргек тарап

Сонымен әбдыжаппар құл болады,

Жылқышы болып мал бағып жорғалады

Әбдыжаппар бек аты ұмыт болып,

Қодар құл болып аттанып

Қураған Баянға қайтсем тауыр көрінем деп

‹‹Отын алып бие сауып зыр қағады›› деген жолдарында-ақ, Қодардың негізгі аты әбдыжаппар екенін, оның ноғайылығын бір бек екенін анықтауына жүгінсекте жетерлік сияқты.

Ал Қарабай болса: ‹‹Қарабай ҚАлтай деген елден екен, қаракөк жеті атасы кеңінен екен›› деген Дәуіт нұсқасындағы сөз Қарабайға анықтама бөлғанмен, ‹‹ҚАлтай руының қай жұздың ұсақ табы екенін анықтай алмадым. Қозіке Сарыбайдың ұлы, яғни жырдағы Қозы көрпеш. Әсіресе осы Дәуіт нұсқасында барлық жерінен ‹‹Қозы-көрпеш›› есімі екен, ұш жерден кезігеді де негізінен Қозіке атымен аталады.

Нәрбике Сарыбайдың бәйбішесі, қазыкенның шешесі. Майылбай – Сарыбайдың досы болған адам. жандос-майылбайдың ұлы Қозының жан досы. Таусары шешен-Қозікеннің ақылгойлыгы, жанашыры. Сарыбай: ‹‹Сарыбай Бағас деген рудан болып, екеуіде деулетті болған екен›› деген Дәуіт нұсқасында айтылып анықталғанмен, шежіреден қай жүзге қарасты ру екенін білмедім. Тек ‹‹бағас›› деген уақ тайпасынан кезігеді екен.

Сағынбай-Қарабайдың бәйбішесінен туған ұл, мейірімді Қозікенмен Баянға үйленеді.

Қоған-қорабайдың екінші ұлы, Қодардың досы, Қозікеге дұшпан Баянды жақтырмайды.

Айсұлу-баянның ағасы соғынбайдың әйелі, Қозікеннің жанашыр қамқоры.

Баян Қарабайдың тоқалынан туған қыз, Қозікеннің ғашығы яғни Қодардың да ғашығы месжән-Қодардың досы, ең соңында ‹‹айғақтың беті қара›› деп, Қодармен бірге ел оны өлтіріп өртеп берді.

Міне бұл дауыт нұсқасы бойынша көрсетілген кейіпкерлер, жырдың әр нұсқасындағы кейіпкерлерге салстырар болсақ нұсқа сайын өзгеріп отырады. Мысалы: жанақ жырында жоқ айбас. абай жырында кемеңгер болып Баяндалады. бір жырда, Шағатай мижендәр кезікпесе, енді бір жырда айжан, айсұлу атымен кезігеді. Ал кейіпкерлерден сырт оқиғаның өзі бір жырда Қозікені Қодар атып кетсе, бірінде Қодарды Қозікен өлтіреді: енді бірінде Қодар Қозікеннің басын кесіп алып кетсе, ол бас Қозікендік болмай шығады: енді бір бөлімнде Қодарды Баян өлтірсе, және бірінде Қозікенмен Баян мұратына жетеді. жірдің уақиғасынан, кейіпкерлердің мұндай өзгеріске бастапқыда айтқандай әрбір жырды жаратушы өзі жазған дәуір шеңберімен ондағы халықтың тілегіне қарай жыр шығарып отырғанын аңғарамыз. Бұл сөзімізге жоғарыдағы Дәуіт ақынның жырды жазу барысы куә болса, енді бірі; шөже ақынның шоқан уалиқанның әйтуімен: .

‹‹Құдай берді сұлтанды қамал қылып,

Даншпан мәртебелі адал қылып.

Бұрын жазған жоқ едім мұндай сөзді,

Адал сұлтан жаздырып саналы қылып›› деп шоқанның талабымен өңдеп қайта жазғанын ескертеді.

