Манас Саниязұлы: Жүк тасымалдайтын ұшқышсыз ұшақты Моңғолияда жасаймыз
KAZNEWS – Манас Саниязұлы: Жүк тасымалдайтын ұшқышсыз ұшақты Моңғолияда жасаймыз.
Әлемдегі ең алғашқы ұшқышсыз басқарылатын жүк тасымал ұшағы моңғолияда жасалатыны туралы бұқаралық ақпарат құралдары жарыса жазуда.
Ұшқышсыз басқарылатын ұшақты қолданысқа еңгізу үшін еңбектеніп жүрген, инженер ол – жерлесіміз Ғылым, технология университетінің Механикалық факултетінің ұстазы Манас Саниязұлы.
Ол, 1987 жылы Баян-Өлгий аймағында дүниеге келген. Моңғолияның Ғылым, технология университетін Авиация инженері мамандығы байынша 2010 жылы тамамдаған.
Манас Саниязұлы – Біз бұл жолғы инновациялық жобалар байқауына әлемдегі ең алғашқы ұшқышсыз басқарылатын жүк тасымал ұшағы және зерттеу мақсатында пайдалануға болатын аппарат, қашықтықтан басқарылатын әуе камерасы қатарлы үш жобамен қатысып отырмыз.
Әлемдегі ең алғашқы деп атауға болатын ұшқышсыз басқарылатын жүк тасымал ұшағын біз жапон ғалымдарымен бірлесіп отырып жобаладық. Ұшақ ұшу алаңында түрлі жүкті өзі тасымалдайды, қанша шақырым және қай жерге қону қатарлы мәліметтер ұшақта автоматты түрде орнатылған.
Ұшақтың ұзындығы шамамен 5 метр, бір реткі жүк тасымалында 70 кг-га дейінгі жүкті тасымалдайды. Нақтырақ айтсақ 100 шақырымға, 70 км сағат жылдамдықпен ұша алады.
Пікір қалдыру