Қортып айтқанда, ‹‹Қозы көрпеш-Баян сұлу›› жырының қанша көп нұсқасы болғанімен, нұсқалардың кейіпкерлерімен, уақиғасы қанша көп өзгертілгенмен, екі ғашықтық кешірмесінің еш өзгеріссз жетуі, әрбір нұсқадағы жер аттары, уақиғаның шын сырын ашып, жырдың өміршеңдік қуатын арта түсуде. Сондықтан ендігі жерде жырдың ешқашан аңыз емес, риял өмірде болғандығына көз жеткізуімізге жырдағы жер аттарымен қазірге дейін өзгермеген жер аттарын салыстырғанда барып көзімыз жететіндігін аңғарамыз.

Жырдағы жер аттары жайында ‹‹Қозы көрпеш-Баян сұлу›› жырының әрбір нұсқасын ақтарып отырсақ, күрделі оқиғаларымен, көп кейіпкерлерімен таныса келіп, жырдың туған дәуіріне азда болса тіреуішін талқандай болсан, ал жырдағы жер үңілсеңіз, Қарабайдың көш жолының сорабын, Сарыбайдың мекенін ғашықтардың махаббат кешірмелерін айқын көргендей боламыз. Кей нұсқаларда кейбір жер аттарын тыңнан қосқанын, аңғарсақта, Қарабай ауылның тұрағы шырайланып жұрып ноғай елін іргелеп, ‹‹аякөз›› бен ‹‹орАлтай›› аралғында бөләді. Қозікен Баянды аякөзбен іздеп табуы, қайтадан өр Алтайға бет алуы, жыр жолдарына айқын айтылған. Жырдың алғашқы нұсқалары болған сегіз сері, одан кейінгі шөже, Дәуіт нұсқаларына, Қарабай мен Сарыбайдың тұрағы, Сарыбайдың өлген жері, Қарабайдың көшу бет алсы, Қозының Баянды іздеп шығуы бәрі-бәрі Өралтай арқылы басталып әйәкөзге бет алды.

Біз жырдың нұсқаларына шоқшияр болсақ:

‹‹Мұнда тұрсаң әркімнен тойынасың,

Көшіп барсаң бұл жерден жауыларсың.

Әйәкөзге ноғайдың көп жұрты бар,

Пұл қарқынмен жетімді не қыласың›› деп Баянды жұртынан айынтса,

‹‹Көресің қырықбір күнде аякөзды,

Тылымды алмай барасың Баянды іздеп.

Аякөзды бағыпты ақсақ кемпір,

Сол кемпірден білесің нағыз сөзді,›› деп Қозыны Баянды іздеуге әйәкөзге жолға салады.

‹‹Өзім молла қожамын және өзім бай,

Сауда қылып келемін барып қытай›› деп кезіккен жолаушы Қозыны әйәкөзге бастайды. Ал Дәуіт нұсқасында: .

‹‹Он екі рулы өзбек деген ел бар екен,

Дейтұғын Алтай, қанқай жер бар екен.

Қанқайға сансыз мұңғұл мекендеген

Атауты мәуке, шеңгел жер бар екен›› деп 15ғасырдағы ноғай елінің бір бөлігі орАлтайға келіп, қоныстанып жатқаны, осы кезде мұңғұлдардың қарсылғына тап болып, кейде аң пайданың үшімен, кейде ақыл әйләмен, тарту-таралғымен қоныс алған тариғи жағдайларды көреміз. жірдә және: .

‹‹Алтайдың баурайында ‹‹сары өзен››

‹‹Сары Ертіс››, ‹‹Қара Ертіс›› бар

Әйіркезең бал Ертіс және ағып қосылады,

Үстінен ‹‹жайсаң››, көлдің кетер төмен,

Ол жердің атын сонда ‹‹Қыран›› қойған,

Үріккен ел үрей қумай жиылдыма ұйды,

Оған да байыз таппай көшіп еді.

Зарығып бір бурасы сондау елді,

Ол жердің етін қойып ‹‹Бура асау››,

Тоқтамай толғатқандай жөнеледі,

Қонады одан өтіп ‹‹Бақын суға››,

Өржәрдің ‹‹манайынан›› жақын суға,

Тегінде ұйғұр тұрған мекен етіп,

Мұңғұлдар атайды оны ‹‹Қапынсуға,››

‹‹Қараертыске›› жетедібәрі зулап,

Басынақарапайым Қарабайдың келіп қонды,

Аруағына сиынды аунап қунап-қунап.

‹‹Үліңгір›› көліне жетті екпіндетіп,

Қалмақтар сиқырменен жолды бөгеп,

Талай күндер ‹‹сауырғай›› тауға келді.

Көрмеген жер, сары батпақ тауға келді.

Сілкінп тұс-тұсына жұтынады.

Ат-көлігін тыңқитып мынып алды,

Асуға ‹‹Шағаноба›› қойды қалап.

Бірқанша мезгіл жұрды ‹‹емілді›› асып,

Батысқа келе жатыр қылдай басып,

‹‹боржар сол қалмақтың мекені екен.

Уаңқаны сейіркурә келеді екен

Қанша күндер арада жатып-тұрып

Ұшып келген секілді ‹‹Өралтайға›› .

Міне жырдағы жер аттарына үңілер болсаңыз көшетін Өралтай (Көктоғай, Шіңгіл) өңірінен құлдап кеткен сарабын, орАлтайға қайта келе жатқан ғашықтардың ізін нақ көргендей боласыз. Жырдың көп бөлімнде уақиға ‹‹көп сеңгірге››, ‹‹теке тауға›› әр екеуі Көктоғайдағы тау, сай аттары. Осы тауға сүйіншідей келген адамның ‹‹әйелін ұл тапты›› дегеніне қуана шыққан Сарыбай аттан жығылып өледі. Міне, бұл қазіргі Көктоғайдың ‹‹тауқарабұлғын›› аташтын жерлері болып, 1956 жылға дейін сыртынан аттың қылы желкілдеп тұратын төртбүріш қабырды жергілкті халық ‹‹Сарыбайдың қабыры›› дейді екен. 1935 жылдары ғұлама ақын ақыт ұлымжы ұлы мұндағы қабыр басына құран оқып осы быр оқиғаны баяндағанын 1994 жылдары 85 жасқа келіп қайтыс болған замза кария куә болып, ‹‹мен сол кезде ат ұстап берген едім›› десе, сонау18-ғасырда ежелгі мекендеріне жұрт күреуге жәнібек батыр бастап, Ертіс өрлеп, қоныс алып жатқан керей, найман рулары ондағы жұңғарлықтардың қалдық күштерінен қатты да тәтті келіп байырғы мекендерін қайтарып алу барыснда бұл өңір ата қоныстары екендігіне айғақ ретінде осы өр Алтайдағы ‹‹Қозы көрпеш-Баян сұлу›› дың қамыры мен оған қатысты оқиғаларды куә еткендігі әсіресе, 18-ғасырда жасаған ызғұтты батыр Баян сұлуқамырының қойылған сәукеленің саудырап төгіліп жатқан алқа моншағынан ‹‹бір керегі болар›› деп абдырасына сақтап қойғаны, 1924 ـــ 1930 жылдары аралғында мұңғұл, қазақ арасындағы тағы бір дауда манжурия жояндарының алдында қазақ ұлықтары осы заттық факттерді көлденең тартып, ызғұтты батырдың немересі айдардың сандығынан сол алқа моншақтарды алдыртып, қарсыласын жеңгендігін, осы дауда сол сол алқа моншақтар бірнешеуін алып апасына әкеліп бергені, апасы оны көзі ауырған адамдардың немесе босана алмаған әйелдерге шипа ретінде осы алқа моншақтарды стетіп жүргені, 1958 жылы Үрімжі Бажақу түрмесінде қолда жатқан молқы руының биі момынбай айтқандығын шаяқымет жәңгір ұлы куә болса, 1960 жылдары осы Көктоғай көлнің бойында ел отыра қалғанда 90жастағы малика деген апамыз Қозы-лағы сол қабыр жаққа кетсе балаларын жібересәп ‹‹сәріекең жаққа кеткен Қозы-лақты қайырып келуді›› бұйыратын дейді дәлбек марқұм.

Ендігі жерде Қарабай уәдесінен тайып, ауылын Ертісті құлдай батысқа жер әудартаді. әне осындағы көш ізіне назар салсаңыз жоғарыда (жырда аталған) жер аттары Өралтай (Көктоғай) өңірінен басталдыда жырдағы ‹‹бура асу›› халықтық аңыздарда Қарабайдың қос буыршын деген аты болған, әзіргі ‹‹буыршын›› ауданы қос буыршынның бырының арықтап өлген жері екен›› десе: тағы бір аңызда: ‹‹Қарабайдың малының басы болып жүрген тесік өкпе Қарабай малдың батасы жас буыршынды бура қоймақшы болып жүргенде, мұнда өлген ‹‹ион›› делінеді. Сондықтанжер атын ‹‹Буыршын›› қойған дейды. тағы бір аңызда буыршын Сарыбайдың жүйірік аты екен, Қозы мынып шығып, осында өлген екен›› дейді. Бұлайша аталатын аттары мол. Мысалы: Қодар қаздырған 40 құдық жеменей жерінде, ‹‹Алаайғыр›› Баян мінген ала айғырдың өлген жері. (Көктоғайда) ‹‹Жауыр›› Баянның атының жауыр болып қалған жері (Көктоғайда) ‹‹Бел қайың›› Қозының таяғы өскен қайың екен-бұл Көктоғайдың тұрғын өңіріндегі жер аты. Кезінде Қозы қайың атанып, кейін қазірге дейін бал қайың атанған. бұл қайың 1966 жылыға дейін тұрған (ел ақтық байлап кие тұтады екен) . ‹‹Алқа биік-білуік›› бұл Баянның алқасымен білеуігі қалған жер екен делінеді. (Қаба ауданында) . ‹‹Қозіке›› кезінде Қозікенің туған жері делінеді. (Көктоғайдың тұрғын ауылына қарасты жер) бұл жөнінде 1860 жылыдарда келіп жатқан қазақтар ‹‹Шалғырдағы›› жерге мұңғұлдармен таласып қалғанда, мұңғұлдың ел төресі қазақты сынап: ‹‹Мұнда әкеміздің басы бар дейсыңғой, онда мына зираттың басындағы сойғақ тасты тылңмен жалап шық, дегенде таласқа түскен қазақ: ‹‹Ей құдай, жаласам әкемнің басындағы тасты жалаймын, Қозы мен Баяннның басындағы сынтасты жалаймын, бұның күнәсінән гөрі сауабы мол›› деп жалап шыққан екен. Сонда әлгі мұңғұл ұлығы айтқанында тұрып жерді берген екен деседі››.

Ал жырдың тағы бір вариянттарында Қарабай ауылының малдан, жаннан айырылып, туған жері орАлтайға келе алмай құлжа арқылы Дәуіт ақын айтқандай Хотанда бет алған көш жолына назар аударсақ, боғда тауының шығсындағы ‹‹Тансық››, ‹‹Бәйәнгумән››, ‹‹Қашқанақ››, ‹‹Ақкол››, ‹‹Қарасу››, ‹‹Ұзынбұлақ›› қатарлы жер аттарының кезігуінен парықталуға болады. Міне бұлардың бәрі жырдағы жер аттарымен мұндағы жергілкті ел аңыздарының үйлесім тауып тұрғанын көремізде, ғашықтардың мекені жырдың туындау өңірі осы Өралтай (Көктоғай, Шіңгіл) өңірінде екеніне еріксіз мөйіндәйміз. ендеше біз пікірімізді тіпті де айқындау үшін жер аттарынан басқа, аңыздардан басқа дерек алып шығуымызға болады. мысалы: 1780-1820 жылдар арасында орАлтайға келген қазақтардың ішінде жер таласына түскенде болсын, рулар өз ара қақтығсп қалғанда болсын ‹‹Қарабай мен Сарыбайға жеткен жер бізге жетер››, ‹‹Қарабай, Сарыбай от жаққан мекен›› дейтін факыттерге жүгінуге болады. жоғарыдағы пікірімізді тіпті де растау үшін 1985 жылы ‹‹шұғыла›› жорналының сегізінші санында жарияланған ‹‹Шалғырдағы құлып тас-Қозы көрпеш-Баян сұлудың басындағы құлып тас›› деген пікірімді тағы бір қайталап кеткім келеді.

Шалғырдағы құлптас

‹‹Шалғыр›› жер аты, Көктоғай ауданымен Шіңгіл ауданының аралғында, тұрғын ауылның бір қыстағы, осы қыстақтың түстгіндегі ескі қабырстанның яғни ала тұрған қос құлып тастың төңірегі жер болып бара жатқан қабыр екені беп-белгілі. Биіктігі екі жарым метр келетін екі құлыптастың аралығы 5метрдей, аралғында дөнескі теріскен, көктіген өнген, әр екі құлптастың басына күн суреті, одан томен бұлт одан томен бес құстың бөтегесінен жоғары сурет сызылған, құстардың алдында қазақтың мұйыз ою өрнегі, әр тастың бір бетіне бес құстан, бір таста он, екі таста жиырма құстың суреті бар, мніе бұл құстар ‹‹Қозы көрпеш-Баян сұлу›› жырындағы қабырларының басында шырылдап тұрған торғай болуы ғажап емес. мен ‹‹Қозы көрпеш-Баян сұлу›› қабыры ‹‹әйәкөзде›› деуден көрі ‹‹Өралтайдә›› деуіме міне бір фактор дәлел болады.

  1. Жоғарыда айтылған Қарабаймен Сарыбайдың ежелгі жұрты әрі жырдағы оқиғаның өрбіген осы Өралтайдә екендігі, .
  2. 2. Жырдағы Қарабай ауылның Ертісті құлдап көшкен көш жолындағы жер аттары әрі Баянды Қодардың қайтып орАлтайға әкеткен бет алысы, Қозының Баянды іздеп Ертісті құлдай кетуі жырда айқын.
  3. 3. Жырдағы ‹‹Қара Ертіске жетеді бары зулап, .

Басына қара байдың келіп қонды.

Аруағына сиынды аунап-құнап›› дейтін жолдары Қарабай қабырының да қара Ертіс бойына екендігін аңғартса, мұндағы ел аңызында да қара Ертістің бойындағы дөңбек қабырды Қарабайдың қабыры деседі.

  1. 4. Жоғарыда айтылғандай Сарыбай қабырының Көктоғайдың ‹‹тау қара бұлғын››, яғни әзіргі көл тұрған орында екендігіеіндәгі факттер.
  2. 5. Пзо жыры осы өр Алтайға келіп жатқан елдің алды болып келген жуанған мен соңынан келген кеншен жайылмға жиласқанда басқалардың: ‹‹Қарабай мен Сарыбайға жеткен жер›› ғой деген сөздер мен мұндағы мұңғұлдар мен жер таласқанда осы Қарабай, Сарыбайды көлденең тартуы.
  3. 6. Әзіргі ел ішінде келе жатқан аңыздар. Мысалы: халық ‹‹бұлдыр тау›› деген күй шертіп, аңызын былай Баяндайды: ‹‹ертеде бір жігіт өңтүстіктен бір қыз алып қашады. Ол сонда соңынан қуғыншы түскенін аңғарып, елсіз даламен тасалана жұрып, әбден арып ашықан соң амалсыздан ел бар жаққа бұрылады екен. күн сайын сырқаты ауырлаған қыз (жетер жеріміз қанша қалды) деп амалсызсұраған соң, жігіт төр алдында тұрған домбыраны алып бір күй шертеді. күйдің сырында: ‹‹бұлдыр-бұлдыр бұлдыр тау, саған қашан жетем-ау, шу-шу жаным, шу-шу жаным›› деген мұнда да зарлы сырын ағытылғанда, ұй толы жан көздеріне жас алып: (иә, қарағым, сол бұлдыр тауға тез жетіп армандарыңа жетіңдер! Деп ауыл ақсақалдары баталарын береды. бірақ жолға шыққан көзеулі бұлдыр тауға қаза болады›› әне сол ғашықтың жетем деп армандаған арманына жете алмай қалған бұлдыр тау әзіргі Шіңгіл, бәйтік маңындағы ‹‹арманты›› тау екен. бүләр армантыға таяп қалғанда соңынан қуғыншыларда қуып жетеді›› деп аңызды толықтай түскен бөлімнде: ‹‹Осы қашып келе жатқандар Баян мен Қозы екен. Соңынан қуып келе жатқан Қодар екен, Қозы қуғыншы келіп қалған соң, Баянды алдына жіберіп өзі таумен алысады. Бірақ көп тауға топырақ шаша алмай қаза болады. баян келіп Қозының сүйегін құшақтап зар еңірейді. Қодар оған өзіне тю талабын қояды. Баян оған Қозының басына өнершілерге екі құлпты таптыруды айтады. Құлптас табылып, Қозыны жерлерде Баян өзін-өзі өлтірген екен›› ақылдасады. Міне осы аңызға ұқсас тағы бір аңыз былай: ‹‹Әуелі бұл Алтайға уақ келді, соңынан керей, найман шулап келді›› дейтін заман 13-14 ғасырлар екен. ОрАлтайға келген уақ елінің ішінде бір-біріне ғашық болған қызбен жігіт махаббаттаспақшы болғанда, елдің ақсақалдары: ‹‹Руласымен некелену елдігімізге намыс, ата заңы не қайысы›› деп екі ғашықты күнәсі үшін атқа сүйіретіп, олтыреды. бірақ ұзамай бұл өңір табиғат апатқа ұшырап шығын болады. ауыл қариялары тәңірге жалбарынып, жастардың берген мен ет тосу болмаған соң, бұлар: ‹‹Қызбен жігіт жазықсыз өлтіргенімізге тәңір қаһарланыпжатқан ұқсайды, енді бұл өңірден бізге бақыт жоқ, осы екі ғашықтың мүрдесін тұрғызайықта, өзіміз жер аударайық, бұл жерге бақыт-байлық орнағанда бұл екі мүрдеге жан кіреді. сөндә бізде қайтып келеміз›› деп ақыры екі ғашықтың мұсының тастан шауып, орнатып өздері жер аударады. Ал әлгі шабылған екі мұсын, билеп тұрған қызбен қанжарына қолын апарып тұрған мұсын тастың 1956 жылдары тұрғынның шалғар өңірінде болғанын, 1958 жылы ел атқа сүйіретіп шағып, фонтамитқа істетіп, жоғалтықандығын растайды. Міне бұл аңыздар ел ішінде әлі бар. ал және бір аңызда әзіргі Көктоғайдың құсты деген орта жайлауында Баян сұлу қаза болған, Қозы Баян сұлуды іздеп келіп, оның дүниеден өткендігін естіп, күндіз-тұны егілумен болып, құсадан өлген екен. Содан осы жерді құсты қойған дейтін аңыз осы екі ғашықтың қамыры бертінге дейін түйенің екі өркешіндей қатар тұратын дейді. Мен осы бірнеше факыттер арқылы жырдың шығуы мен ғашықтардың мекені, сөзсіз, Өралтайдә деймін. бір байым адамдар ‹‹бұл дәлелдер аңыздар›› дейді. Егер аңыздың тегінде шындық жататындығына ғалымдар мойындайды екен. Онда бүгінгі халықмызға жетіп отырған аңыздармен жырдың жер аттары және өр Алтайдағы жер аттарының бір-бірімен өбісп жатуы-ғашықтың қабыры Өралтай-біздің мекенде екенін дәлелдей түскен де. !

Қортып айтқанда, Қарабайдың көш ізі, Сарыбайдың қабыры, екі ғашықтың мүрдесі Көктоғай өңірінде шалғар сынды құйқалы мекенде жатыр демекшімін.

 

 

Пайдаланған материалдар:

  • ‹‹Қазақтың ғашықтық жырлары›› 8-кітәбі, Шинжияң Жастар баспасы.

② ‹‹Қозы көрпеш-Баян сұлу вариянттары›› Алматы баспасы

③ ‹‹Ежелгі жыр аңыздары›› Әлікей Марғулан, Алматы баспасы.

kerey.kz

Related Articles

  • АЛАШ ЗИЯЛЫЛАРЫНЫҢ ҮРІМШІДЕН ҚАЙТЫП КЕЛЕ ЖАТҚАНДА

    Болған оқиға ізімен Болған оқиғаның ізімеН…   Алаш жұртының бір емес, бірнеше съезі өтіп, Әлиханның Колчактан беті қайтып, “Енді қайтып тәуелсіз ел боламыз” деп жүрген кез еді. Семй Алаш қайраткерлерінің ордасы еді. Семейде жүрген Ахмет Байтұрсынов бастаған бір топ алашордашылар Қытай шекарасындағы Үрімші қаласына барып, ондағы қазақ жұртының хал жағдайын біліп қайтуға жолға шыққөан. Ол кезде Үрімшінің көбі қазақ еді Үйлері негізінен саздан құйылған. Орта Азияның көп қалаларын еске салғандай. Біраз үлкен кісілер мен жастар Ахаңның төте әліпбиімен кітап газет оқиды. екен. Ахаңды бұрын көрген адамдар да кездесті. Дегенмен, Ахаң Үрімші қазақтарының тәелсіз автономия құру туралы ойлары да жоқтығын байқаған. Соныменг, Үрімші қазағының және Қытайға жақын басқа ұлттардың басты тұрмысы

  • БІР АУЫЛДАҒЫ  ЕКЕУДІҢ ТАҒДЫРЫ

      Жұмат  ӘНЕСҰЛЫ   ( Махаббат туралы әңгіме) “МЕН СЕНЕН БАСҚАНЫ ӨЛГЕНШЕ  КӨРМЕЙМІН ДЕП СЕРТ БЕРІП ЕДІМ ӨЗІМЕ” “ДЕДІ БУЫНЫП ӨЛЕЙІН ДЕП ЖАТҚАН МАЙСА ДЕГЕН ҚЫЗ.. Бұл БАЙТӨБЕ деп аталатын ауыл. БҰРЫН ҮЛКЕН ШАРУАШЫЛЫҚТАРЫ БОЛҒАН.ОҚУ АЯҚТАЛЫП, МЕКТЕП БІТІРУШІЛЕР МЕКТЕПТІҢ ЖАНЫНДАҒЫ АЛМА БАҒЫНДА МЕКТЕП БІТІРУШІЛЕРДІҢ ТОЙЫ МЕН  СЫНЫПТАС ЖАРАС ПЕН МАЙСАНЫҢ ТОЙЫ БІРГЕ ӨТЕІЗІЛЕТІН БОЛҒАН. ЖАРАСТЫҢ ƏКЕСІ ФЕРМЕР, АЗДАП ЕГІСТІГІ БАР. Ал Жараспен біргн оқыған Əміренің əкесі əкімшілікте қызмет жасайды, əрі жеміс өсіреді. БҰЛ ЖАРАС ПЕН МАЙСАНЫҢ ҮЙЛЕНУ ТОЙЫ БАСТАЛАЙЫН ДЕП ЖАТҚАНДА БОЛҒАН ТРАГЕДИЯ. ЖАРАС ПЕН МАЙСА МЕКТЕП БІТІРІП,, ӨЗ СЫНЫПТАСТАРЫМЕН МЕКТЕПТІҢ ЖАНЫНДАҒЫ ҮЛКЕН БАҚТА ҮЙЛЕНУ ТОЙЛАРЫН МЕКТЕП БІТІРУ ТОЙЫМЕН ЖАЛ,ҒАСТЫРМАҚШЫ ЕДІ. МЕКТЕПТІҢ БАҒЫ АЛҚЫЗЫЛ ГҮЛМЕН ЖАЙНАП ТҰР. оҒАН ТҮРЛІ ТҮСТІ ЛАМПАЛАР ҚОСЫЛҒАН. сЫРТЫНАН

  • МӘҢГІ ҚАЗАҚ(ертегі фэнтези) 

    ҚАЗАҚТАРҒА ЖАСАлып жатқан  ҚИЯНАТ КӨП БОЛҒАСЫН, « Мәңгі қазақ» атты әңгіме жазсам деп жүретін едім. Осыдан бір күн бұрын сол әңгіменің сюжетіне келетін түс көржім. Кешеден бері жазуға кіріссем бе деп жүр едім, сәті бұгін түскен сияқты. ЖҰМАТ ӘНЕСҰЛЫ Өте ертеде емес, бүгінде емес, ғылым докторлары Санжар мен Балжан институтта қызмет ететін.Өздерінің лауазымдарына қарай қарапайым екі қатарлы жақсы салынған коттеджде тұрды.Интеллигент адамдар өмірдің қиындықтарына көп мін бере қоймайды ғой, Өмірлері мәнді, жайлы өтіп жатты. Жақсылықта көп күттірген жоқ, Санжар мен Балжан ұлды болып, коттеджде шағын той өтті. Неге екенін қайдам, әке шешелері ақылдасып, ұлдарыныі есімін Аңсар деп атаған. Аңсар ертедегідей тез де өскен жоқ, кеш те өскен жоқ. Тәрбиелі жігіт болып

  • СУ ІШКЕНДЕ ҚҰДЫҚ ҚАЗЫУШЫНЫ ҰМЫТПА

    (23 – әңгіме) БАЙАХМЕТ ЖҰМАБАЙҰЛЫ — Біздің заманда сендерше киімнен-киім таңдайтын жағдай қайда, жамап-жасқап, тон, шалбар кисек те жететін. Сөйтіп жүріп аянбай еңбек еттік. Бүгінгі күн басатын жолды ол кезде айлап жүрдік, тіпті бүгінгідей дүниенің төрт бұрышынан хабар тауып отыратын жағдай қайда? — деген қария немересінің жұмыстың қырын білмей, тік қасық болып өсіп келе жатқанына наразы бейнесін аңғартып, өз өмір кешірмесінен кеңестер қозғаған. Немересі: — Ата, сол дәуірде туған өздеріңіздің сорлы болған тәлейлеріңізден көрмейсіз бе? Оларыңызды бізге айтпаңыз, —демей ме. Ашудан жарыларман болған қария: — Е, ондай болғанда «Ұрпақ үшін бақыт-байлық жаратсам» деп тер төгіп, жан қиып, азып-тозған ата-бабаларың сендерге айыпты болғаны ғой. «Теңдік үшін» деп әкем оққа ұшты. Ал

  • Мұхтар Мағауин: ОРАЛХАНДЫ ДА, ҚҰДАЙЫҢДЫ ДА ҰМЫТҚАН ЕКЕНСІҢ…

    яғни, Д.Исабековты тәубаға түсіру рәсімі Республика президентінің қолынан биік марапат алып, желі көтеріліп тұрған Д.Исабеков, мына біз сияқты пендесіне көңіл бөліп, «Мұхтар Мағауиннің бүкіл позициясы маған ұнамайды» деген түйінді тақырыппен сұхбат беріпті – Nege.kz, 10.ХІ.2022. Бір заманда таныған, білген, енді көзден таса, көңілден өшкен жазарманның, тәрізі, қырық-елу жыл бойы іште булыққан жүрекжарды толғамы. Жарыққа шыққан кезде біз тарихи-танымдық «Алтын Орда» кітабын дендеп, қажетті тынысқа Эрнест Хемингуэйдің ескі жұрты – жылы теңізге бет түзеген едік. Енді міне, екі аптадан асқанда қайрылып соғуға мүмкіндік таптық. Артықша қажеттіліктен емес, әлдебір әуесқой ағайындар дүдәмалда қалмасын деп. Алдымен, айқайлы сұхбатты оқымаған бүгінгі жұртшылық үшін, ең бастысы – Д.Исабеков бауырымыздың мүбәрак есімін кейінгі заманға ұмыттырмай жеткеру

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: